Натрия хлорид 0.9% (B.Braun Melsungen AG)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: B.Braun Melsungen AG
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020945
Период регистрации: 06.11.2014 - 06.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий Хлориді 0.9%

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 100мл, 500 мл, 1000 мл

Құрамы

1000 мл ерітіндінің құрамында

Белсенді зат:

натрий хлориді 9.00 г

қосымша зат: инъекцияға арналған су

Теориялық осмостығы 308 мОсм/л

Қышқылдық (рН-қа титрация 7.4) < 0.3 ммоль/л

pH 4.5 – 7.0

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сулы ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Су-тұз теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика сы

Таралуы

Натрийдің организмдегі жалпы мөлшері 80 ммоль/кг жуықты құрайды, оның 97%-ға жуығы жасушадан тыс кеңістікте және шамамен 3%-ы жасушаішілік кеңістікте болады. Тәуліктік алмасуы 100-180 ммольге жуықты құрайды (бұл кг дене салмағына 1.5 – 2.5 ммольге сәйкес келеді).

Метаболизмі

Бүйрек натрий мен су теңгерімінің негізгі реттегіші болып табылады. Гормоналдық бақылау механизмдерімен (ренин-ангиотензин- альдостерон жүйесі, антидиуретиктік гормон), сондай-ақ гипотетикалық натрийуретикалық гормонмен бірге ол, негізінен, жасушадан тыс кеңістік көлемін тұрақты күйде ұстап тұруға, сондай-ақ оның сулы құрамының реттелуіне жауапты.

Хлорид қантамыр жүйесіндегі гидрокарбонатқа алмасады және, сол арқылы, қышқыл-сілтілік теңгерімнің реттелу үдерісіне қатысады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Натрий жасушадан тыс кеңістіктің негізгі катионы болып табылады, және түрлі аниондармен бірге ол организмнің қышқыл-сілтілік жағдайын реттеп отырады. Натрий мен калий организмдегі биоэлектрлік үдерістердің негізгі медиаторлары болып табылады.

Емдік әсері

Су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді және адам организміндегі дегидратация кезінде немесе ауқымды күйік ошақтары мен жарақаттар, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операциялар, перитонит кезінде жасушадан тыс сұйықтықтың аккумуляциясы арқылы дамитын сұйықтық тапшылығын жояды.

Тіндердің перфузиясын жақсартады, көлемді қан жоғалтулар мен шоктың ауыр түрлері кезінде гемотрансфузиялық шаралардың тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ, сұйықтық көлемін қысқа мерзімде арттыруының, қандағы уытты өнімдер концентрациясын төмендетуінің, диурезді белсенділендіруінің нәтижесінде уытсыздандырғыш әсер береді.

Қантамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат қантамырлар арнасында азғантай уақыт болады, содан кейін интерстициальді және жасушаішілік секторға өтеді. Тұз бен сұйықтық диурезді арттыра отырып, бүйрекпен өте тез шығарыла бастайды.

Натрий Хлориді 0.9% ерітіндісінің осмолярлығы плазмадағыдай. Бұл ерітіндіні енгізу, ең алдымен, барлық жасушадан тыс кеңістіктің 2/3-сін құрайтын интерстициальді кеңістіктің толығуына алып келеді. Енгізілген көлемінің тек 1/3-і ғана қантамырішілік кеңістікте қалады. Сондықтан, ерітіндінің гемодинамикалық әсері тек қысқа мерзімді әсерге ғана ие.

Қолданылуы

− гипохлоремиялық алкалоз кезінде сұйықтық пен электролиттердің орнын алмастыру үшін

− гипохлоремияда

− қантамырішілік көлемнің орнын қысқамерзімді басу үшін

− гипотониялық немесе изотониялық дегидратацияда

− дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін

− сыртқа, жараларды жуу және таңғыш материалды сулау үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

0.9% Натрий Хлориді көктамыр ішіне енгізу үшін пайдаланылады.

Егер препаратты енгізу жылдам инфузия жолымен қысым арқылы жүргізілсе, онда енгізер алдында полиэтилен құты мен инфузиялық жүйедегі ауа түгелімен шығарылып жіберілуі тиіс.

Ерітіндіні мөлдір болса және құтысы бүлінбеген болса ғана пайдалану керек. Ерітінді тек бір рет пайдалануға арналған. Препараттың қалғанын жою қажет.

Дозалануы

Дозасы организмдегі сұйықтық пен электролиттердің жоғалтылуына қарай анықталады, орташа алғанда тәулігіне 1л құрайды. Сұйықтық көп жоғалтылса және айқын уыттану кезінде тәулігіне 3л дейін енгізуге болады.

Енгізу жылдамдығы – 540 мл/сағ (180 тамшы/мин), қажет болса – енгізу жылдамдығы арттырылады.

Педиатриялық жастағы емделушілер үшін дозасы бала организмінің суға және электролиттерге жекелей қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ емделушінің жас шамасына, дене салмағына және клиникалық жағдайына байланысты анықталуы тиіс.

Жедел дегидратация кезінде балаларға 30 мл/кг дейін енгізеді.

Жасушадан тыс сұйықтық көп жоғалтылса, яғни гиповолемиялық шок қаупі төніп тұрса немесе ол болса, жоғарырақ дозаларын тағайындауға және енгізу жылдамдығын, мысалы қысымдағы инфузия жолымен арттыруға болады.

Натрий Хлориді 0.9% ерітіндісін енгізгенде сұйықтықтың жалпы тәуліктік қажеттілігін ескеру қажет. 0.9% натрий хлориді ерітіндісінің жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы енгізгенде плазма мен несептегі электролиттер мөлшеріне бақылау жүргізу қажет.

Жараларды жуып-шаю

Ерітіндінің жараларды жуып-шаюға және таңғыш материалды сулауға қажетті мөлшері әр жағдай үшін жекелей, жараның ауырлығынаа байланысты анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың көп мөлшерін енгізгенде мыналар туындауы мүмкін:

- гипернатриемия

- гиперхлоремия

- хлоридтік ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- тахикардия, артериялық гипертензия

- ісінулер

- тартылу және гипертонус

- енгізген жердің ауыруы және тітіркенуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалемия, ацидоз

- жасушадан тыс гипергидратация, жасушадан тыс дегидратация

- өкпе мен мидың ісінуін туғызуға қабілетті циркуляторлық бұзылулар

- ми ісінуі, өкпе ісінуі.

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- кортикостероидтарды жоғары дозаларда қолдану

- офтальмологиялық операциялар кезінде көзді жуып-шаю

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты және гемодинамикалық қаналмастырғыштармен үйлесімді (әсерлерінің өзара күшеюі).

Кортикостероидтармен қолданылғанда гипернатриемия күшейе түседі. Басқа дәрілік заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен көріп бақылау қажет (дегенмен, көзге көрінбейтін және терапиялық үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Айрықша нұсқаулар

0.9% Натрий Хлоридін төмендегідей:

− гипокалиемиясы

− гипернатриясы

− гиперхлоремиясы

− натрийді қолдануды шектеу тағайындалған, жүрек жеткіліксіздігі, жалпы ісіну, өкпенің ісінуі, гипертензия, эклампсия, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты бұзылулары бар, емделушілерге сақтықпен қолдану қажет.

Клиникалық мониторингке сарысу ионограммасын, су және қышқыл-сілтілік теңгерімді бақылау кіруі тиіс.

Гипертониялық гидратация кезінде инфузияның жоғары жылдамдықпен енгізілуін болдырмау керек, өйткені бұл плазма осмолярлығының жоғарылауына және плазмадағы натрий концентрацияының артуына алып келуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

0.9% Натрий Хлоридінің жүктілік кезінде қолданылуы жөніндегі мәліметтер шектеулі.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер, 0.9% Натрий Хлориді ерітіндісінің репродуктивтік уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген.

Натрий мен хлорид концентрациялары адам организмінде болатын концентрацияларына ұқсас болғандықтан, препаратты қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланғанда, 0.9% Натрий Хлоридінің жүктілік және лактация кезеңінде ешқандай зиянды әсері күтілмейді.

Сондықтан бұл препаратты жүкті және бала емізетін әйелдер тағайындалуы бойынша пайдалана алады.

Дегенмен, эклампсия кезінде сақтық таныту керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

0.9% Натрий Хлориді көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Сұйылтқаннан немесе басқа препараттармен араластырғаннан кейінгі сақтау мерзімі

Микробиологиялық тұрғыдан, препарат араластырғаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс. Егер олай болмаса, сұйылтылған ерітіндінің сақталу уақыты мен шарттары толығымен пайдаланушының жауапкершілігінде болады және әдетте 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспайды.

Артық дозалануы

артық дозалануы

Емі: инфузияны дереу тоқтату, сарысудағы электролиттер деңгейін үнемі бақылай отырып диуретиктерді енгізу, электролиттік және қышқыл-сілтілік теңгерімнің бұзылуын түзеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100мл, 500 мл немесе 1000 мл препараттан полиэтилен құтыларда.

10 немесе 20 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Cақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

B.Braun Medical S.A., Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

B.Braun Melsungen AG, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Б.Браун Медикал Қазақстан» ЖШС

Алматы қ., Абай к-сі 151/115

Телефон: +7 727 334 02 17

Факс: +7 727 334 02 18

 

Прикрепленные файлы

727855651477976656_ru.doc 139.5 кб
111037121477977819_kz.doc 111 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники