Натрия хлорид (раствор для инфузий, 0.9%, Келун фармацевтический завод)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Келун фармацевтический завод
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011781
Информация о регистрации в РК: 28.06.2013 - 28.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0,9% ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,9 г натрий хлориді,

қосымша зат - инъекцияға арналған 100 мл-ге дейін су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перперфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді. Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Плазма алмастырғыш дәрі. Уытсыздандыратын және регидратациялық әсері бар. Әр түрлі патологиялық жағдайларда натрий тапшылығын толықтырады. Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адам қанының плазмасында изотониялық, сондықтан қан тамырлар аранасынан жылдам шығарылады, қан айналымындағы сұйықтықтың көлемін тек уақытша арттырады.

Қолданылуы

  • электролиттер мен сұйықтықтар көлемін қалпына келтіру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне тамшылатып тағайындалады. Дене салмағы шамамен 70 кг емделушілерге инфузияны көктамыр ішіне тамшылатып енгізу кезінде орташа тәуліктік доза 1000 мл, енгізу жылдамдығы минутына 180 тамшыны (шамамен сағатына 550 мл) құрайды.

Организм едәуір сусызданған жағдайда және айқын уланғанда тәулігіне 3000 мл дейін енгізуге болады.

Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін үлкен дозаларда ұзақ уақыт енгізуді зертханалық тексерулерді бақылай отырып жүргізу керек.

Балаларға жедел дегидратациясында (зертханалық өлшемдерді анықтамай) 20-30 мг/кг енгізеді. Бұдан әрі дозалау режимін зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетеді.

Жағымсыз әсерлері

  • хлоридті ацидоз

  • гипергидратация

  • гипернатриемия

  • гипокалиемия

  • қан айналымының ауыр бұзылулары

  • енгізген орындағы ауыру және тітіркену, тромбофлебит

  • бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, әлсіздік

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның түйілуі, шөліркеу

  • жас ағуы, тершеңдік, қызба

  • тахикардия, артериялық гипертензия

  • бүйрек функциясының бұзылуы

  • ісіну

  • бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бүйректің бөлу функциясының бұзылуы

  • гипернатриемия, гипокалиемия, ацидоз

  • кортикостероидтердің үлкен дозаларымен қатар емдеу

  • ми және өкпе ісінуі даму қаупін туындатуы мүмкін циркуляторлы бұзылулар

  • өкпе ісінуі

  • ми ісінуі

  • сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

  • тромбофлебит

  • декомпенсацияланған жүрек ақаулары

  • бүйректің ауыр аурулары

Сақтықпен: артериялық гипертензия, шеткергі ісінулер, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго-, анурия), жүрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрі-дәрмектермен: инфузиялық ерітінділермен, инфузия дайындауға арналған концентраттармен, инъекциялық ерітінділермен, ұнтақтармен, инъекция дайындауға арналған құрғақ заттармен араластырғанда үйлесімділігін қарап бақылау керек (химиялық немесе терапиялық үйлесімсіздік орын алуы мүмкін).

Кортикостероидтарды немесе кортикотропинді қолданып жүрген емделушілерге көктамыр ішіне натрий хлоридінің ерітіндісін енгізу кезінде аса сақтық таныту керек.

Айрықша нұсқаулар

Оның құрамында осмотикалық әсері бар заттар жоқ болғандықтан, препаратты өз бетінше енгізгенде гемолиз қаупі пайда болуы мүмкін. Енгізердің алдында құтыны бөлшектердің немесе түсінің өзгеруінің болуына көзбен шолып тексеру керек. Құты мен қақпақ зақымданбаған болу керек.

Егер ерітінді мөлдір болмаған немесе қаптама зақымданған жағдайда инфузия жүргізуге болмайды.

Педиатриялық практикада қолданылуы

Препаратты балаларға қолдану жөнінде шектеулер жоқ.

Кортикостероидтармен немесе кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қандағы электролиттер деңгейін ұдайы бақылауды талап етеді. Натрий хлоридінің үлкен дозасын ұзақ енгізгенде қышқылды-негізгі жағдайға және қан плазмасындағы электролиттерге және несепке бақылау жүргізу керек.

Егде емделушілер

Егде емделушілер үшін препаратты дозалау сақтықпен жүргізілуі тиіс, әдетте бүйрек, бауыр, жүрек қызметінің нашарлау жиілігін және қатар жүретін ауруларды, сондай-ақ қатар жүретін дәрі-дәрмекпен емдеуді ескере отырып төмен дозадан бастайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүкті әйелдерге, егер оған аса қажеттілік болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Лактация кезеңінде препаратты қолдану жөнінде шектеулер жоқ.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу және зейінді жоғары жұмылдыруды талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен шұғылдануға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің үлкен мөлшерлерін енгізу хлоридті ацидозға, гипергидратацияға, гипернатриемияға әкелуі мүмкін. Организмде натрий хлоридінің құрамы шамадан тыс мөлшердің болуы салдарынан пайда болатын жалпы жағымсыз реакцияларға жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің шаншуы, шырыш және жас бездерінің секрециясының бөлінуі, қатты тершеңдік, температураның жоғарылауы, гипотензия, тахикардия, бүйрек жеткіліксіздігі, шеткергі ісіну немесе өкпе ісінуі, тыныс алудың тоқтап қалуы, бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, тітіркенушілік, әлсіздік, бұлшықеттердің тартылуы және сіреспелік, құрысулар және кома жатады.

Емі: препарат артық дозаланған кезде тоқтату және белгісіне қарай ем жүргізу керек. Гипергидратация кезінде диуретиктермен ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий қалпақшамен қаусырылған және резеңке тығынмен тығындалған шыны құтыларда 100, 200, 250, 400 және 500 мл-ден, ашу үшін құтыға дәнекерленген сақинасы бар қалпақшамен қамтылған және полипропиленнен жасалған резеңке тығынмен тығындалған құтыда 100, 200, 250, 400 және 500мл-ден.

Құтылар нұсқаулық санына сай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ерітінді бұлынғырланған болса пайдалануға болмайды!

Құтының тұмшалануы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Құтының ішкі бетінің ылғалданбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Шыны құтыларда 2 жыл.

Полипропиленнен жасалған құтыларда 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Келун фармацевтикалық зауыты, ҚЫТАЙ

Тiркеу куәлiгi иесiнiң атауы мен елi

Келун фармацевтикалық зауыты, ҚЫТАЙ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Айерол-фарм» ЖШС

Жұлдыз 2 ықшам ауданы, 39А үй, 54 пәтер

Тел: +7 (727) 316-34-07 Факс: +7 (727) 316-34-08

 

Прикрепленные файлы

105989821477976905_ru.doc 52.5 кб
118592681477978081_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники