Нанотропил ® ново (Фонтурацетам)

МНН: Фонтурацетам
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№025001
Информация о регистрации в РК: 23.04.2021 - 23.04.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Нанотропил® ново

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фонтурацетам

Дәрілік түрі, дозасы

Таблеткалар 100 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Зейін қоюдың тапшылығы мен аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар (ADHD - Attention deficit hyperactivity disorder) және ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляциялайтын және ноотропты дәрілер.

АТХ коды N06BX

Қолданылуы

  • зияткерлік-мнестикалық функциялардың нашарлауымен, қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен қатар жүретін әртүрлі генездегі ОЖЖ аурулары

  • есте сақтау қабілетінің нашарлауымен білінетін невроздық жай-күйлер

  • оқу процесінің бұзылуы

  • зияткерлік-мнестикалық бұзылулармен білінетін психорганикалық синдромдар

  • құрысу жағдайлары

  • семіздік (алиментарлы-конституционалдық генездікі)

  • гипоксияның алдын алу, стресске төзімділікті арттыру, қажуды болдырмау және ақыл-ой мен дененің жұмысқа қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіби қызметтің экстремалды жағдайларында организмнің функционалдық жағдайын түзету

  • созылмалы алкоголизм (зияткерлік-мнестикалық бұзылуларды азайту мақсатында)

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (осы жас популяциясында фенилпирацетамды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша клиникалық деректердің болмауына байланысты)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Стресс пен шаршау, созылмалы ұйқысыздық аясында шамадан тыс психоэмоционалды сарқылу кезінде бірінші тәулікте препаратты бір рет қабылдау ұйқының күрт қажеттілігін тудыруы мүмкін. Мұндай пациенттерге амбулаториялық жағдайда препаратты курстық қабылдауды жұмыс істемейтін күндері бастау ұсынылады.

Бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымданулары, артериялық гипертензияның ауыр өтуі, айқын атеросклерозы бар, бұрын үрейлену шабуылдарын, психомоторлы қозумен жүретін өткір психоздық жағдайларды бастан өткерген пациенттерде, сонымен қатар пирролидон тобының ноотропты препараттарына аллергиялық реакциялары бар пациенттерде – үрейленудің, дүрлігудің, елестеулер мен сандырақтаудың күшею мүмкіндіктеріне байланысты.

Препаратты 15 сағаттан кешіктіріп қабылдау ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фонтурацетам ОЖЖ көтермелейтін препараттар мен ноотропты препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Фонтурацетам нейролептиктердің каталептикалық әсерлеріне айқын антагонизмді білдіреді, сонымен қатар этанол мен гексобарбиталдың ұйықтататын әсерінің байқалуын әлсіретеді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолданылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдары мен механизмдерді басқару кезінде, әсіресе ұйқышылдықтың пайда болуын ескере отырып, қабылдаудың алғашқы күндерінде абай болу керек.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Доза мен емдеу ұзақтығын дәрігер анықтауы тиіс. Дозалар пациент жағдайының ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Орташа бір реттік доза 150 мг (100 – ден 250 мг дейін); орташа тәуліктік доза-250 мг (200-ден 300 мг дейін). Нанотропил® ново препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы 750 мг құрайды.

Жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін және алиментарлы-конституционалдық семіздігі бар ауыратын науқастар үшін ұсынылған доза 100-200 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Тамақтанғаннан кейін бірден қабылдау керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

100 мг дейінгі тәуліктік дозаны таңертеңгі уақытта бір рет қабылдау, ал 100 мг-ден жоғары дозаны 2 қабылдауға бөлу ұсынылады.

Жұмыс қабілеттілігін жоғарылату үшін және алиментарлы-конституционалдық семіздікпен барлық тәуліктік доза таңертеңгі уақытта бір рет қабылданады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін, орта есеппен 30 күнге дейін өзгеруі мүмкін. Қажет болса, курс 1 айдан кейін қайталануы мүмкін.

Жұмыс қабілеттілігін жоғарылату үшін препарат 2 апта ішінде қабылданады (спортшылар үшін 3 күн).

Алиментарлы-конституционалдық семіздігі бар пациенттерде препаратпен емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 30-60 күнді құрайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Емі: симптоматикалық ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Осы уақытқа дейін тоқтату симптомдары туралы хабарланған жоқ.

Дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Белгісіз

  • ұйқысыздық (препаратты 15 сағаттан кештеу қабылдаған жағдайда)

  • қабылдаудың алғашқы 1-3 күніндегі психомоторлы қозу

  • қабылдаудың алғашқы 1-3 күнінде тері жабындарының гиперемиясы

  • қабылдаудың алғашқы 1-3 күніндегі жылу сезімі

  • қабылдаудың алғашқы 1-3 күнінде артериялық қысымның жоғарылауы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат - фонтурацетам, 100.00 мг

қосымша заттар: повидон К-17, микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы, магний стеараты

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ойығы мен сызығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«ОХФК» ЖАҚ, Ресей

Заңды мекенжайы: 249036, Калуга облысы, Обнинск қаласы, Королев көшесі, 4 үй.

Өндіріс орнының мекенжайы: Калуга облысы, Обнинск қ., Киев тас жолы, 103 ғим.,107 ғим.

Телефон/факс: (48439) 6-47-41, 6-35-84, 6-65-35

obninsk@mirpharm.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Валента Фарм» АҚ, Ресей

141101, Ресей, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2-үй.

Телефон: +7 (495) 933-48-62, факс +7 (495) 933-48-63

Электронды пошта: moscowoffice@valentapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, № 151 үй, № 1106 кеңсе

Тел: +7 (727) 3341551 ішкі 4027Моб. +7 771 779 79 37

Электронды пошта: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

ЛВ_Нанотропил_ново_рус._выч_._22_.03_.2021_(2)_.docx 0.04 кб
каз_ЛВ_Нанотропил_ново_АГМ_оконч_дор.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту