Назоферон (капли назальные, 100000 МЕ/мл)

МНН: Интерферон альфа 2b
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Interferon alfa-2b
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№020632
Информация о регистрации в РК: 19.08.2019 - 19.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

НАЗОФЕРОН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Интерферон альфа - 2 b

Дәрілік түрі

100000 ХБ/мл мұрын тамшы дәрісі, 5мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – адамның рекомбинантты альфа-2 b интерфероны - 100000 ХБ кем емес,

қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромелоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар.

Интерферон альфа-2 b.

ATХ коды L03AB05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

НАЗОФЕРОН – вирусқа қарсы, микробтарға қарсы, қабынуға қарсы, иммунмодуляциялаушы, пролиферацияға қарсы дәрі. Интерферонның биологиялық әсері мынадай әсерлермен сипатталады: вирусқа қарсы - транскрипция және трансляция үдерістеріне тежегіш әсерінің есебінен вирустар репликациясын бәсеңдету (аденовирустардың, тұмау вирустарының және т.б.) болып табылады; пролиферацияға қарсы – жасушалардың көбеюін бәсеңдетеді (көптеген ДНҚ- және РНҚ-құрамды вирустардың). Интерферон спецификалық фермент – протеинкиназа синтезіне түрткі болады, осы үдеріске түрткі болатын факторлардың біреуінің фосфорлануы арқасында трансляцияға кедергі болады; вирустың матрицалық РНҚ зақымдайтын спецификалық рибонуклеазаны белсендіреді. Интерферон әсеріне, сондай-ақ мыналар жатады: басқа да цитокиндер өнімдерін көтермелеу, спецификалық ферменттер индукциясы, жасушалар пролиферациясын бәсеңдету, иммуномодуляция (макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін және лимфоциттердің нысана жасушаларға қатысты спецификалық цитоуыттылығын күшейту). Интерферон иммунитет медиаторы болып табылады және айқын тіндік өзгешелігі бар. Өзіндік әсерінің арқасында интерферон организмді инфекциялық аурулар қоздырғыштарынан (вирустардан, бактериялардан, микоплазмалардан, патогендік зеңдерден және т.б.) сақтайды.

Қолданылуы

ЖРВИ, суық тию ауруларының профилактикасы және емдеу:

  • 1 айдан бастап балаларда және ересектерде;

  • жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен жиі және ұзақ ауыратын пациенттерде;

  • ЖРВИ науқастармен қарым-қатынас кезінде;

  • аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде ұйымдасқан ұжымдарда (балалар және ересектер), «қауіп» контингенттері– медициналық қызметкерлер, мұғалімдер және т.б. арасында, әсіресе эпидемия кезеңінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

ЖРВИ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы)

1 айлықтан 1 жасқа дейінгі балаларға – 1 тамшыдан әрбір мұрын жолына күніне 5 рет (бір реттік доза – 8000 ХБ, тәуліктік доза – 40000 ХБ)

1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан күніне 3-4 рет (бір реттік доза – 16000 ХБ, тәуліктік доза – 48000-64000 ХБ);

3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан күніне 4-5 рет (бір реттік доза – 16000 ХБ, тәуліктік доза – 64000-80000 ХБ);

Ересектерге – 3 тамшыдан күніне 5-6 рет (бір реттік доза – 24000 ХБ, тәуліктік доза – 120000-144000 ХБ).

Респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы үшін

Науқастармен қарым-қатынас кезінде және қатты салқындағанда – жасына қарай дозалануына сәйкес күніне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Бір реттік қарым-қатынас кезінде бір тамызу жеткілікті.

Аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен.

Жағымсыз әсерлері

Бірлі-жарым жағдайларда:

  • терідегі бөрту

  • мұрын жолдары шырышты қабығының құрғауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • интерферон альфа-2b және препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге аса жоғары сезімталдық

  • анамнездегі аллергиялық аурулардың ауыр түрлері.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

НАЗОФЕРОН препаратын асқынбаған жағдайларда қолданғанда қосымша симптоматикалық ем талап етілмейді (парацетамол, сульфаниламидтер, мұрынға тамыр тарылтатын тамшыларды). Жоғары дене температурада препарат қабынуға қарсы препараттарды бірге қабылдаумен жүргізіледі. Мұрын шырышты қабығын құрғататындықтан, мұрынға тамызуға арналған тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат әрбір мұрын жолына қолдану тәсілі мен дозалауға сәйкес енгізіледі.

Препаратты қолданудың алдында шалқадан жатқан немесе отырған қалыпта, басты шамалы артқа шалқайтып, тамшы тамызатын мұрын жолына қарай бұру қажет және мұрынның ішкі қабырғасына құтының тамшылатқышын тигізіп алмай препаратты тамызу керек. Тамызғаннан кейін препараттың мұрын қуысына біркелкі таралуы үшін бірнеше минут бойы мұрын желбезегін саусақпен уқалау ұсынылады.

Тамшыны балаларға қолдану ересектердің қадағалауымен жүргізіледі.

Тамшылатқышпен тығындалған құтыдағы мұрын тамшы дәрісін пайдалану сызбасы:

  • Құтыдан қорғағыш қалпақшасын шешу керек.

  • Құтыны қондырғысымен төмен қарата бұрып, алғашқы қолданудың алдында сорғы-дозаторға тамшыны бірнеше рет басу арқылы тексеріс жасау керек.

  • Қондырманың ұшын кезектестіріп әр мұрын жолына салып, дозаға сәйкес қажетті мөлшерде сорғы-дозаторға басу керек.

  • Қолданғаннан кейін құты қалпақшасын жабу керек.

Прикрепленные файлы

363380571477976702_ru.doc 352 кб
285846761477977836_kz.doc 343 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники