Назол® Бэби

МНН: Фенилэфрин
Производитель: Иституто Де Анжели С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phenylephrine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014746
Информация о регистрации в РК: 19.02.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Назол® Бэби

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенилэфрин

Дәрілік түрі

Нәрестелер мен балаларға арналған мұрын тамшысы

Құрамы

1мл ерітіндінің құрамында:

белсенді зат - 1,25мг фенилэфрин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, макрогол 1500, динатрий фосфатының дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетатының дигидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссізден ашық-сары түске дейінгі иіссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолдану үшін мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Фенилэфрин.

АТХ коды R01AA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фенилэфринді жергілікті қолданғанда жүйелі сіңірілуі төмен.

Фармакодинамикасы

Фенилэфрин гидрохлориді мұрынның шырышты қабықтарында a-рецепторларын көтермелеу есебінен тамыр тарылтқыш әсері бар a-адренергиялық рецепторлардың (симпатомиметиктердің) агонисі болып табылады.

Балаларда өмірінің бірінші жылында мұрын қалқандарының каверна тіні болмайды, сондықтан ринит кезінде мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі негізінен альфа 1 адреномиметиктер (фенилэфрин) әсер ететін беткейлік артериолаларға қан толуымен байланысты.

Назол Бэби шырышты қабықтарының ісінуін және тіндер гиперемиясын, мұрын шырышты қабықтарында іркілу құбылыстарын азайтады, сондай-ақ мұрын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жақсартады.

Глицерин мұрын қуысының тітіркенген шырышты қабығына жұмсартқыш әсер етеді және оны шамадан тыс құрғаудан қорғайды.

Назол Бэби препаратының әсері 3-5 минуттан кейін басталып, 4-6 сағатқа жуық созылады.

Қолданылуы

Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін:

  • суық тию ауруларында, тұмауда
  • сенна қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының өзге де аллергиялық ауруларында
  • жедел орташа отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Түбін жоғары қарата ұстап, құтыны сәл ғана қысу керек.

2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан.

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан.

Тек ұсынылған мөлшерлерде ғана пайдалану керек. Пайдаланылғаннан кейін құтыдағы тамшуырды құрғатып сүртіңіз. Емдеу курсы 3 күннен аспау керек.

Жағымсыз әсері

Сирек:

  • ашыту, шымылдату, мұрынның шаншуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдық

  • жүрек аритмиясы, артериялық қысымның көтерілуі

  • қалқанша без аурулары, қант диабеті

- 2 айға дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында жергілікті тамыр тарылтқыш заттар бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Моноаминооксидазаның (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда фенилэфрин әсерінің үдеуі байқалады.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу ұзақтығын 3 күннен асырмау керек. Емделушілер, егер ауру симптомдары сақталатын болса, дәрігерге қаралу қажеттігі жайында хабардар болуға тиіс.

1 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің тағайындауымен пайдалану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның көтерілуі, қозу.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 мл препараттан қорғаныш сақинасымен жабдықталған полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар төмен және жоғары тығыздықтағы полиэтилен қоспасынан жасалған құтыда. Тығыздығы төмен полиэтиленнен дайындалған мұрынға арналған дозатор құтының жоғарғы конус тәріздес бөлігіне қондырылған.

10 мл-ден полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған құтыда. Резеңке қалпақшасы бар полипропиленнен дайындалған тамшуыр қақпаққа қондырылған.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Иституто Де Анжели С.р.л.,

50066 Роггелло (Флоренция), Лок. Прулли 103/c, Италия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС,

Тимирязев к-сі, 42, Экспо-Сити бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

468519951477976556_ru.doc 53.5 кб
931649671477977720_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники