Назин (0,05%)

МНН: Нафазолин
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121718
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Назин

Халақаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

Мұрын тамшысы, 0,05 және 0,1 % 10 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат: нафазолин нитраты 0,5 мг (0,05 % ерітінді) немесе 1 мг (0,1 % ерітінді)

қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01А А08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нафазолин жергілікті қолданғанда тұтастай сіңіріледі.

Емдік әсері мұрын ішіне қолданғанда 5 минут ішінде басталады және 4-6 сағатқа созылады.

Фармакодинамикасы

Альфа-адреномиметик. Нафазолин альфа2-адренорецепторларға тікелей көтермелейтін әсері бар симпатомиметик болып табылады. Тамыр тарылтатын әсеріне байланысты ісіну, гиперемия, экссудация азаяды. Риниттерде мұрын ішіне қолданғанда мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдетеді. Мұрынның қосалқы қойнауына ауа енетін өзектерінің ашылуы мен кеңеюіне және евстахий түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл сөліністің ағып шығуына ықпал етеді де мұрын шырышында бактериялардың шөгуіне жол бермейді.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- мұрын қосалқы қойнауларының қабынуында

- евстахиитте

- диагностикалық және емдік емшаралар кезінде ісінуді азайту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Басты аздап артқа шалқайтып, сол жақ танауға тамызғанда оны оңға және солға – оң жақ танауға тамызғанда қисайтып, Назинді әрбір мұрын қуысына тамызады.

Емдік мақсатта.

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 0,1% мұрын тамшысын әрбір мұрын қуысына 1-3 тамшыдан күніне 3 рет қолданады.

0,05% мұрын тамшысы қолданылады:

- 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан күніне 3 рет

- 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын жолына 2 тамшыдан күніне 3 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн. Курсты қайталауды дәрігер тағайындайды.

Қан кету жағдайында препараттың 0,05 % ерітіндісіне малынған тампондарды пайдалану керек.

Ісінуді азайту үшін диагностикалық мақсатта – мұрын қуысын тазалағаннан кейін әрбір мұрын жолына 0,05 % ерітіндіні 3-4 тамшыдан тамызады немесе 0,05 % ерітіндіге малынған тампонды 1-2 минутқа енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларын сақтағанда Назин жақсы көтерімді.

- шырышты қабықтың тітіркенуі

- артериялық қысымының жоғарылауы, тахикардия

- жүрек айну, бас ауыру

- шырышты қабықтағы реактивті гиперемия

- 1 аптадан асыра қолданған кезде - шырышты кабаттың ісінуі, атрофиялық ринит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы

- 0,05 % ерітіндіні 2 жасқа дейінгі балаларға

- 0,1 % ерітіндіні 15 жасқа дейінгі балаларға

- гипертиреоз

- созылмалы ринит

- қант диабеті

- артериялық гипертензия

- ишемиялық жүрек ауруы

- феохромоцитома

- тахикардия

- айқын атеросклероз

- жабық бұрышты глаукома

- МАО тежегіштерін бір мезгілде және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім кезеңінде қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Назин гипотензиялық дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді, анестетиктердің сіңуін баяулатады.

МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) және үшциклді антидепрессанттармен біріктірілген емде немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымның күрт жоғарылау қаупі болады.

Моноаминдердің селективті емес кері қармау тежегіштері Назиннің тамыр тарылтатын әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ қолдану созылмалы мұрын бітелуіне және шырышты қабық атрофиясына әкелуі мүмкін.

Ауыр жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар адамдарға, бронх демікпесі кезінде препаратты аса сақтықпен қолданған жөн. Бір мезгілде миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) сезімталдығын арттыратын анестетиктерді қолданғанда сақтық қажет.

Балалар.

2 жасқа дейінгі балаларға Назин 0,05 % қолдануға болмайды. 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларға Назин 0,05 % қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік пен лактация кезеңінде ана үшін пайдасы/ұрыққа (балаға) төнетін қаупі арақатынасын айқындайтын дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия.

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан ТҚ (полиэтилен тамшылатқыш-құты) немесе БТҚ (мойны бұралатын тамшылатқыш-құты) типті полиэтилен құтыға салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таёжная к-сі, 1-1

Тіркеу куәлігінің иесі

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Өтегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: + 7 701 707 61 81; электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

741660101477976403_ru.doc 61.5 кб
372461391477977616_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники