Називин® (капли назальные 0,025%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Називин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксиметазолин
Дәрілік түрі
0,01, 0,025 және 0,05 мұрын тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,1 мг, 0,25 мг және 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді,
қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитрат дигидраты, глицерол (85 %), бензалконий хлориді (50 % ерітіндісі), тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір дерлік, түссізден сәл сарғыш түске дейінгі ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгенстанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин
АТХ коды R01АА05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың мұрын ішіне жергілікті қолданған кезде жүйелік әсері жоқ. Мұрынға тамызғаннан кейін оксиметазолиннің әсері тез басталады:
- 0,05 % түрі үшін бірнеше секунд ішінде (орташа алғанда 20 секунд)
- 0,025 % және 0,01% түрі үшін бірнеше минут ішінде
Препараттың әсер ету ұзақтығы 12 сағатқа дейін. Оксиметазолинді мұрын ішіне енгізгенде оның жартылай шығарылу кезеңі 35 сағатты құрайды. 2,1% оксиметазолин несеппен және 1,1% жуығы нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Називин® тамыр тарылтатын әсер береді, альфа2-адренорецепторларға тікелей стимуляциялайтын әсері бар симпатомиметик болып табылады. Мұрын тамшы дәрісін жергілікті қолданған кезде мұрынның шырышты қабығындағы қан тамырлары тарылып, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясы жойылады. Ринит кезінде мұрынмен дем алуды жеңілдетеді.
Шырышты қабықтың ісінуі басылғаннан кейін мұрынның қосалқы қойнаулары, есту түтігін аэрациялау үшін шығару каналдары ашылып, кеңейеді. Бұл мұрын қуыстарының дренаждық қызметін стимуляциялайды және бактериялық асқынулардың дамуын болдырмайды. Белсенді заттардың вирусқа қарсы, иммунтүрлендіруші және антиоксидантты әсері дәлелденген. Вирустармен жұқпаланған өсірінді жасушаларды пайдалана отырып жүргізілген зерттеулер оксиметазолиннің вирусқа қарсы әсерін көрсеткен (терапиялық тәсіл). Әсер етудің бұл себеп-салдар механизмі суық тию мен тұмауды туындататын вирус белсенділігін басудың көмегімен, түймедақтарды азайту тестін, сондай-ақ вирустық цитопатогендік әсерін тежеу (ЦПД/zpE) тестін пайдалану арқылы қалдық инфекциялық (вирустарды титрлеу) анықтауға негізделген.
Қолданылуы
-
ринитпен байқалатын (мұрынның бітелуі) жедел респираторлы ауруларда
-
аллергиялық ринитте
-
вазомоторлық ринитте
-
мұрын қуысы қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде секреция дренажын жақсартуда (синуситте)
-
ринитпен астасқан евстахиитте
-
диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда
Қолдану тәсілі және дозалары
0,01, 0,025 және 0,05 Називин® тамшы дәрісі мұрын ішіне қолдануға арналған.
Називин® 0,01 мұрын тамшы дәрісі 4 апталық жасқа дейінгі нәрестелерге әрбір мұрын жолына 1 тамшыдан күніне 2-3 рет қолданылады. Өмірінің 5 аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына күніне 2-3 рет.
0,01% Називин® тамшы дәрісі құтысының дозалау дәлдігін қамтамасыз ететін тамшы мөлшері белгісімен бөліктелген тамшуыры бар. Мысалы, егер 1 тамшы тағайындалған болса, онда тамшуырды 1 деген белгіге дейін толтырып алған жөн.
Сондай-ақ келесі емшараның да тиімділігі дәлелденген: жасына байланысты 0,01% ерітіндінінің 1-2 тамшысын мақтаға тамызып, мұрын жолдарын сүртеді.
Називин® 0,025 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.
Називин® 0,05 мұрын тамшы дәрісін ересектерге және 6 жастан асқан балаларға әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.
Құрамында оксиметазолин бар мұрын тамшы дәрісін, егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса, 5-7 күннен артық қолдануға болмайды. Препаратты қолданудың кез келген қайталау курсы алдында бірнеше күндік ем жүргізілмейтін уақыт болуы тиіс. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.
0,01 %, 0,025 % және 0,05 % Називин® бір реттік дозасын тәулігіне 3 реттен жиі қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі ( ≥ 1%-дан < 10% дейін):
-
мұрын шырышты қабығының ашуын немесе құрғауын сезіну
-
түшкіру, әсіресе сезімтал пациенттерде
Жиі емес (≥ 0,1%-дан < 1% дейін):
-
шырышты қабықтың домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелу сезімі) анағұрлым қарқынды болуы мүмкін (реактивті гиперемия), мұрыннан қан кету
-
жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну).
Сирек (≥ 0,01 %-дан < 0,1% дейін):
-
жүрек қағуының жиілеуі, тамыр соғуының жиілеуі және артериялық қысымының жоғарылауы
Өте сирек 0,01% және бірлі-жарым жағдайлар:
-
мазасыздық, ұйқысыздық, шаршау (ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері), бас ауыру, елестеулер (әсіресе балаларда)
-
аритмиялар
-
сәбилер мен жаңа туған нәрестелердегі апноэ
-
құрысулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
оксиметазолинге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық
-
атрофиялық ринит
-
0,025% Називин® мұрын тамшы дәрісі 1 жастан кіші балаларға қолданылмауы тиіс.
-
0,05% Називин® мұрын тамшы дәрісі 6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмауы тиіс.
-
қатты ми қабығына транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе басқа да хирургиялық араласулардан кейін қолдануға болмайды
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Оксиметазолинді және
-
үшциклді антидепрессанттарды
-
транилципромин типті моноаминоксидаза тежегіштерін
-
гипертензиялық дәрілерді
біріктіріп (бір мезгілде) қолдану артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Демек, егер мүмкін болса, бұл препараттарды бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Айрықша нұсқаулар
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилерді емдеу аса сақтықпен жүргізілуі қажет.
Мынадай жағдайларда бұл препаратты оны қолданудың қаупі мен пайдасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады:
-
көзішілік қысымның жоғарылауы, әсіресе тарбұрышты глаукома
-
ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, коронарлық ауру) және гипертензия)
-
феохромоцитома
-
метаболизмдік бұзылыстар (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті)
-
қуық асты безі гиперплазиясы
-
порфирия
-
моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштерімен) және басқа да қан қысымын жоғарылататын қабілеттілігі бар препараттармен емдеуден өтіп жатқан пациенттер
Тұмауға арналған мұрын дәрілерін ұзақ қолданғанда немесе олар артық дозаланғанда, олардың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Тұмауға арналған мұрын дәрілерін дұрыс қолданбау туындатуы мүмкін:
-
реактивті гиперемияны (препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жаңаруы)
-
мұрын қуысы шырышты қабығының созылмалы домбығуы/ісінуі (rhinitis medicamentosa)
-
шырышты қабық атрофиясы.
Жүктілік және лактация
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданғанда ұсынылған дозадан асырмаған жөн. Жүктіліктің бірінші триместрі бойы препаратты қабылдаған әйелдердің шектеулі санынан алынған деректер жүктілікке немесе ұрыққа/жаңа туған нәресте денсаулығына әсер етуі мүмкін болатын оксиметазолин әсері салдарынан қандай болмасын жағымсыз реакциялар дамуын көрсетпеген.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Називин® препартын ұсынылатын дозадан артық мөлшерде ұзақ уақыт қолданғаннан кейін жүрек-қантамыр жүйесіне және орталық жүйке жүйесіне жалпы әсер етуін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе жабдықты басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұсынылған дозаны арттырған кезде немесе байқамай ішке қабылдап қойғанда келесі симптомдары пайда болуы мүмкін: қарашықтың тарылуы, жүрек айну, құсу, цианоз, температураның жоғарылауы, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Бұдан басқа, психикалық бұзылулар, сондай-ақ ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтап қалуы және команың даму ықтималдығымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі пайда болуы мүмкін.
Емі: белсендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю, өкпені оттегімен желдету. Қан қысымын төмендету үшін – тұзды (физиологиялық) ерітіндідегі 5 мг фентоламинді к/і баяу енгізеді немесе 100 мг ішу арқылы қабылданады. Вазопрессорлық дәрілерді қолдануға болмайды. Егер қажет болса, қызба симптомдарын төмендету үшін дәрілер және құрысуға қарсы ем тағайындау қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
0.01 дозалық 5 мл препараттан тамшуыр-қақпағы бар күңгірт шыны құтыға құйылған. 0.025 және 0.05 дозалық 10 мл препараттан тамшуыр-қақпағы бар күңгірт шыны құтыға құйылған.
Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Алғашқы ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Мерк КГаА, Германия
Frankfurter Strasse 250, D-64293 Darmstadt
Тіркеу куәлігінің иесі
Мерк Зельбстмедикатион ГмбХ, Германия
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Мерк КГаА, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілдігі
050040 Алматы қ., Шашкин к-сі 44
Телефон нөмірі (727) 2444004,
Факс нөмірі (727) 2444005
Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com