Мяты перечной настойка

МНН: Мяты перечной листья, Мяты перечной масло
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003172
Период регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Бұрыш жалбыз тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді заттар: жалбыз жапырақтары 50,0 г,

бұрыш жалбыз майы 50,0 г,

қосымша зат – 90 % этанол 1 л-ге дейін

Сипаттамасы

Жалбыздың иісі мен дәмі бар, жасыл түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Бұрышты жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, негізінен ментол, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, С, РР, Е витаминдері, каротин бар. Жалбыздың негізгі биологиялық белсенді заты ментол болып табылады. Бұрыш жалбыз тұндырмасы ас қорыту бездері сөлінісін күшейтеді, тәбетті жақсартады, өт бөлуді жоғарылатады, түйілуді басатын әсер береді (ішектің, өт- және несеп шығару жолдарының тонусын төмендетеді).

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолының түйілуінде

- жүрек айнығанда, құсуда

- метеоризмде

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұрыш жалбыз тұндырмасын тамақтануға дейін қабылдайды. Ересектерге ¼ стақан суға 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Балаларға 12 жастан бастап ¼ стақан суға 6-7 тамшыдан күніне 3 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын. Ұзақ уақыт қабылдауға болмайды, балаларда қабылдаудың ұзақтығы ең қысқасы болуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия), бас ауыру, брадикардия

- қыжыл, жүрек айну, ауыз қуысын күйдіруін сезіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

- бауыр аурулары

- эпилепсия және сыртартқыдағы құрысу синдромы (фибрильді құрысуларды қоса)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі – асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпағымен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпағымен тығындалған мойны бұралатын шынымассадан жасалған құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптан жасалған картон қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

795388831477976325_ru.doc 41 кб
963465771477977575_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники