Мускомед (Раствор для инъекций)

МНН: Тиоколхикозид
Производитель: Мефар Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тиоколхикозид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121952
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Мускомед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиоколхикозид

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/2 мл, 2 мл

Құрамы

1 ампуланың ішінде

белсенді зат: 4 мг тиоколхикозид,

қосымша заттар: натрий хлориді, хлорлы сутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ашық сары түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Орталық әсер ететін басқа миорелаксанттар. Тиоколхикозид.

АТХ коды M03BX05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде тиоколхикозид қанда тез таралады, плазмадағы концентрация шегіне 15-45 минуттан соң жетеді. Бұлшықетішілік бір инъекциядан кейін 4 мг тиоколхикозид дозасында плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы 61 нг/мл құрайды.

Ақуыздармен байланысуы (негізінен альбуминмен) 13% құрайды. Орташа болжамды таралу көлемі – 4 мг дозада бұлшықетішілік бір инъекциядан кейін 76 л.

Жартылай шығарылу кезеңі 2,5-5 сағатты құрайды. Қабылданған дозаның шамамен 20%-ы өзгермеген метаболиттер түрінде несеппен, 75-81% нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Мускомед колхицин мен күкірттің табиғи жалған алкалоидтарының жартылай синтетикалық заты болып табылады. Миорелаксациялайтын әсер көрсетеді (бұлшықет релаксанты).

Тиоколхикозид in-vitro зерттеулерде стрихнинге сезімтал тек ГАМК және глицинергиялық рецепторлармен байланысады. ГАМК-рецептор антагонисі ретінде әсер ететін тиоколхикозид супраспинальді деңгейде реттеуші кешенді механизмдердің көмегімен өзінің тиімді миорелаксациялайтын әсерін көрсетуі мүмкін, алайда оның глицинергиялық әсер ету механизмі жоққа шығарылмайды. Тиоколхикозидтің ГАМК рецепторлармен өзара әрекеттесу сипаттамалары сапалы және сандық мағынада қан ағымындағы негізгі метаболит болып табылатын глюкуронид туындыларымен болатын сипаттамаға ұқсас.

Тиоколхикозид пен оның негізгі метаболитінің миорелаксациялайтын сипаттамалары in vivo жүргізілген бірнеше тәжірибелік модельдерде көрсетілген. Тиоколхикозидтің миорелаксациялайтын әсерінің болмауы бұл қосылыстың доминантты супраспинальді әсері барын көрсетеді.

Сондай-ақ, электроэнцефалографиялық зерттеулер тиоколхикозид пен оның негізгі метаболиті тыныштандыратын әсер туғызбайтынын көрсетті.

Қолданылуы

- ауырсынумен бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мускомедті бұлшықет ішіне тәулігіне 2 рет 2 мл-ден (4 мг) қолданады. Созылмалы ауруларды ұзақ мерзімдік емдеу үшін ұсынылмайды. Ұсынылатын емдеу мерзімі 3 – 5 күн. Физиотерапиялық емшараларға дайындық кезінде бұлшықеттердің босаңсу кезеңі бұлшықетішілік инъекциялардан кейін 30-40 минутты құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар (ұйқышылдық, сананың шатасуы, қозу)

- асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар (диарея, гастралгия, жүрек айнуы)

- жүрек-қантамыр жүйесі (гипотензия) қызметінің бұзылуы

- иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар (аллергиялық бөртпе, ангионевроздық ісінуді қоса, анафилактикалық реакциялар)

- аллергиялық тері реакциялары

Өте сирек:

- анафилактикалық шокты қоса, анафилаксия реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тиоколхикозидке немесе препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- шеткергі салдану және бұлшықет гипотониясы

- антикоагулянттармен емдеу және қан құйылуларға бейімділік

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. Алайда басқа да миорелаксанттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек.

Орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттармен, соның ішінде алкогольмен, гипертензияға қарсы дәрілермен, кураре тәрізді препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотония дамуы мүмкін.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Мускомедті бауыр немесе бүйрек функциялары бұзылғанда сақтықпен қолдану керек.

Сыртартқысында аллергиялық реакциялары бар науқастарда сақтықпен қабылдау керек.

Тиоколхикозид эпилепсиядан зардап шегетін немесе қауіп тобына жататын пациенттерде эпилепсия тәрізді ұстамалар туғызуы мүмкін.

Мускомедті қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттер, сондай-ақ егде жастағы пациенттер үшін зерттелген жоқ. Мұндай, әсіресе егде жастағы пациенттер үшін препараттың төмен дозалары ұсынылады.

Ұрпақ өрбіту функциясына әсері:

Препарат метаболиттері аногенді белсенділікке ие болғанмен, препарат ұрпақ өрбіту функциясына әсер етпейді.

Препараттың метаболиттері ерлердің фертильділігіне жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін, демек препаратты осыған қатысты проблемалары бар ерлерде қолдану ұсынылмайды және препаратты қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Тиоколхикозидтің организмде М2 немесе SL59.0955 деп аталатын метаболизмге бөлінгені болжанған жаңа тәжірибелік деректерден кейін бұл бөлінген жасушалардың зақымдалуына әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде анеуплоидия (хромосомалар санының қалыпты еместігі немесе орналасуы) болады. Анеуплоидия дамып келе жатқан ұрық үшін зиян келтіру, ерлердегі фертильділіктің төмендеу қауіп факторы болып табылады және теорияда обырдың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан түссіз шыныдан жасалған ампулаларға құйылған.

6 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», компаниясы болып табылады, ТҮРКИЯ.

Өндіруші

«Мефар Илач Санайии А.Ш.», Түркия

(Рамазанолу Мах. Энсар Джад. № 20, 34906 Курткёй-Пэндик / Стамбул)

Тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Прикрепленные файлы

754067231477976322_ru.doc 49.5 кб
148638731477977567_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники