Муравьиный спирт

МНН: Муравьиная кислота
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003163
Информация о регистрации в РК: 11.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Құмырсқа спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Спиртті ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын мен бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын мен бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқалары.

АТХ коды М02АХ10

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде

  • артралгияда

  • невралгияда

  • миалгияда

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • дерматит

  • экзема

  • тері бүтіндігінің бұзылуы

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Егер препарат көзге түссе, оларды мол сумен жақсылап шайыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін қолыңызды жуу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Препараттың шырышты қабықтарға, жараларға түсуіне жол берілмейді.

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Сыртқа қолдануға арналған. Терінің ауырған жерлеріне ысқылап жағады. Емнің курсы аурудың ауырлығына байланысты болады.

Артық дозаланғанда қолданылатын шаралар

Нұсқаулыққа сәйкес қолданған кезде артық дозалану ықтималдылығы екіталай.

Кездейсоқ ішке қабылдау кезінде келесі симптомдар болуы мүмкін: бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, гастралгия, жүрек-қантамыр жүйесі фунциясының бұзылуы, орталық жүйке жүйесін ынталандыру немесе бәсеңдету, көрудің бұзылуы, циркуляциялық коллапс, шок, оның ішінде өліммен аяқталуы.

Емі: дереу дәрігерге қаралу керек. Асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, қажет болған жағдайда-симтоматикалық терапия ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

  • қызару

  • қышыну

  • қабыршақтану

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат: құмырсқа қышқылы 1.4 г

қосымша заттар: 95% этил спирті 66.6 г, тазартылған су 32.0 г

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән өткір иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы қақпақпен тығындалған немесе тығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыларда немесе дәрілік заттарға арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыларда.

Құтыларға өзі желімденетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды(ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

Муравьиный_спирт_ЛВ_каз.docx 0.03 кб
Муравьиный_спирт_ЛВ_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники