Мульти-табс® Малыш
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мульти-Табсâ Малыш
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таңқурай-құлпынай дәмді шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар:
Ретинолға шаққанда ретинол ацетаты (А витамині) 400 мкг
Холекальциферол (D3 витамині) 10 мкг
a-токоферол ацетаты (Е витамині) 5 мг
Тиамин мононитраты (В1 витамині) 0,7 мг
Рибофлавин (В2 витамині) 0,8 мг
Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 0.9 мг
Цианокобаламин (В12 витамині) 1 мкг
Никотинамид 9 мг
Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты) 3 мг
Фолий қышқылы 20 мкг
Аскорбин қышқылы (С витамині) 40 мг
Темір (темір фумараты түрінде) 10 мг
Мырыш (мырыш тотығы түрінде) 5 мг
Мыс (мыс тотығы түрінде) 1 мг
Марганец (марганец сульфаты түрінде) 1 мг
Хром (хром хлориді түрінде) 20 мкг
Селен (натрий селенаты түрінде) 25 мкг
Йод (калий йодиді түрінде) 70 мкг
қосымша заттар: ксилитол, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы, метилцеллюлоза, кальций дигидрофосфатының дигидраты, таңқурай хош иістендіргіші 54.428, құлпынай хош иістендіргіші 52311, моно-, ди және триглицеридтер, аспартам, желатин, глицерин 85%, аскорбин қышқылы, жүгері крахмалы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Таңқурай-құлпынай дәмі, иісі, әртүрлі түсті теңбілі, ойығы бар, дөңгелек пішінді, беті жалпақ, сұрғыш реңді ашық сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да біріктірілімдегі поливитаминдер.
АТХ коды А11АB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Мульти-табсâ Малыш препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан клиникалық бақылау жүргізу мүмкін емес; компоненттердің барлығын бірге маркерлердің немесе био-зерттеулердің жәрдемімен бақылауға келмейді. Осы себепті препараттың метаболиттерін анықтау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Мульти-табсâ Малыш – құрамында витаминдер мен минералдар кешені бар біріктірілген препарат. Оның әсері препараттың құрамындағы витаминдердің және минералдардың қасиеттері арқылы анықталады.
А витамині бала организмінің дұрыс өсуіне және дамуына мүмкіндік береді. Иммундық жүйенің қалыптасуында маңызды рөл атқарады, организмнің әртүрлі жұқпаларға қарсылығын арттырады. Көру қызметін қалыпқа келтіреді. Ағзаның антиоксидантты қорғанышының маңызды компоненті болып табылады. Тері мен шырышты қабықтың қалыпты жағдайын сақтайды.
D витамині өсіп келе жатқан организмде сүйектер мен тістердің қалыпты түрде жасалуы үшін қажет. Қан плазмасында органикалық емес фосфор мен кальцийдің деңгейлерін сақтайды және кальцийдің аш ішекке сіңуін арттырып, мешелдік пен остеомаляцияның пайда болуына жол бермейді.
С витамині коллаген деп аталатын ақуыздың түзілуінде маңызы зор, ол дәнекер тіндердің, сүйектердің, шеміршектердің, тістердің және терінің материалдарының едәуір бөлігін құрайды.
Иммундық жүйе және ақ қан жасушаларының атқаратын қызметі үшін маңызды мәнге ие, организмнің әртүрлі жұқпаларға қарсылығының артуына мүмкіндік береді. Асқазан-ішек жолынан органикалық емес темірдің сіңуіне ықпал етеді. Бұдан басқа, антиоксиданттық қасиеттері де бар.
Е витамині иммундық жүйенің жағдайын стимуляциялайды және жақсартады. Табиғи антиоксидант. Бұлшықет жүйесінің қалыпты қызметін қамтамасыз етіп, оның қызмет жағдайын, дене жүктемесіне төзімділігін жақсартады. Жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруына жағдай жасайды.
В1 витамині кетоқышқылдың декарбоксилденуі үшін коэнзимнің құрамды бөлігі ретінде көмірсу алмасуының қажетті компоненті болып табылады; ақуыз, көмірсу және май алмасуларында маңызды рөл атқарады, синапстерде жүйке қозуын өткізуге қатысады.
В2 витамині көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың алмасуында, гемоглобиннің синтезінде үлкен маңызға ие. Жарақаттанғанда және кесіп алғанда тіндердің регенерациясына ықпал етеді, терінің және шырышты қабықтың қызметі мен қалыпты құрылымын сақтайды. Орталық пен шеткергі жүйке жүйесінің жағдайын реттейді, көруге оң ықпалын тигізеді.
В6 витамині орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қызметінің қалыпта болуы үшін аса маңызды. Нуклеин қышқылының синтезіне қатысады, фосфор-кальцийдің алмасуын реттейді, бауыр қызметін жақсартады, қанның түзілуіне қатысады.
В12 витамині жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет, зейінді жұмылдыруды және жадыны жақсартады. Қан түзілуге қатысады, ол жеткіліксіз болған жағдайда анемия пайда болады.
Никотинамид жоғарғы жүйке жүйесінің және ас қорыту ағзаларының қызметін реттейді, микроайналымды жақсартады. Жасушада тотығу-тотықсыздандыру үдерісіне қатысады, тіндік тыныс алу үдерісін тұрақтандырады. Май және көмірсу алмасуында, амин қышқылдарының метаболизмінде маңызды рөл атқарады.
Пантотен қышқылы тотығу және ацетилдену үдерістерін реттеуде үлкен рөл атқарады. Көмірсулар мен майлардың алмасуына, ацетилхолиннің және стероидты гормондардың синтезіне қатысады, жаралардың жазылуына ықпал етеді, антидененің синтезін стимуляциялайды. Антибиотиктермен емдеген кезде пайда болатын жағымсыз және уытты әсерлерді бәсеңдетеді.
Фолий қышқылы жасушалардың, соның ішінде қанның формалық элементтерінің қалыпты бөлінуіне, амин қышқылдарының (оның ішінде глициннің, метиониннің), нуклеин қышқылдарының, пиримидиндердің синтезіне қатысады, эритроциттерде гемоглобиннің түзілуінде зор маңызы бар.
Темір қан түзу үдерісіне қатысады, жасушалық жергілікті иммунитеттің қалыпты дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Мырыш эритроциттердің және қанның басқа пішіндік элементтерінің түзілуі үшін қажет. Организмнің иммундық үдерістерін тұрақтандырады. Организмнің көптеген ферменттерінің құрамына кіреді. Мырыштың жеткіліксіздігі бойдың аз өсуімен, иммунтитеттің төмендеуімен, ауру деңгейінің жоғарылауымен астасады. Организмде синтезделмейді.
Мыс өмір үшін қажетті микроэлемент болып табылады, гемоглобиннің және эритроциттердің түзілуіне қатысады. Метаболизмдік үдерістерде үлкен рөл атқарады.
Марганец иммуноглобулиндер синтезін стимуляциялайды, сондай-ақ асқын тотық радикалдарының зиянды әсерлерінен организмді қорғауда маңызды рөл атқаратын супероксид-дисмутазаның компоненті болып табылады.
Хром инсулиннің синтезделу үдерісіне қатысады. Адам организмінде хром мөлшерінің төмендеуі қандағы қант мөлшерінің күрт өзгеруін тудыруы және диабеттің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Селен, антиоксидант ретінде, организмді зақымдайтын бос радикалдардың түзілуіне жол бермейді. Организмде синтезделмейді.
Йод қалқанша без гормондарының құрамына енеді, оның негізін йод құрайды, өмірлік маңызды қызметті орындайды. Мидың, жүйке жүйесінің, организмнің өсуі мен дамуын реттейді. Организмде синтезделмейді.
Қолданылуы
1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларда гиповитаминоздың және минералды заттар жеткіліксіздігінің алдын алу үшін:
-
қарқынды өсу кезеңінде витаминдер мен минералдарға қажеттілік жоғары болғанда
-
ақыл-ой және дене жүктемесі жоғарылағанда
-
ауруды өткергеннен кейінгі қалпына келу кезеңінде
-
теңдестірілмеген немесе толыққанды емес тамақтануда
Қолдану тәсілдері және дозасы
1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға - күніне 1 таблеткадан. Тамақпен бір мезгілде немесе тамақтанып болысымен қабылдау керек. Қолданар алдында таблетканы ұсақтауға болады. Емделу курсы – 1-3 ай. Препаратты қайта қабылдау дәрігердің тағайындауы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
-
қышыну
-
уртикарлы бөртпе
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің жекелей жақпаушылығы
- А немесе D гипервитаминозы
- құрамында аспартамның болуына байланысты, препарат фенилкетонуриясы бар емделушілерге қолданылмауы тиіс
- 1 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мульти-табс® Малыш препаратының құрамында темір бар, сондықтан тетрациклиндер тобының антибиотиктерін және микробтарға қарсы дәрілерді – фторхинолон туындыларын бір мезгілде қолданғанда соңғыларының АІЖ-ден сіңуі баяулайды. С витамині сульфаниламидтер тобының микробтарға қарсы дәрілерінің фармакологиялық әсерін және жағымсыз әсерлерін күшейтеді. Құрамында алюминий, кальций, магний бар антацидтік препараттарды бір мезгілде қолданғанда Мульти-табс® Малыш препаратының құрамына кіретін темірдің сіңуі төмендейді.
Айрықша нұсқаулар
Мульти-Табс® Малышты қабылдау кезінде, олардың организмде жинақталып қалатындығын ескеріп, әсіресе майда еритін витаминдердің (А, Д және Е) артық дозалануына жол бермеу үшін басқа поливитаминдік препараттарды қабылдамау керек. Күндізгі дозаны көрсетілген мөлшерден арттырмаған жөн.
Артық дозалануы
Тиісті дозаларды қолданған кезде артық дозалану симптомдары байқалған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Таңқурай-құлпынай дәмді шайнайтын таблеткалар.
Ламинацияланған алюминий (алюминий/алюминий) фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықты 3 немесе 6 қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада cақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Cақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
“Ферросан А/С”, Дания,
DК-2860, Сэборг, Сюдмаркен 5.
Тіркеу куәлігінің иесі
“Ферросан А/С”, Дания
Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Интерфармасьютикал» ЖШС, Қаскелең қ-сы, Бокин к-сі, үй 58
тел : 8 727 273 83 08
e – mail : info@ferrosan.kz