Мульти-табс® Бэби

МНН: Аскорбиновая кислота, Колекальциферол, Ретинол
Производитель: Ферросан А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005229
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Мульти-табс® Бэби

Халықаралық пантенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 30 мл тамшылар

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: ретинол пальмитаты ретинолға шаққанда (А витамині) 300 мкг (1000ХБ), холекальциферол (D3 витамині) – 10 мкг (400 ХБ)

аскорбин қышқылы (С витамині) - 35 мг,

қосымша заттар: сахароза, макрогол глицерилгидроксистеараты, натрий гидрокарбонаты, натрий гидроксиді, лимон қышқылы моногидраты, α-токоферол, этанол 96%, хлорлы сутек қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссізден қоңырқай реңді сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер басқа біріктірілімдерде

АТХ коды А11АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Мульти-табс® Бэби – сәбилер үшін қажетті витаминдер кешені бар біріктірілген препарат. Әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттерімен анықталады.

А витамині ағзаның дұрыс өсуіне және дамуына ықпал етеді. Иммунитет жүйесінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады, организмнің әртүрлі жұқпаларға қарсыластығын жоғарылатады. Көру қызметін қалпына келтіреді. Организмнің антиоксидантты қорғанысының маңызды компонентті болып табылады. Тері мен шырыш жағдайының қалыпты болуын демейді.

D витамині сүйек тіндерін остеопороздың дамуынан, сынудан қорғайды, кальций мен фосфордың қамтылуын жақсартады.

С витамині организмнің әртүрлі жұқпаларға қарсыластығын жоғарылатады, сыртқы орта шарттарының өзгеруіне организмнің төзімділігі мен бейімделуіне жауапты кортикостероидты гормондар мен қалқанша без гормондар синтезіне қатысады. Липидтер метаболизмін жақсартады, холестерин алмасуының қалыпқа келуіне ықпал етеді. Дәнекер тіндері элементтерінің синтезін көтермелейді. Маңызды антиоксидант және иммунитетті көтермелегіш.

Қолданылуы

Балалардың алғашқы күнінен бастап 1 жасқа дейін:

- А, D3 және С витаминдері жетіспеушілігінің алдын алу үшін

- балалардағы мешелдің алдын алу үшін

- организмнің жұқпаларға қарсы тұруын арттыру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

1 жасқа дейінгі балаларға – маусымдық курспен күніне 0,5-1 мл-ден. Тамақпен бірге немесе бірден тамақтанудан кейін қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: қышыну, уртикарлы бөртпе

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда құрысуға қарсы дәрілер, рифампицин, неомицин ретинол мен холекальциферолдың сіңуін төмендетеді. D витаминін А витаминімен бір мезгілде қолдану соңғысының артық дозалануы дамуы қаупін төмендетеді. Аскорбин қышқылы ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады.

Айрықша нұсқаулар

Мульти-табс Бэбиді қабылдаған кезде артық дозалануды болдырмас үшін басқа да поливитаминді препараттарды қабылдауға болмайды. Ұсынылған тәуліктік дозаны жоғарылатуға болмайды. Препараттың 0,5 – 1 мл бір реттік дозасында 298,0 – 595,0 мг сахароза болады, осыған байланысты препарат тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге тағайындалмайды. .

Артық дозалануы

Симптомдары: тәбеттің болмауы, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, полиурия, диарея.

Артық дозалану симптомдары пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтататып, дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы, оған тамшуыр түрінде бекітілген дозалаушы құрылғысы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыға 30 мл-ден.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құтыны ашқаннан кейін оны тоңазытқышта 2С-ден 8С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

18 ай (ашылмаған құты), жаңа ашылған құтыны 2 айдан асырмай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ферросан А/С», Дания, DK-2860,Сэборг, Сюдмаркен 5

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ферросан А/С», Дания, DK-2860,Сэборг, Сюдмаркен 5

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Интерфармасьютикал» ЖШС, Қаскелең қ., Бокин к-сі 58 үй,

тел: 8 727 273 83 08

e – mail : info@ferrosan.kz

 

Прикрепленные файлы

837873311477976979_ru.doc 54 кб
933579731477978144_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники