МультиМакс® для глаз
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
МультиМакс® көзге арналған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
Белсенді заттар: |
||
А витамині (ретинол ацетаты) |
1500 |
ХБ1 |
Е витамині (dl-альфа токоферол ацетаты) |
10 |
ХБ2 |
С витамині (аскорбин қышқылы) |
60 |
мг |
В1 витамині (тиамин гидрохлориді) |
1.5 |
мг |
В2 витамині (рибофлавин) |
1.7 |
мг |
В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) |
2 |
мг |
В12 витамині (цианокобаламин) |
5 |
мкг |
Никотинамид |
20 |
мг |
Мырыш (мырыш тотығы) |
15 |
мг |
Селен (натрий селенаты) |
12.5 |
мкг |
Лютеин |
200 |
мкг |
Қара жидек |
100 |
мг |
Баларасының сүті |
100 |
мкг |
Цитрустардың биофлавоноидтары |
20 |
мг |
1 – 516 мкг ретинол ацетатына баламалы
2 – 10 мг dl-альфа токоферол ацетатына баламалы
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, стеарин қышқылы, кремнийдің қостотығы,
қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 400, титанның қостотығы (Е171), Опадрай II сары 89F120001 (гидроксипропилметилцеллю-лоза, поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), тальк, полиэтилен-гликоль 3350, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172)).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық-сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Өзіне тән ерекше иісінің болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Поливитаминдер. Басқа да біріктірілімдегі поливитаминдер.
АТХ коды А11АВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі, метаболизмі, таралуы мен шығарылуы препарат құрамына енетін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді.
Фармакодинамикасы
Көз көруінің бұзылуларын емдеуге және алдын алуға арналған витаминдер, минералдар мен өсімдік қосындыларының кешені. Көз қылтамырларын қатайтады, антиоксидантты әсер етеді, әлсіз әрі артық жарық жағдайларындағы, сондай-ақ көзге шамадан тыс жүктеме кезіндегі көруді жақсартады.
Лютеин көру жітілігіне жауапты және көздің торлы қабығы ортасында орналасқан сары дақтың басты пигменті болып табылады.
Қара жидек жемісі родопсин пигментінің жарыққа сезімталдығын қалпына келтіретін антоцианозидтер бар, осылайша жарықтың әртүрлі деңгейіне бейімделуін жақсартады және ымыртта көру жітілігін күшейтеді.
Баларасының сүті – көздің тор қабығының жасқа байланысты дегенерациясының алдын алу үшін.
Биофлавоноидтар айқын антиоксидантты қасиеттерге ие, қылтамырлар жарылғыштығы мен өткізгіштігін азайтады, тіндік тыныс алуды көтермелейді, аскорбин қышқылының серігі бола отырып, С витаминінің әсерін күшейтеді.
А витамині қалыпты көру қызметін қамту үшін қажетті, ымыртта көруді жақсартады, тор қабықтың макулярлы дистрофиясының алдын алады.
Е витамині тіндік тыныс алу үдерісіне және ақуыздар метаболизміне қатысады, күшті антиоксидант, жасушалар жарғақшасының тұрақтылығын демейді.
С витамині тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, жүйке жүйесі қызметін реттейді, флавоноидтардың оң әсерін көтермелейді.
В1 витамині жүйке импульсінің берілуіне қатысады.
В2 витамині көздің тор қабығын артық ультракүлгін сәуледен қорғайды.
В6 витамині көздің тор қабығы тамырларының атеросклероздық өзгеруіне қарсы тұрады.
В12 витамині май қышқылдары тотығуының ферментативтік реакцияларын және метионин синтезін бақылайды, көздің тор қабығы тамырлары дегенеративті үдерістерінің алдын алып, көру жүйкесі мен тор қабықтағы нейротрофикалық үдерістерді жақсартады.
РР витамині ұсақ шеткергі қантамырлар микроайналымын жақсартады, сонысымен көру мүшелерін қанмен қамсыздандырылуын жақсартады. Мырыш көздің тор, қантамырлық және нұрлы қабықтарында болады. А витаминінің оның белсенді түріне өзгеруіне ықпал етеді, ақуыз синтезіне қатысады. Тор қабықтың макулярлы дегенерациясының дамуына және ымыртта көрудің төмендеуіне бөгет болады.
Селен – антиоксидант. Е витаминінің белсенділігін күшейтеді, жасушалардың, оның ішінде көз тіндері жасушаішілік құрылымдарының қалыпты дамуына ықпал етеді.
Қолданылуы
-
көзге жоғары жүктеме түсуде витаминдер мен минералдар тапшылығының алдын алуға және емдеуге (компьютерде жұмыс істеу, автокөлікті түнгі уақытта жүргізу, емтихан және сессия маусымында, жоғары жарықта немесе люминесцентті лампалары жарығында жұмыс істегенде)
-
ымырттағы көру бұзылуының алдын алуда (қараңғыда көруге бейімдеу)
Кешенді емдеу құрамында:
-
әр түрлі дәрежелі миопияларда
-
көзге операциялық араласулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Күніне 1 таблеткадан, тамақтан соң қабылдау керек. Емдеу курсы 1-2 ай.
Жағымсыз әсерлері
-
препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
-
несептің қарқынды сары түске боялуы, ол қауіп төндірмейді, бұл препарат құрамында рибофлавин болуына байланысты
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың компоненттеріне жекелеген жоғары сезімталдық
-
12 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты қабылдау кезінде артық дозалануды болдырмау үшін құрамында витаминдер бар басқа да препараттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды.
С витамині сульфаниламидтер тобының микробтарға қарсы дәрілерінің әсерін және жағымсыз әсерлерін (оның ішінде несепте кристалдардың пайда болуы) күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Ұсынылған дозадан арттырмау керек.
А витаминінің жоғары дозаларын ұзақ қолдану остеопороздың дамуы немесе сүйектің сынуы қаупін жоғарылатады.
Несеп қарқынды сары түске боялуы мүмкін, оның қауіптілігі жоқ, бұл препарат құрамында рибофлавин болуына байланысты.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қабылдау алдында дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі кезде МультиМакс® көзге арналған препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Кездейсоқ артық дозаланғанда дәрігерге көріну керек.
Емі: ішке белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.
Сақтау шарттары
10 – 30°С температурада, құрғақ жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Юнифарм, Инк., АҚШ
Тіркеу куәлігінің иесі
Юнифарм, Инк., АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі
Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе
Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04
Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06
Электронды поштасы: info@unipharm.kz