Мукоплант капсулы от кашля

МНН: Аниса обыкновенного семян масло
Производитель: Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010108
Информация о регистрации в РК: 07.11.2017 - 07.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Мукоплант жөтелге қарсы капсулалар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат - 100 мг жұлдызды анис майы,

қосымша заттар: 170 мг рапсой майы,

қабықшасының құрамы: сукцинилденген желатин, құрғақ затқа шаққанда 85 % глицерин, мыс хлорофиллинімен (Е 141) натрий кешені, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді қою-жасыл түсті жұмсақ желатинді капсулалар, өлшемі № 5, құрамында анис иісті аздап сары түсті сұйықтық бар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препарат.

Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Анис майының фармакологиялық белсенділігі құрамында трансанетол (84-93%), цис-анетол, анис альдегиді, эстрагол,

линалоол және α–терпинеол болуымен негізделген. Препарат қақырық түсіретін, спазмолитикалық және микробқа қарсы әсер етеді.

Препарат жыпылықтағыш эпителийдің және бронхиоланың моторлық функциясын көтермелейді, бұл қақырықтың қозғалуына және тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінен бөлініп шығуына ықпал етеді; бронх бездерінің секрециясын күшейтеді және қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді.

Қолданылуы

- қақырық бөлінуі қиын жөтелмен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын (оның ішінде бронхит, трахеит) кешенді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ішке тамақтан кейін жеткілікті мөлшердегі сумен күніне 2-3 рет 1 капсуладан тағайындайды. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды. Қайталау курсын дәрігердің кеңесінен кейін ғана жүргізге болады.

Жағымсыз әсерлері

- мына сипаттағы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін:

- тері реакциялары: қышу, қызару, ісіну

- бронх түйілуі

- және асқазан-ішек тарапынан сирек бұзылыстар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмады.

Айрықша нұсқаулар

Жөтел, ентілу, кеуденің ауыруы сияқты суық тию симптомдары 3 күннен артық сақталған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары байқалмады. Препаратты ұсынылған дозалардан жоғары дозада қолданғанда жағымсыз әсерлер күшеюі, диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, диарея) болуы мүмкін.

Емі: Артық дозалану жағдайларында дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ,

Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

Swiss Caps GmbH, Германия

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ-сы, Гайдар к-сі, 198

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

Прикрепленные файлы

857407431477976974_ru.doc 45.5 кб
359977431477978139_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники