Мукоплант капли от кашля

МНН: Аниса обыкновенного семян масло, Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022974
Информация о регистрации в РК: 08.06.2022 - 08.06.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Мукоплант жөтелге қарсы тамшылар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 30 мл

Құрамы

30 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: жебіршөптің сұйық экстрактісі (1:2-2.5) 7.05 г (экстрагент: аммиак ерітіндісі 10 % (м/м)/глицерин 85 % (м/м)\этанол 90 % (көлемі бойынша)\ су (1/120/70/109)), жұлдызды анис майы 1.41 г,

қосымша заттар: 96 % этанол, пропиленгликоль, глицериннің макрогол гидроксистеараты.

Сипаттамасы

Анис пен жебіршөптің өзіне тән иісі бар қоңыр түсті сұйықтық. Құтыны сілкігенде жоғалып кететін, аздаған бұлыңғырлыққа жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

ATX коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат қақырық түсіретін, айқын муколитикалық, бронхолитикалық әсер етеді.

Жебіршөп экстрактісінің құрамында болатын эфир майы айқын қақырық түсіретін әсерге ие, жоғарғы тыныс алу жолдарының кірпікшелі эпителийінің қозғалыс белсенділігін көтермелейді және секреторлы бөлініп шығатын шырышты қабықтардың мөлшерін арттырады, сондай-ақ қабынбалы өңездің жұмсаруына ықпал етеді, қақырықтың сұйылуын және оның шығуын жылдамдатады.

Анис майының құрамындағы анетол бронхтың шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етеді, тыныстың рефлекторлы қозуына ықпал етеді, кеңірдектің, өңештің, бронхтың шырышты қабығының секрециясын күшейтеді.

Қолданылуы

Қақырықтың бөлініп шығуы қиын жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабынбалы аурулары (кешенді ем құрамында):

- трахеит

- бронхит

- трахеобронхит

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек ересектерге арналған. Ішке күніне 3 рет 1\4 стақан суда сұйылтылған 20 тамшыдан қабылдайды. Емдеу ұзақтығы 2 апта. Емнің қайталау курсын жүргізу және ұзақтығын арттыру дәрігердің ұсынысы бойынша мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (тері гиперемиясы, қышу, есекжем, тарылған бронхтық түйілу, анафилактикалық шок, Квинке ісінуі)

- асқазан-ішек бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • балдыркөкке, сәбізге, жусанға және дәмдеуіштерге (аскөк немесе зире сияқты) жоғары сезімталдықта

  • жүктілік және лактация кезеңінде

  • 18 жасқа дейінгі балалар жасы (клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты)

Сақтықпен (препараттың құрамында этанолдың болуына байланысты)

- алкоголизм

- эпилепсия

- бауыр қызметінің ауыр бұзылуларында

- ми жарақатында және ауруларында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мукоплант жөтелге қарсы тамшылары құрамында жөтелге қарсы дәрілік заттары бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені ол сұйылтылған қақырықтың жөтелгенде шығуын қиындатады.

Құрамында этил спирті бар басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Құрамында этил спирті болуына байланысты өзара әрекеттесулер:

- дисульфирам тәрізді реакцияны (ыстықты сезіну, тері жабындарының қызаруы, құсу, тахикардия) туындататын дәрілік заттарды алкогольмен бірге қабылдағанда: дисульфирам, цефамандол, цефоперазон, латамоксеф, хлорамфеникол, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид және басқа гипогликемиялық препараттар, гризеофульвин, метронидазол, орнидазол, тинидазол, кетоконазол, прокарбазин

- орталық жүйке жүйесінің функциясын басатын дәрілік заттар

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында 48% этил спирті бар (көлемді қатынаста). Препараттың ересектерге арналған ұсынылатын ең жоғары бір реттік (20 тамшы = 0,9 мл) және тәуліктік (60 тамшы = 2,6 мл) дозасының құрамында 0,33 және 1,0 г этанол бар.

Егер дәрілік затты қабылдау кезінде 3 күн бойына симптомдары жақсармаса немесе жағдайы нашарлай бастаса (іріңді қақырықты жөтел, тыныс алудың бұзылуы, температураның жоғарылауы пайда болады), дереу дәрігерге қаралу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың құрамында 48% этанол бар. Препаратты қабылдаған кезде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Артық дозалану

Анис майын 1-ден 5 миллилитрге дейінгі дозада ішке қабылдау жүрек айнуын, құсуды, құрысуды және өкпенің ісінуін туындатуы мүмкін.

Артық дозалану симптомдары пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Емдеу: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл-ден полиэтилен тығын-тамшылатқыштармен тығындалған және бұралатын пластмасса қақпағы бар, мойыны бұрандалы қоңыр шыны құтыда. Құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ,

Мишелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тіркеу куәлігін ұстаушы

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ,

Мишелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

Прикрепленные файлы

014092191498795300_ru.doc 49.5 кб
254446291498795831_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники