Мукоза Композитум
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мукоза композитум
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
2.2 мл инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы
Бір ампуланың (2,2 мл) ішінде:
белсенді заттар - Argentum nitricum D6 22 мг, Atropa bella-donna D10 22 мг, Ceanothus americanus D4 22 мг, Bacterium coli-Nosode D28 22 мг, Hydrastis canadensis D4 22 мг, Kalium bichromicum D8 22 мг, Kreosotum D10 22 мг, Lachesis D10 22 мг, Mandragora e radice siccata D10 22 мг, Marsdenia cundurango D6 22 мг, Momordica balsamina D6 22 мг, Mucosa coli suis D8 22 мг, Mucosa ductus choledochi suis D8 22 мг, Mucosa duodeni suis D8 22 мг, Mucosa ilei suis D8 22 мг, Mucosa jejuni suis D8 22 мг, Mucosa nasalis suis D8 22 мг, Mucosa oculi suis D8 22 мг, Mucosa oesophagi suis D8 22 мг, Mucosa oris suis D8 22 мг, Mucosa pulmonis suis D8 22 мг, Mucosa pylori suis D8 22 мг, Mucosa recti suis D8 22 мг, Mucosa vesicae felleae suis D8 22 мг, Tunica mucosa vesicae urinariae suis D8 22 мг, Oxalis acetosella D6 22 мг, Pancreas suis D10 22 мг, Psychotria ipecacuanha D8 22 мг, Phosphorus D8 22 мг, Pulsatilla pratensis D6 22 мг, Semecarpus anacardium D6 22 мг, Strychnos nux-vomica D13 22 мг, Sulfur D8 22 мг, Ventriculus suis D8 22 мг, Veratrum album D4 22 мг, Natrium diethyloxalaceticum D8 22 мг,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Иіссіз, түссіз мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Асқазан-ішек аурулары мен зат алмасуды емдеуге арналған әр түрлі басқа да препараттар.
АТЖ коды А16А Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеудің мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Қалпына келтіретін, иммунитет түрлендіруші, қабынуға қарсы, уытсыздандырушы, муколитикалық және секретомоторлы әсерлерге ие кешенді гомеопатиялық препарат. Препараттың әсерлері организмнің қорғаныш күштерін белсенділендіруге және бұзылған қызметін препарат құрамына кіретін табиғи заттардың есебінен қалыпқа келтіруге негізделген.
Қолданылуы
- асқазан-ішек жолы, несеп шығару жолдары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының қабынуы мен эрозиялы-ойық жара үдерістерін, конъюнктиваны емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне немесе егер қажет болса, көктамыр ішіне 2.2 мл-ден (1 ампула) аптасына 1-3 рет, жедел жағдайда – 2-3 күн бойы күнделікті тағайындалады. Емдеу курсы 2-5 апта. Емдеу курсының ұзақтығын аурудың ауырлығына қарай дәрігер жекелей белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
- жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен үйлесімді.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тек маман дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қабылданады.
Педиатрияда қолданылуы.
Аталмыш препаратты балаларда пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттық расталуы болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары жазылмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2,2 мл түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы бөлігінде – қызыл нүктесі бар.
5 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 15 °C-ден 30 °C -ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ,
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Гомеопатиялық технологиялар» ЖШС, 050059 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 36 үй, 1, 5 кеңсе,
тел.: 8 (727) 262 16 41, 8 (727) 262 82 74,
эл. поштасы: provisor.kaz@gmail.com