Монлер

МНН: Монтелукаст
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022436
Период регистрации: 25.10.2016 - 25.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Монлер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10.4 мг натрий монтелукасты (10 мг монтелукастқа баламалы),

қосымша заттар: маннитол, натрий кроскармеллозасы, аспартам, банан хош иістендіргіші, микрокристалды целлюлоза, төмен орынбасқан гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты

үлбірлі қабық сары Опадрай 20А33251: гипромеллоза 3сР, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес келген дөңгелек таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Сіңуі

Монтелукаст ішу арқылы қабылдағаннан кейін тез сіңеді. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрациясы (Cmax) препаратты ересектер ашқарынға қабылдағаннан кейін 3 сағат өткен соң (Tmax) байқалады. Ішу арқылы қабылдаған кездегі орташа биожетімділігі 64% құрайды. Ішу арқылы қабылдаған кездегі биожетімділігіне және Cmax-ке кәдімгі тамақ ішу ықпал етпейді. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды тамақ ішуге байланыссыз қабылдаған кездегі қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде дәлелденген.

Шайналатын 5 мг таблеткалар үшін Cmax-ке ересектер ашқарынға қабылдағаннан кейін 2 сағат өткен соң жеткен. Ішу арқылы қабылдаған кездегі орташа биожетімділігі 73% құрады және стандартты тағаммен бірге қабылдаған кезде 63% дейін төмендеді.

Таралуы

Монтелукаст 99%-дан астам мөлшерде қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Монтелукастың тепе-теңдік күйдегі таралу көлемі орта есеппен 8-11 литрді құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукасты қолданып жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өту кезінде ең аз таралатынын көрсетті. Бұдан бөлек, радиоактивті-таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағат өткен соң басқа тіндердің барлығында ең аз мөлшерде болды.

Метаболизмі

Монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданған кезде, монтелукаст метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациялары ересектер мен балаларда тепе-теңдік күйде анықталу шегінен төмен болады. Монтелукастың метаболизмі негізінен P450 2C8 цитохромы жүйесінің қатысуымен жүреді. CYP 3A4 және 2C9 аздаған ықпал етеді, әйтсе де CYP3A4 тежегіші болып табылатын итраконазолды тағайындаған кезде, тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст алған дені сау еріктілердегі монтелукастың фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Адам бауырының микросомаларын in vitro клиникалық зерттеулер, монтелукастың қан плазмасындағы емдік концентрациялары P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукастың емдік әсеріндегі метаболиттердің рөлі өте аз.

Шығарылуы

Монтелукастың дені сау ересектердегі плазмалық клиренсі орта есеппен 45 мл/минутты құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукасты ішу арқылы қабылдағаннан кейін радиактивтіліктің 86%-ы 5 күннің ішінде нәжіспен шығарылады және <0.2% несеппен шығарылады. Монтелукастың ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі биожетімділігін ескергенде, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толығымен өт арқылы шығарылатынын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері

Егде жастағы пациенттерде немесе бауыр функциясының жеңілден орташаға дейінгі ауырлық дәрежесіндегі бұзылуы кезінде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген. Монтелукаст және оның метаболиттері өтпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукастың дозасын түзету қажет болады деп болжанбайды. Бауыр функциясы ауыр түрде бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) пациенттерде монтелукастың фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукастың жоғары дозаларын (ересектер үшін ұсынылатын дозадан 20 және 60 есе артық) қолданған кезде қан плазмасындағы теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Препаратты тәулігіне 1 рет 10 мг-ден ұсынылған дозамен қолданған кезде бұл әсер байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Цистеинді лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабынудың эйкозаноидтары болып табылады, олар жуан жасушалар мен эозинофилдерді қоса алғанда әртүрлі жасушалардан бөлініп шығады. Бұл маңызды демікпе алды медиаторлары цистеинді лейкотриен рецепторларымен (CysLT) байланысады. CysLT 1-типті (CysLT1) рецепторлары тыныс жолдарында (тегіс бұлшықет жасушаларын және тыныс жолдарының макрофагтарын қоса алғанда) және басқа қабыну жасушаларында (эозинофилдерді және кейбір миелоидты дің жасушаларын қоса алғанда) орналасады. CysLTs демікпенің патофизиологиясымен және аллергиялық ринитпен өзара байланысты. Демікпеде лейкотриендердің әсеріне бронх түйілуі, қақырық секрециясы, тамырлардың өткізгіштігі және эозинофилдердің шоғырлануы қосылады. Аллергиялық ринит кезінде CysLTs мұрынның шырышты қабығынан аллергиялық ринит симптомдары бар реакцияның ерте, сондай-ақ кеш фазаларында аллергеннің әсерімен босап шығады. CysLTs-пен мұрын ішілік сынама мұрынның тыныс жолдарының қарсыласуының артуын және мұрынның бітелу симптомдарын көрсетті.

Монтелукаст CysLT1-рецепторларды жоғары талғамдылықпен және химиялық ұқсастықпен бәсекелес түрде байланыстыратын белсенді қосылыс болып табылады. Монтелукаст 5 мг дозада тағайындағанның өзінде деммен бірге LTD4 жұтудан туындайтын бронх түйілуін басатынын және ішке қабылдағаннан кейін 2 сағаттың ішінде бронх дилатациясын тудыратынын клиникалық зерттеулер анықтады. Монтелукаст сондай-ақ β- агонистердің әсеріне аддитивті әсер көрсетеді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмндете отырып, ерте және сондай-ақ кеш сатыдағы бронх түйілуін басады. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсартып, тыныс жолдарындағы (қақырық талдауымен расталған) және шеткері қандағы эозинофилдердің мөлшерін елеулі түрде төмендетеді.

Қолданылуы

- жеңіл және орта дәрежелі ауырлықтағы персистерленетін демікпесі бар 15 жастан асқан пациенттер үшін ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа әсер ететін β‑агонистердің тиімділігі жеткіліксіз болған кезде базалық емге қосымша ретінде қажет болғанда

- бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеу және денеге күш түсуден болатын бронх түйілуінің алдын алу

- бронх демікпесі бар пациенттердегі аллергиялық риниттерді емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Демікпесі бар немесе демікпемен қабаттасқан маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан асқан пациенттер үшін, доза тәулігіне 10 мг (1 таблетка) құрайды, кешкі уақытта.

Жалпы нұсқаулар. Монлер препаратының емдік әсері демікпені бақылауға қатысты алғанда 1 күн ішінде дамиды. Препаратты тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Демікпені бақылауға қол жеткен күнде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде де Монлерді қабылдауды жалғастыра беру керек екенін пациенттерге айту керек. Монлерді құрамында дәл осындай әсер етуші зат – монтелукаст бар өзге препараттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.

Егде жастағы, жеңіл немесе орта ауырлық дәрежесіндегі бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін деректер жоқ.

Препараттың дозасы әйел және ер жынысты пациенттер үшін бірдей.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Монлермен емдеу. Монлерді ингаляциялық кортикостероидтерге қосымша ем ретінде қолданған кезде, дозаны күрт төмендетуге немесе ингаляциялық кортикостероидтерді тоқтатуға болмайды.

Ингаляциялық кортикостероидтер: Монлер ингаляциялық кортикостероидтер және қажеттілігіне қарай пайдаланылатын қысқа әсерлі β-агонистер аурудың қажетті клиникалық бақылануын қамтамасыз ете алмайтын пациенттерге қосымша ем ретінде бронх демікпесін емдеу үшін тағайындалады. Монлер ингаляциялық кортикостероидтерді алмастыра алмайды.

6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін 5 мг-ден шайнайтын таблеткалар шығарылады.

2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін 4 мг-ден шайнайтын таблеткалар шығарылады

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер пайда болуының мынадай жиілігі бойынша топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-ден <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-ден <1/1 000 дейін), өте сирек (<1/10 000).

Жиі (≥1/100, <1/10)

- бас ауыруы

- абдоминальді ауыру

Постмаркетингтік деректер

Өте жиі (≥1/10)

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10)

- диарея**, жүрек айну**, құсу**

- бөртпе**

- трансаминазалар (АЛТ және АСТ) деңгейінің көтерілуі

- температураның жоғарылауы**

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса

- ұйқының бұзылуы, қорқынышты түс көруді, ұйқысыздықты қоса, сомнамбулизм, мазасыздық, қауіпті қозу, озбырлықты және өшпенділікті қоса, депрессия, психомоторлық гиперреактивтілік, ашушаңдықты қоса, мазасыздық, тремор***

- бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

- мұрыннан қан кету

- ауыздың құрғауы, диспепсия

- қанталау, есекжем, қышыну

- артралгия, миалгия, бұлшықет түйілулерін қоса

- астения/шаршау, мазасыздану, ісінулер

Сирек (≥1/10 000, <1/1 000)

- қан кетулерге бейімділіктің артуы

- зейіннің бұзылуы, жадының нашарлауы

- жүрек қағысының жиілеуі

- ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10 000)

- бауырдағы эозинофильдік инфильтраттар

- елестеулер, бағдардан адасу, суицидтік ниеттенулер мен әрекеттер (суицидке ұмтылуды қоса)

- Чердж-Стросс синдромы, өкпе субтропикалық эозинофилиясы

- гепатит, холестаздық, гепатоцеллюлярлық және бауырдың аралас генездегі зақымдалуын қоса

- мультиформалы эритема, түйінді эритема

*Бұл жағымсыз әсерлер монтелукасты қабылдаған пациенттерде де, клиникалық зерттеулерде плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездескен.

** Бұл жағымсыз әсерлер монтелукасты қабылдаған пациенттерде де, клиникалық зерттеулерде плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездескен.

*** «Сирек» деген жиілікпен кездескен

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- монтелукастке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация

- 15 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукасты әдетте демікпенің профилактикасына және ұзақ уақыт емдеуге пайдаланылатын басқа препараттармен бірге қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеулерде монтелукастың ұсынылған клиникалық дозасы мынадай дәрілік заттардың фармакокинетикасына клиникалық маңызды ықпал көрсеткен жоқ: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Монтелукастың қан плазмасындағы концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) бір мезгілде фенобарбиталды қолданған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеді. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 арқылы метаболизденетіндіктен, монтелукасты фенитоин, фенобарбитал және рифампицин тәрізді CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторларымен бір мезгілде, әсіресе балаларға сақтықпен тағайындау керек.

in vitro зерттеулер монтелукастың 2C8 цитохромының күшті тежегіші болып табылатынын көрсетті. Алайда, препараттармен өзара әрекеттесулерді зерттеген клиникалық зерттеулердің деректері, монтелукасты және росиглитазонды (маркерлік субстрат, негізінен CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттардың өкілі) қолдануды зерттегенде, монтелукаст 2C8 цитохромын in vivo тежемейтінін көрсетті. Сондықтан монтелукаст осы ферменттің қатысуымен метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпал етеді деп күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, монтелукаст 2C8 цитохромы үшін және аз дәрежеде 2C9 бен 3A4 үшін субстрат болып табылады. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8-дің де, 2C9-дың да тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу деректері гемфиброзил монтелукастың жүйелі сенсибилизациясын 4.4 есеге арттыратынын көрсетті. Гемфиброзилмен немесе басқа CYP 2C8 потенциалды тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде монтелукаст дозасын түзету талап етілмейді, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың арту мүмкіндігін есте ұстауы тиіс. Цитохром 2C8-дің неғұрлым қуаты азырақ тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер болжанбайды. Монтелукасты CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен бір мезгілде қолдану монтелукастың жүйелі әсерінің елеусіз ұлғаюына әкеледі.

Айрықша нұсқаулар

Препарат демікпенің жедел ұстамаларын емдеуге және шұғыл ем құралы ретінде қолдануға арналмаған.

Жедел ұстама кезінде тез әсер ететін ингаляциялық β-агонистерді пайдалану керек. Пациенттер тез әсер ететін β-агонисті әдеттегіден көбірек мөлшерде қажет етсе, дәрігерден мүмкіндігінше тезірек кеңес алуы тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішілетін кортикостероидтерді күрт алмастырмауы тиіс.

Монтелукасты бір мезгілде қолданған кезде ішілетін кортикостероидтердің дозасы төмендеуі мүмкіндігін растайтын деректер жоқ.

Сирек жағдайларда, Монлер препаратын қоса алғанда демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде, кейде, Чердж–Стросс синдромына (көбінесе жүйелі кортикостероидтермен ем жүргізілетін жай-күй) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен жүйелі эозинофилия пайда болуы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар ішілетін кортикостероидтердің дозасын тоқтатуға немесе азайтуға байланысты. Лейкотриен рецепторларының антагонистерімен емдеудің және Чердж-Стросс синдромының пайда болуының арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Әйтсе де, эозинофилия, васкулярлық бөртпе, өкпелік симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия тәрізді симптомдар пайда болған жағдайда, қосымша тексеу және емдеу тактикасын қайта қарау қажет.

Монтелукастпен емдеу аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде аспиринді және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауды тоқтатпайды.

Монлер препаратының, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалардың құрамына аспартам кіреді, ол фенилаланин көзі болып табылады, сондықтан фенилкетонуриясы бар пациенттер әрбір таблетка құрамында дозасына 1.5 мг фениалаланинге баламалы мөлшерде фенилаланин бар екенін ескеруі тиіс.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Психика тарапынан бұзылыстар монтелукасты қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда байқалған. Психика тарапынан бұзылыстарға мынадай жағымсыз әсерлер жатады: қозу, озбыр мінез-құлық, өшпенділік, мазасыздану, депрессия, бағдардан адасу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеу, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор. Постмаркетингтік есептерден алынған деректер дәрі-дәрмектік ем барысында алынған клиникалық деректермен салыстырымды. Пациенттер және медицина қызметкерлері мұндай құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі жөнінде білгені дұрыс. Мұндай жағымсыз әсерлер туындаған кезде пациенттерге өзінің емдеуші дәрігеріне мәлімдеу ұсынылады. Аталған жағымсыз әсерлер пайда болған кезде Монлермен емді жалғастыру үшін пайда мен қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты қолда бар деректер базасындағы шектеулі ақпарат монтелукасты қолдану мен туа біткен ақаулар (қол-аяқ ақаулары сияқтылар) арасындағы себеп-салдарлық өзара байланысты көрсетпейді, дүниежүзілік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында бұлар жөнінде сирек хабарланған.

Лактация кезеңі: монтелукастың емшек сүтіне енетіндігі белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Монтелукаст пациенттің автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабылетіне ықпал етеді деп күтілмейді. Алайда, сирек жағдайларда ұйқышылдық немесе бас айналуы жөнінде хабарланған, осыған байланысты автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайларының көбінде жағымсыз реакциялар туындаған жоқ. Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыруы, құсу және психомоторлық гипербелсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматиалық ем. Монтелукаст перитонеальді диализ немесе гемодиализ кезінде шығарыла ма, жоқ па, белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан алюминий фольгадан, оПА/ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

БЕЛУПО, дәрілер және косметика д.д., Хорватия Республикасы

Қаптаушы

БЕЛУПО, дәрілер және косметика д.д., Хорватия Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

БЕЛУПО, дәрілер және косметика д.д., Хорватия Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«BELUPO, дәрілер және косметика д.д.» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Желтоқсан к-сі 87; 24, 25, 26 кеңсе.

Тел. +7(727) 225-01-64;

Факс +7(727) 279-35-33

e-mail: belupo@belupo.kz

Прикрепленные файлы

050720581477975698_ru.doc 84 кб
899796161477977409_kz.doc 168.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники