Момента
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Момента
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Крем, 30 г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Кортикостероидтар, басқа біріктірілімдер. Күшті әсер ететін кортикостероидтар, басқа біріктірілімдер. Мометазон басқа препараттармен біріктірілімде
АТХ коды D07XC03.
Қолданылуы
- тері мен тырнақтың зеңдік-бактериялық аралас зақымданулары.
- псориаз
- атопиялық дерматит
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші заттарға немесе басқа кортикостероидтарға немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
тері туберкулезі, мерездің тері көріністері, желшешек, қарапайым герпес
вакцинациялау кезеңі, вакцинациялаудан кейінгі тері реакциялары
жүктілік және бала емізу кезеңі
2 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
ГКС жүйелік әсерінің даму мүмкіндігін ескере отырып, Момент препаратын окклюзиялық таңғыш астында қолдануға, зақымданған терінің ауқымды жерлерінде, бет терісінде және тері қатпарларында ұзақ уақыт қолдануға тыйым салынады
бет терісі зақымданған науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек
жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ уақыт үздіксіз емдеуден аулақ болу керек
емді кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек
жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданғанда (интраназальды, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса алғанда) көру қабілетінің бұзылыстары пайда болуы мүмкін
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ.
Арнайы ескертулер
Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану кейде төзімді микрофлоралардың өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, сондай-ақ Момента препаратымен емдеу аясында тітіркенудің, сенсибилизацияның немесе асқын инфекцияның дамуы кезінде емдеуді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек. Амингликозидті антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар байқалған.
Жүйелі глюкокортикостероидтарды қолданғанда пайда болатын кез келген жағымсыз әсерлер, соның ішінде бүйрек үсті безінің қыртысының функциясының тежелуі, глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, әсіресе балаларда байқалуы мүмкін.
Егер емдеу дененің ауқымды беткейлеріне немесе окклюзиялық таңғыштарды қолданумен жүргізілсе, глюкокортикостероидтардың немесе гентамициннің жүйелі сіңуі жергілікті қолданған кезде жоғары болады. Момента кремін ашық жарақаттарға немесе зақымданған теріге жағуға болмайды. Мұндай жағдайларда, әсіресе балаларды емдеген кезде тиісті сақтық шараларын сақтау керек.
Бетке пайдаланғанда курстары 5 күнге дейін шектеулі болуы және окклюзия пайдаланылмауы тиіс. Барлық пациенттердің жасына қарамастан ұзақ мерзімді үздіксіз емделуін болдырмаған жөн.
Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде оны біртіндеп тоқтату керек.
Қосымша заттардың құрамына кіретін пропиленгликоль тері тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Көру қабілетінің бұзылуы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру қабілетінің бұзылуы туралы хабарланды. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе басқа көру бұзылыстары сияқты симптомдары байқалса, оны офтальмологқа катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін жіберу керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға тек қатаң көрсетілімдер бойынша және дәрігердің бақылауымен 2 жастан бастап тағайындайды, өйткені мометазонмен байланысты жүйелі жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкін. Глюкокортикостероидтар негізіндегі жергілікті қолдануға арналған көптеген басқа препараттар сияқты Моментаны ауқымды беткейлерге және/немесе окклюзиялық таңғыш астына қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі, өсу гормоны экскрециясының төмендеуі, сондай-ақ бассүйекішілік қысымның жоғарылауы байқалуы мүмкін.
Дәрілік препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Момента препараты автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Препарат тәулігіне 2 рет таңертең және кешке қолданылады. Курсты симптомдары толық жойылғанға дейін және қайталанулардың алдын алу үшін одан кейінгі бірнеше күн бойы жалғастырады. Емнің ұзақтығы зақымданудың көлемі мен орналасуына, сондай-ақ пациенттің реакциясына байланысты болады.
Енгізу әдісі ен жолы
Сыртқа қолданылады.
Кремді зақымдану аймағындағы сабындап жуылған және мұқият құрғатылған теріге жұқа қабатпен жағады және жеңіл ысқылайды. Қолдану уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығымен, ағымымен анықталады және жеке анықталады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: жергілікті глюкокортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ қолдану гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы мүмкін, бұл бүйрек үсті безі қыртысының қайталама жеткіліксіздігінің дамуына себеп болуы мүмкін.
Шұғыл шаралар: симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда электролиттік теңгерімсіздікті түзету көрсетілген. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолданған кезде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек
- парастезия, пруритус, күйік, фолликулит, тері атрофиясы
- тері жабындарының қабынуы, гипертрихозис, гипопигментация
- пероральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, қайталама инфекция.
- терінің құрғауы және тітіркенуі
- тербөртпе және телеангиоэктазиялар
Белгісіз:
- бұлыңғыр көру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - 1.00 мг мометазон фуроаты*,
20.00 мг миконазол нитраты, 1.05 мг гентамицин сульфаты**
қосымша зат: цетомакрогал-1000, цетостеарил спирті, хлоркрезол, пропиленгликоль, ақ вазелин, сұйық парафин, динатрий гидрофосфат дигидраты немесе сусыз динатрий гидрофосфаты, сусыз лимон қышқылы немесе лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
* - өндіріс үдерісінде жоғалтылуына байланысты 2% артығымен
** - өндіріс үдерісінде жоғалтылуына байланысты 5 % артығымен
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік, бөгде қоспалары жоқ, жұмсақ консистенциялы біртекті крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы 30 г препараттан алюминий сықпаға салынған. Сықпаны кескіші мен жарғақша тесетін істігі бар полиэтилен қақпақшамен жабады.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Сықпаны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі 3 ай.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Jamjoom Pharmaceuticals Factory Company»,
Сауд Арабиясы, Джидда қ., 21442, Индустриялық алаң 5 фаза,
тел./факс + 966 12 6081111; + 966 12 6081222
e-mail: jpharma@jamjoompharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Jamjoom Pharmaceuticals Factory Company»,
Сауд Арабиясы, Джидда қ., 21442, Индустриялық алаң 5 фаза,
тел./факс + 966 12 6081111; + 966 12 6081222
e-mail: jpharma@jamjoompharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Гарант-Трейдинг» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қаласы, Мирас ш. а., 31 үй, т.е. 450
Тел.: +7 701 082 51 05
Электрондық пошта: pv@g-trading.kz