Момат (мазь)

МНН: Мометазон
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014710
Период регистрации: 03.08.2015 - 03.08.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 925.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Момат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон

Дәрілік түрі

Жақпамай, 5 г және 15 г

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 1 мг мометазон фуроаты,

қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль моностеараты.

Сипаттамасы

Ақ түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (ІІІ тобы). Мометазон.

АТХ коды D07AC13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Момат жақпамайының сіңуі елеусіз. Зақымданбаған теріге (окклюзиялық таңғышсыз) бір рет жаққаннан кейін 8 сағаттан соң жүйелі қан ағымында белсенді заттың 0,7%-ға жуығы анықталады. Сіңу дәрежесі препаратты тері беткейінің үлкен аумағына жаққанда және герметикалық таңғыштар пайдаланғанда ұлғаяды.

Балалардағы тері беткейі аумағының дене салмағына арақатынасы ересектердікіне қарағанда жоғары болғандықтан сіңу дәрежесі балаларда жоғары болады.

Метаболизмі: мометазон фуроаты бауырда қарқынды метаболизденеді.

Шығарылуы: негізінен бүйрекпен және өтпен елеусіз мөлшерде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5,8 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Момат жақпамайы – құрамында галогені бар моноэфир, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және антиэкссудатты әсерге ие синтетикалық кортикостероидтар болып табылады. Глюкокортикостероид А2 фосфолипазаны тежейтін ақуыздардың бөлінуін және олардың жалпы ізашарлары арахидон қышқылының босап шығуын тежеу жолымен простагландиндер және лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының биосинтездерін бақылайтын жалпы атауымен белгілі – липокортиндерді индукциялайды.

Кортикостероидтар зақымданған аймаққа жасушалардың жиналуын және одан әрі жылжуын бәсеңдетеді, сондай-ақ зақымданған аймақтағы қан тамырлардың жоғары өткізгіштігін және кеңеюін жояды, бұл тіндердің зақымданған жеріне жасушалардың енуін азайтады.

Қосымша, сондай-ақ кортикостероидтар сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің және макрофагтардың тері жасушаларына енуін тойтара алады. Антипролиферативтік әсері псориаз кезінде жасушалардың гиперплазиясын төмендетеді.

Қолданылуы

- дерматоздар кезіндегі қабыну құбылысында және қышынуда

- псориазда, атопиялық дерматитте

- табиғаты аллергиялық және аллергиялық емес жанаспалы дерматитінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Момат жақпамайын зақымданған орынға күніне бір рет жұқа қабатпен жағады.

Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты болады және емдеуші дәрігер реттеп отырады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- терінің тітіркенуі және құрғауы, күйдіруді сезіну, қышыну, фолликулит,

гипертрихоз, безеулік бөртпелер

- гипопигментация, периоральді дерматит, тері мацерациясы, салдарлы жұқпаның қосылуы

- тері атрофиясы, стрийлер, баздану

Өте сирек

- папула түзілуі

- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі және Кушинг синдромы (жақпамайды ұзақ уақыт бойы қолданған кезде және/немесе терінің үлкен аумағын емдегенде немесе әсіресе, балаларда және жасөспірімдерге жақпамайды окклюзиялық таңғышпен пайдаланғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- мометазон фуроатына және препараттың басқа да компоненттеріне немесе кортикостероидтарға өте жоғары сезімталдық.

- қызғылт безеулер, периоральді дерматит

- бактериялық, вирустық (Herpes simpleх, желшешекте, Herpes zoster) немесе терінің зеңдік жұқпалары

- туберкулез, сифилис

- вакцинадан кейінгі реакцияларда

- тері жабыны тұтастығының бұзылуы

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Момат жақпамайының басқа да препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

 

Айрықша нұсқаулар

Момат жақпамайын көзге тигізбеуге тырысу керек.

Ұзақ уақыт бойы терінің үлкен аумағына жаққан кезде, әсіресе окклюзиялық таңғышты қолданғанда мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып науқастар гипоталамды-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуі белгісі және Кушинг синдромының дамуына қатысты тексерілулері керек.

Препарат құрамына кіретін пропиленгликоль жаққан орында тітіркенуді туғызуы мүмкін, мұндай жағдайда Момат жақпамайын қолдануды тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Құрамында глюкокортикостероид бар жақпамайлар кейбір тері ауруларының білінулерін өзгертуге қабілетті, ол диагноз қоюды қиындатуы мүмкін және жараның жазылуына кедергі болуы мүмкін.

Момат жақпамайымен ұзақ уақыт емдеген кезде емдеуді күрт тоқтатқанда, терінің қарқынды қызаруымен және шымылдатып ашытумен дерматит түрінде пайда болатын рикошет синдромының дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан ұзақ уақыт бойғы емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп мысалы, оны толық тоқтатудың алдында емдеудің интермиттирлейтін сызбасына өте отырып, тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы

Балалардағы тері беткейі аумағының дене салмағына арақатынасы мөлшері ересектердікіне қарағанда жоғары болуына байланысты балалар жергілікті әсер ететін кез-келген глюкокортикостероидтарды қолдануда гипоталамды-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуі және Кушинг синдромы дамуының үлкен қаупіне бейім болады.

Балаларда Момат жақпамайымен ұзақ уақыт бойы ем жүргізу олардың өсуінің және дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Балалар препараттың тиімді әсеріне қол жеткізу үшін жеткілікті ең аз дозасын алуы керек, окклюзиялық таңғышты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Симптомдары - салдарлы бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін қоса алғанда гипоталамды-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуі.

Емі – симптоматикалық, қажетіне қарай – электролитті дисбалансты түзету, препаратты қабылдауды тоқтату (ұзақ емдеген кезде – біртіндеп тоқтату) керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г немесе 15 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра,Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд,Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР-дағы өкілдігі, 050005, Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, блок 4 А, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

Прикрепленные файлы

798446281477976378_ru.doc 49 кб
368723091477977571_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники