Момат (крем)

МНН: Мометазон
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014779
Период регистрации: 18.09.2015 - 18.09.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 919.91 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Момат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон

Дәрілік түрі

Крем, 5 г және 15 г

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат0.1г мометазон фуроаты,

қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, стеарил спирті, пропиленгликоль моностеараты, брий 58, араның ақ балауызы, метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостороидтар (ІІІ топ). Мометазон.

АТХ коды D07AC13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Момат кремінің сіңуі мардымсыз. Зақымданбаған теріге (окклюзиялық таңғышсыз) жаққаннан кейін 8 сағаттан соң жүйелік қан ағысында белсенді заттың 0,7%-ға жуығы табылады. Сіңу дәрежесі препаратты тері беткейінің үлкен аумағына жаққанда және герметикалық таңғыш пайдаланған кезде артады. Сіңу дәрежесі балаларда жоғары, өйткені тері беті ауданының нәресте денесінің салмағына арақатынасы ересектерге қарағанда үлкен.

Метаболизмі: мометазон фуроаты бауырда қарқынды метаболизденеді.

Шығарылуы: негізінен бүйректер арқылы және аздаған мөлшерде өтпен бірге шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5,8 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Момат кремі – құрамында галогені бар моноэфир, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және антиэссудативтік әсері бар синтетикалық кортикостероид болып табылады. Глюкокортикостероид А2 фосфолипазаны тежейтін және липокортиндер деген жалпы атаумен белгілі ақуыздардың бөлініп шығуын индукциялайды, олар простагландиндер және лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының биосинтезін олардың жалпы ізішарын, арахидон қышқылының босап шығуын тежеу арқылы бақылайды.

Кортикостероидтар зақымданған жерге жиналып қалуды және жасушалардың әрі қарай ауысуын басады, сондай-ақ зақымданған жерде қантамырлардың кеңеюін және жоғары өткізгіштігін болдырмайды, бұл тіндердің зақымданған жеріне жасушалардың жетуін төмендетеді.

Бұған қосымша, кортикостероидтар сондай-ақ сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің және макрофагтардың тері жасушаларына кіруіне жол бермейді. Антипролиферативтік әсері псориазда жасушалардың гиперплазиясын төмендетеді.

Қолданылуы

- дерматоздардағы қабыну құбылыстарында және қышынуда

- псориазда, атопиялық дерматитте

- себореялық дерматитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Момат кремін зақымданған жерге күніне бір рет жұқа етіп жағады.

Емдеу курсының ұзақтығы оның тиімділігіне, сондай-ақ емделушілерге жағымдылығына, жағымсыз әсерлеріне және айқындылығына қарай белгіленеді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- терінің тітіркенуі және құрғауы, күйдіріп ашу сезімі, қышыну, фолликулит, гипертрихоз, безеу бөртпе

- гипопигментация, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, салдарлық инфекциялардың қосылуы

- тері атрофиясы, стриялар

Өте сирек

- папуланың түзілуі

- бүйрек үсті безі қызметінің жеткіліксіздігі және Кушинг синдромы (кремді ұзақ уақыт бойы қолданғанда және/немесе терінің ауқымды жерлерін емдеу үшін, немесе окклюзиялық таңғышты пайдаланғанда, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- мометазон фуроатына және препараттың басқа да компоненттеріне, немесе кортикостероидтарға жоғары сезімталдық

- қызғылт безеулер, периоральді дерматит

- терінің бактериялық, вирустық (Herpes simpleх, желшешек, Herpes zoster) немесе зеңдік инфекциялар

- туберкулез, мерез

- вакцинадан кейінгі реакциялар

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

Момат кремін көзге тигізіп алмаған жөн (офтальмологияда пайдалануға арналмаған).

Терінің ауқымды жеріне ұзақ уақыт жаққанда, әсіресе окклюзиялық таңғыш қолданғанда, мометазон жүйелік әсер етуі мүмкін. Осыны ескеріп, науқастар гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті безі функциясының басылу және Кушинг синдромының пайда болу белгілеріне қатысты бақылануы тиіс.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль жаққан жерде тітіркендіру туғызуы мүмкін, мұндай жағдайларда Момат кремін қолдануды тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн.

Құрамында глюкокортикостероид бар кремдер терінің кейбір ауруларының біліністерін өзгертуге қабілетті, бұл диагноз қоюды қиындатуы және, бұдан басқа, жаралардың жазылуының кідіруіне себеп болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Момат кремімен ұзақ емдегенде емдеуді бірден тоқтату терінің қатты қызаруы және күйдіру сезімі бар дерматит түріндегі рикошет синдромының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп, мысалы, емдеуді тоқтатар алдында интермиттирлеуші емдеу үлгісіне көшу арқылы жүргізген жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда тері сыртының ауданы мен дене салмағы арақатынасы, ересектерге қарағанда, үлкен болуына байланысты, жергілікті қолдануға арналған кез келген глюкокортикостероидтарды қолданғанда балаларда гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті безі функциясының басылу және Кушинг синдромының пайда болу қаупі жоғары болады.

Момат кремімен балаларды ұзақ емдеу олардың өсуі мен дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Балалар әсер ету үшін ең төмен жеткілікті препарат дозасын қабылдаулары тиіс, окклюзиялық таңғыш қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ

Артық дозалануы

Симптомдары – гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүстілік безі жүйесі функциясының тежелуі, бүйрекүсті безінің салдарлық жеткіліксіздігін қоса есептегенде.

Емі симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары қайтымды. Қажет болғанда – электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету. Созылмалы уыттылық жағдайында кортикостероидтарды біртіндеп тоқтатқан жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г және 15 г крем алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд.,

ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР өкілдігі, 050005, Алматы қ.,

Әл-Фараби д-лы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, блок 4 А, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

 

Прикрепленные файлы

666371471477976369_ru.doc 50.5 кб
149374801477977563_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники