Моксифлокс (400 мг)

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019966
Период регистрации: 05.07.2016 - 05.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 616.11 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Моксифлокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 436.33 мг моксифлоксацин гидрохлориді

(400.0 мг моксифлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний немесе кальций стеараты,

қабытың құрамы: полиэтиленгликоль 6000, гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Ашық-қызғылттан қоңыр-қызғылт түске дейінгі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сайы және «G» мен «400» өрнектері бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және биожетімділігі

Пероральді түрде қабылдағанда моксифлоксацин тез және толық дерлік сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі 91%-ға жуықты құрайды.

50-ден 1200 мг-ге дейінгі дозада бір реттік, сондай-ақ тәулігіне 600 мг-ден 10 күн бойы қабылдағанда моксифлоксациннің фармакокинетикасы дозаға байланысты болады. Тепе-тең жағдайға 3 күн ішінде жетеді.

400 мг моксифлоксацинді бір реттік тағайындаудан кейін қанда ең жоғары концентрацияға (Сmax) 0.5-4 сағат ішінде жетеді және 3.1 мг/л құрайды. Плазмадағы ең жоғары шектегі және ең төмен концентрациялар тұрақты (күн сайын бір реттік 400 мг) жағдайда, сәйкесінше, 3,2 және 0,6 мг/л болды.

Моксифлоксацинді тамақпен бірге қабылдағанда Сmax жету уақытының аздап (2 сағатқа) артқаны және Сmax мәнінің аздап (шамамен 16%-ға) төмендегені білінеді, мұндайда сіңірілу ұзақтығы өзгермейді. Алайда, бұл деректердің клиникалық маңызы жоқ, өйткені AUC/MIC арақатынасы хинолондардың микробтарға қарсы белсенді екендігін көбірек жорамалдайды. Демек, препаратты тамақ ішуге қарамай-ақ қолдана беруге болады.

Таралуы

Моксифлоксацин қантамырлардан тыс арнада өте тез таралады. Моксифлоксациннің тепе-тең таралу көлемі (Vss) шамамен 2 л/кг болуымен бірге фармакокинетикалық қисық астында ауданының AUC үлкен болатыны (AUCnorm = 6 кг*сағат/л) байқалады. Моксифлоксациннің сілекейдегі ең жоғары шектегі концентрациясы плазмадағыдан жоғары болады. Ин-витро және ин-виво зерттеулерде 0,02-ден 2 мл/л-ге дейінгі концентрациялар ауқымында моксифлоксациннің ақуыздармен байланысуы, препараттың концентрациясына қарамай-ақ, шамамен 45% құрады.

Моксифлоксацин негізінен плазма альбуминдерімен байланысады.

Көлемінің кіші болуымен байланысты бос концентрацияның ең жоғары шегі >10xMIC байқалады.

Препараттың плазмадағы осындайдан асатын жоғары концентрациялары өкпе тіндерінде (эпителиальді сұйықтық, альвеолярлы макрофагтар, биологиялық тін), мұрын қуыстарында және полиптерде, қабыну ошақтарында болады. Сілекейде, интерстициальді сұйықтықта (бұлшықетаралық және теріастылық) бос күйіндегі препараттың жоғары концентрациясы анықталады.

Бұдан басқа, препараттың жоғары концентрациялары құрсақ қуысының ағзаларынан және перитонеальді сұйықтықтан, сондай-ақ әйелдің жыныс ағзаларынан табылады.

Моксифлоксациннің бір реттік 400 мг дозасынан кейін енгізудің екі жолында да, әртүрлі нысана-тіндердегі плазмалық концентрациялармен салыстырғанда, ұқсас ең жоғары концентрациялар байқалды.

Метаболизмі

Биотрансформацияның 2-ші сатысынан өткеннен кейін моксифлоксацин организмнен бүйрек және асқазан-ішек жолы (АІЖ) арқылы өзгермеген күйінде де, сонымен қатар белсенді емес сульфоқосылыстар (М1) және глюкуронидтер (М2) түрінде шығарылады. Осы метаболиттер адам организміне қатысты ғана қолданылады және олардың микробқа қарсы белсенділігі жоқ. Басқа препараттармен метаболизмдік фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеу моксифлоксациннің Р450 цитохромының микросомальді жүйесімен биотрансформацияға түспейтіндігін көрсетті.

М1 және М2 метаболиттері, қолдану әдістеріне қарамай-ақ, өзгермеген моксифлоксацин концерациясына қарағанда, қан плазмасында өте төмен концентрацияда табылады.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозада қабылдағаннан кейін орташа жалпы клиренсі минутына 179-ден 246 мл-ге дейінді құрайды. Шамамен минутына 24-53 мл құрайтын бүйректік клиренс препараттың бүйректе ішінара өзекшелік кері сіңірілуі арқылы болады. Ранитидин мен пробенецидті бірге қолдану препараттың бүйректік клиренсіне ықпалын тигізбейді. Енгізу жолына қарамай-ақ, бастапқы зат моксифлоксацин толық 96-98% дерлік метаболизмнің ІІ сатысының метаболиттеріне дейін, оксидативтік метаболизм белгілерінсіз, метаболизденеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Моксифлоксациннің фармакокинетикасында айырмашылықтар анықталған жоқ.

Жынысы. Еркек және әйел адамдар арасындағы фармакокинетикасында (AUC, Cmax) айырмашылықтар (33%) байқалды. AUC және Cmax мәндеріндегі байқалған айырмашылықтар жынысына қарағанда дене салмағындағы айырмашылықтарымен түсіндірілді. Осылайша, олар клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Этникалық айырмашылықтары

Ықтимал этникааралық айырмашылықтар еуропеоидтық, жапондық, негроидтық және басқа да этникалық топтарда зерттелді. Моксифлоксациннің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.

Балалар

Моксифлоксациннің фармакокинетикасы балаларда зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі <30 мл/мин/1,73 кв.м болатын пациенттерді қоса) және үздіксіз гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде елеулі өзгерістер байқалған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Айрықша нұсқаулар

Фармакодинамикасы

Моксифлокс – белсенділігі және бактериялық әсері кең ауқымды 8-метокси-фторхинолонды препарат. Моксифлокс грамоң және грамтеріс организмдердің, анаэробтық организмдердің, қышқылға төзімді бактериялардың және атипиялық түрлердің мысалы, Chlamidia spp., Mycoplasma spp. және Legionella spp. кең ауқымына қарсы «ин витро» белсенділікке ие.

Препараттың бактерицидтік әсері бактериялық II және IV топоизомеразалардың – ДНҚ топологиясын (микроб жасушаларының ДНҚ репликациясы, репарациясы және транскрипциясы үшін жауапты) бақылайтын маңызды ферменттердің тежелуімен жүзеге асады.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына байланысты. Препараттың ең төмен бактерицидтік концентрациялары тұтастай ең төмен тежегіш концентрацияларға ұқсас.

Моксифлокс β-лактамдарға және макролидтерге резистентті бактерияларға бактерицидтік әсер береді.

Резистенттілігі

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділігінің дамуына әкелетін механизмдер препараттың бактерияларға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияларға қарсы препараттардың осы топтары мен Моксифлокс арасында айқаспалы төзімділік білінбейді. Плазмидо арқылы болатын резистенттілік күні бүгінге дейін байқалған жоқ.

Препарат құрылымындағы C8-метокси-топтың, C8-H-топпен салыстырғанда, грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділікті арттыратыны және резистентті грамоң бактериялардың селекциясы мутанттарының дамуын төмендетуге мүмкіндік беретіні анықталды. Құрылымда С7 күйіндегі азабициклоқұрылымның болуы механизмі микроорганизмдердің фторхинолондарға төзімділігінің дамуы негізінде жатқан белсенді эффлюксті (яғни фторхинолонның жасушадан белсенді түрде шығарылуын) болдырмайды.

Моксифлокске резистенттілік көптеген мутациялар жолымен баяу дамиды. Төзімділік дамуының жалпы жиілігі өте мардымсыз (10-7 – 10-10). Препараттың микроорганизмдерге ең төмен тежегіш концентрациялардан (МТК) төмен болатын концентрациялардағы көп реттік әсері МТК-нің аздаған артуымен ғана қатар жүреді.

Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары білінеді. Дегенмен, басқа хинолондарға біршама төзімді грамоң және анаэробтық микроорганизмдер Моксифлоксқа сезімталдығын сақтайды.

Адамның ішек флорасына ықпалы

Моксифлоксті ішке қабылдағаннан кейін ішек флорасында келесі өзгерулер байқалды: E.Coli, Bacillus spp., Bacteroides vulgatus, Enterococci және Klebsiella spp., сондай-ақ анаэробты Bifidobacterium, Eubacterium және Peptostreptococcus азаюы. Бұл өзгерулер екі апта бойы жүрді. Clostridium difficile уыты табылған жоқ.

Ин витро сезімталдығы жөніндегі деректер

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Gardnerella vaginalis

- Streptococcus pneumoniae (Streptococcus pneumoniae (MDRSP) мультирезистентті штаммдарын қоса, PRSP ретінде белгілі штаммдарды қоса (пенициллин-резистентный St. Pneumoniae) және екі және одан көбірек келесі антибиотиктерге: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазолға резистентті штаммдар

- Streptococcus pyogenes (А тобы)*

- Streptococcus milleri тобы (S. anginosus*, S. constellatus* және S. intermedius*)

- Streptococcus viridans тобы (S. viridans, S. mutans, S. mitis, S. sanguinis, S. salivarius, S. thermophilus, S. constellatus)

- Streptococcus agalactiae

- Streptococcus dysgalactiae

- Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*

- коагулаза-теріс стафилококктер (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге сезімтал штаммдар

Грамтеріс бактериялар

- Haemophillus influenza (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса) *

- Haemophillus parainfluenzae*

- Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса) *

- Bordetella pertussis

- Legionella pneumophilia Acinetobacter baumanii

- Proteus vulgaris

Анаэробтар:

- Fusobacterium spp, Porphyromonas spp, Prevotella spp, Propionibacterium spp.

Атипиялық:

Chlamydia pneumoniae*, Chlamydia trachomatis**, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium, Legionella pneumophila*, Coxiella burnetti

Аралық микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Enterococcus faecalis* (тек ванкомицинге және гентамицинге сезімтал штаммдар)

- Enterococcus avium*

- Enterococcus faecium*

Грамтеріс бактериялар:

- Escherichia coli *

- Klebsiella pneumoniae *

- Klebsiella oxytoca

- Citrobacter freundii*

- Enterobacter species (E. aerogenes, E. intermedius, E. sakazaki)

- Enterobacter cloacae *

- Pantoea agglomerans

- Pseudomonas fluorescens

- Burkholderia cepacia

- Stenotrophomonas maltophilia

- Proteus mirabilis * 

- Morganella morganii

- Neisseria gonorrhoea **

- Providencia species (P. rettgeri, P. stuartii)

Анаэробтар:

- Bacteroides sp (B. fragilis*, B. distasoni*, B. thetaiotaomicron*, B. ovatus*, B. uniformis*, B. vulgaris*)

- Peptostreptococcus spp. *

- Clostridium sp *

Резистентті

Грамоң:

- Staphylococcus aureus -метициллин/офлоксацин резистентті штаммдар.

(Моксифлоксті қолдану метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) әсерінен туындаған инфекцияларды емдеуге ұсынылмайды). Инфекцияның осы штаммдардан (MRSA) туындағанына күмәнданғанда немесе ол айғақталғанда тиісті антибиотиктермен емдеуді бастау қажет).

- коагулаза-теріс стафилококктер (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге резистентті штаммдар

Грамтеріс

- Pseudomonas aeruginosa

*/** Моксифлоксацинге сезімталдығы клиникалық деректермен айғақталған.

Микроорганизмдердің кейбір штаммдарының жүре пайда болған резистенттілігінің жиілігі географиялық аймақтарға байланысты уақыт өте келе ауытқуы мүмкін.

Әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде микро-организмдердің жергілікті резистенттілігі жөнінде ақпараттың болғаны дұрыс.

Қолданылуы

Ересектерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған мына инфекциялық-қабыну ауруларында:

- жедел бактериялық синусит

- ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайлардан басқасы

- созылмалы бронхиттің өршуі

- тубоовариальді немесе жамбас абсцесімен байланысты емес кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары (сальпингит, эндометритті қоса, әйелдің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары).

Кіші жамбастың жеңіл және орташа дәрежедегі ауруларына монотерапия түрінде пайдалану үшін ұсынылмайды, бірақ егер Neisseria gonorroeae-ге резистенттілігін жоққа шығару мүмкін болмаса, бактерияларға қарсы басқа да сәйкес келетін дәрілермен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктіріп пайдаланылуы тиіс.

Препарат келесі көрсетілімдерде бастапқыда моксифлоксацинмен венаішілік емдеу кезінде жақсара бастаған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін пайдаланылуы мүмкін:

- ауруханадан тыс пневмонияда

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.

Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше пайдаланудың ресми нұсқауларына назар аударған жөн.

Моксифлоксацинді осы инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылған бактерияларға қарсы препараттар тиімсіз болған жағдайларда тағайындаған жөн.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Тамақтануға қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Ересектер

Моксифлокстің ұсынылатын дозасы жоғарыда берілген көрсетілімдер үшін күніне 1 рет 400 мг (1 таблетка) құрайды және ол арттырылмауы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімнің ауырлығымен немесе клиникалық әсерімен анықталады.

Созылмалы бронхиттің өршуі - 5 күн.

Ауруханадан тыс пневмония - 10 күн.

Жедел синусит - 7 күн.

Кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары – 14 күн.

Кейінгі ем (кейін пероральді қабылдауға көшетін венаішілік енгізу)

Клиникалық зерттеулерде бірізді емделуден пациенттердің көпшілігі венаішілік енгізуден 4 күн ішінде (ауруханадан тыс пневмония) немесе 6 күн ішінде (тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары) пероральді емделуге көшірілді. Ұсынылатын венаішілік және пероральді емдеудің жалпы ұзақтығы ауруханадан тыс пневмония үшін 7-14 күн және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары үшін 7-21 күн.

Ұсынылатын доза тәулігіне бір реттік 400 мг және емдеу ұзақтығы арттырылмайды.

Пациенттердің ерекше категориялары бойынша қосымша ақпарат

Балалар және жасөспірімдер

18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде моксифлоксациннің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ. Моксифлоксацинді 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде және дене салмағы төмен пациенттерде дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Моксифлоксацинді бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ созылмалы диализде, мысалы, гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

«Жиі» категориясына жататын жағымсыз құбылыстар, жүректің айнуы мен диареядан басқасы, пациенттердің 3%-дан азырағында байқалды.

Жиі (> 1/100 және 1/< 10 %)

- кандидозды суперинфекциялар

- бас айналу, бас ауыру

- гипокалиемиясы бар науқастарда ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

- жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- қанда трансаминаза деңгейінің жоғарылауы

- инъекция және инфузия жасалған жердегі реакциялар

Жиі емес ( > /1 000 және <1/10 %)

- анемия, лейкопения, нейтpопения, тробоцитопения, тpомбоцитоз, пpотpомбин уақытының ұзаруы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткіштерінің артуы

- аллергиялық реакциялар, есекжем, қышыну, бөртпе, эозинофилия

- гиперлипидемия

- үрейлену сезімі, психомоторлық белсенділіктің жоғарылауы, ажитация

- парестезия/дизестезия

- дәмнің бұзылуы, соның ішінде агевзия (дәм сезімінің жоғалы) өте сирек жағдайларда

- сананың шатасуы, бағдардан адасу, ұйқының бұзылуы, бас айналу, тремор, сомноленция

- көрудің бұзылулары, әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен бірге

- пациенттерде ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, жүректің қағуы, тахикаpдия, вазодилатация

- ентігу, соның ішінде демікпелік жағдай

- тәбеттің нашарлауы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастроэнтерит (эрозиялық гастроэнтериттен басқасы)

- амилаза, билирубин деңгейлерінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылулары, соның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы

- артралгиялар, миалгиялар

- дегидратация (диареядан немесе сұйықтықты қабылдаудың азаюынан туындаған)

- жалпы дімкәстік, сипаты өзіне тән емес ауыру, тершеңдік

- инфузия жасалған жерде тромбофлебиттер

Сирек ( > 1/10 0000 және 1/1 000)

- тpомбопластин концентрациясының өзгеруі

-анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар, аллергиялық/ангионевроздық ісінулер, соның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге потенциалды түрде қауіп төндіретін)

- гипергликемия, гиперурикемия

- эмоциональді құбылмалылық, депрессия (сирек жағдайларда өзіне зақым келтіруге бейім болатын мінез-құлық түрінде көрініс беретін суицидтік ойлар немесе әрекеттер), елестеулер

- гипостезия, иіс сезімінің бұзылуы, аносмияны қоса

- патологиялық түстер көру, қимыл үйлесімінің бұзылуы (негізінен бас айналу салдарынан болатын жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуларын қоса) немесе вертиго құлап қалу нәтижесінде жарақаттануға әкелетін, әсіресе өте сирек жағдайларда егде жастағы пациенттерде), әртүрл клиникалық көріністері бар (соның ішінде жайылған) құрысу ұстамалары, зейіннің бұзылулары, сөйлеу бұзылыстары, амнезия

- шеткері невропатия және полинейропатия

- құлақтың шыңылдауы, естудің бұзылулары, оның ішінде кереңдік (әдеттегідей, қайтымды)

- естен танулар, гипотензия, гипертензия, қарыншалық тахиаритмиялар

- дисфагия, стоматиттер, жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төніретін асқынулармен астасқан), сарғаю, гепатит (көбіне холестаздық)

- тенденит, бұлшықет тонусының және бұлшықет құрысуларының жоғарылауы, бұлшықеттердің әлсіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (дегидратация нәтижесінде, әсіресе егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуларымен қатар жүретін)

- ісінулер

Өте сирек (<1/10 000)

- пpотpомбин концентрациясының жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткішінің азаюы немесе пpотpомбин концентрациясының және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткішінің өзгеруі

- анафилаксиялық/анафилактоидтық шок (соның ішінде өмірге потенциалды қауіп төндіретін)

- деперсонализация, өзіне зақым келтіруге беталысы бар мінез-құлық түрінде потенциалды көрініс беретін психоздық реакциялар

- гиперестезия

- көрудің транзиторлы бұзылуы, әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен біріккен

- спецификалық емес аpитмиялар, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы, көбіне аритмияға бейім клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлары бар адамдарда

- өмірге қауіп төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігіне, соның ішінде өліммен аяқталуға әкеп соғатын шұғыл дамитын гепатит

- буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмір үшін потенциалды қауіпті)

- сіңірлердің үзілуі, артриттер, бұлшықет, сіңір немесе буын зақымдары салдарынан болатын жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылысы, миастения симптомдарының өршуі

Келесі жағымсыз құбылыстар Моксифлокс таблеткасымен сатылы емдеуде жүрген науқастардың қосалқы тобында байқалды:

Жиі

- гамма-глутамил трансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, ісінулер, антибиотиктер әсерінен туындаған жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), әртүрлі клиникалық көріністері (соның ішінде жайылған) құрысу ұстамалары, елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (дегидратация нәтижесінде, әсіресе бүйрек функциясының қатарласқан бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге, немесе фторхинолондар және хинолондар тобының басқа препараттарына, сондай-ақ препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- хинолондарды қабылдаумен байланысты сіңірлердің зақымдануының анамнезде болуы

- QT аралығының тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған ұзаруы

- электролиттік бұзылулар, атап айтқанда, түзетілмеген гипокалиемия

- клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия

- сол жақ қарыншадан лықсу фракциясы төмендеген, жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды жеткіліксіздігі

- симптоматикалық аритмияның анамнезде болуы

- QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау

- бауыр функциясының бұзылуы (Чайльд-Пью шкаласы бойынша С тобы) және трансаминаза деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе астамға жоғарылауы

- тұқым қуалаған галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Атенололмен, ранитидинмен, құрамында кальций бар қоспалармен, теофиллинмен, пероральді контрацепциялық дәрілермен, глибенкламидпен, итраконазолмен, дигоксинмен, морфинмен, пробеницидпен бірге қолданғанда дозаны түзету қажет емес (моксифлоксацинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің жоқтығы айғақталған).

Антацидтік дәрілер, поливитаминдер және минералдар

Моксифлоксацинді антацидтік дәрілермен, поливитаминдермен және минералдармен бір мезгілде қабылдау, осы препараттарда болатын көп валентті катиондармен хелатты кешеннің түзілуі салдарынан, моксифлоксацинді ішке қабылдағаннан кейін сіңуінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Нәтижесінде плазмадағы моксифлоксациннің концентрациясы қалаған шамадан едәуір төмен болуы мүмкін. Демек, антацидтік препараттарды, антиретровирустық препараттарды (мысалы, диданозин) және құрамында магний немесе алюминий бар басқа препараттарды, сукральфатты және құрамында темір немесе мырыш бар басқа препараттарды ішке моксифлоксацинді қабылдаудан кем дегенде 4 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң тағайындаған жөн.

Варфарин

Варфаринмен бірге қолданғанда фармакокинетикасы, протромбин уақыты және қан ұюдың басқа да параметрлері өзгермейді.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәндерінің өзгеруі

Антикоагулянттарды антибиотиктермен, соның ішінде моксифлоксацинмен бірге қабылдаған пациенттерде ұюға қарсы препараттардың коагуляцияға қарсы белсенділігінің жоғарылау жағдайлары білінеді. Қауіп факторлары инфекциялық аурулардың болуы (және қатар жүретін қабыну үдерісі), пациенттің жасы және жалпы жағдайы болып табылады. Моксифлоксацин мен варфарин арасында өзара әрекеттесудің байқалмайтынына қарамастан, осы препараттармен біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде ХҚҚ мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда ұюға қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету керек.

Дигоксин

Моксифлоксацин мен дигоксин бір-бірінің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Моксифлоксациннің қайталанатын дозаларын дені сау адамдарға тағайындағанда дигоксиннің ең жоғары концентрациясы шамамен 30%-ға артты, мұндайда «концентрация – уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) мен дигоксиннің ең төмен концентрациясының арқатынасы өзгермейді.

Белсендірілген көмір

Белсендірілген көмірді және моксифлоксацинді ішке 400 мг дозада бір мезгілде қолданғанда препараттың жүйелік биожетімділігі, оның сіңірілуінің тежелуі нәтижесінде, 80%-дан астамға дейін төмендейді. Артық дозаланған жағдайда белсендірілген көмірді сіңудің ерте сатыларында қолдану жүйелік әсерінің әрі қарай жоғарылауына кедергі жасайды.

Тағамдық және сүт өнімдері

Препараттың сіңуі тамақпен (сүт өнімдерін қоса) бір мезгілде қабылдағанда өзгермейді. Моксифлоксацинді тамаққа қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Моксифлоксацинді қолданудың пайдасы, әсіресе ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі инфекцияларда, осы бөлімде бар ақпаратпен теңдестірілуі тиіс.

Кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін-ақ аса жоғары сезімталдық және аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, дәрігерге ол туралы кідіртпей айту қажет.

Кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданудан кейін өте сирек анафилаксиялық реакциялар өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шокқа дейін өршуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Моксифлоксті тоқтатқан және қажетті емдік шараларды (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізген жөн.

Хинолонды қатардың препараттарын қолдану құрысу ұстамалары дамуының ықтимал қаупімен ұштасады. Моксифлоксті ОЖЖ аурулары бар және құрысу ұстамаларының пайда болуына бейімдейтін немесе құрысу белсенділігінің шегін төмендететін ОЖЖ қамтылуына қатысты күдік туындататын жағдайлармен пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Моксифлоксті кейбір пациенттерге қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы білінуі мүмкін.

Әйелдерде, еркектермен салыстырғанда, QT аралығының ұзаруына беталыс бар екендігін ескерсек, олар QT аралығын ұзартуға мүмкіндік беретін препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де мұндай препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін.

QT аралығы ұзаруының дәрежесі препарат концентрациясының жоғарылауымен артуы мүмкін, сондықтан ұсынылған дозаны арттырмаған жөн.

Калий деңгейін төмендететін дәрілік заттарды Моксифлокс қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн.

Жедел миокард ишемиясы немесе QT аралығының ұзаруы сияқты аритмияларға бейім белгілі бір жағдайлардағы пациенттерге (әсіресе әйелдерде және егде жастағы пациенттерде) моксифлоксацинді сақтықпен қолданған жөн, өйткені бұл «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық аритмиялар немесе жүректің тоқтап қалу қаупінің жоғарылауымен байланысты.

Егер моксифлоксацинмен емдеген кезде жүрек аритмиясының белгілері пайда болса, емдеуді тоқтатқан және электрокардиограмма жасаған жөн.

Осыған байланысты препаратты келесі пациенттерге тағайындауға жол бермеген жөн, өйткені Моксифлокс препаратын осы пациенттерге қолдану тәжірибесі шектеулі:

- QT аралығы ұзаруымен

- емделмеген гипокалиемиясы бар

- аритмияға қарсы IA класқа жататын (хинидин, прокаинамид) немесе III класқа жататын (амиодарон, соталол) препараттарды қабылдап жүрген.

Моксифлоксті сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені моксифлоксациннің аддитивтік әсерін келесі жағдайларда жоққа шығару мүмкін емес:

- QT аралығын ұзартатын препараттармен (цизаприд, эритромицин, психозға қарсы препараттар, трициклдік антидепрессанттар) қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттерде

- клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты аритмияға бейім жағдайлары бар пациенттерде

- бауыр циррозы бар пациенттерде, өйткені оларда QT аралығының ұзаруын жоққа шығару мүмкін емес

- QT аралығын ұзартатын препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін әйелдерде немесе егде жастағы пациенттерде.

Моксифлоксацинді қолданған кезде өмірге қатер төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігіне, соның ішінде өліммен аяқталатын кенеттен болған гепатиттің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Сарғаюмен байланысты тез дамитын астения, несептің қараюы, қан кетуге немесе бауырлық энцефалопатияға бейімділік сияқты кенеттен болатын гепатит белглері пайда болған кезде, емдеуді жалғастырар алдында, дәрігерге дереу қаралған жөн.

Буллезді тері реакцияларының, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің (өмір үшін потенциалды қауіпті) даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда емдеуді бастар алдында дәрігерден дереу кеңес алған жөн.

Бактерияларға қарсы әсер ету ауқымы кең препараттарды, Моксифлоксті қоса, қолдану жалған жарғақшалы колиттің (жеңіл диареядан өлімге әкелетін колитке дейін) даму қаупімен байланысты. Сондықтан бұл диагнозды препаратпен емдеу аясында ауыр диарея байқалатын пациенттерде ескерген жөн. Мұндай жағдайда дереу тиісті ем тағайындалуы тиіс. Ауыр диарея байқалатын пациенттерге ішектің жиырылуын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Моксифлоксті gravis миастениясы бар науқастарда абайлап пайдаланған жөн, өйткені препарат осы аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.

Фторхинолондармен, соның ішінде Моксифлокспен емдеу аясында, әсіресе егде жастағы және глюкокортикостероидтар қабылдап жүрген пациенттерде тендинит және сіңірлердің үзілуі (әсіресе Ахиллова сіңірі) дамуы мүмкін. Зақымданған сіңірлер емдеуді бастағанға дейінгі 48 сағат ішінде де орын алуы мүмкін, емдеуді аяқтағаннан кейін бірнеше ай бойы оның дамуының жекелеген жағдайлары болған. Зақымданған жерде алғашқы ауыру немесе қабыну симптомдарында препарат қабылдауды тоқтатқан және зақымданған аяқ-қолға күш түсірмеген жөн, тиісті емді (мысалы, иммобилизация) бастау үшін дәрігерден кеңес алу керек.

Хинолондарды қолданған кезде фотосезімталдық реакциялары байқалады. Алайда моксифлоксацинді қолданған кезде фотосезімталдық реакциялары арнайы жасалған клиникалық зерттеулерде де, әдеттегі клиникалық іс-тәжірибе жағдайында да байқалған жоқ. Дегенмен, препарат қабылдап жүрген пациенттер тікелей күн сәулесінен және ультракүлгін сәулелерден аулақ болуы тиіс.

Кіші жамбас ағзаларының асқынған қабыну аурулары (мысалы, (тубоовариальді немесе жамбас абсцестерімен байланысты) бар, венаішілік ем қолдану көрсетілген пациенттер үшін Моксифлокстің 400 мг таблеткаларын қабылдау ұсынылмайды.

Моксифлокс метициллин-резистентті алтын түстес стафилококк (МРАС) әсерінен туындаған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Аталған инфекцияға күмәнданған немесе ол айғақталған жағдайда бактерияларға қарсы тиісті препаратты қолдануды бастаған жөн («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).

Моксифлоксациннің «ин витро» белсенділігін зерттеу микобактериальді өсу супрессиясының арқасында Mycobacterium өсіріндісімен өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін, ал бұл Моксифлокс қабылдап жүрген пациенттерден алынған үлгілерде жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін екендігін көрсетті.

Хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді қолданғанда парестезияға, гипоэстезияға, дисэстезияға немесе әлсіздікке әкеп соғатын сенсорлық және сенсомоторлық полинейропатияның даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Моксифлокспен емделіп жүрген пациенттерде ауыру, күйдіру, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары дамыған кезде, емдеуді жалғастырар алдында, дәрігерден дереу кеңес алған жөн.

Психикалық реакциялар, моксифлоксацинді қоса, фторхинолонды қатардың препараттарын алғаш қолданғаннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойлардың немесе өзіне зақым келтіруге әрекет ететін мінез-құлықтың дамуына дейін өршіді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Егер пациентте аталған реакциялар дамыса, Моксифлокспен емдеуді тоқтату және тиісті шараларды қолдану қажет. Психозы бар пациенттерге немесе анамнезінде психиатриялық ауруы бар пациенттерге препаратты пайдаланғанда сақтық таныту ұсынылады.

Neisseria gonorrhoeae инфекциясының фторхинолонрезистентті формаларының кеңінен таралғанын және жиілігінің артқанын ескеріп, фторхинолондарға N. gonorrhoeae резистенттілігі жойылғаннан кейін, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары бар пациентерге Моксифлокспен монотерапия тағайындау ұсынылады.

Егер Neisseria gonorrhoeae инфекцияларының фторхинолондарға резистенттілігін жою мүмкін болмаса, Моксифлокспен емдеуге қосымша N. Gonorrhoeae-ге қарсы әсер ететін тиісті антибиотикті (мысалы, цефалоспориндер) тағайындау мәселесін қарастырған жөн.

Натрий мөлшері төмен диетаны ұстанушы пациенттер үшін (жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, нефроздық синдром және т.б. кезінде) инфузияға арналған ерітіндісімен бірге натрийді қосымша қабылдауға көңіл бөлген жөн.

Лактоза

Моксифлокс препаратының бір таблеткасында 69,67 мг лактоза моногидраты бар.

Препаратты галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезіндегі моксифлоксациннің қауіпсіздігі анықталған жоқ. Сүйектердің қайтымды зақымдануы кейбір хинолонды антибиотиктерді қабылдаған балаларда сипатталған, алайда ұрыққа әсер етуінен туындаған ұқсас әсер жөнінде мәлімделген жоқ. Адамдар үшн потенциалды қаупі белгісіз.

Демек, Моксифлоксті жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.

Лактация және бала емізу кезеңінде әйелдерге моксифлоксацинді қолдану жөнінде деректер жоқ. Сондықтан бала емізетін әйелдерге Моксифлоксті қолдануға болмайды.

Автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Фторхинолондар, моксифлоксацинді қоса, ОЖЖ тарапынан болатын реакциялардың салдарынан автомобильді басқару немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы жөнінде мәліметтер шектеулі. Моксифлоксацинді 1200 мг-ге дейінгі дозада бір реттік және 600 мг-ден 10 күннен астам бойы дені сау адамдарға қолданғанда қандай да болсын жағымсыз әсерлер байқалған жоқ.

Емі: артық дозаланған жағдайда клиникалық көрінісінен хабардар болған және ЭКГ-мониторингпен симптоматикалық демеуші ем жүргізген жөн. Таблетканы қабылдағаннан кейін белсендірілген көмірді дереу ішу моксифлоксациннің жүйелік әсерінің шамадан тыс артуын болдырмауға жәрдемдеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электронды поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

044862731477976211_ru.doc 121.5 кб
355456611477977472_kz.doc 182 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники