Моксипрес®

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Компания "НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020697
Информация о регистрации в РК: 10.04.2017 - 10.04.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 464.14 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

МОКСИПРЕС®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 400 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 436.300 мг моксифлоксацин гидрохлориді

(400 мг моксифлоксацинге баламалы) бар,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 112, маннитол, поливинилпирролидон ПВП К-30 (Повидон К-30), натрий кроскармеллозасы, натрий крахмалы гликоляты, магний стераты.

үлбірлі қабық: бастапқы қабық (гидроксипропилметилцеллюлоза (Фармакоат 603), тальк) және үлбірлі қабық (қаптауға арналған материал №15 (Opadry АМВ Pink 80W240019));

қаптауға арналған материалдың құрамы №15 (Opadry АМВ Pink 80W240019): лецитин, поливинил спирті, ксантан шайыры, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ұзынша пішінді және бір жағында сызығы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Моксифлоксацинді ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі Cmax ± SD (стандартты ауытқуы) және AUC мәні тәулігіне бір рет 400 мг дозада, сәйкесінше 4.5 ± 0.53 мкг/мл және 48 ± 2.7 мкг/сағ/мл құрайды. Cmax (ең жоғарғы концентрациясы) ішке қабылдағаннан кейін 1-3 сағаттан кейін жетеді. Орташа плазмалық (±SD) концентрациясы 4.95 ± 0.10 мкг/мл құрайды. Плазмадағы концентрациясы дозасының аса жоғары зерттелген (бір рет 800 мг) дозасына дейін артуына пропорционалды артады.

Плазмадан жартылай шығарылуының орташа кезеңі (± SD) 12 ± 1.3 сағатты құрайды;

Тұрақты мәндеріне тәулігіне бір рет 400 мг қабылдағаннан кейін кемінде үш күннен соң жетеді.

Моксифлоксацин глюкуронид пен сульфатқа дейін конъюгациялану жолымен метаболизденеді. Сульфаттық конъюгаты (М1) дозасының шамамен 38%-ын құрайды, негізінен нәжіспен шығарылады. Дозасының 14%-ға жуығы тек несеппен шығарылатын глюкуронидтік конъюгатқа (М2) айналады. М2 плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы бастапқы заттың 40%-ға жуығын құрайды, бұл кезде М1 плазмадағы концентрациялары әдетте өзгермеген моксифлоксациннің 10%-дан азын құрайды.

Шамамен моксифлоксациннің ішу арқылы қабылданған немесе көктамырішілік дозасының 45%-ға жуығы өзгермеген зат түрінде (20%-ы несеппен және 25%-ы нәжіспен) шығарылады. Тұтас алғанда ішу арқылы қабылданған дозасының 96%+4%-ы өзгермеген зат немесе метаболиттер түрінде шығарылады. Орташа (±SD) жалпы клиренсі мен бүйректік клиренсі сәйкесінше 12 ± 2.0 л/сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

МОКСИПРЕС® – фторхинолондар тобының бактерияға қарсы препараты. Әсер ету механизмі бактериялық II және IV топоизомеразаларды тежеуімен негізделген, бұл микроб жасушасының ДНҚ синтезінің бұзылуына, соның салдары ретінде, микроб жасушасының қырылуына алып келеді. Препараттың ең төменгі бактерицидтік концентрациялары тұтас алғанда оның ең төменгі тежегіш концентрацияларымен (ТТК) салыстырмалы.

In vitro препарат грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің кең ауқымына, анаэробтарға, қышқылға төзімді бактериялар мен Mycoplasma spp., Chlamidia spp., Legionella spp. сияқты атиптік формаларына, сондай-ақ, β-лактамдық және макролидтік антибиотиктерге резистентті бактерияларға қатысты белсенді.

МОКСИПРЕС® грамоң аэробты бактериялар сезімтал: Streptococcus pneumoniae (пенициллинге және макролидтерге төзімді штаммдарды қоса), Streptococcus pyogenes (А тобы), Streptococcus milleri, Streptococcus mitior, Streptococcus agalactiae, Streptococcus dysgalactiae, Streptococcus anginosus, Streptococcus constellatus, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдарды қоса), Staphylococcus cohnii, Staphylococcus epidermidis (метициллинге төзімді штаммдарды қоса), Staphylococcus haemolyticus, Staphylococcus hominis, Staphylococcus saprophyticus, Staphylococcus simulans, Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus faecalis (тек ванкомицинге және гентамицинге сезімтал штаммдар); грамтеріс аэробты бактериялар: Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса), Escherichia coli, Enterobacter cloacae, Bordetella pertussis, Klebsiella oxytoca, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter intermedius, Enterobacter sakazaki, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Morganella morganii, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Gardnerella vaginalis; анаэробты бактериялар: Bacteroides distasonis, Bacteroides eggerthii, Bacteroides fragilis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides uniformis, Fusobacterium spp., Peptostreptococcus spp., Porphyromonas spp. (соның ішінде Porphyromonas anaerobius, Porphyromonas asaccharolyticus, Porphyromonas magnus), Prevotella spp., Propionibacterium spp., Clostridium perfringens, Clostridium ramosum; атиптік бактериялар: Chlamydia pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Legionella pneumophila, Coxiella burnettii, Chlamydia trachomatis, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium.

МОКСИПРЕС® Staphylococcus aureus (метициллинге/офлоксацинге резистентті штаммдар), Staphylococcus epidermidis (метициллинге/офлоксацинге резистентті штаммдар), Pseudomonas aeruginosa, Pseudomonas fluorescens, Burkholderia cepacia, Stenotrophomonas maltophilia, Neisseria gonorrhoea-ға қатысты тиімділігі аз.

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділіктің дамуына алып келетін механизмдер МОКСИПРЕС® бактерияға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияға қарсы препараттардың осы топтары мен моксифлоксацин арасында айқаспалы төзімділік байқалмайды. Плазмидтік төзімділік жағдайлары әлі күнге анықталмаған. Төзімділік дамуының жалпы жиілігі өте елеусіз (10-7-10-10). МОКСИПРЕС® көптеген мутациялар арқылы резистенттілік баяу дамиды. Моксифлоксациннің ТТК төмен концентрациялардағы микроорганизмдерге бірнеше рет әсер етуі ТТК тек болар болмас артуымен қатар жүреді.

Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары байқалады. Дегенмен, басқа хинолондарға төзімді кейбір грамоң және анаэробты микроорганизмдер МОКСИПРЕС® сезімтал.

Қолданылуы

- жедел синуситте

- ауруханадан тыс пневмонияда (соның ішінде микроорганизмдердің штаммдары туғызған антибиотиктерге көптеген резистенттілікте*)

- созылмалы бронхиттің өршуінде

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекцияларында

- тері мен теріасты құрылымдарының асқынған инфекцияларында (жұқпаланған диабеттік табанды қоса)

- асқынған интраабдоминальді инфекцияларда (әр түрлі микробтық инфекцияларды, соның ішінде құрсақішілік абсцесстерді қоса)

- кіші жамбас мүшелерінің асқынбаған қабыну ауруларында (соның ішінде сальпингиттер мен эндометриттер)

- антибиотиктерге көптүрлі резистенттілігі бар Streptococcus pneumonia-ға, пенициллинге резистентті штаммдар және пенициллиндер (ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы ≥2 мг/мл болса), II буын цефалоспориндері тобы (цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол сияқты екі немесе одан да көп антибиотиктерге резистентті штаммдар кіреді.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Таблеткаларды шайнамай, жеткілікті су мөлшерімен іше отырып ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.

Ересектерге. МОКСИПРЕС® ішке 400 мг-ден тәулігіне 1 рет тағайындайды.

МОКСИПРЕС® ішке қабылдағандағы емдеудің ұзақтығы инфекцияның ауырлығына және клиникалық әсеріне қарай анықталады және төмендегідей құрайды: жедел синуситте және тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекцияларында - 7 күн; ауруханадан тыс пневмонияда - 10 күн; созылмалы бронхиттің өршуінде – 5 күн; тері мен теріасты тіндерінің асқынған инфекцияларында - сатылай емдеудің жалпы ұзақтығы (к/і енгізіп, ары қарай ішке қабылдау) 7-21 күнді құрайды; асқынған интраабдоминальді инфекцияларда – сатылай емдеудің жалпы ұзақтығы (препаратты к/і енгізіп, ары қарай ішке қабылдау) 5-14 күнді; кіші жамбас мүшелерінің асқынбаған қабыну ауруларында – 5-14 күнді құрайды.

Егде жастағы бауыр функциясының болар-болмас бұзылулары бар, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге (соның ішінде КК <30 мл/мин/1.73 м2 болса), сондай-ақ үздіксіз гемодиализде және ұзақ мерзімді амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерге дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі - ≥ 1/100

- гипокалиемиямен науқастарда QT аралығының ұзаруы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея,

- трансаминазалар деңгейінің артуы, гамма-глутамил трансфераза деңгейінің артуы

- бас ауыруы, бас айналуы

- кандидоздық суперинфекция, вагинит

Сирек ( > 1/100000 және < 1/1000)

- тахикардия, артериялық гипертензия, вазодилятация (бетке қан тебу, артериялық гипотензия, естен танулар, қарыншалық тахиаритмиялар)

- ентігу, демігу жағдайларын қоса

- тәбеттің төмендеуі, іштің қатуы, диспепсия, метеоризм, гастроэнтерит (эрозиялық гастроэнтеритті қоса), және амилаза, билирубин деңгейінің артуы, бауыр функциясының бұзылулары (лактатдегидрогеназа деңгейінің артуын қоса), гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза белсенділігінің артуы, дисфагия, стоматит, жалған жарғақшалы колит, сарғаю, гепатит (көбінесе холестаздық)

- сананың шатасуы, бағдарсыздық, вертиго, ұйқышылдық, тремор, парестезиялар, гиперестезия, гипестезия, дизестезиялар, ұйқының бұзылуы, үрей сезімі, психомоторлық белсенділіктің артуы, ажитация, патологиялық түс көрулер, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, түрлі клиникалық көріністермен құрысу ұстамалары, зейін шоғырландырудың бұзылуы, сөйлеу бұзылыстары, амнезия, көңіл-күйдің құбылмалылығы, депрессия, елестеулер, өзін-өзі танымау, психоздық реакциялар (көбінесе мінез-құлықта өзіне зақым келтіруге бейімділікпен білінетін)

- дәм сезу бұзылыстары, көру бұзылыстары (анық көрмеу, көру жітілігінің төмендеуі, диплопия, әсіресе бас ауырумен және санының шатасуымен бірге жүретін), құлақтағы шуыл, аносмияны қоса иіс сезудің бұзылыстары, естудің бұзылуы

- анемия, лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения, тромбоцитоз, протромбиндік уақыттың ұзаруы және халықаралық қалыптастырылған қатынастардың (ХҚҚ) азаюы, тромбопластин концентрациясының өзгеруі, гиперлипидемия, гипергликемия, гиперурикемия

- шеткергі невропатия, полиневропатия, артралгия, миалгия, тенденит, бұлшықет тонусының жоғарылауы және құрысулар

- сусыздану (диареядан немесе сұйықтық ішудің азаюынан туындаған)

- есекжем, қышыну, бөртпе, эозинофилия, анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар, ангионевроздық ісіну, жұтқыншақтың ісінуін қоса (өмірге қауіптілігі зор)

  • өзін нашар сезіну, спецификалық емес ауырулар, тершеңдік

Өте сирек (< 1/10000)

- спецификалық емес аритмиялар (экстрасистолияны қоса), полиморфты қарыншалық тахикардия ("пируэт" типті қарыншалық аритмия) немесе көбінесе клиникалық маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайларға, аритмияларға бейім адамдарда жүректің тоқтап қалуы

- өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне алып келу мүмкіндігі зор шұғыл дамыған гепатит

- протромбин концентрациясының артуы және ХҚҚ азаюы, протромбин концентрациясы мен ХҚҚ өзгеруі

- сіңірлердің үзілуі, артриттер, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы салдарынан жүріс-тұрыстың бұзылуы, миастения симптомдарының өршуі

- терінің буллездік реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмірге қауіптілігі зор)

- анафилактикалық шок (соның ішінде өмірге қауіпті)

- артериялық гипотензия, ісінулер

- дегидратация нәтижесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі, бүл бүйректің зақымдануына алып келуі мүмкін (әсіресе бүйрек функциясының қатарлас бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде)

- жалғанжарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан)

- түрлі клиникалық көріністермен құрысу ұстамалары, (соның ішінде жайылған) елестеулер.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге және препараттың басқа компоненттеріне және басқа хинолондарға, сондай-ақ препараттың қосымша компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- сыртартқысындағы хинолондарды қабылдаумен байланысты сіңірлердің зақымдалуы

- тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы

- электролиттік бұзылулар, атап айтқанда, түзетілмейтін гипокалиемия

- клиникалық маңызды брадикардия

- сол жақ қарынша фракциясының төмендеуімен клиникалық маңызды жүрек жеткіліксіздігі

- сыртартқыдағы симптоматикалық аритмия

- Моксифлоксацин QT аралығыны ұзаруын тудыратын басқа препараттармен бір мезгілде тағайындалмауы тиіс

- бауыр функциясының бұзылуы (Чайльд-Пью шкаласы бойынша С тобы) және трансаминазалардың жоғарғы қалып шегінен 5 есе жоғарылауы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксацинді QT аралығын ұзартуға қабілетті басқа препараттармен қолданғанда QT аралығын ұзарту әсері жоққа шығарылмайды. Бұл «пируэт» типті аритмияны қоса, қарыншалық аритмиялар қаупінің артуына алып келуі мүмкін. Осылайша, моксифлоксацинді мұндай әсері бар төмендегі препараттардың кез-келгенімен параллель тағайындау қарсы көрсетілімді:

- Iа класты аритмияға қарсы (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- психозға қарсы (фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, султоприд)

- үшциклдық антидепрессанттар

- кейбір микробқа қарсы дәрілер (саквинавир, спарфлоксацин, эритромицин к/і, пентамидин, малярияға қарсы препараттар, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік препараттар (терфенадин, астемизол, мизоластин)

- басқа (цизаприд, винкамин к/і, бепридил, дифеманил).

Моксифлоксацин, калий деңгейін төмендететін дәрілермен (ілмектік және тиазидтік диуретиктер, іш жүргізгіштер және клизма (жоғары дозаларда), кортикостероидтар, амфотерицин В) немесе клиникалық маңызды брадикардияны тудыратын дәрілермен ем тағайындалған пациенттерге сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Атенололмен, ранитидинмен, құрамында кальций бар қоспалармен, теофиллинмен, ішілетін контрацептивтік дәрілермен, глибенкламидпен, итраконазолмен, дигоксинмен, морфинмен, пробеницидпен бірге қолданғанда дозасын түзету қажет емес (моксифлоксацинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің жоқтығы расталған).

Ранитидин. Ранитидинді бірге қолдану моксифлоксациннің сіңуін болар-болмас өзгертеді.

Антацидтік дәрілер, поливитаминдер мен минералдар.

Моксифлоксацинді антацидтік дәрілермен, поливитаминдермен және минералдармен бір мезгілде қабылдау бұл препараттардың құрамындағы көп валентті катиондары бар хелаттық кешендердің түзілуі салдарынан моксифлоксациннің сіңуінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Нәтижесінде плазмадағы моксифлоксацин концентрациясы күтілгеннен едәуір төмен болуы мүмкін. Сәйкесінше, антацидтік препараттар, антиретровирустық препараттар (мысалы, диданозин) және құрамында магний немесе алюминий, сукральфат бар басқа препараттар және құрамында темір мен мырыш бар басқа препараттарды моксифлоксацинді ішке қабылдаудан кемінде 4 сағат бұрын немесе ішке қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң тағайындау керек.

Дигоксин. Дигоксиннің фармакокинетикалық параметрлерін болар-болмас өзгертеді.

Теофиллин. Теофиллиннің фармакокинетикасына қандай-да бір әсер етпейді. Варфаринмен бірге қолданғанда фармакокинетикасы, протромбиндік уақыт және қан ұюының басқа параметрлері өзгермейді.Глибенкламид және моксифлоксацин арасында клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталмаған.

Тендовагинит немесе сіңірдің үзілуінің даму қаупінің болуы мүмкіндігіне байланысты, кортикостероидтарды қабылдаған пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Антикоагулянттарды басқа антибиотиктермен бірге, соның ішінде моксифлоксацинмен бірге қабылдаған пациенттерде, ұюға қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігінің артқан жағдайлары байқалған.

Осы препараттармен үйлестіріп ем алып жүрген пациенттерде ХҚҚ мониторингілеуді жүргізу қажет және қажет болса, ішу арқылы қабылданатын ұюға қарсы препараттардың дозасын түзету қажет.

Аритмияға қарсы препараттармен бірге сақтықпен тағайындайды.

Эритромицинмен немесе цизопридпен бірге қолданудан QT аралығы ұзаруы мүмкін, сондықтан оны сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулар

МОКСИПРЕС®тағайындағанда құрысу ұстамаларының даму қаупі артатынын ескеру керек, сондықтан препаратты орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) аурулары бар, құрысулармен қатар жүретін немесе олардың дамуына немесе құрысуға дайындық шегінің төмендеуіне бейім пациенттерге, сондай-ақ осы аурулар мен жағдайларға күдіктенгенде сақтықпен тағайындау керек.

Жеткілікті клиникалық мәліметтер жоқ болуына байланысты, бауыр қызметінің ауыр бұзылулары бар пациенттерде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары бар пациент әйелдерде (мысалы, тубовариальді немесе жамбас абсцесстеріне байланысты) препаратты қолдану ұсынылмайды.

МОКСИПРЕС® қолданғанда кейбір пациенттерде электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы байқалуы мүмкін. Осыған байланысты препараттың QT аралығы ұзарған, гипокалиемиясы бар пациенттерге, сондай-ақ I A класының (хинидин, прокаинамид) немесе III класты (амиодарон, соталол) аритмияға қарсы препараттарымен емдеу аясында тағайындалуын болдырмау керек, өйткені моксифлоксацинді бұл пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі.

Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімді. МОКСИПРЕС® QT аралығын ұзартатын препараттармен бірге, (цизаприд, эритромицин, антипсихотикалық препараттар, үшциклдық антидепрессанттар), сондай-ақ аритмияларға бейім, брадикардия, жедел миокард ишемиясы жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығының ұзару дәрежесі препарат концентрациясының артуымен үдей түсуі мүмкін, сондықтан ұсынылған дозасынан асырмау керек. QT аралығының ұзаруы полиморфтық қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық аритмиялардың жоғары қаупімен астасады. Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарда қан плазмасындағы моксифлоксацин концентрациясы мен QT аралығының ұзаруы арасында өзара байланыстылық анықталмаған. Аритмиялық жағдайларға бейім пациенттерде моксифлоксацинді қолданғандағы қарыншалық аритмиялардың даму қаупі артуы мүмкін.

Фторхинолондармен, соның ішінде моксифлоксацинмен емдеу аясында, әсіресе, глюкокортикоидтық дәрілерді (ГКД) қабылдап жүрген егде жастағы пациенттерде тендиниттің дамуы және сіңірлердің үзілуі мүмкін. Сіңірлердің ауыруы немесе қабыну белгілері пайда болса, Моксинормды қабылдауды тоқтату және зақымдалған аяқты босату керек.

Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы препараттарды қолдану жалғанжарғақшалы колиттің даму қаупіне ұласады. Мұны МОКСИПРЕС® емдеу аясында ауыр диарея туындағанда ескеру керек. Бұл жағдайда препаратты тоқтату және дереу сәйкесінше ем тағайындау керек.

Хинолондарды қолданғанда фотосезімталдық реакциялары білінеді. Осыған байланысты, МОКСИПРЕС® қабылдаған науқастар тікелей түсетін күн сәулесінің және ультракүлгін сәуленің астында жүруден аулақ болуы тиіс.

Препаратты бастапқы қолданғанда аса жоғары сезімталдық реакциялары және анафилактикалық реакциялардың даму қаупі бар. Анафилактикалық реакция өте сирек жағдайларда анафилактикалық шокқа дейін үдеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты енгізуді дереу тоқтату және сәйкесінше реанимациялық шараларды (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

МОКСИПРЕС® ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакцияларды сирек тудыратынына қарамастан, автокөлік немесе қозғалмалы механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы мәселе пациенттің препаратты қабылдауға реакциясын бағалағаннан кейін жекелей шешіледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: таблетканы қабылдағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек асқазанды босату, сондай-ақ ЭКГ-мониторингілеумен симптоматикалық ем жүргізу қажет. Сондай-ақ белсенділендірілген көмірді қолдану ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий форматурадан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада үлбірлі қабықпен қапталған 5, 7, 10 таблеткадан.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

511962811477976689_ru.doc 90 кб
297510281477977825_kz.doc 120.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники