Могинин (100 мг)

МНН: Силденафил
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022260
Период регистрации: 14.07.2016 - 14.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

МОГИНИН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг және 100 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 70,24мг/140,48мг силденафил цитраты (50мг/100мг силденафилге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH 102, сусыз дикальций фосфаты, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, магний стеараты, Опадрай 03K80814 көгілдір (гипромеллоза 2910 (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, индиго кармин алюминий лагы (Е 132), тазартылған су.

Сипаттамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған, көгілдір түсті, дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар.

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар, спазмолитиктерді қоса. Эрекцияның бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.

АТХ коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Силденафил тез сіңеді. Ашқарынға пероральді түрде қабылдағанда плазмада ең жоғары концентрацияға 30-дан 120 минутқа дейінгі шекте (орта есеппен 60 минут) жетеді. Орташа абсолюттік биожетімділігі 41% (25-63% диапазонда) құрайды. Силденафилді пероральді түрде қабылдаудан кейін қисық астындағы аудан және Cmax мәндері ұсынылғаннан жоғары (25-100 мг) диапазондағы дозамен пропорцияда жоғарылайды.

Силденафилді тамақ ішу кезінде қабылдағанда сіңу жылдамдығы Tmax 60 минутқа орташа кідіруімен және Cmax орташа 29%-ға төмендеуімен азаяды.

Таралуы

Силденафилдің орташа тұрақты таралу көлемі (Vd ) 105 л құрайды, ол тіндерге таралғанын көрсетеді. Ішке 100 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін плазмы силденафилдің плазмадағы ең жоғары жалпы концентрациясы 440 нг / мл жуықты (CV 40%) құрайды. Силденафил (және оның айналымдағы негізгі N-десметил метаболиті) плазма ақуыздарымен 96%-ға байланысатын болғандықтан, бұл силденафилдің орташа ең жоғары бос плазмалық 18 нг / мл (38 нМ) концентрациясына әкеледі. Ақуыздармен байланысуы препараттың жалпы концентрациясына байланысты емес.

Метаболизмі

Силденафилдің биотрансформациясы көбіне бауырдың микросомальді CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосымша жолы) изоферменттерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде түзілетін айналымдағы негізгі метаболит әрі қарай метаболизденеді.

Метаболиттің фосфодиэстеразаға селективтілігі силденафилдегі осындаймен ұқсас бейінімен сипатталады, ал ФДЭ-5-ке қатысты метаболиттің in vitro белсенділігі препараттың бастапқы заты белсенділігінің шамамен 50%-ын құрайды. N-деметилденген метаболит әрі қарай ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағатты құрайтын метаболизмге ұшырайды.

Шығарылуы

Силденафилдің жалпы клиренсі жартылай ыдыраудың терминальді фазасы 3-5 сағаттық нәтиже беретін, 41 л/сағ. құрайды. Ішу арқылы қабылдаудан немесе көктамырішілік енгізуден кейін, силденафил метаболиттер түрінде көбіне нәжіспен (пероральді дозаның шамамен 80%-ы) және аз дәрежеде несеппен бірге (енгізілген пероральді дозаның шамамен 13%-ы) шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (65 жастағы немесе одан үлкен) дені сау еріктілерде силденафил клиренсінің төмендеп, плазмада силденафилдің және оның белсенді N-деметилденген метаболитінің, жасы кіші (18–45 жас) дені сау еріктілердегі осындаймен салыстырғанда, шамамен 90%-ға жоғарылауына әкелетіні білінді. Плазма ақуыздарымен байланысуындағы жас айырмашылықтарымен байланысты плазмадағы бос силденафил концентрацияларының сәйкесінше артуы шамамен 40% құрады.  

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі 50–80 мл/мин) және орташа (креатинин клирнсі 30–49 мл/мин) дәрежедегі жеткіліксіздігі бар еріктілерде 50 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдағанда силденафилдің фармакокинетикасы өзгермейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі = <30 мл/мин) еріктілерде силденафилдің клиренсі төмендейді, бұл AUC (100%) және Cmax (88%) мәндерінің, осы жастағы пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты болған кездегі осындай көрсеткіштермен салыстырғанда, шамамен екі есе артуына әкеледі. Бұдан басқа, N-деметилденген метаболиттің AUC және Cmax шамалары бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты қатысушылардағы көрсеткіштермен салыстырғанда, сәйкесінше, елеулі түрде 200%-ға және 79%-ға жоғары болды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауырдың ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі циррозы (Чайлд–Пью жіктелімі бойынша А және В класы) бар еріктелерде силденафил клиренсі төмен болды, ол бауыр функциясы бұзылмаған сондай жастағы еріктілермен салыстырғанда, AUC (85%-ға) және Cmax (47%-ға) көрсеткіштерінің жоғарылауына әкелді. Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылулары бар (Чайлд–Пью жіктелімі бойынша С класы) пациенттерде силденафилдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Силденафил эректильді дисфункцияны емдеуге арналған пероральді дәрілік препарат. Табиғи жағдайда, яғни сексуальді стимуляцияда, ол жыныс мүшесіне келетін қан ағынын арттырып, бұзылған эректильді функцияны қалпына келтіреді.

Могинин препаратының белсенді заты – силденафил спецификалық фосфодиэстеразаның 5 типі (ФДЭ5) – циклогуанозинмонофосфаттың (цГМФ) күшті селективті тежегіші болып табылады.

Силденафил кавернозды денеге оқшаулап тікелей босаңсытатын әсер бермейді. Силденафил кавернозды денеде цГМФ ыдырауына жауапты ФДЭ5-ті тежеу арқылы азот тотығының (NO) босаңсытатын әсерін күшейтеді. Осының нәтижесінде тегіс бұлшықеттер босаңсиды және кавернозды денеде қан ағыны күшейеді. NO/цГМФ дабыл жолдары белсенділенгенде, бұл сексуальді стимуляция кезінде жүреді, ФДЭ 5-тің силденафилмен тежелуі кеуекті денелерде цГМФ деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Сондықтан силденафилдің әсерінен қалаған емдік фармакологиялық әсерге қол жеткізу үшін сексуальді стимуляция қажет.

Іn vitro зерттеулер силденафилдің эрекция үдерісіне қатысатын ФДЭ 5-ке селективті түрде әсер ететінін көрсетті. Препараттың ФДЭ 5-ке әсер етуі белгілі басқа фосфодиэстеразаларға қарағанда күштірек. Препараттың бұл әсері көздің торқабығында фотоның қайта түзілу үдерісіне қатысатын ФДЭ 6-ке әсеріне қарағанда 10 есе күштірек. Атап айтқанда, силденафилдің ФДЭ 5-ке қатысты селективтілігі оның жүректің жиырылун реттеуге қатысатын фосфодиэстеразаның цАМФ-спецификалық изоформасы — ФДЭ 3-ке қатысты селективтілігінен көп есе басым болады.

Силденафил артериялық қысымның аздаған және транзиторлы төмендеуіне әкеледі, оның көп жағдайда клиникалық көріністері болмайды. Силденафилді 100 мг дозада пероральді түрде қабылдағаннан кейін шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі 8,4 мм с. б. құрады. Шалқадан жатқан кездегі диастолалық артериялық қысымның тиісінше өзгеруі 5,5 мм с.б. құрады. Артериялық қысымның бұл төмендеуі силденафилдің қантамырларды кеңейтетін әсеріне сәйкес келеді, қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі цГМФ деңгейінің жоғарылауымен де байланысты болуы мүмкін.

Силденафилдің бір реттік пероральді 100 мг дозасын қабылдағаннан кейін препараттың сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына ықпалы байқалған жоқ.

Қолданылуы

- эректильді дисфункцияны емдеуде.

Могинин® сексуальді стимуляция бар болған кезде ғана тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Асқынуларға жол бермеу үшін қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек!

Көптеген пациенттер үшін ұсынылатын доза – жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын ішке 50 мг. Тиімділігі және жағымдылығы ескеріліп, доза 100 мг-ге дейір арттырылуы мүмкін. Ең жоғары ұсынылатын доза – 100 мг және қолданылу саны – тәулігіне бір рет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет емес, ауыр дәрежесінде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - дозаны 25 мг-ге дейін төмендетеді.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде Могинин® дозасын 25 мг-ге дейін төмендетуге болады.

Басқа дәрілік заттармен бірге қолданылуы

CYP3A4 тежегіштерімен (мысалы, эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол сияқты) қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттерде препаратты бастапқы 25 мг дозада қолдану ықтималдылығын қарастырған жөн. Ритонавирді қоспағанда, оны Силденафилмен бірге қолдану ұсынылмайды. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін, альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайы силденафилмен емдеуге дейін тұрақты болуы тиіс. Бұдан басқа, силденафилдің төмен дозаларымен емдеудің мақсатқа сай болуын қарастырған жөн.

Балаларда қолданылуы

Силденафил (< 18 жастағы) балаларға қолданылмайды.

65 жастан асқан егде жастағы пациенттер

Ең төмен 25 мг дозадан бастау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың жиілігі дозаның артуымен жоғарылайды.

Өте жиі (≥ 1/10)

- бас ауыру

Жиі (≥ 1/100 және < 1/10)

- бас айналу

- көрудің бұзылулары, түрлі түсті реңдерді қабылдауды қоса, жарыққа сезімталдық, жарықтан қорқу, көздің анық көрмеуі немесе көру жітілігінің нашарлауы

- бет гиперемиясы, ысынулар

- диспепсия, жүректің айнуы

- мұрынның бітелуі

Жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ұйқышылдық, гипестезия, кеңістікті бағдарлаудан адасу, құлақтың шыңылдауы

- конъюнктива аурулары, коньюктивит, көз жасы бөлінуінің бұзылулары, көздің құрғауы, көз жасы бөлінуінің ұлғаюы, көздің ауыруы, көз алдындағының қосарланып көрінуі, көздің артқы камерасына жас кету, фотопсия, көз алдының жарқырауы

- жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия

- гипертония, гипотония

- кеуденің ауыруы, шаршау, қатты қажығыштық

- құсу, жүректің айнуы, ауыз ішінің құрғауы

- тері бөртпесі

- миалгия, аяқ-қолдың ауыруы

- гематурия

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы

- мұрыннан қан кету, қосалқы қуыстарының бітелуі

Сирек (≥ 1/10 000 және <1/1 000

- ми қан айналымының бұзылуы, транзиторлы ишемиялық шабуыл*, құрысулар, құрысулардың қайталануы, естен танулар

- естудің кенеттен нашарлауы немесе жоғалуы

- көру жүйкесінің артериитті емес алдыңғы ишемиялық невропатиясы (NAION), қантамырлардың ретинальді окклюзиясы*, ретинальді геморрагия, атеросклероздық ретинопатия, ретинальді бұзылыс, глаукома, көру ауқымының ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, жақыннан көргіштік, астенопия, шыны тәрізді дененің деструкциясы, көздің нұрлы қабығының бұзылысы, мидриаз, көрудің гало-әсері, көздің ісінуі, көздің ісінушілігі, көрудің бұзылыстары, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі аномальді сезімдер, қабақтың ісінуі, склераның түссізденуі

- жүректен болатын кенет өлім, миокард инфарктісі*, қарыншалық аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- оральді гипестезия (ауыз қуысының және жұтқыншақтың сезімталдығының төмендеуі)

- мұрынның шырышты қабығының құрғауы, ісіну

- Стивенс-Джонсон синдромы (SJS)*, уытты эпидермальді некролиз (TEN)*

- гемоспермия, жыныс мүшесіне қан құйылу

- приапизм, ұзаққа созылатын эрекция

* постмаркетингтік қадағалау кезінде байқалған жағымсыз реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторларымен (мысалы, амилнитрит) немесе нитраттармен кез келген түрде бірге қолдану

- жүрек-қантамырлардың ауыр аурулары (тұрақсыз стенокардия немесе жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі).

- бір көздің, бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысының болғанына немесе жоқтығына қарамай-ақ, алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиямен (NAION), артериитпен байланысты емес, көрмей қалуы

- гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілде қолдану. Могинин® препаратын риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларын қолданып жүрген пациенттерде қолданбау керек. ФДЭ5 тежегіштері, соның ішінде Могинин® гуанилатциклаза стимуляторларының гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- артериялық гипотензия (артериялық қысым <90/50 мм с. б.),

- жақында болған инсульт немесе миокард инфарктісі

- көздің торқабығының тұқым қуалайтын белгілі дегенеративті аурулары (пигментті ретинит)

- ритонавирмен бір мезгілде қолдану

Сақтықпен:

- жыныс мүшсінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)

- приапизмнің дамуына бейім аурулар (мысалы, орақ–жасушалы анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия сияқы)

- қан кетумен қатар жүретін аурулар

- ойық жара ауруының өршуі

- тұқым қуалайтын пигментті ретинит

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда бастан кешкен миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қауіп төндіретін аритмиялар

- артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм с. б.)

Тіркелген көрсетілім бойынша препарат 18 жасқа дейінгі балаларға және әйелдерге қолдануға арналмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Силденафилдің метаболизміне негізінен P450 (CYP) цитохромының 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 (қосымша жолы) изоформалары ұйытқы болады. Осы себепті осы изоферменттердің тежегіштері силденафилдің клиренсін төмендетуі, ал осы изоферменттердің индукторлары жоғарылатуы мүмкін.

Осы клиникалық зерттеулердің популяциялық фармакокинетикалық талдау деректері CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендегенін айғақтайды. Могининді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда осы пациенттерде жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы байқалмаса да, бастапқы 25 мг дозадағы препаратпен емдеуге әрекет етіп көрген жөн.

P450 цитохромының тежегіші болып табылатын және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидин (800 мг) дені сау еріктілерде силденафилмен (50 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда плазмада силденафилдің концентрациясын 56%-ға арттырды.

Силденафилді бір реттік 100 мг дозада эритромицинмен, CYP3A4 спецификалық тежегішімен белгіленген режимде (5 күн бойы күніне екі рет 500 мг) бірге қабылдағанда силденафилдің жүйелік әсерінің (AUC бойынша) 182%-ға артқаны байқалды. Бұдан басқа, белгіленген (күніне үш рет 1200 мг) режимде CYP3A4 тежегіші болып табылатын саквинавирдің АИТВ протеаза тежегішін силденафилмен (бір реттік 100 мг дозасын) бір мезгілде қабылдау силденафилдің Cmax мәнінің 140%-ға артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 210%-ға артуына әкелді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. 4.2.бөлімін қараңыз. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 өте күшті тежегіштерінің өте айқын әсері бар деп жорамалданады.

Белгіленген режимде (күніне екі рет 500 мг) P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын ритонавирдің АИТВ протеаза тежегішін силденафилмен (бір реттік 100 мг дозасын) бір мезгілде қабылдау силденафилдің плазмадағы Cmax мәнінің 300%-ға (4 есе) артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 1000%-ға (11 есе) артуына әкелді. 24 сағаттан кейін плазмадағы силденафил деңгейі, силденафилді ғана қабылдағанннан кейінгі 5 нг/мл шамамен салыстырғанда, әлі де шамамен 200 нг/мл құрады. Бұл деректер P450 субстраттарының кең ауқымына ритонавирдің айқын әсерімен сәйкес келеді. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ. Фармакокинетикасын зерттеудің осы нәтижелерінің негізінде Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғары дозасы ешбір жағдайда 48 сағат ішінде 25 мг-ден аспауы тиіс.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында метаболизмге ұйтқы болатын CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылады және плазмада силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Антацидтік дәрілерді (магний гидроксиді/алюминий гидрототығы) бір реттік қабылдау силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізген жоқ.

Фармакокинетикалық талдау CYP2C9 тежегіштерімен (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштерімен (серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер және үшциклді антидепрессанттар), тиазидтік, ілмектік және калий жинақтайтын диуретиктермен, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен және CYP450 цитохромының метаболизмдік белсенділігінің индукторларымен (рифампицин және барбитураттар) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің фармакокинетикасына ықпал етпейтіндігін көрсетті.

Никорандил калий өзекшелері мен нитрат белсендіргішінің гибриді болып табылады. Нитратты компонент есебінен ол силденафилмен күрделі өзара әрекеттесуге түсуге потенциалды түрде қабілетті.

Силденафилдің басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Силденафил P450 цитохромының (IC50 > 150 мкМ) 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоформаларының әлсіз тежегіші болып табылады. Плазмадағы силденафилдің ең жоғары шектегі концентрациялары препараттың ұсынылған дозаларын қабылдағаннан кейін шамамен 1 мкМ құрайтын болған жағдайда, Силденафилдің осы изоферменттердің субстраттарының клиренсін өзгертуі екіталай.

Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты спецификалық фосфодиэстераза тежегіштерімен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

NO/цГМФ дабыл жолына белгілі әсеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтетін қабілетін көрсетті, сондықтан оны азот тотығының донаторларымен немесе нитраттармен кез келген формада бір мезгілде қолдануға болмайды.

Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде Силденафилді бір мезгілде қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Бәрінен бұрын бұл Силденафил дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Мына дәрілік препараттарды: альфа-адреноблокаторларды, доксазозинді және силденафилді бір мезгілде қолданғанда доксазозинмен емдеу арқылы тұрақтандырылған, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚҚСГ) бар пациенттерде шалқадан жатқан кезде артериялық қысымның 7/7 -   9/5 мм  с. б.-ға қосымша төмендеуі байқалды. Доксазозинмен емдеу жәрдемімен тұрақтандырылған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның пайда болуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бұл мәлімдемелерде, естен тану емес, бас айналу және естен тану алдындағы жағдайлар да қамтылды.

Силденафилді толбутамидпен немесе варфаринмен бір мезгілде қолданғанда олардың екеуі де CYP2C9-бен метаболизденеді, айтарлықтай өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Силденафил ацетилсалицил қышқылын қабылдау әсерінен туындаған қан кету уақытының артуына мүмкіндік берген жоқ.

Силденафил қанда алкоголь деңгейінің орташа ең жоғары 80 мг/дл деңгейінде алкогольдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне мүмкіндік берген жоқ.

Гипотензиялық дәрілік препараттардың келесі кластарын: диуретиктерді, бета-блокаторларды, АКФ тежегіштерін, ангиотензин II антагонистерін, гипертензияға қарсы дәрілік препараттарды (қантамырларын кеңейтетін және орталық әсері бар), адренергиялық нейротропты дәрілерді, кальций өзекшелерінің блокаторларын және альфа-адренорецепторлардың блокаторларын біріктіру — Силденафил қабылдап жүрген пациенттерде жағымсыз әсерлердің бейініндегі айырмашылықтарды көрсеткен жоқ. Силденафилді амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда артериялық гипертензиясы бар пациенттерде шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның төмендеуі 8 мм с. б. құрады. Шалқадан жатқан кезде диастолалық артериялық қысымның тиісінше қосымша төмендеуі 7 мм с.б. құрады.

Силденафил АИТВ протеаза тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ, олардың екеуі CYP3A4 субстраттары болып табылады.

Айрықша нұсқаулар

Эректильді дисфункцияны диагностикалау, оның ықтимал себептерін анықтау және талапқа сай емді таңдау үшін толық медициналық сыртартқыны зерттеу және емді бастағанға дейін мұқият медициналық тексеру жүргізу қажет.

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында дәрігерлер өз пациенттерінің жүрек-қантамыр жағдайына баға бергені жөн, өйткені сексуальді белсенділікпен байланысты жүрек-қантамыр асқынулары қаупінің белгілі бір дәрежесі бар. Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды сексуальді белсенділікті қажет етпейтін еркектерге тағайындамаған жөн

Тіркеуден кейінгі кезең барысында эректильді дисфункцияны емдеу үшін силденафилді қолдану кезінде, миокард инфарктісін, кенеттен жүректен болатын өлімді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлық қан кетуді және транзиторлы ишемиялық шабуылды қоса, күрделі жүрек-қантамыр асқынуларының жағдайлары тіркелді. Осы пациенттердің көбісінде, бірақ барлығында емес, жүрек-қантамыр аурулары қаупінің бұдан бұрынғы факторлары болды. Осы құбылыстардың көбісі жыныстық қатынас кезінде немесе оны аяқтағаннан кейін көп ұзамай тіркелді, сондай-ақ сексуальді белсенділіксіз силденафилді қабылдағаннан кейін көп ұзамай бірнеше құбылыстар тіркелді. Басқалары силденафилді қабылдағаннан кейін және сексуальді белсенділіктен кейін бірнеше сағаттан немесе күннен соң орын алды. Осы құбылыстардың силденафилді қабылдаумен, сексуальді белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруларымен, осы факторлардың бірігуімен немесе басқа факторлармен байланысының болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік жоқ.

Клиникалық зерттеулер силденафилдің артериялық қысымның өткінші төмендеуіне әкелетін жүйелік қантамырларды кеңейтетін әсер беретіндігін көрсетті. Көптеген пациенттерде мұның аздаған салдары болады немесе салдарлары болмайды. Алайда силденафилді тағайындар алдында дәрігерлер белгілі бір фондық аурулары бар, әсіресе олар сексуальді белсенділікпен біріккен, пациенттердің жағдайына осы препараттың қантамырларды кеңейтетін әсерінің жағымсыз салдарлары болуы мүмкін екендігін мұқият тексерген жөн. Қантамырларды кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімталдығы бар топқа сол жақ қарыншаның шығатын бөлімі тарылған (мысалы, аортальді клапанының стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы бар) пациенттер, сондай-ақ вегетативті жүйке жүйесі тарапынан АҚ реттеудің ауыр дәрежеде бұзылуы түрінде білінетін көптеген жүйелік атрофияның сирек синдромы бар пациенттер де жатады.

Приапизм

Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттарды, соның ішінде Силденафилді, жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (мысалы, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) бар пацинеттерде, сондай-ақ приапизмнің дамуына бейім аурулары (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) бар пациенттерде де сақтықпен қолданған жөн.

Ұзаққа созылған, 4 сағатқа жуық сақталған ауыртатын эрекцияда пациент шұғыл медициналық жәрдемге жүгінуі тиіс. Егер приапизмді дереу емдемесе, пенистің тіндерінің зақымдануы потенцияның қайтымсыз жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.

Эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен бір мезгілде қолдану

Силденафилді эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ. Осыған байланысты препараттардың осындай біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.

Көруге ықпалы

Сирек жағдайларда ФДЭ-5 барлық тежегіштерін, соның ішінде силденафилді тіркеуден кейін қолдану кезінде көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиясы (КЖАЕАИН), сирек аурулар және көрудің нашарлауы немесе көрмей қалу себептері жөнінде мәлімделді. Осы пациенттердің көбісінде жастың 50-ден асуы, көру жүйкесі дискісінің ісінуі («іркілген диск»), диабет, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, гиперлипидемия және темекі тарту сияқты қауіп факторлары болды. Бақыланатын зерттеулерде ФДЭ5 тежегіштері класының препараттарын жақын арада қолданудың КЖАЕАИН-нің жедел басталуымен байланысының бар-жоқтығына баға берілді. Нәтижелер ФДЭ5 тежегішінің жартылай шығарылуының 5 кезеңіне тең уақыт аралығы ішінде КЖАЕАИН қаупінің шамамен 2 есе артқанын айғақтайды. Жарияланған әдебиеттік деректерге сай, КЖАЕАИН пайда болуының жылдық жиілігі жалпы популяцияда > 50 жастағы 100 000 еркекке шаққанда 2,5-11,8 жағдайды құрайды. Бір немесе екі көз де нашарлай немесе кенеттен көрмей қалған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет. КЖАЕАИН жағдайы болған адамда КЖАЕАИН қайталану қаупі жоғары. Сондықтан дәрігерлер осындай пациенттермен осы қауіпті талқылағаны, сондай-ақ оларға ФДЭ5 тежегіштерінің жағымсыз әсерлерінің болуы мүмкін екендігін талқылағаны жөн. Мұндай пациенттерде Могинин® препаратын қоса, ФДЭ5 тежегіштері ұсынылмайды.

Тұқым қуалайтын пигментті ретиниті бар пациенттердің көбісінде көздің торқабығының фосфодиэстераза функциясының генетикалық тұрғыдан детерминацияланған бұзылулары бар. Пигментті ретиниті бар науқастарда силденафилді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан силденафилді сақтықпен қолданған жөн.

Альфа-адреноблокаторлармен бір мезгілде қабылдау

Альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір мезгілде қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайы силденафилмен емді бастағанға дейін тұрақты болуы тиіс. Силденафилдің төмен 25 мг дозаларымен емдеуді бастауының мақсатқа лайық екендігін қарастырған жөн. Бұдан басқа, дәрігерлер пациенттерге постуральді гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда не істеу керектігіне кеңес беруі керек.

Қанның ұйығыштығына ықпалы

Адамның тромбоциттерін пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер силденафил натрий нитропруссидінің (азот тотығының доноры) агрегацияға қарсы әсерін күшейтетінін айғақтайды. Қанның ұюы бұзылған немесе пептикалық ойық жарасы бар пациенттерде силденафилді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәлімдемелер жоқ, сондықтан силденафилді сақтықпен қолданған жөн.

Силденафилді қоса, барлық ФДЭ-5 тежегіштерін пайдаланып жүргізілген кейбір постмаркетингтік және клиникалық зерттеулерде пациенттердің естуінің кенеттен төмендегені немесе жоғалғаны жөнінде мәлімделді. Осы науқастардың көпшілігінде осы патологияның даму қаупінің факторлары болды. ФДЭ-5 тежегіштерін пайдалану мен естудің кенеттен нашарлауы немесе жоғалуы арасында себеп-салдарлық байланыс байқалған жоқ. Есту кенеттен төмендеген немесе жоғалған жағдайда пациенттерге силденафилмен емдеуді тоқтатуға және дәрігерден дереу кеңес алуға нұсқау берген жөн.

Ұрпақ өрбіту функциясы, жүктілік және емшекпен емізу

Силденафил әйелдерге қолдануға арналмаған.

Пероральді түрде енгізгенде егеуқұйырықтар мен үй қояндарының ұрпақ өрбіту функциясына силденафилдің ықпалына жүргізілген зерттеулерде тератогендік әсерлер, фертильділігінің нашарлауы және пери- және постнатальді дамуға жағымсыз ықпалы байқалған жоқ.

Жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты қолдануға тиісті және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Силденафилді қабылдау аясында автомобильді немесе басқа да техникалық құралдарды басқару қабілетіне қандай да болсын теріс ықпалы байқалған жоқ, алайда препаратты қабылдаған кезде АҚ төмендеуі, хроматопсия дамуы, көрудің тұмандануы мүмкін болғандықтан, аталған жағдайларда, әсіресе емнің басында және дозалау режимін өзгерткенде препараттың жекелей әсерін мұқият қадағалаған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялар жиілігі (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру сезімінің бұзылуы) артады.

Емі - симптоматикалық.

Гемодиализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий форматурасынан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 немесе 4 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.», СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.», Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Дәрі-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО, тел/факс: 295-26-50; 295-26-55

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды поштасы)

«Дәрі-Фарм» ЖШС (Қазақстан), Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО, Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54), Факс: 295-26-55 

Электронды поштасы: mtt@kusumhealthcare.kz

  

Прикрепленные файлы

512962021477976196_ru.doc 113.5 кб
698602331477977442_kz.doc 160 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники