Млекоин

Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017381
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Млекоин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық 10 г түйіршіктер

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді заттар: Pulsatilla pratensis (Pulsatilla) C200, Vitex agnus-castus (Agnus-castus) C50, Urtica urens C200.

қосымша зат: гомеопатиялық түйіршіктер (қант түйіршіктері)

 
   

Сипаттамасы

Пішіні шар тәрізді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, біртекті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G02CХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Осы заманғы физика-химиялық талдау әдістерінің сезімталдығы (газ-сұйықтықты хроматография, тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықта, ағзалар мен тіндерде белсенді заттардың өте аз мөлшерін бағалауға мүмкіндік бермейді, осыдан Млекоин препаратының фармакокинетикасын техникалық тұрғыда зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамын кіретін компоненттеріне негізделген.

Млекоиннің құрамындағы Pulsatilla pratensis есебінен препарат табиғаты психосоматикалық гипо- және агалактиясы бар әйелдерге оң әсер көрсетеді, сонымен қатар қантамырлары тонусының ұлғаюы салдарынан емізу кезінде сүттің бөлінуін жақсартады.

Препарат құрамында Vitex agnus-castus болуы сүт бездерін сүттің бөлінуіне даярлауға ықпал етеді.

Urtica urens сүт бездерінің бөліп шығару функциясын көтермелейді.

Млекоин белсенді заттардың әсері нәтижесінде емшек сүтінің мөлшерін ұлғайтады және емшекпен емізу уақытын ұзартады.

Қолданылуы

Препаратты емізетін әйелдерде емшек сүтінің жеткіліксіздігінде (ерте гипогалактияда) қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Гомеопатиялық түйіршіктер. Ішке, тамақтануға дейін 30 минут бұрын, бір қабылдауға 5 түйіршіктен. Түйіршіктерді толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек.

Емдеуді босанғаннан кейінгі алғашқы 1-1,5 аптада бастаған дұрыс.

Препаратты бүкіл лактация кезінде күн сайын 2 рет таңертең және кешке қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты белгіленген көрсетілім және белгіленген дозалар бойынша пайдаланғанда қазіргі уақытқа дейін жағымсыз әсерлері анықталмаған.

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат құрамына кіретін компоненттерге жекелей жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезге дейін басқа да дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін кездейсоқ артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г түйіршіктен алюминий фольга негізінде біріктірілген материалдан жасалған пакеттерде.

1 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;

Ресей Федерациясы, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Алматы қ., Сейфуллин к-сі 498, 507 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: kz@dep.materiamedica.ru

Прикрепленные файлы

425993121477976406_ru.doc 43.5 кб
817701551477977614_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники