Митотан (Митотан)

МНН: Митотан
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Митотан
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026056
Информация о регистрации в РК: 03.11.2022 - 03.11.2027
Номер регистрации в РБ: 11110/22
Информация о регистрации в РБ: 06.05.2022 - 06.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

МИТОТАН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Митотан

Дәрілік түрі, дозалануы

Таблеткалар, 500 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық препараттар. Митотан.

АТХ коды L01XX23

Қолданылуы

Бүйрек үсті безі қыртысы обырының үдемелі (операция жасауға болмайтын, метастаздық немесе қайталанатын) түрін симптоматикалық емдеу.

Митотанның бүйрекүсті безінің гормон өндірмейтін обырына әсері анықталған жоқ.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Әсер етуші затқа, сондай-ақ препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • Бала емізу кезеңі

  • Бүйрек және / немесе бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

  • Спиронолактонды бір мезгілде қабылдау

  • Жүктілік

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Емдеу басталғанға дейін ісік некрозы мен қан кету қаупін азайту үшін (митотанның жылдам цитоуытты әсеріне байланысты) ірі метастаздарды хирургиялық жолмен митотан қабылдағанға дейін мүмкіндігінше ертерек алып тастау керек.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Спиронолактон: митотанды спиронолактонмен бір уақытта қабылдауға болмайды, өйткені ол митотанның әсерін тежеуі мүмкін.

Варфарин және кумарин тәрізді антикоагулянттар: митотан бауырдың микросомалық ферменттерінің индукциясы арқасында варфариннің метаболизмін жеделдететіні, бұл варфариннің талап етілетін дозасының ұлғаюына әкелетіні атап өтілді. Осылайша, кумарин тәрізді антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер митотанды қабылдаған кезде антикоагулянттардың қажетті дозасын өзгерту үшін пациенттерді мұқият қадағалау керек.

Р450 цитохромдарының әсерімен метаболизденетін заттар: митотанның Р450 (3А4) цитохромы жүйесінің ферменттеріне индукциялайтын әсері бар екені көрсетілген, осыған байланысты Р450 цитохромының әсерімен метаболизденетін заттардың плазмадағы концентрациясы өзгеруі мүмкін.

Р450 ерекше изоферменттері туралы ақпарат болмаған жағдайда, осы ферменттік жүйенің қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттарды, оның ішінде құрысуға қарсы дәрілерді, рифабутинді, рифампицинді, гризеофульвинді және шілтер жапырақты шайқурайды (Hypericum perforatum), сунитинибті және мидазоламды бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттар: жоғары концентрациядағы митотан орталық жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен спецификалық фармакодинамикалық өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ақпараттың болмауына қарамастан, митотанды орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындаған кезде мұндай өзара әрекеттесудің ықтимал мүмкіндігі туралы есте сақтау қажет.

Майға бай тағам митотанның сіңуін күшейтеді.

Гормонды байланыстыратын ақуыздар: митотан гормонды байланыстыратын ақуыздардың плазмадағы деңгейін жоғарылататыны дәлелденді (мысалы, жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулин және глюкокортикостероидтарды байланыстыратын глобулин), мұны гормонды талдау нәтижелерін түсіндіргенде ескеру керек. Сонымен қатар, бұл гинекомастияға әкелуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Тіндерде митотанның жиналуы: Митотан үшін депо-резервуар ретінде қызмет ететін майлы тін жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына және митотанның жиналуына ықпал етеді. Осыған байланысты, тіпті препараттың өзгермейтін дозасын қабылдау аясында оның концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Салмағы артық пациенттерде плазмадағы митотан деңгейін мұқият бақылау және сақтық таныту ұсынылады.

Бүйрекүсті безі функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупі: Гормон өндірмейтін ісігі бар барлық пациенттерде және гормон өндіретін ісігі бар пациенттердің 75 %-ында бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің белгілері дамиды. Мұндай пациенттерге алмастырушы стероидты терапия қажет болуы мүмкін. Митотан плазмадағы стероидты байланыстыратын ақуыздардың деңгейін жоғарылататындықтан, стероидты алмастыру режимін оңтайлы таңдау үшін бос кортизол мен кортикотропин деңгейін өлшеу қажет.

Шок, ауыр жарақат немесе қатар жүретін инфекциялардың дамуы: шок жағдайы, ауыр жарақат немесе инфекция пайда болғаннан кейін митотанды қабылдауды дереу тоқтату керек, өйткені оның негізгі әсері бүйрекүсті безі қыртысының функциясын басу болып табылады. Сонымен қатар, экзогендік стероидтарды тағайындау қажеттілігі пайда болуы мүмкін, өйткені функциясы нашарлаған бүйрекүсті бездері стероидты өндіруді бірден бастай алмайды. Жедел адренокортикалық жеткіліксіздіктің даму қаупінің жоғарылауына байланысты пациенттер жарақат алған, әртүрлі инфекциялар дамыған немесе басқа қатарлас аурулар пайда болған жағдайда дереу дәрігермен байланысуы керек. Пациенттер «Митотан қабылдайтын пациенттің картасын» алып жүруі керек, онда олар бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігіне бейім және тиісті сақтық шараларын қажет етуі мүмкін екендігі туралы жазылуы тиіс.

Плазмадағы концентрацияны бақылау: оның дозалау режимін түзету қажеттілігін бағалау үшін, әсіресе жоғары бастапқы дозаны тағайындау қажет болған кезде плазмадағы митотанның мөлшерін бақылау қажет. Дозаны түзету 14-20 мг/л диапазонында берілген емдік деңгейге жету және спецификалық жағымсыз реакциялардың дамуын болдырмау үшін қажет болуы мүмкін.

Бауыр немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде митотанды қауіпсіз пайдалануға арналған деректер жеткіліксіз. Бауыр немесе бүйрек функциясының әлсіз немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақ болу және плазмадағы митотан деңгейін неғұрлым мұқият бақылау ұсынылады.

Митотан қабылдайтын пациенттерде гепатоуыттылық байқалды. Бауырдың зақымдану жағдайлары (бауыр-жасушалық, холестаздық және аралас гепатиттің көріністері), сондай-ақ аутоиммунды гепатит байқалды. Бауыр функциясына («бауыр» трансаминазаларының белсенділігі, билирубин деңгейі), әсіресе емдеудің алғашқы айларында немесе дозаны арттыру қажет болған жағдайда мерзімді мониторинг жүргізу қажет.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: митотанның жоғары дозаларын үздіксіз ұзақ қабылдау мидың қайтымды зақымдануына әкелуі мүмкін. Мінез-құлық және неврологиялық симптомдарға, әсіресе плазмадағы митотан деңгейі 20 мг/л-ден асса, тұрақты аралықпен мониторинг жүргізу қажет.

Қан мен лимфа жүйесінің тарапынан бұзылулар: митотанды қабылдау қанның барлық жасушаларына әсер етуі мүмкін. Лейкопения (нейтропенияны қоса), анемия және тромбоцитопения жағдайлары жиі кездеседі. Митотанды қабылдау кезінде эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер санын бақылау қажет.

Қанның ұюы: митотан қабылдайтын пациенттерде қан кету уақытының ұлғаюы байқалды. Бұл фактіні хирургиялық араласу қажеттілігін қарастырған кезде ескеру қажет.

Варфарин және кумарин тәрізді антикоагулянттар: Кумарин тәрізді антикоагулянттарды қабылдау аясында пациенттер митотанды қабылдаған кезде шамадан тыс гипокоагуляция белгілерін уақытылы анықтау және антикоагулянттарды дозалау режимін тиісті өзгерту үшін қанның ұю жағдайын мұқият бақылау қажет.

Р450 цитохромдарының, әсіресе 3А4 цитохромдарының әсерімен метаболизденетін заттар: Митотан бауыр ферменттерінің стимуляторы болып табылады және бауыр ферменттерінің белсенділігіне әсер ететін дәрілік препараттармен бірге қолданғанда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бала көтеретін жастағы әйелдер митотанды қабылдау кезінде тиімді контрацепцияны қолдануы тиіс.

Пременопаузадағы әйелдер: аналық бездердің макроцисталарының дамуы көбінесе осы топта байқалады. Кейбір жағдайларда асқынулар туралы хабарланды (цистаның бұратылуы және геморрагиялық жарылуы). Митотанды қабылдауды тоқтатқаннан кейін жақсару байқалды. Әйелдер гинекологиялық симптомдар пайда болған кезде, мысалы, кіші жамбаста қан кету және/немесе ауырсыну кезінде шұғыл түрде дәрігерге көрінуі керек.

Балалар: балалар мен жасөспірімдерде митотанды қабылдаған кезде жүйке-психикалық тежелу байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда митотанды қабылдауға байланысты қалқанша безінің мүмкін болатын зақымдануын анықтау үшін қалқанша безінің функциясын бағалау қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 300 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды шайнамай, сумен ішіп қабылдау керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты тәулік уақытына және/немесе тамақтануға байланысты қабылдау туралы ұсыныстар жоқ.

Емдеу ұзақтығы

Митотанмен емдеуді клиникалық көрсеткіштер жақсарғанға дейін жалғастырады. Егер оңтайлы дозаны қабылдағаннан кейін 3 айдан соң клиникалық көрсеткіштердің жақсаруы байқалмаса, емдеуді толығымен тоқтату керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Митотанның артық дозалануы, әсіресе, егер қан плазмасындағы митотан деңгейі 20 мг/л-ден асса, орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларға әкелуі мүмкін.

Артық дозаланудың даму қаупі жоғары пациенттерде (мысалы, бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, семіздікке шалдыққан пациенттерде немесе жақында салмақ тастаған пациенттерде) плазмадағы митотан деңгейін бақылау кезеңділігін арттыру (мысалы, әрбір 2 апта сайын мониторинг жүргізу) ұсынылады.

Артық дозаланудың ықтимал симптомдары: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар.

Емі: Митотанмен артық дозалану кезінде көрсетілген арнайы антидоттар жоқ. Митотанның ұзақ жартылай шығарылу кезеңі мен липофильді табиғатын ескере отырып пациентті мұқият бақылау қажет, қалпына келтіру үшін бірнеше апта қажет болуы мүмкін. Басқа реакцияларды симптоматикалық емдеу керек.

Митотанның жоғары липофильдігіне байланысты оның диализ арқылы шығу мүмкіндігі екіталай.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Қауіпсіздік деректері әдеби мәліметтерге негізделген (негізінен ретроспективті зерттеулер). Митотан қабылдаған пациенттердің 80% - дан астамында жағымсыз реакциялардың кем дегенде бір түрі байқалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жіктемесіне сәйкес жағымсыз реакциялар олардың даму жиілігіне сәйкес ұсынылған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000) және өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз – қолда бар деректер бойынша туындау жиілігін белгілеу мүмкін болмады.

1-кесте: Әдебиет деректері бойынша анықталған жағымсыз реакциялардың жиілігі

Жүйелік-ағзалық класс

Жағымсыз реакция

Өте жиі

Жиі

Белгісіз

Зертханалық көрсеткіштер тарапынан бұзылулар

«Бауыр» ферменттерінің белсенділігінің артуы

Плазмадағы холестерин деңгейінің жоғарылауы

Плазмадағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

Қандағы несеп қышқылы деңгейінің төмендеуі

Қандағы андростендион мен тестостерон деңгейінің төмендеуі (әйелдерде)

Жыныстық гормон байланыстыратын глобулин деңгейінің жоғарылауы

Қандағы байланыспаған тестостерон деңгейінің төмендеуі (ерлерде)

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Лейкопения

Қан кету уақытының ұзаруы

Анемия

Тромбоцитопения

Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар

Атаксия

Парестезия

Вертиго

Ұйқышылдық

Ақыл-ой қызметінің төмендеуі

Полиневропатия

Қозғалыс бұзылыстары

Бас айналу

Бас ауыру

Тепе-теңдіктің бұзылуы

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Макулопатия

Торқабықтың уытты зақымдануы

Қосарлану

Көзбұршақтың бұлыңғырлануы

Бұлыңғыр көру

Асқазан-ішек бұзылулары

Мукозит

Құсу

Диарея

Жүрек айнуы

Эпигастрий аймағындағы ауырсыну

Гиперсаливация

Дисгевзия

Диспепсия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Геморрагиялық цистит

Гематурия

Протеинурия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Тері бөртпесі

Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Миастения

Эндокриндік бұзылулар

Бүйрекүсті бездері қыртысының гипофункциясы

Қалқанша без функциясының бұзылуы

Гипогонадизм (ерлерде)

Метаболизм және тамақтанудың бұзылуы

Анорексия,

Гиперхолистеринемия,

Гипертриглицеридемия

Гиперурикемия

Инфекциялар мен инвазиялар

Шартты-патогенді флорадан туындаған микоздар

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Артериялық гипертензия

Ортостаздық гипотензия

Тері жамылғыларының гиперемиясы

Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар

Астения

Гиперпирексия

Жайылған ауырсыну сезімі

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Аутоиммунды гепатит

Бауырдың зақымдануы (бауыр-жасушалық/ холестаздық / аралас)

Репродуктивті жүйе және сүт бездері тарапынан бұзылулар

Гинекомастия

Овариальды макроцистер

Психикалық бұзылулар

Сананың шатасуы

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Көбінесе асқазан-ішек бұзылыстары байқалады (пациенттердің 10%-ынан 100%-ына дейін). Бұл бұзылулар дозаны азайтқан кезде қайтымды. Осы реакциялардың кейбіреулері (анорексия) орталық жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулардың бастапқы көрінісі болуы мүмкін.

Жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз реакциялар пациенттердің шамамен 40%- ында пайда болады. Орталық жүйке жүйесінің тарапынан басқа жағымсыз реакциялар да белгілі, мысалы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, агрессивтілік, орталық вестибулярлық синдром, артикуляцияның бұзылуы және Паркинсон синдромы. Күрделі жағымсыз реакциялар митотанның кумулятивтік әсерімен байланысты (ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды қабылдау) және көбінесе плазмадағы митотанның концентрациясы 20 мг/л-ден асқан кезде пайда болады. Жүйке жүйесінің тарапынан жағымсыз реакциялар қайтымды болып табылады және әдетте митотанды қабылдауды тоқтатқаннан және оның плазмадағы концентрациясы төмендегеннен кейін жоғалады.

Пациенттердің 5% -25% - ында байқалатын тері бөртпесі қабылданған дозаның мөлшеріне байланысты емес.

Лейкопения пациенттердің 8% -12%-ында байқалады.

Қан кету уақытының ұзаруы жиі пайда болады (90%): мұндай реакцияның нақты механизмі белгісіз және оның митотанмен немесе негізгі аурумен байланысы түсініксіз болса да, митотанмен ем қабылдайтын науқастарда хирургиялық араласудың қажеттілігін қарастырған кезде мұны ескеру керек.

«Бауыр» транаминазаларының белсенділігі (ГГТ, аминотрансфераза, сілтілі фосфатаза) әдетте артады. Аутоиммунды гепатит пациенттердің 7%-ында байқалады. Митотан дозасы төмендеген кезде «бауыр» транаминазаларының белсенділігі қалыпқа келеді. Холестаздық гепатиттің даму жағдайы анықталды.

Осылайша, митотанды қабылдаудан туындаған бауырдың зақымдану мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Гипогонадизм: ерлерде гипогонадизм байқалады (гинекомастия, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, фертильділіктің бұзылуы сияқты белгілері бар).

Менопауза алдындағы әйелдер.

Аналық бездердің қатерсіз макроцисталардың даму жағдайлары сипатталған (кіші жамбастағы ауырсыну, қан кету сияқты симптомдармен).

Балалар.

Митотанды қабылдаған кезде нейро-психикалық дамудың баяулауы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда митотанды қабылдаумен байланысты гипотиреоздың даму мүмкіндігін жоққа шығару үшін қалқанша безіне зерттеу жүргізу керек. Өсудің тежелуі де байқалуы мүмкін. Бір жағдайда балада ем басталғаннан кейін 5 айдан соң энцефалопатия байқалды; бұл жағдай плазмадағы митотан деңгейінің 34,5 мг/л дейін артуымен байланысты болды. Митотанды тоқтатқаннан кейін 6 айдан соң организмнен шығару аясында пациент клиникалық сауықты.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz.

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – митотан 500 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий карбоксиметилкрахмалы, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ұзынша екі беті дөңес, сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған басылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2, 3, 4, 5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

«НАНОФАРМА ДЕВЕЛОПМЕНТ» ЖШҚ, Ресей

Заңды мекенжайы: Татарстан Республикасы, Қазан қ., Восстания к-сі, 102-үй.

тел/факс: +7 8 (843) 212-54-90

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Лайф Сайнсес ОХФК» ЖШҚ, Ресей

249033, Калуга облысы, Обнинск қ-сы, Горький к-сі, 4-үй

Тел/факс: (495) 984-28-40/41, (48439) 6-47-41

электронды пошта: info@mirpharm.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Кузнецов В.В.» ЖК

A05K1X0, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шәріпов к-сі, 17 -үй 20-пәтер,

тел. +7 727 238 94 27, моб.тел. +7 776 004 79 67

электронды пошта: phmd.kz@gmail.com

9

Прикрепленные файлы

11110_22_p.pdf 0.99 кб
11110_22_s.pdf 1.93 кб
МИТОТАН_ЛВ_13.09_.202КАЗ_.docx 0.05 кб
1._Проект_ЛВ_МИТОТАН_04_.04_.2022_рус_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники