МИСТИНИН-DF (DOSFARM ТОО)

МНН: Бензилдиметил [3-(миристоиламино) пропил]аммоний хлорид моногидрат
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Четвертичные аммониевые соединения
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023504
Информация о регистрации в РК: 09.08.2021 - 09.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Мистинин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

мирамистин

Дәрілік түрі

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған спрей, 0,01%, 50 мл және 100 мл

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында

белсенді зат - мирамистин (сусыз затқа шаққанда) – 0,1 г,

қосымша зат –1,0 л-ге дейін тазартылған су.

Сипаттамасы

Сілкігенде көбіктенетін түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Төрттік аммоний біріктірілімдері.

ATХ КОДЫ D08AJ.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа және жергілікті қолданғанда мирамистин тері және шырышты қабық арқылы сіңу қабілеті жоқ.

Фармакодинамикасы

Мистинин – DF антибиотиктерге полирезистенттілігі бар ауруханалық штаммдарды қоса, моноөсірінді және микробты ассоциациялар түрінде грамоң және грамтеріс, аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты айқын бактерицидті әсері бар. Препарат грамоң бактерияларға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Streptococcus pneumonia және т.б.) қатысты анағұрлым тиімді, жыныс жолымен берілетін ауру қоздырғыштарына (Chlamydia spp., Treponema spp., Trichomonas vaginalis, Neisseria gonorrhoeae), сондай-ақ герпес вирусына, адам иммун тапшылығына және т.б. әсер етеді. Aspergillus тұқымдас және Penicillum тұқымдас аскомицеттерге, ашытқылық (Rhodoloruba rubra, Torulopsis gabrata және т.б.) және ашытқты тәрізді зеңдерге (Candida albicans, Candida tropicalis, Candida krusei және т.б.), дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton schoenleim, Trichophyton violacent, Epidermophyton Kaufman-Wolf, Epidermophyton floccosum, Microsporum gypseum, Microsporum canis және т.б.), сондай-ақ басқа патогенді зеңдерге, мысалы, Pityrosporum orbiculare (Maiassezia furfur), химиотерапиялық препаттарға резистенттілігі бар зеңдік микрофлораны қоса, моноөсірінді және микробты ассоциациялар түріндегі зеңге қарсы әсер етеді. Инфекция жұқтырған жаралар мен күйіктерді болдырмауда тиімді, регенерация үдерістерін белсендіреді. Гиперосмолярлы айқын белсенділігі бар, соның салдарынан жарақаттық және перифокальді қабынуды бәсеңдетеді, іріңді экссудат сіңіріледі, құрғақ струп қалыптасуына ықпал етеді. Грануляция және тері жасушасының тіршілік етуге қабілеттілігі зақымданбайды, шеткі эпителизацияны бәсеңдетпейді.

Қолданылуы

- хирургия, травматология: іріңдеулер профилактикасы және іріңді жараларды емдеу. Тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну үдерістерін емдеу.

- акушерлік, гинекология: босанудан кейінгі жарақаттардың іріңдеуі, бұтаралық аймақ және қынап жаралары, босанудан кейінгі инфекциялар, қабыну аурулары (вульвовагинит, эндометрит) профилактикасы және емдеу.

- комбустиология: II және IIIA дәрежедегі беткейлік және терең күйікті емдеу, күйік жараларын дерматопластикаға дайындау.

- дерматология, венерология: пиодермия және тері мен шырышты қабықтардың дерматомикозы, кандидозы, табан микозы н емдеу және профилактикасы.

- жыныс жолы арқылы берілетін аурулардың жекелей профилактикасы (оның ішінде мерез, гонорея, хламидиоз, трихомониаз, генитальді герпес, генитальді кандидоз).

- урология: жедел және созылмалы уретриттерді және спецификалық (хламидиоз, трихомониаз, гонорея) және негізі спецификалық емес уретропростатиттерді кешенді емдеу.

- стоматология: периодонтитті, стоматитті емдеу, алмалы-салмалы протездерді гигиеналық өңдеу.

- оториноларингология: жедел және созылмалы отитті, гайморитті, тонзиллитті, ларингитті кешенді емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат қолдануға дайын, әрбір бүркуде 0,12 мл ерітінді шашырайды.

Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта жара мен күйіктің беткейін 0,01 % ерітіндімен суландырады, жараларды және жыланкөздерді жұмсақ тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарды бекітеді. Емдік емшара тәулігіне 2-3 рет 3-5 күн бойы қайталанады. Жаралар мен қуыстарға тәуліктік шығыны 1 л препарат болатын белсенді дренаждау әдісінің тиімділігі жоғары.

Акушерлік-гинекология. Босанудан кейінгі инфекция профилактикасы мақсатында қынаптық суландыру түрінде босануға дейін (5-7 күн), босанғанда әрбір қынаптық зерттеуден кейін және босанудан кейінгі кезеңде 50 мл препараттан препаратпен суландырған тампон түрінде 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қолданылады.

Кесарь тілігін жасау арқылы босандыру кезінде тікелей операция алдында қынапты, операция кезінде – жатыр қуысы мен ондағы кесілген жерді өңдейді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суландырған тампонды 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қынапқа енгізеді. Қабыну ауруларын емдеу препаратқа малынған тампондарды қынап ішіне енгізу, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен 2 апта бойы курспен жүргізіледі.

Венерология. Препарат венерологиялық аурулар профилактикасы үшін, егер ол жыныстық актіден соң 2 сағаттан кешіктірмей қолданса ғана, тиімді. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 минутқа енгізу керек: еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл). Санның ішкі беткейлері терісін, қасағаны, жыныс мүшелерін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат ішінде дәретке баруға болмайды.

Әйелдерге қынапты суландыру үшін Мистинин-DF 50 мл-ден гофрланған құтыда арнайы құрылғымен жиынтықта шығарылады. Қолданар алдында дайын ерітіндімен құтының қалпақшасын арнайы құрылғыға ауыстырып, қынапқа енгізу және құтының түбін басып, 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бүрку керек.

Урология. Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеуде 2-3 мл препаратты уретраға бүркуді күніне 1-2 рет, курсты – 10 күн жүргізеді.

Оториноларингология. Іріңді гаймориттерде – пункция кезінде жоғарғы жақ сүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен шайылады. Тонзиллит, фарингит және ларингитті тамақты тәулігіне 3-4 рет шайып емдейді. Препарат мөлшері бір шаюға 10-15 мл.

Стоматология. Стоматит, гингивит, пародонтит кезінде ауыз қуысын шаю ұсынылады, 10-15 мл препарат тәулігіне 3-4 рет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препараттың тері және шырышты қабық арқылы енбейтінін, жинақталмайтынын және жүйелік әсер етпейтінін ескере отырып, препараттың дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препараттың дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Егде жастағы пациенттер

Препараттың дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

- енгізген орынды жеңіл ашыту сезімі, ол 15-20 сек. соң өздігінен басылады және препаратты тоқтатуды қажет етпейді (жекелеген жағдайларда)

сирек:

- аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жақпаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда соңғыларға микроорганизмдер төзімділігінің төмендеуі байқалған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Балаларда клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға төнетін ықтимал қаупін бағалау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалмаған

Жұтқыншақты суландырғанда аздаған мөлшерде препараттың жұтылып кетуі мүмкін (10 күнде 12 мл аспайтын), бірақ жергілікті және жүйелік уыттылық жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан бүріккіш қондырма мен қорғаныш қалпақшасы бар пластик құтыларға құйылады.

Бір құтыдан тамаққа арналған қосымша қондырмамен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен хром-эрзац картоннан жасалған картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел./факс: (727) 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

Мистинин_рус.doc 0.05 кб
Мистинин_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники