Мистинин-DF (0.01%)

МНН: мирамистин в пересчете на безводное вещество
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023986
Информация о регистрации в РК: 03.01.2019 - 03.01.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Мистинин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 0,01%, 5 мл және 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - мирамистин (сусыз затқа шаққанда) – 0,1 мг

қосымша заттар: натрий хлориді 9.0 мг, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Сезім ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Микробқа қарсы басқа препараттар.

КОД ATX S01AX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа және жергілікті қолданғанда мирамистин тері және шырышты қабық арқылы сіңу қабілетіне ие емес.

Фармакодинамикасы

Мистинин – DF көзге тамызатын дәрісі антибиотиктерге полирезистентті госпитальдік штаммдарды қоса, моноөсірінділер және микробтық ассоциациялар түріндегі грамоң және грамтеріс, аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты айқын бактерицидті әсерге ие. Препарат грамоң бактерияларға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Streptococcus pneumonia және басқа) қатысты тиімдірек. Препарат Chlamydia spp., Treponema spp., Trichomonas vaginalis, Neisseria gonorrhoeae, сондай-ақ на вирусы герпес, адамның иммун тапшылығы вирусына және т.б. қатысты белсенді. Aspergillus тұқымдастарының және Penicillum тұқымдастарының аскомицеттеріне, ашытқы зеңдеріне (Rhodoloruba rubra, Torulopsis gabrata және т.д.) және ашытқы тәрізділерге (Candida albicans, Candida tropicalis, Candida krusei және т.б.), дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton schoenleim, Trichophyton violacent, Epidermophyton Kaufman-Wolf, Epidermophyton floccosum, Microsporum gypseum, Microsporum canis және т.б.), сондай-ақ басқа патогенді зеңдерге, мысалы химиотерапиялық препараттарға резистентті зеңдік микрофлораны қоса, моноөсірінділер және микробтық ассоциациялар түріндегі Pityrosporum orbiculare (Maiassezia furfur) зеңге қарсы әсер етеді. Жаралар мен күюдің инфекциялануын тиімді алдын алады, регенерация үдерісін белсендіреді, іріңдік экссудатты сіңіреді.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы конъюнктивит

- блефароконъюнктивит

- кератит

- кератоувеит

- іріңді-қабыну асқынуларының профилактикасы үшін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде

- көз жарақаттарын емдегенде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат қолдануға дайын.

Жергілікті қолданады. Емдік мақсатта Мистинин-DF көзге тамызатын дәрісін конъюнктива қабына тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан клиниклық сауығуға дейін тамызады.

Профилактикалық мақсатта препаратты операцияға дейін 2-3 тәулік бұрын, сондай-ақ операциядан кейін 10-15 күн бойы тәулігіне 3 рет 1-2 тамшыдан тамызады.

Жағымсыз әсерлер

- аздап шымылдату, жайсыздық, олар 15-20 сек. соң өздігінен кетеді және препарат қолдануды тоқтату керек емес.

сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратты жеке көтере алмау

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілмеді

Айрықша нұсқаулар

Жанаспалы линзаларды тура препарат тамызу алдында шешу және тамызғаннан кейін 15 минуттан соң бірақ тағу керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезінде тағайындау қажет болғанда ана үшін күтілетін пайданы және шаранаға төнетін потенциалды қауіпті бағалау керек.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізуден және аса назар аударуды, психомоторлық реакциялардың жылдамдығын және көзге тамызғаннан кейін 30 минут бойы жақсы көруді талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұрған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалмады

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл және 10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш құтыларда.

Заттаңбалық және жазатын қағаз заттаңба жапсырылған құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан жасалған картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі – 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Мистинин.doc 0.05 кб
мистинин_105323.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту