Мираксидин-DF® (спрей для наружного применения, 0.05%)

МНН: Хлоргексидин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020443
Информация о регистрации в РК: 26.04.2021 - 26.04.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Мираксидин – DF®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спрей, 0,05 % 50 мл, 100 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - хлоргексидин диглюконаты 20 % ерітіндісі - 0,0025 мл,

қосымша зат - тазартылған су

Сипаттамасы

Иісі жоқ, түссіз мөлдір немесе аздап бозаңданатын сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин

АТХ коды D08AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Іс жүзінде асқазан-ішек жолынан сіңбейді. Байқамай 300 мг жұтып қойғаннан кейін Смах (ең жоғары концентрациясына) 30 минуттан соң жетеді және 0,206 мкг/л құрайды. Негізінен нәжістермен (90), 1-дан азы несеппен бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Мираксидин-DF – бұл антисептикалық және зарарсыздандырғыш зат. Химиялық құрылымы бойынша бигумалге жақын және құрамында дихлор бар бигуанид туындысы болып табылады. Әсер ету механизмі микроорганизмнің жасушалық жарғақшалар қасиеттерін өзгерту қабілетіне негізделген. Түзетін хлоргексидин тұзының диссоциациясынан кейін түзілген катиондар теріс зарядқа ие бактериялар қабықшасымен реакцияға түседі. Сонымен бірге препараттың липофильдік топтары бактериялардың липопротеинді жарғақшалар дезагрегациясына мүмкіндік туғызады, нәтижесінде осмостық тепе-теңдік бұзылуы және бактерия жасушаларынан калий және фосфордың жоғалуы орын алады. Препараттың әсер етуімен бактериялардың цитоплазмалық жарғақшаларының бұзылуы және оның осмостық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады, соның салдарынан бактериялар өлімі басталады.

+22oC температурада және 1 минут әсер еткенде бактерицидті әсер береді. +22oC температурада және 10 минут бойы әсер еткенде фунгицидті және вирулицидті әсер береді.

Препарат грамоң және грамтеріс бактериялардың вегетативті түрлеріне, антибиотиктерге полирезистентті госпитальді штаммдарды қосқанда, монокультура және микробты ассоциация түріндегі, аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты белсенді. Венерологиялық ауру қоздырғыштарына: трепанемаға, гонококктарға, трихомонадаға, хламидияларға, герпеске қатысты тиімді. Бактериялардың спораларына тек жоғары температурада ғана әсер етеді. Бактериялардың қышқылға төзімді түрлеріне әсер етпейді.

Аскомициттерге, ашытқы саңырауқұлақтарға, дерматофиттерге, зеңдерге қарсы әсер береді.

Қан, ірің, әртүрлі секреттер мен органикалық заттар бар болғанда белсенділігін (біршама аз болса да) сақтайды.

Қолданылуы

- оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу

- стоматологияда, хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда, іріңді жараларды, күйген беткейлерді, терінің шырышты қабықтарының (гингивит, стоматит, афталар, парадонтит, альвеолит) бактериялық және зеңдік ауруларын өңдеу үшін

- жұқпаланған сыдырылуды және тері сызаттарын өңдеу үшін

- қоғамдық орындарда (бассейнде, саунада) болғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей алдын алу үшін

Қолдану тәсілдері және дозасы

Мираксидин-DF® 0,05% спрейі терінің немесе шырышты қабықтардың зақымданған беткейіне тәулігіне 2-3 рет (1-3 мин экспозициямен) сыртқа және жергілікті бүрку, аппликация түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданады:

Ересектер:

- ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет бүрку түрінде қолдануға тағайындайды

- стоматитті, гингивитті, афталарды, парадонтитті, альвеолитті емдеу кезінде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығын шаю немесе препаратқа малынған тампонмен аппликация жасау керек.

- тері жабындарын, жараларды және ойылуларды өңдеген кезде Мираксидин-DF® спрейін ылғалдандыру үшін зақымданған жерлерге шашады жеткілікті мөлшерде бүркемелейді немесе онымен тампонды суландырып алып жараға немесе ойылған жерлерге қояды.

- қоғамдық орындарда (бассейнде, саунада) болғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей алдын алу үшін Мираксидин-DF® спрейін ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде қолдың және аяқтың таза және құрғақ беткейіне бүркемелейді немесе онымен тампонды суландырып алады және сүртеді

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- стоматитті, гингивитті, афталарды, парадонтитті, альвеолитті емдеу кезінде ауыз қуысының тек қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонды қою керек

- тері жабындарын, жараларды және ойылуларды өңдеген кезде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған жерлерге ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе онымен тампонды суландырып алып жараға немесе ойылған жерлерге қояды

- қоғамдық орындарда (бассейнде, саунада) болғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей алдын алу үшін Мираксидин-DF® спрейін ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде қолдың және аяқтың таза және құрғақ беткейіне бүркемелейді немесе онымен тампонды суландырып алып сүртеді

Қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, оның айқындылығына байланысты және дәрігер анықтайды.

Ауыз қуысы ауруын емдеу кезінде препаратты тамақ қабылдағаннан кейін қолдану керек.

Мираксидинмен-DF® коньюктиваны өңдеу үшін және денені шаю, терең жараларды және күюлерді өңдеу үшін пайдалануға болмайды.

Тыныс алу жолдарына түсіріп алмау үшін препаратты абайлап қолдану керек!

Жағымсыз әсерлері

жиі

  • 3-5 минут бойы қол терісінің жабысқақтығы

сирек

  • терінің құрғауы және қышуы

  • дерматит

  • тістердің боялуы

  • тіс тасының жиналуы

  • дәм сезімінің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)

өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

  • фотосенсибилизация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • аллергиялық реакцияларға бейімділік

  • дерматиттер

  • хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы

  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мираксидин-DF® сабынмен, сондай-ақ құрамында анион тобы бар детергенттермен (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) үйлеспейді. Құрамында катион тобы бар препараттармен (бензалконий хлолридімен, цетримоний бромидімен) үйлеседі.

Карбонаттармен, хлоридтермен, цитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен үйлесімсіз, 24 сағат өткеннен кейін қиын еритін тұнба түзеді.

Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.

Этанол препараттың антисептикалық белсенділігін күшейтеді.

Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ми, ми қабықшалары бетіне және барабан қуысына түсіп кету қаупіне байланысты, бас сүйек-ми жарақаты ашық, жұлыны зақымданған, барабан жарғағы тесілген емделушілерге қолданбау керек.

Мираксидин-DF® басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.

Препаратты сыртқа қолданған кезде сабынның қалдығын мұқият шайып, таза құрғақ теріге жағу керек.

Мираксидин-DF® конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю үшін, терең жаралар мен күйіктерді өңдеу үшін қолданбаған жөн.

Препарат тиген киімді, оларда қоңыр дақ пайда болуы мүмкіндігіне байланысты, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқа да қосылыстардың әсерінен сақтау керек.

Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда оларды сумен тез және мұқият шайған жөн.

Балалар жасында

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Мираксидин-DF® спрейін бүрку түрінде тек тері жабындарын, жаралар мен ойық жараларды өңдеу кезінде ғана қолдану керек. Ауыз қуысы ауруларын емдеу кезінде тампон көмегімен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала емізетін аналарға және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакцияның даму қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратпен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.

Емі: Мираксидин-DF® препараты абайсызда ішке түссе, сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе көп мөлшерде суды қолдана отырып асқазанды шаю және адсорбенттер (белсенділендірілген көмір) қолдану керек. Қажет болған жағдайда белгілеріне қарай ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бүріккіш қондырғысы және қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыларға 50 мл немесе 100 мл препараттан құйылған. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықтарымен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3 (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

684736871477976775_ru.doc 62.5 кб
785062941477977945_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники