Мираксидин-DF® ФОРТЕ (1%, Dosfarm)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мираксидин–DF® ФОРТЕ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоргексидин
Дәрілік түрі, дозалануы
0.2%, 0.5%, 1% сыртқа қолдануға арналған ерітінді 50 мл және 100 мл-ден
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялаушы препараттар. Бигуанидтер мен амидиндер. Хлоргексидин
АТХ коды D08AC02
Қолданылуы
Әр түрлі инфекциялар кезінде, антисептикалық өңдеу және дезинфекциялау үшін емдеу-профилактикалық құрал ретінде.
0.2 % ерітінді:
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы (жыныстық актіден кейін 2 сағаттан кешіктірмей) (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, гонорея, мерез, генитальды герпес); тері қабаттарын зарарсыздандыру (қажалу, жарылу); іріңді жаралар, инфекция жұққан күйіктер, терінің және несеп - жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарының бактериялық және зеңді аурулары, стоматологияда (шаю және сулау - гингивит, стоматит, афт, пародонтит, альвеолит), емдеу-диагностикалық емшараларды жүргізу кезінде гинекологиядағы жыныс жолдарын өңдеу және санациялау үшін, алмалы-салмалы протездерді дезинфекциялау үшін.
0.5 % ерітінді:
Жаралар мен күйік беттерін өңдеу; инфекция жұққан қажалуларды, тері жарықтарын және ашық шырышты қабықтарды өңдеу. 70°С температурада медициналық құралды стерилизациялау; аспаптардың (оның ішінде термометрлердің) жұмыс беттерін және термиялық өңделуі қажет емес жабдықтарды дезинфекциялау.
1 % ерітінді:
Термометрлерді, медициналық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс беттерін дезинфекциялау, термиялық өңдеу қажет емес, операциялық алаңды және операция алдында хирургтың қолын өңдеу, теріні дезинфекциялау, операциядан кейінгі және күйік жараларын өңдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аллергиялық реакцияларға бейімділік
- дерматиттер
- хлоргексидинді жекелей көтере алмаушылық
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Бас сүйек ми жарақаты, жұлынның зақымдануы, барабан жарғағының тесілуі бар пациенттерде жараның ішіне препараттың түсуінен аулақ болу керек.
Көздің шырышты қабығына тиген жағдайда тез және мұқият сумен жуу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фармацевтикалық сабынмен, сілтілермен және басқа да анионды қосылыстармен (коллоидтер, гуммиарабик, карбоксиметилцеллюлоза) үйлеспейді.
Құрамында катион тобы бар препараттармен үйлесімді (бензалконий хлорид, цетримония бромид). Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, гентамицинге, цефалоспоринге сезімталдығын арттырады.
Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.
Егер сіз жоғарыда аталған немесе басқа да дәрілік препараттарды (оның ішінде рецептісіз) қолдансаңыз, қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Инвазивті емшаралардан бұрын нәрестелерде хлоргексидин ерітіндісін (сулы немесе алкогольді) терінің антисептикасы ретінде қолдану химиялық күйіктің пайда болуының белгілі бір қаупімен байланысты. Кенеттен болған репортаж және әдеби деректер негізінде шала туылған нәрестелерде, әсіресе хлоргексидин өмірінің алғашқы екі аптасында қолданылған 32 аптаға дейін туылған балаларда тері реакцияларының жоғары қаупі анықталған болған.
Инвазивті емшараларды бастамас бұрын, хлоргексидинге малынған барлық материалдарды алып тастау керек: бинттер, жаймалар, сүрткілер, халаттар және т.б. Ерітіндінің шамадан тыс мөлшерін пайдаланбаңыз. Пациенттің денесінің астындағы тері қатпарларында баланың терісімен тікелей байланыста болатын материалдарда ерітіндінің жиналуына жол бермеңіз. Егер бұрын хлоргексидинге ұшыраған теріге ауа өткізбейтін таңғыш (окклюзиялық таңғыш) қажет болса, оны қолданар алдында теріде хлоргексидиннің артық ерітіндісі жоқтығына көз жеткізіңіз.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егде жастағы пациенттерде қолдану ерекшеліктеріне қатысты деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Жергілікті, сыртқа.
0.2 % ерітінді:
5-10 мл ерітіндіні терінің немесе несеп-жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарының зақымданған бетіне, ауыз қуысына тәулігіне 1-3 мин 2-3 рет (тампонмен немесе сулау жолымен) жағады. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін (препарат тиімді, егер ол жыныстық актіден кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолданылса) құтының ішіндегісін қондырманың көмегімен несеп шығару каналына ер адамдарға (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл) 2-3 мин енгізу керек. Процедурадан кейін 2 сағат ішінде кіші дәретке бармау ұсынылады. Жамбастың ішкі жақ беткейінің, қасаға, жыныс мүшелерінің терісін өңдеңіз.
0.5 % ерітінді:
Сыртқа сулау, шаю және аппликация түрінде-5-10 мл ерітіндіні тәулігіне 2-3 рет (тампонмен немесе сулау жолымен) 1-3 мин экспозициясы бар терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған бетіне жағады.
Медициналық құралдар мен жұмыс беткейлерді өңдеу препараттың ерітіндісіне суланған таза губкамен немесе суға салып қою жолымен жүргізіледі.
1 % ерітінді:
Хирург қолын антисептик ерітіндісімен өңдеу алдында сабынмен мұқият жуып, сүртіп, қолды антисептикпен мұқият жуып (20-30 мл). Операциядан кейінгі жаралардың терісін өңдеу таза тампонмен жүргізіледі.
Медициналық құралдар мен жұмыс беткейін өңдеу препараттың ерітіндісімен суланған таза губкамен немесе сулау жолымен жүргізіледі.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсыныстары
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар өршісе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес ғана қолданыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Төменде ұсынылған жағымсыз реакциялар кездесу жиілігіне сәйкес көрсетілген.
Өте жиі
- 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақтығы
Сирек
- терінің құрғауы және қышуы
- дерматит
- тістердің боялуы
- тіс тасының шөгуі
- дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеу кезінде)
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
- фотосенсибилизация
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
Дәрілік препараттың құрамы
0.2 % ерітінді:
белсенді зат: Хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі - 0.01 мл.
қосымша зат: Тазартылған су
0.5 % ерітінді:
белсенді зат: Хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі – 0.025 мл.
қосымша зат: Тазартылған су
1 % ерітінді:
белсенді зат: Хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі – 0.05 мл.
қосымша зат: Тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір немесе иіссіз сәл тозаңданатын сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын қақпағы бар пластик тамшылатқыш – құтыларда 50 мл және 100 мл препараттан. Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазуға арналған немесе өздігінен желімденетін қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. Құтылар медицинада қолдануы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге хром-эрзацтан жасалған картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісінсіз
Өндіруші туралы мәліметтер
"DOSFARM" ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 2530388, 2530707,
Электронды поштасы: dosfarm@dosfarm.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
"DOSFARM" ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 2530388, 2530707,
Электронды поштасы: dosfarm@dosfarm.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефоны, факсы, электронды поштасы)
"DOSFARM" ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3.
тел./факс: +7(727) 2530388, 2530707,
Электронды поштасы: dosfarm@dosfarm.kz