Мильгамма® композитум

МНН: Бенфотиамин, Пиридоксин
Производитель: Мауерманн Арцнаймиттель КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015507
Период регистрации: 15.04.2015 - 15.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Мильгамма® композитум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың ішінде

белсенді заттар: бенфотиамин - 100 мг

пиридоксин гидрохлориді - 100 мг,

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, повидон К 30, тальк, толық емес жоғары май қышқылдарының глицериді

қабықтың құрамы: шеллак, сахароза, кальций карбонаты, тальк, қараған ұнтағы, жүгері крахмалы, титанның қостотығы Е 171, коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон К 30, макрогол-6000, глицерин (85 %) (сусызға есептегенде), полисорбат 80, гликольді тау балауызы

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қабықпен қапталған беті тегіс ақ таблеткалар (драже).

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В1витамині және оның В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі. В1 витаминінің В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі.

АТХ коды А11 DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке 100 мг бенфотиаминді қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары деңгейі 102 нг/мл, 1,2 сағаттан кейін жетеді. Бенфотиаминді пероральді қабылдағаннан кейін (ізашар дәрі түріндегі тиамин (В1 витамині)) сіңуі баяу диффузия жолымен және дозаға пропорционалды жүреді. Бұл дозаға тәуелді қосарлы тасымалды тиаминнің басқа суда еритін туындыларынан бенфотиаминнің елеулі айырмашылығы болып табылады, бұл қанығу кинетикасы бар белсенді энерго – және Na+-сіңуі  2 µмоль-ге дейінгі концентрацияда, және баяу диффузия -  2 µмоль дозада жүреді. Тиаминнің суда еритін туындыларынан бенфотиаминнің айырмасы дереу баяу сіңеді, ішекте сіңірілуінің бөгетін жылдам және оңай өткереді, бұл тіпті салыстырмалы түрде аз доза қабылдағанда да қандағы және тіндердегі жоғарырақ концентрациясына алып келеді.

В6 витамині және оның туындылары негізінен асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінде баяу диффузия арқылы сіңіріледі және ағзадан 2-5 сағат ішінде бөлініп шығады. Асқазан резекциясынан кейін және мальадсорбция синдромы бар емделушілерде сіңірілу дәрежесі азаяды. Тоқ ішекте резорбция жүрмейді. Тоқ ішекте микроорганизмдерден түзілген В6 витамині қабылданбайды.

Метаболизмі

Ішектің шырышты қабығы арқылы өту үшін қандағы серозды қабықтан өтуі АТФаза-ға тәуелді беріліс механизмі бары болжанады. Фосфат қалдығын сіңіру үшін фосфорланған тиамин туындыларынан фосфатазамен бөлінуі тиіс.

Сіңірілу бәрінен қарқынды он екі елі ішектің ілмегінде, одан аз – жоғары және орталық аш ішекте жүреді. Бөлініп шығудың негізгі өнімдері - тиамин карбон қышқылы, пирамин, тиамин және әзірге сәйкестендірілмеген метаболиттер қатары болып табылады.

Бенфотиаминді пероральді қолданғанда S-бензоилтиаминге дейін (SBT) дефосфорилирлену ішекте фосфатазамен индукцияланады. SBT майда ериді, және тиісінше өткізудің жоғары дәрежесі бар. Ол сондай-ақ тиаминге елеулі қайта түзілусіз ыдырайды. Тиаминге дейін ферментативті дебензоилирлену және биологиялық белсенді коферменттер тек тым кешеуілдеген сатысында ғана жүреді.

Интактілі жануарларда ауторадиограф көмегімен радиоактивті таңбаланған бенфотиаминнің мида, жүрек бұлшықетінде және диафрагмада жинақталуының ерекше жоғары деңгейін көрсетуге қол жетті.

Пиридоксин гидрохлориді шамамен 60% пиридоксаль-5-фосфат түрінде, 15%-ға дейін пиридоксин түрінде және қан плазмасында көп бөлігінде альбуминмен байланысқан пиридоксал түрінде 14%-ға дейін анықталды. Тасымалдау түрі - пиридоксаль. Жасушалық жарғақша арқылы өту үшін пиридоксаль-5-фосфат альбуминмен байланысады, алкалин-фосфатаза көмегімен пиридоксальға гидролизденеді. Эритроциттерде пиридоксаль фосфат негізінен гемоглобинмен байланысқан. Бауыр тамақпен қабылданатын пиридоксин және пиридоксаминнің трансформациясының негізгі органы болып табылады. В6 витамині бауырда жиналады, 50% жуығы сондай-ақ бұлшықеттерде болады, гликоген-фосфорилазамен байланысады. Пиридоксин сондай-ақ мида жиналады, бұл арадағы қорытылу қанығу үдерісі арқылы жүруі мүмкін. Қан плазмасындағы пиридоксин витамер деңгейі бауырдағы пиридоксин концентрациясын көрсетеді.

Клиренсі

Витаминнің екеуі де негізінен несеппен бөлініп шығады. Бенфотиаминнің жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатқа жуықты, биологиялық жартылай ыдырау кезеңі – 3 аптаға жуықты құрайды. Бөлінудің негізгі өнімдері – тиамин карбонды қышқылы, пирамин, тиамин және бірқатар әзірге сәйкестендірілмеген метаболиттер. Пиридоксин гидрохлоридінің жартылай шығарылу кезеңі пероральді қабылдаудан кейін 2-5 сағатқа жуықты құрайды.

Фармакодинамикасы

Адам ағзасы құрамында 30 мг дейін В1витамині бар тиамин-гетеротропты болып табылады. Зат алмасуының жоғары жылдамдығына және шектеулі мөлшеріне байланысты тиаминді күн сайын оның қажеттілігін жабу үшін жеткілікті мөлшерде қабылдау керек. Адамдағы тиаминге ең төмен қажеттілік 0,2 – 0,3 мг/1000 ккал құрайды. Тиамин тапшылығынан аулақ болу үшін еркектер үшін В1витаминінің ұсынылатын тұтыну мөлшері тәулігіне 1,3-1,5 мг, әйелдер үшін тәулігіне – 1,1 –ден 1,3 мг дейінді құрайды. Жүктілік уақытында тәулігіне 0,3 мг және лактация кезеңінде - 0,5 мг қосымша доза керек.

Адам ағзасындағы В6 витаминінің құрамы 40-150 мг, бұл арада күнделікті бүйрек экскрециясы 1,7 – 2,6 мг немесе 2,2 – 2,4% құрайды.

Қажеттілік ақуыз алмасуына тәуелді және ақуыз тұтынумен бірге өседі. В6 витаминінің еркектердегі тапшылықты жабу үшін тәуліктік қажеттілігі 2,3 мг,әйелдер үшін тәулігіне – 2,0 мг құрайды. Жүктілік кезінде - тәулігіне 1,0 мг және лактация кезеңінде - тәулігіне 0,6 мг қосымша доза керек.

Тиаминнің немесе бенфотиаминнің негізгі коферментті түрі – бұл тиамин дифосфаты (ТДФ). ТДФ көмірсу және энергетикалық метаболизмге қатысатын реакциялардың көбінде, дегидрогеназа α-кетоқышқылы, декарбоксилаза α-кетоқышқылы, фосфокетолаза, транскетолаза жұмысында, пентозофосфатты жолдардың катализделетін реакцияларында кофермент ретінде функцияланады. Коферментті емес функция жүйке тіндерінде анықталды. ТДФ нейрон жасушаларында және қаңқа бұлшықеттері сияқты басқа да қозатын тіндерде концентрацияланады және жүйке стимуляциясында жылдамырақ гидролизденеді. Жүйке жасушаларында қуат өндіру негізінен глюкоза тотығуында жүзеге асатындықтан В1витаминінің жеткілікті қоры нейрондық функция үшін қажет болып табылады. Эксперименталдық/ клиникалық зерттеулер Мильгамма® композитумның В1 тапшылығын жай ғана толтырудың аясынан әлдеқайда ауқымды және бірінші кезекте көмірсу алмасуларының бұзылуын және олардың салдарын емдегендегі тиімділігін анықтады. Диабеттік және алкогольдік полинейропатияны емдеуде бұдан кеңірек деректер бар.

В6 витамині өзінің фосфорланған түрінде (пиридоксаль-5-фосфат, PALP) амин қышқылдарының барлық тотықтандырмайтын алмасуларына кірісті бірқатар ферменттердің коферменті болып табылады. Декарбоксилдену арқылы ол физиологиялық белсенді аминдер (адреналин, гистамин, серотонин, допамин, тирамин) түзілуіне, анаболизмдік және катаболизмдік зат алмасу үдерістеріне (мысалы, глутамат-оксалацетат-трансаминаза, глутамат-пируват трансаминаза, γ-амин май қышқылы, α-кетоглутарат трансаминазасы) трансаминдеу арқылы, сондай-ақ ыдырау мен амин қышқылдары синтезінің әртүрлі типтеріне қатыстырылады.

В6 витамині триптофан метаболизмінің әртүрлі төрт нүктесіне араласады.

В6 витамині гемоглобин синтезімен үйлесімде α-амино-β-кетоадипиялық қышқыл түзілуін катализдейді.

В тобының витаминдері үлкен дозаларында ауыруды басатын және невралгияға қарсы қасиеттерге ие, ол олардың жүйкеге тікелей ауыруды басатын әсер беретін медиаторға әсер етуі себепті. Нейротроптық витаминдер - бенфотиамин (В1) және пиридоксин гидрохлориді (В6) – жүйкенің қабыну және дегенеративті ауруларына және қозғалыс аппаратына оң әсер етеді, қан ағынының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады.

В1 және В6 витаминдерінің жоғары дозалары (тәуліктік қажеттіліктің физиологиялық дозасынан 50-100 есе асатын) ауырғанды басып әсер етеді, бұл серотонин синтезінде В1 витаминінің қатысуымен, сондай-ақ жүйкенің миелинді қабығын қалпына келтіруі есебінен зақымданған жүйке талшықтарын қайта жаңғырту әсерімен түсіндіріледі. Тиамин және оның фосфаттары, сондай-ақ пиридоксин гидрохлориді ақуыздардың жеделдетіп гликолизирленуінің ақырғы өнімдері (AGE-өнімдер) түзілуін тойтара алады, бұл қант диабетінде және диабеттік полинейропатияда глюкоза уыттылығының патогенетикалық маңызды механизмі болып табылады.

Бенфотиамин және пиридоксин уыттылығы төмендігімен және препарат дозасының жақсы жағымдылығымен сипатталады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • невралгияда

  • невритте, омыртқаның мойын-иық бөлігінің ауыру синдромында

  • нейропатия және полинейропатияда (диабеттік, алкогольдік)

  • радикулопатияда, люмбоишалгияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге Мильгамма® композитумды 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет қолдану ұсынылады. В1/В6 витаминдері тапшылығынан туындаған неврологиялық бұзылыстар жағдайында ем басында препарат кемінде 4 апта бойы енгізіледі; диабеттік және алкогольдік полиневропатия жағдайында және ауырсынулы жүйке бұзылыстарының демеуші емінде 4-6 апта бойына.

Жедел жағдайларда, дәрігермен алдын ала кеңесулерден кейін, қабылдау санын тәулігіне 3 рет 1 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін. В6 витаминінің артық түсуіне байланысты нейропатия даму қаупін төмендету үшін тәулігіне 3 рет х 1 таблеткадан режимдегі ем курсының ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс, одан әрі қабылдау санын тәулігіне 1 рет х 1 таблеткаға дейін азайту керек.

В1 және В6 витаминдерінің расталған тапшылығында 4 апта өткеннен кейінгі ем тиімділігі болмауында немесе жеткіліксіздігінде; 4 диабеттік және алкогольдік нейропатияда және ауырсынулы жүйке бұзылыстарын емдеуде 4-6 апта, тиісінше емдеу әдісін қайта қарау керек.

Қабықпен қапталған таблеткаларды судың мол мөлшерімен ішу керек.

Егде жастағы емделушілер

Әдеттегі дозалау ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер

Препарат әдеттегі дозада тағайындалуы мүмкін.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерге қатысты фармакокинетикасы және клиникалық тәжірибе жоқ. Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерге қатысты препарат қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем, тыныс алудың қиындауы, Квинке ісінуі)

  • анафилактикалық шок

  • тахикардия

  • безеу бөртпесі

  • тершеңдік

  • жүрек айнуы, абдоминальді жайсыздық, абдоминальді ауыру, диарея, қарыншалық сөл гиперсекрециясы сияқты асқазан-ішек бұзылыстары

Белгісіз

  • шеткергі сенсорлық нейропатия (6 айдан астам ұзақ қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы,

глюкоза-галактоза сіңірілуі бұзылуы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиаминнің 5-флуорурацилмен белсенділігі жойылады, өйткені 5-флуорурацил тиаминнің тиамин пирофосфатына фосфорлануын тежейді.

Вб витаминінің емдік дозалары левопода әсерін төмендетеді (L-dopa). Сондай-ақ циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, эпинефринмен, норэпинефринмен, сульфонамидтармен өзара әрекеттесулер жүруі мүмкін, ол пиридоксин тиімділігін төмендетеді. Пиридоксин антагонистерін бір мезгілде қолдану (мысалы, гидралазин, изониазид, D-пеницилламин, циклосерин), алкоголь және құрамында эстроген бар оральді контрацептивтерді ұзақ қолдану В6 витаминінің тапшылығына алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Мильгамма® композитумды ұзақ қабылдау (6 айдан астам уақыт бойына) нейропатия дамуын туындатуы мүмкін. Пиридоксинді үлкен дозаларда қолданумен ұзақ уақыт ем қабылдау нейроуытты әсерлерге алып келуі мүмкін, олар қайтымды, егер олар білінгеннен кейін дереу пиридоксиннің шамадан тыс дозаларын қолдану дереу тоқтатылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік уақытында және лактация кезеңінде В1витаминінің ұсынылатын тәуліктік дозасы 1,4 – 1,6 мг, ал В6 витаминінің ұсынылатын тәуліктік дозасы - 2,4 – 2,6 мг құрайды. Ұсынылғаннан астам доза қабылдаудың қауіпсіздігі тексерілмеген. Сондықтан Мильгамма® композитумды жүктілік уақытында қолдануға болмайды.

В1 және В6 витаминдері ана сүтіне өтеді.

B6 витаминінің жоғары дозалары сүт өндірілуіне кедергі болуы мүмкін. Сондықтан Мильгамм® композитум препаратын лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ерекше сақтық шараларын сақтау талап етілмейді.

Артық дозалануы

Бенфотиаминді емдеуге тиісті түрде қолданғанда артық дозалануының біліну ықтималдығы аз.

В6 витаминінің жоғары дозалары қысқа мерзімді қолданғанда (күніне 1г астам дозада) нейроуытты әсерге алып келуі мүмкін. Әдетте артық дозалануы атаксиямен болуы мүмкін, сенсорлы полинейропатия түрінде білінеді. Экстремальді жоғары дозалары құрысу түрінде анықталуы мүмкін. Жоғары седация, гипотония және тыныс алу бұзылуы (диспноэ, апноэ) жаңа туған нәрестелерде және емшек еметін сәбилерде байқалуы мүмкін.

6 айдан астам уақыт бойы қолдану нейроуыттылық әсерлері дамуын туындатуы мүмкін.

Емі:

Егер пиридоксин гидрохлоридінің дене салмағына 150мг/кг астам мөлшерде шамадан тыс көп дозасы қабылданса құстыру керек және белсендірген көмір қабылдау керек. Құстыру препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 30 минутта тиімдірек, қарқынды ем шаралары талап етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбір және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 таблеткадан.

2 немесе 4 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші Мауерманн Арцнаймиттель КГ, Германия, Пёкинг

Қаптаушы Мауерманн Арцнаймиттель КГ, Германия, Пёкинг

Тіркеу куәлігінің иесі

Вёрваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ,

Кальвер штрассе 7, 71034 Бёблинген, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

 

Қазақстан Республикасы және Орта Азиядағы Вёрваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ өкілдігі,

050000, Алматы, Бөгенбай батыр к-сі 148, 303 кеңсе

тел./факс: (727) 311 67 79, 311 67 99

e-mail: info@woerwagpharma.kz

 

Прикрепленные файлы

446930231477976538_ru.doc 78 кб
453369551477977705_kz.doc 87.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники