Милурит® (300 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Милурит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аллопуринол
Дәрілік түрі, дозасы100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Подаграға қарсы препараттар. Несеп қышқылының түзілуін бәсеңдететін препараттар. Аллопуринол.
АТХ коды M04AA01
Қолданылуы
Ересектер:
– гиперурикемияның диетамен бақылауда ұстау мүмкін емес барлық түрлерінде, соның ішінде, шығу тегі әртүрлі салдарлы гиперурикемияда, және гиперурикемияның клиникалық асқынуларында, атап айтқанда, айқын подаграда, ураттық нефропатияда, сондай-ақ, несеп қышқылы кристалдарын еріту және несеп қышқылы (бүйрек тастарының) түзілуінің алдын алу үшін
– егер түрлі сұйықтықтарды қолдану, диета ұстау және сол сияқты шаралардың әсері болмаса, гиперурикемиямен қатар жүретін қайталанатын, аралас кальций оксалаты кристалдарын емдеу үшін
Балалар мен жасөспірімдер:
– шығу тегі әртүрлі, салдарлы гиперурикемияда
– лейкозды емдеуде несеп қышқылынан туындаған нефропатияда
– туа біткен фермент жеткіліксіздігінде, Леш-Найхан синдромында (гипоксантин – гуанин - фосфорибозилтрансферазаның толық немесе ішінара жеткіліксіздігі) және аденин-фосфорибозил-трансфераза жеткіліксіздігінде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі, тек 100 мг таблеткалар үшін – глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы
– жүктілік және бала емізу кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері
6-меркаптопурин және азатиоприн
Азатиоприн 6-меркаптопурин түзе отырып метаболизденеді, ксантиноксидаза ферменті оның белсенділігін жояды. 6-меркаптопуринмен немесе азатиопринмен ем Милурит® препаратымен бірге тағайындалған жағдайда, пациенттерге 6-меркаптопурин немесе азатиоприннің әдеттегі дозасының тек төрттен бірін тағайындау керек, өйткені ксантиноксидаза белсенділігінің бәсеңдеуі осы қосылыстардың әсер ету ұзақтығын арттырады. Егер дозасын төмендетпесе, онда ол дәрілік заттардың сарысудағы концентрациясы уытты деңгейлерге жетуі мүмкін.
Видарабин (аденин арабинозид)
Милурит® препаратымен бір мезгілде қолданғанда видарабиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда емнің уытты әсерлерінің күшеюіне қатысты айрықша сақтық шараларын сақтау қажет.
Салицилаттар және урикозуриялық дәрілер
Аллопуринолдың негізгі белсенді метаболиті бүйрек арқылы несеп қышқылының тұздарымен шығарылатын оксипуринол болып табылады. Сондықтан пробенецид секілді урикозуриялық белсенділігі бар дәрілік препараттар немесе салицилаттардың жоғары дозалары оксипуринолдың шығарылуын күшейтуі мүмкін. Өз кезегінде оксипуринолдың шығарылуының күшеюі аллопуринолдың емдік әсерінің азаюымен қатар жүреді, әйтсе де өзара әрекеттесудің осы түрінің маңыздылығын әрбір жағдайда жекелей бағалау керек.
Хлорпропамид
Милурит® препараты мен хлорпропамидті бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ұзаққа созылатын гипогликемияның даму қаупі артады, өйткені өзекшелік экскреция сатысында аллопуринол мен хлорпропамид өзара бәсекелеседі.
Кумарин туындылары антикоагулянттар
Аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда варфарин және басқа кумарин туындылары антикоагулянттар әсерінің күшейгені байқалды. Осыған байланысты осы препараттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет.
Фенитоин
Аллопуринол фенитоинның бауырда тотығуын бәсеңдетуге қабілетті, алайда, бұл өзара әрекеттесудің клиникалық тұрғыдан маңыздылығы анықталған жоқ.
Теофиллин
Аллопуринол теофиллиннің метаболизмін бәсеңдететіні белгілі. Мұндай өзара әрекеттесуді теофиллиннің адам организміндегі биоөзгерісі үдерісіне ксантиноксидазаның қатысуымен түсіндіруге болады. Теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясын аллопуринолмен қатарлас емдеудің басында, сондай-ақ соңғысының дозасын арттырған кезде бақылау қажет.
Ампициллин және амоксициллин
Ампициллин немесе амоксициллинді және аллопуринолды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде осындай қатарлас емді қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, тері тарапынан реакциялардың даму жиілігінің артқаны тіркелді. Дәрілік өзара әрекеттесудің осы түрінің себебі әзірше анықталмаған. Әйтсе де, аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерге ампициллин мен амоксициллиннің орнына, бактерияға қарсы басқа препараттарды тағайындау ұсынылады.
Цитоуытты дәрілік заттар (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, мехлорэтамин)
Аллопуринолды цитостатикалық препараттармен (циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, алкил галогенидтер сияқты) бір мезгілде қолданғанда, аталған дәрілік заттарды жеке-дара қолданғандағыға қарағанда, қан дискразиялары жиірек дамиды.
Қан жасушаларының санын жүйелі түрде есептеп отыру керек.
Ісік аурулары (лейкемиядан басқа) бар және аллопуринолды қабылдап жүрген пациенттерде циклофосфамид пен басқа цитоуытты препараттардың сүйек кемігі қызметін бәсеңдетуінің күшейгені байқалған. Дегенмен, циклофосфамидті, доксорубицинді, блеомицинді, прокарбазинді және (немесе) мехлорэтаминді (хлорметин гидрохлориді) қабылдайтын пациенттердің қатысуымен жүргізілген, бақыланатын зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, аллопуринолмен қатарлас емдеу осы цитоуытты препараттардың уытты әсерін күшейткен жоқ.
Циклоспорин
Кейбір хабарларға сәйкес, аллопуринолмен қатар емдеу аясында циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің уыттылығының күшеюі мүмкіндігін ескеру қажет.
Алюминий гидроксиді
Аллопуринолды алюминий гидроксидімен бір мезгілде қолданғанда, аллопуринолдың әсері төмендеуі мүмкін. Екі препаратты қабылдау аясында кемінде 3 сағат үзіліс жасау қажет.
Диданозин
Дені сау еріктілер және АИТВ инфекциясы бар, аллопуринолмен қатарлас емдеу (тәулігіне 300 мг) аясында диданозинді қабылдап жүрген пациенттерде, диданозиннің Cmax (препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) және AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) шамамен 2 есе жоғарылағаны байқалды. Бұл кезде диданозиннің жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген. Әдетте, аталған дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер қатарлас емдеусіз болмайтын болса, диданозиннің дозасын төмендету және пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін.
АӨФ тежегіштері
АӨФ тежегіштерін аллопуринолмен бір мезгілде қолдану лейкопения даму қаупінің артуымен қатар жүреді, сондықтан бұл препараттарды сақтықпен біріктіру керек.
Аллопуринолды АӨФ тежегіштерімен, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары кезінде бір мезгілде қолданғанда, аса жоғары сезімталдық қаупінің артқаны сипатталған.
Аллопуринолды каптоприлмен бір мезгілде, әсіресе, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде қолдану тері тарапынан болатын реакциялардың қаупін арттыруы мүмкін.
Диуретиктер
Аллопуринол мен фуросемид арасында қан сарысуындағы ураттар мен плазма оксипуринолының жоғарылауына алып келетін өзара әрекеттесу туралы хабарланды.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде аллопуринолды диуретиктермен, әсіресе, тиазидтермен бір мезгілде қолданғанда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупінің жоғарылағаны туралы хабарлар болды.
Арнайы ескертулер
Аса жоғары сезімталдық синдромы, Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН)
Аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының манифестациясы макулопапулалық экзантеманы, дәріге аса жоғары сезімталдық синдромын (DRESS) және СДС/УЭН қоса, өте алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл реакциялар клиникалық диагноз болып табылады және олардың клиникалық көріністері сәйкесінше шешімдер қабылдауға негіз болып табылады. Тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдық реакциясының басқа көріністері пайда болған жағдайда, Милурит® препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН бар пациенттерде емді қайта жаңғыртуға болмайды. Аса жоғары сезімталдық кезінде тері реакцияларын емдеу үшін кортикостероидтарды қолдануға болады.
HLA-B*5801 аллелі
HLA-B*5801 аллелдерінің болуы аллопуринолдан туындаған СДС/УЭН даму қаупінің факторы болып табылатыны (және, бәлкім, басқа аса жоғары сезімталдық реакцияларының) анықталған, оны Хань қытайлықтар, тайвандықтар, кореялықтар, жапондықтар және еуропалықтар популяциясындағы жағдай-бақылау типті ретроспективті фармакогенездік зерттеулер нәтижелері білдіреді.
HLA-B*5801 аллелінің болу жиілігі Хань қытайлықтар популяциясында 20 %-ға, тайлықтарда 8-15%, корей популяциясында 12%-ға және жапондықтар мен еуропалықтарда 1-2%-ға жетуі мүмкін.
HLA-B*5801 аллелінің таралуының жоғарылығы белгілі пациенттердің қосалқы топтарында аллопуринолмен емді бастағанға дейін HLA-B*5801 аллелі бойынша скрининг жүргізудің талапқа сай болатындығын қарастыру керек. Бүйректің созылмалы аурулары ондай пациенттердегі осы қауіпті қосымша жоғарылатуы мүмкін. Егер Хань қытайлық пациенттерде, тайлықтарда немесе кореялықтарда генотиптелу мүмкіндігі болмаса, онда аллопуринолды, егер емдеудің пайдасы ықтимал жоғары қауіптен асып түсетін болса ғана тағайындау керек. Пациенттердің басқа топтарында аллопуринолмен емдеу туралы шешім қабылдау үшін генотиптеудің қолданылуы зерттелмеген.
Егер пациенттің HLA-B*5801 аллелін тасымалдаушы (әсіресе, Хань қытайлықтары, тайлықтар, кореялықтар) болып табылатындығы белгілі болса, емдеудің талапқа сай басқа ықтимал нұсқалары болмаған жағдайлардан басқасында, аллопуринолмен емді тағайындамау керек.
Аса жоғары сезімталдық синдромының немесе СДС/УЭН белгілеріне қатысты аса сақтық таныту қажет, және пациенттер симптомдары алғаш пайда болғанда аллопуринолмен емдеуді дереу тоқтату қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.
СДС/УЭН этникалық шығу тектеріне байланыссыз, HLA-B*5801 аллельдері жоқ пациенттерде де туындауы мүмкін.
Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы
Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуы бар, диуретиктерді, әсіресе тиазидтерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде аллопуринолды қабылдаумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялардның, соның ішінде СДС/УЭН де дамуының қаупі жоғары.
Аса жоғары сезімталдық синдромын немесе СДС/УЭН дамуын аса мұқият қадағалау керек. Пациенттерге осындай симптомдар алғашқы пайда болғанда емді дереу және біржола тоқтату керектігін айту керек.
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдеуде
Аллопуринолдың дозасын төмендету қажет. Артериялық гипертензияға немесе жүрек жеткіліксіздігіне қатысты ем қабылдап жүрген пациенттерде (мысалы, диуретиктер немесе АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер) бүйрек функциясының қатарлас бұзылуы байқалуы мүмкін, сондықтан пациенттердің осы тобында аллопуринолды сақтықпен қолдану керек.
Симптомсыз гиперурикемия
Симптомсыз гиперурикемия өз алдына жеке аллопуринол препаратын қолдануға көрсетілім болып табылмайды. Ондай жағдайларда пациенттер жағдайының жақсаруына гиперурикемияның негізгі себебін басумен қатар, диетаны және сұйықтықтар қабылдауды өзгертудің арқасында қол жеткізуге болады.
Подаграның жедел ұстамасы
Аллопуринолды қолдануды подаграның жедел ұстамасы толықтай басылғанша бастауға болмайды, өйткені ол аурудың қосымша ұстамасына түрткі болуы мүмкін.
Урикозуриялық дәрілермен емдеудегі сияқты, аллопуринолмен емдеудің басталуы подагралық артриттің жедел ұстамасына түрткі болуы мүмкін. Осындай асқынуларды болдырмау үшін, аллопуринол тағайындағанға дейін кемінде бір ай бойы қабынуға қарсы сәйкес препараттармен немесе колхицинмен профилактикалық ем жүргізу ұсынылады.
Ұсынылған дозалары, сақтандырулар және сақтық шаралары туралы деректерді тиісінше әдебиеттерден табуға болады.
Егер подаграның жедел ұстамасы аллопуринолмен емдеу аясында дамыса, онда препаратты қабылдауды сол дозада жалғастыра беру, ал ұстаманы емдеу үшін қабынуға қарсы стероидты емес қолайлы дәріні тағайындау қажет.
Азатиоприн немесе 6-меркаптопурин
Егер азатиоприннің немесе 6-меркаптопуриннің дозасы бастапқысынан 25%-ға дейін төмендетілмесе, аллопуринолды аталған препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындамау керек.
Ксантиннің жинақталуы
Ураттардың түзілуі айтарлықтай жоғарылаған (мысалы, қатерлі ісік және тиісінше ісікке қарсы ем, Леш-Найхан синдромы) жағдайда, ксантиннің несептегі абсолюттік концентрациясы сирек жағдайда, ксантиннің несеп жолдары тіндерінде жинақталуына ықпал ететін деңгейлерге жетуі мүмкін. Ксантиннің тіндерде жинақталу ықтималдығын талапқа сай гидратацияның арқасында азайтуға болады, ол несептің оңтайлы сұйылтылуын қамтамасыз етеді.
Бүйректегі ураттық тастарға әсері
Аллопуринолмен талапқа сай емдеу несеп қышқылындағы ірі конкременттердің еруіне алып келуі мүмкін, алайда, ол конкременттердің несепағарға кептеліп қалу ықтималдығы аз.
Бүйректің подагралық зақымдануын және ураттық тастарды емдеуде, бөлінетін несептің тәуліктік көлемі кемінде 2 литрді құрауы тиіс, және несептегі рН мәні 6,4-6,8 ауқымында болуы тиіс.
Гемохроматоз
Аллопуринолдың подаграны емдеудегі негізгі әсері ксантиноксидаза ферменті белсенділігінің бәсеңдеуі болып табылады. Ксантиноксидаза бауырда жинақталған темірдің мөлшерінің азаюына және шығарылуына қатысуы мүмкін. Кеміргіштерге жүргізілген кейбір зерттеулерде аллопуринолдың әсерінен жануарлардың организмінде темірдің жинақталғаны көрсетілген, ал басқа зерттеулерде бұл анықталмаған. Дені сау 28 сыналушыдағы зерттеуден аллопуринолды қолданған кезде бауырдағы темір мөлшерінің өзгерістері анықталмады. Гемохроматозы бар пациенттерде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігін көрсететін зерттеулер жүргізілген жоқ. Гемохроматозы бар пациенттерге, сондай-ақ олардың қандас туыстарына аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек.
Қалқанша без функциясының бұзылулары
ТТГ (тиреотропты гормон) мәнінің жоғарылауы (>5,5 мХБ/мл) ұзаққа созылатын ашық қосымша клиникалық зерттеу аясында аллопуринолды ұзақ уақыт бойы қабылдаған пациенттерде (5,8%) байқалды. Қалқанша без функциясының бұзылулары бар пациенттерге аллопуринолды сақ болып тағайындау керек.
Милурит® 100 мг таблеткалар препаратының құрамында лактоза бар
Милурит® 100 мг препаратының әр таблеткасының құрамында - 50 мг лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік немесе лактация кезіндеи
Жүктілік
Бұл препарат көптеген жылдар бойы айқын жағымсыз әсерлерсіз кеңінен қолданылып келе жатқанымен, жүктілік кезінде аллопуринолмен емдеудің қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз
Жүктілік кезінде препаратты қабылдаумен салыстырғанда, қауіптілігі аздау баламалы емі болмаған және ауруы препаратты қабылдаумен салыстырғанда анасы мен шарана үшін зор қауіп төндіретін жағдайларда болмаса, Милурит® препаратын қолдануға болмайды.
Бала емізу кезеңі
Қолда бар хабарларға сәйкес, аллопуринол мен оксипуринол емшек сүтімен бөлініп шығады. Аллопуринолды тәулігіне 300 мг дозада қабылдап жүрген әйелдерде аллопуринол мен оксипуринолдың емшек сүтіндегі концентрациясы, сәйкесінше, 1,4 мг/л және 53,7 мг/л жеткен. Әйтсе де, аллопуринол мен оның метаболиттерінің емшектегі сәбилерге әсері туралы деректер жоқ. Осылайша, Милурит® таблеткалары препараты бала емізу кезінде ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллопуринолмен емдеу аясында көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін ұйқышылдық, теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго) және атаксия секілді жағымсыз реакциялардың дамығаны байқалған. Милурит® препаратын қабылдап жүрген пациенттер, аллопуринолдың осы қабілеттерге жағымсыз әсер етпейтініне көз жеткізгенге дейін көлік құралдары мен механизмдерді басқармауы тиіс.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
Жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету үшін емдеуді бастапқы, тәулігіне бір рет 100 мг дозасынан бастау керек.
Қажет болса, егер қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейі жеткіліксіз төмендесе, бастапқы дозасын біртіндеп арттырады. Егер бүйрек функциясы төмен болса, ерекше сақтық таныту керек («Бүйрек функциясының бұзылулары» қосалқы бөлімін қараңыз).
Препарат дозасын таңдағанда келесі дозалау режимдерін пайдалану ұсынылады:
- аурудың ауырлығы жеңіл дәрежеде болса тәулігіне 100-200 мг
- ауырлық дәрежесі орташа жағдайларда тәулігіне 300-600 мг
- ауыр дәрежелі жағдайларда тәулігіне 700-900 мг.
Егер дозасын есептеуде пациенттің дене салмағына қарау керек болса, онда Милурит® препаратының дозасы тәулігіне 2-ден 10 мг/кг дейінді құрауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен 15 жасқа толмаған жасөспірімдер
Ұсынылатын дозасы тәулігіне 10-20 мг/кг. Төмен дозалары үшін 100 мг таблеткалар пайдаланылады, оларды сызығының көмегімен 50 мг-ден бірдей екі дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы – үш қабылдауға бөлінген 400 мг.
Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемия) және кейбір ферменттік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеу үшін сирек қолданылады.
Егде жастағы пациенттер
Нақты деректер болмаған жағдайда қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясының айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ететін ең төмен тиімді дозасын қабылдау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін және 4.4 бөлімінде аталған кейбір басқа да жағдайларда препарат дозасын таңдаудағы ұсынымдарға айрықша назар аудару қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы әсер етуші зат пен оның метаболиттерінің организмде іркілуіне, кейіннен осы қосылыстардың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келуі мүмкін.
Келесі кесте бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету үшін бағдар қызметін атқарады:
Креатинин клиренсі |
Тәуліктік дозасы |
>20 мл/мин |
Қалыпты дозасы |
10-20 мл/мин |
Тәулігіне 100-200 мг |
<10 мл/мин |
Тәулігіне 100 мг немесе дозалау аралықтарын ұзарту |
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде Милурит® препаратын тәулігіне 100 мг аспайтын дозада қолдану немесе бір күннен асатын аралықта 100 мг-ден бір реттік дозасын пайдалану ұсынылады.
Егер оксипуринолдың қан плазмасындағы концентрациясын бақылауға мүмкіндік болса, онда Милурит® препаратының дозасын оксипуринолдың қан плазмасындағы деңгейі 100 мкмоль/л (15,2 мг/л) төмен болатындай етіп таңдау керек.
Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен гемодиализ арқылы шығарылады. Егер гемодиализ сеанстары аптасына 2-3 рет жүргізілсе, онда емнің баламалы режиміне көшу қажеттілігін анықтау керек – 300-400 мг аллопуринол препаратын гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін бірден қабылдау керек (гемодиализ сеанстарының арасында препаратты қабылдамайды).
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Милурит® препаратын тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қолдану ерекше сақтықты талап етеді. Бұл жағдайда аллопуринолды бүйрек функциясын мұқият мониторингілеумен ең төмен тиімді дозасында қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде препараттың дозасын төмендету қажет. Емнің бастапқы кезеңінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерін мониторингілеуді жүзеге асыру ұсынылады.
Несеп қышқылы тұздарының алмасуының күшеюімен қатар жүретін жағдайлар (мысалы, ісік аурулары, Леш- Найхан синдромы)
Цитоуытты препараттармен емді бастар алдында бұрыннан бар гиперурикемия және (немесе) гиперурикозурияны аллопуринолдың көмегімен түзету ұсынылады. Нәтижесінде несеп қышқылы және оның тұздарының ерігіштігі артатын, оңтайлы диурезді демеуге, сондай-ақ несепті сілтілендіруге ықпал ететін баламалы гидратацияның маңызы зор. Аллопуринолдың дозасы ұсынылған дозалары ауқымының төменгі шегіне жуық болуы тиіс.
Егер бүйрек функциясының бұзылуы жедел несепқышқылды нефропатия немесе бүйректің басқа патологиясының дамуымен өзара байланысты болса, онда емдеуді «Бүйрек функциясының бұзылулары» бөлімінде көрсетілген ұсынымдарға сай жалғастыру керек.
Аталған шаралар аурудың ағымын асқындыратын ксантин және/немесе несеп қышқылының жинақталу қаупін азайтуы мүмкін.
Мониторингілеуге қатысты ұсынымдар
Препараттың оңтайлы дозасын анықтау үшін, қан сарысуындағы несеп қышқылы тұздары концентрациясын, сондай-ақ несептегі несеп қышқылы мен ураттардың деңгейін мезгіл-мезгіл анықтап отыру қажет.
Тері тарапынан болған реакциялар кезінде дозасын таңдау жөніндегі ұсынымдар
Тері тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда, аллопуринолды қолдануды дереу тоқтату қажет. Ауырлық дәрежесі әлсіз реакциядан кейін қалыпты жағдайға келген кезде, аллопуринолды қолдануды төмен дозасында (тәулігіне 50 мг сияқты), қауіптерін мұқият талқылаудан кейін қайта бастауға болады. Бұдан кейін тері тарапынан реакциялардың және басқа да ықтимал жағымсыз құбылыстардың пайда болуын қадағалай отырып, дозасын біртіндеп арттыруға болады. Егер бөртпе қайта пайда болса, аса жоғары сезімталдықтың ауырырақ реакцияларының пайда болуы мүмкіндігін ескеріп, аллопуринолды қолдануды түбегейлі тоқтату керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек!
Таблеткалар ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Милурит® препаратын тәулігіне бір рет тамақтан кейін қабылдау керек. Әдетте, аллопуринолдың, әсіресе тамақтан кейін қабылдағанда жағымдылығы жақсы. 300 мг асатын тәуліктік дозаларында пациенттерде асқазан-ішек жолы тарапынан шағымдар туындауы мүмкін, сондықтан осындай дозаларын бірнеше қабылдауға бөлу керек.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
22.5 г аллопуринолдың жағымсыз әсерлерінің дамуынсыз қабылданғаны туралы хабарлар бар.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналу 20 г аллопуринолды қабылдаған пациентте байқалды. Ол жалпы демеуші емнен кейін сауығып кеткен.
Ауыр артық дозалануы ксантиноксидаза белсенділігінің айтарлықтай бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Бұл әсері өз алдына жағымсыз реакциялармен қатар жүрмеуі тиіс. Қатарлас емге, әсіресе 6-меркаптопуринмен және (немесе) азатиопринмен емдеуге әсері бұған жатпайды.
Емі: Арнайы антидоты белгісіз. Оңтайлы диурезді демейтін талапқа сай гидратация аллопуринол мен оның туындыларының несеппен шығарылуына ықпал етеді. Клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда гемодиализ қолданылады.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз әсерлері
Дәрілік препаратқа білінетін жағымсыз реакцияларға тиесілі, төменде келтірілген жиілік санаттары бағалауға арналған болып табылады: реакциялардың көпшілігі бойынша жиілігін есептеу үшін жарамды деректер жоқ. Тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде анықталған, дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар сирек немесе өте сирек деп танылған. Жиілігінің жоғарырақ болуы бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылулары бар кезде байқалады.
Құбылыстарды жиілігі бойынша жіктеген кезде келесі белгілер пайдаланылды:
Өте жиі құбылыстар (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1 000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 - <1/1 000 дейін), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
Жиі
- бөртпе
- тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейінің жоғарылауы9
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық2
- құсу4, жүрек айнуы4, диарея
- бауыр функционалдық сынамаларының ауытқулары5
Сирек
- гепатит (бауыр некрозын және гранулемалық гепатитті қоса)5
- Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз6
- несептас ауруы
Өте сирек
- шиқан
- агранулоцитоз1, аплазиялық анемия1, тромбоцитопения1, гранулоцитоз,
лейкопения, лейкоцитоз, эозинофилия және айқын эритроциттік аплазия
- ангиоиммунобласттық Т-жасушалы лимфома3
- анафилаксиялық реакция
- қант диабеті, гиперлипидемия
- депрессия
- кома, салдану, атаксия, шеткері нейропатия, парестезия, ұйқышылдық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы (дисгевзия)
- катаракта, көрудің бұзылуы, макулопатия
- теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго)
- стенокардия, брадикардия
- артериялық гипертензия
- қан құсу, стеаторея, стоматит, дефекация ырғағының өзгеруі
- ангионевроздық ісіну7, дәрі-дәрмектік бөртпе, шаштың түсуі, шаш түсінің өзгеруі
- бұлшықет ауыруы
- гематурия, азотемия
- ерлердегі белсіздік, эректильді дисфункция, гинекомастия
- ісінулер, жалпы дімкәстану сезімі, астения, дене температурасының жоғарылауы8
Белгісіз
- іш ауыруы
1Өте сирек, әсіресе, бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар тұлғаларда тромбоцитопения, агранулоцитоз және аплазиялық анемия туралы хабарлар түсті, ол осы топтағы пациенттерде ерекше сақ болу керектігін білдіреді.
2 Эпидермистің ажырауымен тері реакциясын, қызба, лимфаденопатия, артралгия және (немесе) эозинофилияны (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН)) қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары. Гепатит, бүйректің зақымдануы, жедел холангит, ксантинді конкременттер және өте сирек жағдайларда құрысуларды қоса, қатар жүретін васкулит немесе тін тарапынан реакциялар әртүрлі біліністерге ие болуы мүмкін. Өте сирек анафилаксиялық шоктың дамуы байқалды. Ауыр жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда аллопуринол препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек және жаңғыртуға болмайды.
Кейіннен болатын мультиорганды аса жоғары сезімталдықта (дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы /DRESS/ ретінде белгілі) әртүрлі біріктірілімде келесі симптомдар дамуы мүмкін: қызба, тері бөртпесі, васкулит, лимфаденопатия, псевдолимфома, артралгия, лейкопения, эозинофилия, гепато-спленомегалия, бауырдың функционалдық тестілері нәтижесінің өзгеруі, жоғалып кететін өт арналарының синдромы (бауырішілік өт арналарының ыдырауы немесе жоғалуы). Басқа ағзалар тарапынан бұзылыстар (мысалы, бауыр, өкпе, бүйрек, ұйқы безі, миокард және тоқ ішек) болуы мүмкін. Осындай реакциялар дамыған жағдайда емнің кез келген кезеңінде, аллопуринол препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек және ешқашан қайта бастауға болмайды. Милурит® препаратын аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН пациенттерге қайта тағайындауға болмайды. Кортикостероидтар аса жоғары сезімталдық реакциясында тері реакциясын емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың жайылған реакциялары бүйрек және (немесе) бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, әсіресе өліммен аяқталған жағдайларда дамыған.
3Ангиоиммунобластық Т-жасушалы лимфома жайылған лимфаденопатияға қатысты лимфотүйіндер биопсиясынан кейін өте сирек диагностикаланды. Ангиоиммунобластты лимфаденопатия қайтымды сипатқа ие және аллопуринолмен емді тоқтатқаннан кейін басылады.
4Бұрын жүргізілген клиникалық зерттеулерде жүрек айнуы мен құсу байқалды, әйтсе де кейінгі бақылаулар осы реакциялардың клиникалық мәні жоғын және оларды Милурит® препаратын астан кейін тағайындаумен сақтануға болатынын растады.
5Бауыр функциясының бұзылулары жайылған аса жоғары сезімталдықтың айқын белгілерінсіз дамуы мүмкін
6Аллопуринолды қабылдайтын пациенттерде тері тарапынан жағымсыз реакциялар кеңірек таралған. Препаратпен емдеу аясында осы реакциялар кез келген уақытта дамуы мүмкін. Тері реакциялары қышынумен, макулопапулалық және қабыршақты бөртумен білінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда пурпура дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда терінің эксфолиативті зақымдануы байқалады (СДС/УЭН). Осындай реакциялар дамығанда аллопуринолмен емді дереу тоқтату қажет. Егер тері тарапынан реакциялар жеңіл сипатта болса, онда осы өзгерістер жоғалғаннан кейін аллопуринолды төмен дозада қабылдауды (мысалы, тәулігіне 50 мг) жаңғыртуға болады. Кейіннен дозасын біртіндеп жоғарылатуға болады.
HLA-B*5801 аллелінің аллопуринолға тәуелді аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН дамуы қаупімен байланысты екені көрсетілді. Егер тері тарапынан реакция қайтадан туындаса, ауырырақ аса жоғары сезімталдықтың дамуы мүмкіндігін ескере отырып, аллопуринолды қолдануды дереу және біржола тоқтату керек. Егер СДС/УЭН немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа күрделі реакцияларының болуы жоққа шығарылмаса, ауыр немесе тіпті, өлімге соқтыратын реакция дамуы мүмкіндігі салдарынан, аллопуринолды қолдануды ҚАЙТА БАСТАМАУ КЕРЕК. Шешім қабылдауға СДС/УЭН клиникалық диагнозының болуы негіз болады. Егер ондай реакциялар емдеу барысында кез келген сәтте дамыса, аллопуринолды қолдануды дереу және біржола тоқтату қажет.
7 Аса жоғары сезімталдықтың анағұрлым жайылған реакциясы белгілерімен және симптомдарымен бірлескен, сондай-ақ, оларсыз ангионевроздық ісіну дамығаны сипатталған.
8 Аса жоғары сезімталдықтың анағұрлым жайылған реакциясы белгілерімен және симптомдарымен бірлескен, сондай-ақ, оларсыз қызба дамығаны сипатталған.
9 Сәйкесінше зерттеулерде байқалған ТТГ деңгейінің жоғарылауы, Т4 деңгейіне әсер еткен жоқ және субклиникалық гипотиреоздың пайда болуын көрсеткен жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг аллопуринол
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), желатин, магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы (150 мг, 200 мг, 300 мг дозалары үшін)
лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон К-25, тальк, магний стеараты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі) (100мг дозасы үшін)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында ойығы, сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 351 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, жалпақ дөңгелек таблеткалар (100 мг дозасы үшін).
Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 353 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар (150 мг дозасы үшін).
Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында „SNAP” сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 354 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар (200 мг дозасы үшін).
Ақ немесе сұрғылттау-ақ түсті, бір жағында ойығы, сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 352 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, жалпақ дөңгелек таблеткалар (300 мг дозасы үшін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленнен жасалған, алғашқы ашылуы бақыланатын және қатпарлы амортизатормен жабдықталған қақпақпен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыда 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100 немесе 120 таблеткадан.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ
1106 Будапешт, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия
Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529
e-mail: mailbox@egis.hu
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ
1106 Будапешт, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия
Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529
e-mail: mailbox@egis.hu
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі
050060, Алматы қ., Жароков к-сі 286 Г
тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,
e-mail: egis@egis.kz