Микофенолат Сандоз® (250 мг)

МНН: Микофеноловая кислота (Микофенолата мофетил)
Производитель: Сандоз Прайвит Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121716
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Микофенолат Сандоз®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі

250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 250.00 мг микофенолат мофетилі,

қосымша заттар: желатинденген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон (Коллидон-90F), магний стеараты,

капсула қабығының құрамы:

корпус: темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

қақпақшасы: FD&С Көгілдір #2 (FDA/Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Көгілдір түсті қақпақшасы мен қызғылт-сары түсті корпусы бар мөлдір емес қатты желатин капсулалар (өлшемі 1). Капсулалардың ішінде –

ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Селективті иммунодепрессанттар. Микофенол қышқылы.

АТХ коды L04AA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдаудан кейін микофенолат мофетилі жылдам және қарқынды сіңеді және белсенді метаболитке, атап айтқанда, микофенол қышқылына (МФҚ) толық жүйе алдындағы метаболизмге ұшырайды. Бүйрек трансплантатының ажырау реакциясы бәсеңдеген жағдайда микофенолат мофетилі иммунодепрессантының белсенділігі микофенол қышқылы концентрациясымен өзара байланысты болады. Микофенолат мофетилінің орташа биожетімділігі, микофенол қышқылының несептегі орташа концентрациясы бойынша, микофенолат мофетилін көктамыр ішіне енгізумен салыстырғанда, 94% құрайды. Ас ішу микофенолат мофетилінің сіңу ұзақтығына (МФҚ AUC) бүйрегіне трансплантация жасалған пациенттерде оны тәулігіне екі рет 1,5 г дозада қабылдағанда ықпал етпейді. Алайда, микофенол қышқылының несептегі орташа ең жоғары концентрациясы (Cmax) ас ішу кезінде 40% төмендейді.

Препаратты ішке қабылдаудан кейін микофенолат мофетилі қан плазмасынан анықталмайды.

Таралуы

Ішек-бауырдағы кері айналым нәтижесінде, плазмадағы микофенол қышқылы концентрациясының салдарлы жоғарылауы, әдетте, препаратты қабылдаудан кейін шамамен 6-12 сағаттан соң байқалады. Микофенол қышқылының AUC азаюы холестираминді (тәулігіне үш рет 4 г) бірге қабылдаумен шамамен 40% байланысты, ол ішек-бауырда елеулі кері айналым жүретінін көрсетеді.

Микофенол қышқылы клиникалық мәнді концентрацияда плазма альбуминімен 97% байланысады.

Биотрансформациясы

Микофенол қышқылы, ең алдымен, глюкуронилтрансферазамен фармакологиялық тұрғыда белсенді емес микофенол қышқылының фенолды глюкуронид (микофенол қышқылы глюкурониді - МФҚГ) түріне метаболизденеді.

Шығарылуы

Заттың мардымсыз мөлшері микофенол қышқылы түрінде (дозаның <1% бөлігі) несеппен шығарылады. Таңбаланған микофенолат мофетилінің ішке қабылдаудан кейін қабылданған дозадан 93% несеппен және 6% нәжіспен шығарылады. МФҚГ түрінде үлкен бөлігі (87% жуық) несеппен шығарылады.

МФҚГ мен микофенол қышқылының клиникалық тұрғыда айқындалатын концентрациялары гемодиализ арқылы шығарылмайды. Алайда, плазмадағы жоғары МФҚГ концентрацияларында (> 100 µг/мл) МФҚГ аздаған мөлшерде шығарылуы мүмкін.

Бүйрегін, жүрегін және бауырын ауыстырып салған пациенттерде трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде (бүйрек трансплантациясынан соң <40 күн), трансплантациядан кейінгі кеш кезеңмен салыстырғанда (ағзалар трансплантациясынан соң 3-тен 6 айға дейін), микофенол қышқылының шамамен 30% орташа концентрациясы және шамамен 40% төмен Cmax мәні байқалды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр науқастарда (шумақтық сүзіліс жылдамдығы

< 25 мл/мин/1,73м2) AUCМФҚ бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі аз науқастардағыдан 28-75% жоғары. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр науқастарда бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін AUCМФҚГ 3-6 есе жоғары, бұл бүйрекпен МФҚГ шығарылуы туралы белгілі деректерге сай келеді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі пациенттерде микофенолат мофетилінің бірнеше реттік дозаларын қабылдау зерттелмеген. Ауыр дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін жүрегі мен бауыры трансплантацияланған пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бүйректік трансплантат функциясының баяулауы

Трансплантациядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантатының функциясы баяулаған пациенттерде несептегі микофенол қышқылының орташа AUC0-12 трансплантациядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантаты функциясының баяулауы байқалмаған пациенттердегі осындаймен салыстырмалы. Плазмадағы МФҚГ орташа AUC0-12 мәні 2-3 есе жоғары. Бүйрек трансплантатының функциясы баяулаған пациенттерде плазмадағы микофенол қышқылының концентрациясы мен бос фракция уақытша жоғарылауы мүмкін. Микофенолат мофетилінің дозасын түзету қажет емес.

Бауыры зақымданған науқастар. Микофенолат мофетилін (ММФ) ішу арқылы қабылдаудан кейін алкогольдік бауыр циррозына шалдыққан пациенттерде МФҚ және МФҚГ фармакокинетикасында өзгерістер анықталмаған, бұл бауыр паренхимасының зақымдануы ММФ тағайындауға қарсы көрсетілімді емес екенін көрсетеді. Бауыр патологиясының осы үдеріске ықпалы нақты бір ауруға байланысты болуы ықтимал. Өт жолдарының зақымдануы басым болатын бауыр ауруы жағдайында (мысалы, бастапқы билиарлы цирроз) әсері басқаша болуы мүмкін.

Егде және қарттық жастағы науқастардағы (≥ 65 жас) фармакокинетикасы зерттелмеген.

Балалар және жасөспірімдер (2-ден 18 жасқа дейінгі):

Фармакокинетикалық параметрлері тәулігіне екі рет 600 мг/м2 микофенолат мофетилін ішу арқылы қабылдаған бүйрегі трансплантацияланған балалар жасындағы 49 пациенттің қатысуымен бағаланды. Осы доза трансплантациядан кейінгі ерте және кеш кезеңде тәулігіне екі рет 1 г дозада микофенолат мофетилін алған бүйрек трансплантаты бар ересек пациенттердегі тиісті мәндерге ұқсас несептегі микофенол қышқылының орташа концентрация мәндеріне жетті. Микофенол қышқылы концентрациясының орташа мәндері трансплантациядан кейінгі ерте және кеш кезеңдегі жас топтары арасында ерекшеленбеген.

Егде жастағы пациенттер (≥ 65жас):

Егде жастағы пациенттердегі микофенолат мофетилінің фармакокинетикасы зерттелмеген.

Ішуге арналған контрацептивтер:

Микофенолат мофетилін бірге қабылдау ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Бірізді 3 етеккір оралымында бүйрек трансплантациясы жасалмаған 18 әйелдің (басқа иммунодепрессанттар қабылдамайтын) қатысуымен микофенолат мофетилін (тәулігіне екі рет 1 г) және құрамында этинилэстрадиол (0,02-ден 0,04 мг дейін) және левоноргестрел (0,05-тен 0,15 мг дейін), дезогестрел (0,15 мг) немесе гестодин (0,05-тен 0,10 мг дейін) біріктірілген ішуге арналған контрацептивтердің бірге қабылдануын зерттеу микофенолаттың ішуге арналған контрацептивтердің овуляцияға қатысты супрессиялық белсенділігіне клиникалық мәнді әсер ететінін көрсетпеген. Сарысудағы ЛГ (лютеиндеуші гормон), ФСГ (фолликул-стимуляциялаушы гормон) және прогестерон деңгейлері елеулі өзгеріске ұшырамаған.

Фармакодинамикасы

Микофенолат мофетилі микофенол қышқылының 2-морфолиноэтил эфирі түрінде болады. Микофенол қышқылы инозинмонофосфатдегидрогеназаның (ИМФДГ) қуатты, селективті, бәсекелі емес және қайтымды тежегіші түрінде болады және сол арқылы ДНҚ-ға қосылусыз de novo гуанозин нуклеотид синтезін тежейді.

Жасушалардың басқа типтері «қайта жойылу» жолын пайдалануы мүмкін болғанда Т- және В-лимфоциттер пролиферациясы пуриндер синтезіне қатер шегінде байланысты болатындықтан, басқа жасушаларға қарағанда, микофенол қышқылының лимфоциттерге аса айқын цитостатикалық әсері бар.

Қолданылуы

- бүйрегіне, жүрегіне немесе бауырына аллогенді трансплантация жасалған пациенттерде циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктіріп трансплантаттың жедел ажырауының профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Микофенолат Сандоз препараты 250 мг капсулалар түрінде шығарылады және ішке қабылдауға арналған. Микофенолат Сандоз қолданылатын емді трансплантация саласында біліктілігі бар маман тағайындап және қадағалауымен талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Бүйрек трансплантациясы:

Ересектер: Микофенолат Сандоз препаратын қабылдау трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде басталу керек. Ұсынылатын препарат дозасы: тәулігіне екі рет ішке 1 г (тәуліктік дозасы 2 г).

Микофенолат Сандоз препаратын дене беткейінің ауданы 1,5 м2 көлемінен асатын пациенттерге ғана тағайындау керек. Тәулігіне екі рет 1 г дозада (тәуліктік дозасы 2 г) пациенттердің осы тобында, ересек пациенттермен салыстырғанда, жағымсыз реакциялардың жиірек көрініс беру себебінен дозалануын уақытша қысқарту, тіпті препарат қабылдауды тоқтату керек болуы мүмкін. Маңызды клиникалық факторларды да, соның ішінде жағымсыз әсерлердің ауырлық дәрежесін ескеру керек.

Балалар: деректер жоқ.

Жүрек трансплантациясы:

Ересектер: Микофенолат Сандоз препаратын қабылдауды трансплантациядан кейін 5 күн ішінде бастау керек. Ұсынылатын препарат дозасы: тәулігіне екі рет ішке 1,5 г (тәуліктік дозасы 3 г).

Балалар: деректер жоқ.

Бауыр трансплантациясы:

Ересектер: микофенолат мофетилін бауыр трансплантациясынан кейін алғашқы төрт күн ішінде көктамыр ішіне енгізіп, артынан Микофенолат Сандоз препаратын ішу арқылы қабылдау режиміне ауысу керек. Ішу арқылы қабылдау режимінде ұсынылатын препарат дозасы: тәулігіне екі рет ішке 1,5 г (тәуліктік дозасы 3 г).

Балалар: деректер жоқ.

Егде жастағы (65 жастан бастап және одан асқан) пациенттерде препаратты қолдану

Ұсынылатын препарат дозасы:

  • бүйрек трансплантациясында – тәулігіне екі рет ішке 1 г

  • жүрек немесе бауыр трансплантациясында - тәулігіне екі рет ішке

1,5 г

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауыр дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін бүйрек трансплантаты бар пациенттерге (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25мл/мин/1.73м2) трансплантациядан кейін бірден препаратты тәулігіне екі рет 1 г-ден асатын дозада қабылдамау керек. Ондай пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс. Операциядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантатының функциясы баяулаған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Ауыр дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін жүрегі немесе бауыры трансплантацияланған пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр дәрежелі пациенттер

Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін бүйрегін ауыстырып салған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр паренхимасы ауруларының ауыр дәрежесінен зардап шегетін жүрегі трансплантацияланған пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Трансплантаттың ажырауы кезінде емдеу

Микофенол қышқылы микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының ажырауы микофенол қышқылы фармакокинетикасының өзгерістеріне әкелмейді; Микофенолат Сандоз препаратының дозасын азайту немесе тоқтату қажет емес. Жүрек имплантатының ажырауынан соң Микофенолат Сандоз препаратының дозасын түзетуге негіз жоқ. Бауыр имплантатының ажырауы кезінде фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Қолдану туралы айрықша нұсқаулар

Микофенолат Сандоз капсулаларын ашуға немесе бөлшектеуге болмайды. Капсулаларда болатын ұнтақты ішке жұтып қоюға немесе терімен немесе шырышты қабықпен тікелей жанасуына жол бермеген жөн. Тиіп кетсе, сумен сабындап мұқият жуып-шаю; көзді таза сумен жуып-шаю керек.

Кез келген пайдаланылмаған препаратты және/немесе оның қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Жағымсыз әсерлері

Циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында микофенолат мофетилін қабылдаумен байланысты негізгі жағымсыз әсерлер: диарея, лейкопения, сепсис, құсу, сонымен қатар инфекциялардың белгілі бір типтерінің жоғары дәрежеде көрініс беру жиілігінің дәлелдері бар.

Қатерлі ісіктер

Біріктірілген ем құрамында, соның ішінде микофенолат мофетилімен иммуносупрессия режимін алатын пациенттер лимфоманың және басқа да, атап айтқанда, терінің қатерлі жаңа түзілімдері дамитын жоғары қауіп тобына кіреді. Бүйрегін (2 г), жүрегін және бауырын ауыстырып салған пациенттердің бақыланатын клиникалық сынақтарында басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп микофенолат мофетилін (тәулігіне 2 г немесе 3 г) алған пациенттердің 0,6%-да кемінде бір жыл өткенде лимфопролиферациялық ауру немесе лимфома дамыды. Терінің меланомалы емес обыры пациенттердің 3,6%-да байқалды; қатерлі жаңа түзілімдердің басқа типтері пациенттердің 1,1%-да байқалған. Бүйрегі және жүрегі трансплантацияланған пациенттерде қауіпсіздігі жөніндегі үш жылдық деректер, қауіпсіздігі бойынша бір жылдық деректермен салыстырғанда, қатерлі жаңа түзілімдерге қатысты қандай да бір болжанбайтын өзгерістерді көрсетпеген. Бауыры трансплантацияланған пациенттер кемінде 1 жыл, бірақ 3 жылдан аз уақыт қадағаланды.

Оппортунистік инфекциялар

Ағзалары трансплантацияланған барлық пациенттер оппортунистік инфекцияларға шалдығу мүмкіндігі жоғары қауіп тобында болады; жалпы иммуносупрессиялық жүктеме қаупі артады. Ең кең таралған оппортунистік инфекциялар – тері кандидозы, виремия/ ЦМВ синдромы және қарапайым герпес бүйрегі (тәулігіне 2 г), жүрегі және бауыры трансплантацияланған пациенттердегі бақыланатын клиникалық сынақтарда басқа иммунодепрессанттармен бірге микофенолат мофетилін (күн сайын 2 немесе 3 грамм) қабылдаған пациенттерде, кем дегенде, бір жыл өткенде байқалды. Виремия/ЦМВ синдромы бар пациенттердегі арақатынасы 13,5% құрады.

Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас)

Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) көпшілік жағдайларда иммунодепрессиялық дәрілер қабылдау себебінен жағымсыз реакциялар көрініс беретін жоғары қауіп тобында болуы мүмкін. Иммуносупрессия режимі біріктірілімінің бөлігі ретінде микофенолат мофетилін алатын егде жастағы пациенттер асқазан-ішек жолынан қан кету мен өкпе ісінуі туындауы мүмкін белгілі бір инфекцияларға (соның ішінде, инвазиялық тіндік цитомегаловирустық инфекция) шалдығу мүмкіндігі жоғары қауіп тобында болады.

Басқа да жағымсыз әсерлер

Төменде микофенолат мофетилімен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал жағымсыз әсерлер пациенттердің ≥ 1/10 бөлігінде және бүйрегі, жүрегі және бауыры трансплантацияланған пациенттердің қатысуымен бақыланатын клиникалық сынақтарда микофенолат мофетилімен ем алған ≥1/100-ден бастап <1/10 дейінгі пациенттерде атап көрсетілген.

Микофенолат мофетилімен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал жағымсыз әсерлер бүйрегі, жүрегі және бауыры трансплантацияланған пациенттер қатысқан клиникалық сынақтарда циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында микофенолат мофетилімен ем қабылдаған пациенттерде байқалды.

Жағымсыз әсерлердің олардың көрініс беру жиілігіне қарай жіктелуі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1,000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10,000-нан < 1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолжетімді деректер жүзінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі (≥ 1/10)

- сепсис, асқазан-ішек жолы кандидозы, несеп шығару жолдарының инфекциясы, қарапайым герпес, зостер герпесі

- лейкопения, тромбоцитопения, анемия

- құсу, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну

Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- пневмония, тұмау, тыныс алу жолдарының инфекциясы, тыныс алу жолдарының кандидозы, асқазан-ішек инфекциясы, кандидоз, гастроэнтерит, инфекция, бронхит, фарингит, синусит, зеңді тері инфекциясы, тері кандидозы, қынаптық кандидоз, ринит

- тері обыры, қатерсіз тері обыры

- панцитопения, лейкоцитоз

- ацидоз, гиперкалиемия, гипокалиемия, гипергликемия, гипомагниемия,

гипокальциемия, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гипофосфатемия, гиперурикемия, подагра, анорексия

- мазасыздық, сананың шатасуы, депрессия, мазалану,

патологиялық ойлау, ұйқысыздық

- құрысулар, гипертония, тремор, ұйқысыздық, миастениялық синдром,

бас айналу, бас ауыру, парестезия, дәм сезбей қалу

- тахикардия

- артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, вазодилатация

- плевралық жалқық, ентігу, жөтел

- асқазан-ішек жолынан қан кету, перитонит, ішек бітелісі, колит, асқазанның ойық жаралы ауруы, он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, өңештің қабынуы, стоматит, іш қату, ас қорыту бұзылысы, метеоризм, кекіру

- гепатит, сарғаю, гипербилирубинемия

- тері гипертрофиясы, қышыну, акне, шаш түсу

- буындардың ауыруы

- бүйрек жеткіліксіздігі

- ісіну

- температураның көтерілуі, қалтырау, ауыру, мазасыздық, жалпы әлсіздік

- бауыр ферменттерінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің көтерілуі, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің ұлғаюы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы, дене салмағының кемуі.

Ескертпе: 501 (тәулігіне 2 г микофенолат мофетилі), 289 (тәулігіне 3 г микофенолат мофетилі) және 277 (тәулігіне көктамыр ішіне 2 г/ішке 3 г микофенолат мофетилі) пациент, тиісінше, бүйрек, жүрек және бауыр трансплантаты ажырауының профилактикасына арналған зерттеудің үшінші сатысында емдеуден өткен.

Препаратты тіркеуден кейін қолдану тәжірибесінен алынған жағымсыз әсерлер

Микофенолат мофетилін тіркеуден кейін қолдану кезінде тіркелген жағымсыз әсерлер типтері бүйрек, жүрек және бауыр трансплантаттарының бақыланатын зерттеулеріндегі типтерге ұқсас. Төменде препаратты тіркеуден кейін қолдану кезінде тіркелген қосымша жағымсыз әсерлер олардың көрініс беру жиілігінде сипатталған.

Асқазан-ішек жолы

Қызылиектер гиперплазиясы (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), колит, соның ішінде цитомегаловирусты колит (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), панкреатит (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), ішек түктерінің интестинальді атрофиясы.

Иммуносупрессияға қатысы бар бұзылыстар

Күрделі, өмірге қауіпті инфекциялар, соның ішінде менингит, эндокардит, туберкулез және атипиялық микробактериялық инфекция. ВК-вирусымен байланысты нефропатия жағдайлары, сондай-ақ Джон Каннингем вирусымен байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (PML) жағдайлары иммунодепрессанттармен, соның ішінде микофенолат мофетилімен ем алған пациенттерде байқалды.

Агранулоцитоз (≥ 1/1,000-ден < 1/100 дейін) және нейтропения байқалды; сондықтан микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерді жүйелі тексеруден өткізуге кеңес беріледі. Сонымен бірге, микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде кейбіреулері өліммен аяқталған апластикалық анемия және сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеу жағдайлары тіркелді.

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде нағыз эритроцитарлық аплазия (НЭЦА) жағдайлары байқалды.

Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде байқалған нейтрофильдердің аномальді құрылымы, соның ішінде Пельгер-Хьюэт гранулоцит ядросының жүре пайда болған құрылым аномалиясының жекелеген жағдайлары тіркелген. Аталған өзгерістер нейтрофильдердің бұзылған функциясымен байланысты емес. Осы өзгерістер гематологиялық зерттеулерде нейтрофильдер дамуында «солға қарай жылжуды» туындатады, бұл иммуносупрессиялық препараттар қабылдаған пациенттерде, соның ішінде микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде инфекция белгісі ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық

Аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде ангионевроздық ісіну және анафилактикалық реакциялар тіркелген.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан болатын бұзылулар:

Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессиялық дәрілермен біріктірілген ем құрамында қабылдаған пациенттерде интерстициальді өкпе ауруының және өкпе фиброзының жекелеген жағдайлары байқалды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- микофенолат мофетиліне немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық реакциялары

- оның тератогендік және мутагендік қасиетінің себебіне байланысты жүктілік кезенде

- контрацепцияның тиімділігі жоғары әдісін пайдаланбайтын бала туа алатын жастағы әйелдер

- емшек емізетін әйелдер

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер ересек пациенттерде ғана жүргізілген.

Ацикловир: плазмадағы ацикловирдің жоғары концентрациясы, әр препаратты жеке қабылдаумен салыстырғанда, микофенолат мофетилін ацикловирмен бірге қабылдау кезінде байқалды. Микофенол қышқылының фенолды глюкурониді (МФҚГ) фармакокинетикасында өзгерістер тым аз болған (8% жоғарылауы) және клиникалық мәнді болып қарастырылмаған. Бүйрек жеткіліксіздігінде плазмадағы МФҚГ концентрациясы микофенолат мофетиліне және ацикловирге, немесе олардың субөнімдеріне, мысалға, валацикловирге қатысты ацикловир концентрациясы сияқты ұлғаятындықтан, өзекшелік секрецияның қатысу қуаты бар, осы себепті әріқарай қан плазмасындағы екі заттың да концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Антацидтер және протонды сорғы тежегіштері (ПСТ): микофенолат мофетилімен бірге магний гидроксиді және алюминий гидроксиді сияқты антацидтер, сондай-ақ ПСТ, соның ішінде лансопразол мен пантопразол қабылдағанда микофенол қышқылы экспозициясының азаюы байқалды. Трансплантат ажырауының көрсеткіштерін немесе трансплантаттың толық ажырау көрсеткіштерін салыстырғанда ПСТ-мен микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттер мен қосымша ПСТ қабылдаусыз микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттер арасында елеулі ерекшеліктер байқалмаған. Бұл деректер осы ақпараттың барлық антацидтерге қатысты таралуын растайды, өйткені микофенолат мофетилін магний гидроксидімен және алюминий гидроксидімен біріктіріп қабылдау әсерінің әлсіреуі ПСТ-мен микофенолат мофетилін біріктіріп қабылдау кезіндегіден едәуір азырақ.

Холестирамин: 4 күн бойы холестираминді тәулігіне үш рет қабылдау режимінде 4 г қолданылатын емдеуден алдын ала өткен дені сау еріктілерде микофенолат мофетилінің бір реттік 1,5 г дозасын қабылдаудан кейін несептегі микофенол қышқылы концентрациясының төмендеуі 40% құрады. Біріктіріп қабылдау кезінде микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеуі себепті сақтық таныту керек.

Бауыр-ішектің кері айналымын кедергілейтін дәрілік препараттар: микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеуі себепті бауыр-ішек кері айналымын кедергілейтін дәрілік препараттарды қабылдау кезінде сақтық таныту керек.

Циклоспорин А: микофенолат мофетилі циклоспорин фармакокинетикасына ықпал етпейді. Алайда, егер циклоспоринмен бір мезгілде қолдану тоқтатылса, микофелон қышқылының орташа концентрациясының 30% жоғарылауын күту керек.

Ганцикловир: микофенолат мофетилінің бір реттік ұсынылған ішу арқылы дозасын қабылдау және көктамыр ішіне ганцикловир енгізу кезіндегі, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінің микофенолат мофетилі мен ганцикловир фармакокинетикасына белгілі әсер етуін зерттеулер нәтижелері бойынша осы дәрілік препараттардың (бүйректік өзекшелік секреция механизмдері үшін бәсекелесетін) МФҚГ және ганцикловир концентрациясының жоғарылауына алып келетіні жорамалданады. Микофелон қышқылы фармакокинетикасының елеулі өзгерістері күтілмейді, микофенолат мофетилінің дозасын түзету қажет емес. Микофенолат мофетилі, ганцикловир (және оның ізашар дәрілік түрлері, мысалы, валганцикловир) бірге қабылданатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ганцикловир қабылдауды дозалау туралы нұсқауларды қадағалап, пациенттерді мұқият бақылап отыру керек.

Ішуге арналған контрацептивтер: микофенолат мофетилі ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасына және фармакодинамикасына ықпалын тигізбейді.

Рифампицин: циклоспорин қабылдамаған пациенттерде бір мезгілде микофенолат мофетилі мен рифампицин қабылдау микофенол қышқылы экспозициясының (AUC0-12h) 18-ден 70% дейін төмендеуіне әкелді. Микофенолат мофетилін рифампицинмен біріктіріп қабылдағанда клиникалық тиімділігін сақтау үшін, тиісінше, микофенол қышқылының экспозициясын бақылау және микофенолат мофетилі дозасын түзету ұсынылады.

Сиролимус: бүйрегі трансплантацияланған пациенттерде микофенолат мофетилімен бір мезгілде циклоспорин А қабылдау, сиролимуспен және микофенолат мофетилінің дәл сондай дозаларымен біріктірілген ем алатын пациенттермен салыстырғанда, микофенол қышқылы әсерінің 30%-50% төмендеуіне әкелді.

Севеламер: микофенолат мофетилін севеламермен бір мезгілде қолданғанда қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (яғни, трансплантат ажырауынсыз) микофенол қышқылының орташа ең жоғары концентрациясы мен AUC0-12, тиісінше, 30% және 25% төмендеуі байқалды. Дегенмен, микофенол қышқылының сіңірілуіне әсерін азайта түсу үшін севеламер қабылдаудан бір сағат бұрын немесе одан кейін үш сағаттан соң микофенолат мофетилін қабылдау ұсынылады. Микофенолат мофетилін, севеламерді қоспағанда, фосфаттық байланыстыратын заттармен біріктіріп қабылдауға қатысты деректер жоқ.

Триметоприм/ сульфаметоксазол: микофенол қышқылының биожетімділігіне ықпалы байқалмаған.

Норфлоксацин және метронидазол: дені сау еріктілерде микофенолат мофетилін норфлоксацинмен біріктіріп және метронидазолмен бөлек қолданғанда елеулі өзара әрекеттесуі байқалмаған. Алайда, микофенолат мофетилінің, норфлоксациннің және метронидазолдың бір реттік дозасын бір мезгілде қабылдаудан кейін микофенол қышқылының шамамен 30% төмендеуі байқалды.

Циклоспорин және амоксициллин/клавулан қышқылы: бүйрек трансплантаты бар пациенттерде циклоспорин немесе амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдау басталғаннан кейінгі алғашқы күндерде кезекті дозаны қабылдауға дейін қандағы микофелон қышқылы концентрациясының шамамен 50% төмендеуі байқалды. Осы әсердің антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдау кезінде төмендеу үрдісі бар және оларды қабылдауды тоқтатқан соң бірнеше күн ішінде толық басылады. Препаратты қолданар алдында микофелон қышқылы концентрациясының өзгеруі микофенол қышқылы әсерінің жалпы дәрежесіндегі өзгерістерді дәл көрсете алмайды. Осылайша, трансплантат дисфункциясының клиникалық дәлелі болмаса, әдетте, микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту қажет емес. Алайда, біріктіріп қабылдағанда және антибиотиктер қолданылатын емнен кейін тікелей пациентке мұқият клиникалық бақылау жүргізілуі тиіс.

Такролимус: емдеу микофенолат мофетилі мен такролимус қабылдаудан басталған бауыры трансплантацияланған пациенттерде бір мезгілде микофенолат мофетилі мен такролимус қолдану несептегі микофенол қышқылының орташа концентрациясына және микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылатын микофенол қышқылының орташа ең жоғары концентрациясына елеулы ықпалын тигізбеген. Салыстыру ретінде, пациенттер микофенолат мофетилінің бірнеше реттік дозаларын (тәулігіне екі рет 1,5 г) такролимуспен бірге қабылдағанда несептегі такролимустың орташа концентрациясы шамамен 20% жоғарылады. Алайда, бүйрек трансплантаты бар пациенттерде микофенолат мофетилі такролимус концентрациясының өзгеруіне ықпал етпеген.

Басқа да өзара әрекеттесулері: маймылдарда пробенецид пен микофенолат мофетилін бір мезгілде қолдану плазмадағы және несептегі МФҚГ концентрациясын үш есе жоғарылатты. Осылайша, бүйректегі өзекшелік секрецияға ықпалын тигізетін басқа да белгілі заттар МФҚГ-мен бәсекелесіп, сол арқылы плазмадағы МФҚГ немесе өзекшелік секрецияға әсер ететін басқа заттың концентрациясын арттыруы мүмкін.

Тірі вакциналар: тірі вакциналар иммундық реакциясы әлсіреген пациенттерге енгізілмеуі тиіс. Басқа вакциналарға жауап ретінде антидене түзілуі әлсіреуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік препараттармен, соның ішінде микофенолат мофетилімен біріктіріп иммуносупрессиялық препараттар алатын пациенттер лимфома және басқа да, атап айтқанда, терінің қатерлі ісіктері дамитын жоғары қауіп тобына кіреді. Даму қаупі, қандай да бір спецификалық препарат қолданумен емес, иммунодепрессия қарқынымен және ұзақтығымен байланысты. Тері обырының пайда болу қаупін азайта түсуге арналған жалпы нұсқау қорғағыш киім кию және қорғаныс факторы жоғары күннен қорғайтын крем пайдалану арқылы күн және ультракүлгін сәулелерінің әсерін шектеу болып табылады.

Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттер инфекцияның, гематомалардың, қан кетудің кез келген симптомдары немесе сүйек кемігі қызметі бәсеңдеуінің кез келген басқа көрінісі туралы ақпарат беру қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.

Иммунодепрессанттар, соның ішінде микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттер оппортунистік инфекциялардың (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өліммен аяқталатын инфекциялардың және сепсистің жоғары қауіп тобында болады. Осындай инфекциялар В немесе С гепатиттерінің немесе нефропатиямен байланысты ВК-вирусы, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатиямен байланысты Джон Каннингем вирусы туғызған инфекциялардың қайта белсенділенуін қамтиды. Аталған инфекциялар иммунитеттің бәсеңдеу ауырлығының жалпы дәрежесінің жоғары екенімен жиі байланысты және күрделі немесе өлімді зардаптарға әкелуі мүмкін, оларды дәрігерлер бүйрек функциясының бұзылуымен иммуносупрессиясы немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерде дифференциациялық диагноз қою кезінде ескеру керек.

Микофенолат мофетилін алатын пациенттер микофенолат мофетилі препаратының өзімен, басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаумен, вирустық инфекциялармен немесе осы себептердің бірігуімен тікелей байланысты болуы мүмкін нейтропения туындаған жағдайда бақылауда болуы тиіс. Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттерге жалпы қан талдауын жасау қажет: емдеудің алғашқы айында апта сайын, артынан емнің екінші және үшінші айларында айына екі рет, әріқарай бірінші жыл ішінде ай сайын. Нейтропения дамыған жағдайда (қандағы нейтрофильдердің абсолютті саны < 1,3 х 103/µл) микофенолат мофетилін тоқтата тұру немесе қабылдауды тоқтату мақсатқа сай болады.

Басқа иммунодепрессиялық дәрілермен біріктіріп микофенолат мофетилімен ем алған пациенттерде нағыз эритроцитарлық аплазия (НЭЦА) жағдайлары байқалды. Микофенолат мофетилімен индукцияланған НЭЦА механизмі белгісіз. НЭЦА микофенолат мофетилінің дозасын азайтқанда немесе емдеуді тоқтатқанда қайтымды болуы мүмкін. Ағзаларын ауыстырып салған пациенттерде микофенолат мофетилімен емдеуге қатысты өзгерістер имплантаттың ажырау қаупін азайту үшін тек тиісінше қадағалаумен жасалуы тиіс.

Пациенттер микофенолат мофетилімен емделгенде вакциналар тиімділігінің төмен болуы мүмкін екенінен және тірі аттенуирленген вакциналарды пайдаланбау керегінен хабардар болуы тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация пайдалы болуы мүмкін. Мамандар тұмауға қарсы вакцинация бойынша ұлттық нұсқауларға сүйену керек.

Микофенолат мофетилін қолдану ас қорыту жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайларының жиілеуімен, соның ішінде асқазан-ішек жолында ойық жара түзілу, қан кету және тесілудің жиі емес жағдайларымен байланысты. Сондықтан микофенолат мофетилін ас қорыту жүйесінің ауыр сипатты ауруларына шалдыққан пациенттерге сақтықпен қабылдау керек.

Микофенолат мофетилі ИМФДГ (инозин-монофосфат-дегидрогеназа) тежегіші болып табылады. Микофенолат мофетилін сирек туа біткен гипоксантингуанинфосфорибозилтрансфераза (HGPRT) тапшылығы бар пациенттерде қолданбау керек, оған Леш-Найен синдромы және Келли-Зигмиллер синдромы сияқты аурулар жатады.

Микофенолат мофетилін азатиопринмен бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені оларды бір мезгілде қабылдау зерттелмеген.

Холестираминнің әсер етуімен микофенол қышқылының несептегі орташа концентрациясының едәуір төмендеуіне байланысты, микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеуі мүмкін екеніне орай, микофенолат мофетилін ішек-бауыр кері айналымын кедергілейтін дәрілік препараттармен біріктіріп қолданғанда сақтық таныту керек.

Микофенолат мофетилінің такролимуспен біріктірілген емінің пайда/қауіп арақатынасы анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің микофенолат мофетилді қабылдап жүрген әйелдер мен ерлердің баланың ұшырауы мүмкін зияндылықтың даму қаупін біліп, контрацепцияның тиімді шарасының қажеттілігін және жүктілік туындауы мүмкін болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу қажеттігін түсінетіндігіне көзі жетуі тиіс.

Микофенолат мофетилді қолданып ем бастар алдында, бала туа алатын жастағы әйелдер қанның немесе теріс нәтижелі ең кемі 25 мХБ/мл сезімталдықтағы несептің талдауын тапсырып, жүктілікке екі тест өтуі тиіс, екінші тестті біріншісінен кейін 8-10 күннен соң және тікелей микофенолат мофетил қабылдауды бастар алдында жасау керек.

Емдеу курсы барысында дәрігерге жоспарлы бару уақытында жүктілікке қайталап тест тапсыру керек. Жүктілікке жасалған барлық тесттердің нәтижесін пациентпен талдау керек.

Пациенттер жүкті болған жағдайда олардың өзінің емдеуші дәрігерімен дереу кеңесуі керектігінен хабардар болуы тиіс.

Ерлер мен әйелдердегі контрацепция шаралары бойынша ұсыныстар

Бала туатын жастағы әйелдер контрацепцияның таңдалған әдісі – бой тарту болған жағдайды қоспағанда, микофенолат мофетилінің емін бастағанға дейін, ем уақытында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін алты апта бойына ең кемі бір тиімділігі жоғары дәріні қоса, ең болмағанда екі сенімді контрацепция дәрісін пайдалануы тиіс.

Сексуалды белсенді ерлерге ем кезінде және ем тоқтатылғаннан кейін ең кемі 90 күн бойына мүшеқаптар пайдалану ұсынылады.

Мүшеқаптар пайдалану ұрпақ өрбіту қуаты бар ерлер үшін де, сондай-ақ вазэктомияны өткерген ерлер үшін де міндетті, өйткені ұрық сұйықтығы берілуіне байланысты қауіп бұрын вазэктомияға ұшыраған ерлер үшін де өзекті.

Осыған қосымша ер жынысты пациенттердің сексуалды серіктесі болып табылатын әйелдерге емдеу кезінде және ем кезінде және микофенолат мофетилдің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін ең кемі 90 күн ішінде контрацепцияның тиімділігі жоғары шараларын пайдалану ұсынылады.

Микофенолат мофетилдің айқын тератогендік қасиеттері бар және өздігінен болатын түсіктің және жүктілік уақытында қабылдағанда шаранада дамудың туа біткен ақаулары түзілуі қаупін жоғарылатады.

Шаранада келесі ақаулар дамыған жағдайда:

- ерін жырығы, таңдай жарығы, микрогнатия және көздің көру аумағының гипертелоризмі сияқты бет ақаулары дамуы;

- құлақтың (мысалы, мұрын пішінінің дұрыс болмауы, сыртқы/ішкі құлақтың болмауы) және көздің (мысалы, офтальмомикрия) ақауы дамуы;

- саусақтар дамуының ақаулары (мысалы, полидактилия, синдактилия, брахидактилия);

- жүрекше аралық және қарынша аралық қалқаның ақауы сияқты жүрек дамуының ақауы;

- дамудың эзофагеальді ақаулары (мысалы, өңештің атрезиясы);

- жүйке жүйесі дамуының ақауы (spina bifida сияқты).

Микофенолат мофетилінің ана сүтіне бөлінуі белгісіз. Микофенолат мофетилі емшек еметін балаларда күрделі жағымсыз реакциялардың даму қаупі себебінен лактация кезеңінде қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілмеген. Фармакодинамикалық бейіні және тіркелген жағымсыз реакциялар микофенолат мофетилінің ықпал ету ықтималдығының аз екенін көрсетеді.

Артық дозалануы

Микофенолат мофетилінің артық дозалануы туралы деректер клиникалық сынақтардан, сондай-ақ препаратты тіркеуден кейін қолдану тәжірибесінен алынған. Көп жағдайларда жағымсыз реакциялар байқалмаған. Артық дозалану кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар дәрілік препараттың белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес болды.

Микофенолат мофетилімен артық дозаланудың иммундық жүйенің шектен тыс бәсеңдеуіне, инфекцияларға сезімталдықтың артуына және сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін екені жорамалданады. Нейтропения дамыған жағдайда, микофенолат мофетилін қабылдауды тоқтату немесе препарат дозасын азайту керек.

МФҚГ немесе микофенол қышқылының клиникалық мәнді мөлшерлерін шығару үшін гемодиализ жасау қажет емес. Холестирамин сияқты өт қышқылдарының секвестранттары микофенол қышқылын дәрілік препараттың ішек-бауырдағы кері айналымын төмендету арқылы жоя алады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид/алюминий үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 10 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Cандоз Прайвит Лимитед, Үндістан

MIDC, Plot No. 8-A/2 & 8B, TTC Industrial Area, Kalwe Block, Village-Dighe, Navi Mumbai, 400708, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д, Словения

Verovškova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia

Қазақстан Республикасы аумағындағы тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 96,

Телефон нөмірі: +7 727 258 10 48, факс: +7 727 258 10 47

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі

 

Прикрепленные файлы

266616131477976368_ru.doc 158 кб
266882561477977563_kz.doc 184.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники