Микофенолат Вива Фарм (Микофеноловая кислота)

МНН: Микофенолата мофетил
Производитель: ВИВА ФАРМ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№025705
Информация о регистрации в РК: 07.04.2022 - 07.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Микофенолат Вива Фарм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 250 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуносупрессанттар. Селективті иммуносупрессанттар. Микофенол қышқылы.

АТХ коды L04AA06

Қолданылуы

Бүйрек, жүрек, бауыр аллотрансплантатының жедел ажырап қалуы реакциясының алдын алу үшін циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • микофенолат мофетиліне, микофенол қышқылына немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • препаратты тиімділігі жоғары контрацепция құралдарын пайдаланбайтын репродуктивті жастағы әйелдерге тағайындауға болмайды

  • репродуктивті жастағы әйелдерде препаратпен емді жүктілік кезеңінде препаратты кездейсоқ қолдануды болдырмау үшін жүктіліктің болуына алдын ала тест жүргізбей бастауға болмайды

  • трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін баламалы ем болмаған жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

  • препаратты бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Жаңа түзілімдер

Микофенолат мофетилін қоса алғанда, дәрілік заттар біріктірілімімен иммунодепрессанттар негізінде ем алатын пациенттер лимфомалардың және басқа да қатерлі ісіктердің, атап айтқанда терінің даму қаупі жоғары топта болады. Бұл қауіп белгілі бір нақты агентті қолданумен емес, иммуносупрессияның қарқындылығымен және ұзақтығымен байланысты.

Тері обырының даму қаупі жоғары барлық пациенттер сияқты, күн және ультракүлгін сәулелердің әсерін жабық киім кию және қорғаныс факторының жоғары мәні бар күннен қорғайтын кремдерді қолдану арқылы шектеу керек.

Инфекциялар

Микофенолат мофетилін қоса алғанда, иммуносупрессивті ем алатын пациенттер сепсисті және өліммен аяқталатын басқа да инфекцияларды қоса алғанда, оппортунистік инфекциялардың (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық) дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. Мұндай жағдайларға жасырын вирустық инфекцияның реактивациясы, мысалы, В немесе С гепатиті немесе полиомавирустар тудыратын инфекциялар (ВК-вирустық нефропатия, JC- вирусымен байланысты ПМЛ жағдайлары) жатады. Иммуносупрессивті ем қабылдаған В немесе С гепатиті вирустарын тасымалдаушы науқастарда В немесе С гепатиті вирустарының реактивациясы салдарынан гепатиттің даму жағдайлары туралы хабарланды. Бұл инфекциялар көбінесе жоғары жалпы иммуносупрессивті жүктемемен байланысты және өлімге дейін апаратын ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, дәрігерлер мұны бүйрек функциясының бұзылуы немесе неврологиялық симптомдар байқалатын иммунитеті әлсіреген пациенттерді дифференциалды диагностикалау кезінде ескеруі керек.

Қайталанатын инфекциялармен астасқан гипогаммаглобулинемияның даму жағдайлары препаратты басқа иммуносупрессивті препараттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалды. Кейбір осы жағдайларда микофенолат мофетилін қабылдаудан баламалы иммуносупрессантқа көшу IgG сарысулық деңгейлерін қалыпқа келтірді. Микофенолат мофетилін қабылдау аясында қайталанатын инфекциялары бар пациенттерде қандағы иммуноглобулиндердің деңгейін бақылау қажет. Ұзақ, клиникалық маңызы бар гипогаммаглобулинемия жағдайларында Т - және В-лимфоциттерге микофенол қышқылының күшті цитостатикалық әсерін ескере отырып, терапияны қайта қарау қажеттілігін қарастырған жөн.

Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен бірге қабылдаған ересектер мен балаларда бронхоэктаздардың дамуы туралы бірқатар есептер жарияланды. Кейбір осы жағдайларда микофенолат мофетилін қабылдаудан басқа иммунодепрессантқа ауысу респираторлық симптомдардың жақсаруына әкелді. Бронхоэктаздардың даму қаупі гипогаммаглобулинемиямен немесе өкпеге тікелей әсер етумен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, өкпенің интерстициалық ауруы және өкпе фиброзы туралы жеке хабарламалар бар, олардың кейбіреулері өлімге әкелді. Пациенттерде жөтел және ентігу сияқты тұрақты өкпе симптомдарының даму жағдайларына мұқият талдау жүргізу ұсынылады.

Қан түзу жүйесі және иммундық жүйе

Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттер нейтропенияның даму мәніне мониторингке жатады, ол препаратты қабылдаудың өзіне, қатарлас препараттарды қабылдауға, вирустық инфекцияларға немесе осы себептердің қандай да бір біріктіріліміне байланысты болуы мүмкін. Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттер қанды толық талдау үшін бірінші айда апта сайын, емдеудің екінші және үшінші айында айына екі рет, содан кейін бірінші жылы ай сайын тапсыруы керек. Нейтропения дамыған кезде (нейтрофилдердің абсолютті саны <1.3х103/мкл) препаратты қабылдауды тоқтата тұру немесе тоқтату орынды болуы мүмкін.

Микофенолат мофетилін басқа иммуносупрессивті препараттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде парциальдық қызыл жасушалы аплазияның (ПҚЖА) даму жағдайлары байқалды. Микофенолат мофетилін қолданғанда ПҚЖА даму механизмі белгісіз. ПҚЖА препараттың дозасын төмендеткеннен немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтымды болуы мүмкін. Ағзалар трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде микофенолат мофетил терапиясындағы өзгерістерді трансплантаттың қабылданбай ажырау қаупін төмендету мақсатында мұқият қадағалаумен жүргізу қажет.

Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттер инфекцияның, қанағыштықтың, қан кетудің кез келген белгілері немесе сүйек кемігі функциясы бәсеңдеуінің басқа да белгілері туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттігі туралы хабардар етілуі керек.

Пациенттерге микофенолат мофетилімен емдеу кезінде вакцинация тиімділігі аз болуы мүмкін екендігі туралы хабарлау керек; тірі әлсіреген вакциналарды қолданудан аулақ болу керек. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізуге рұқсат етіледі. Вакциналарды тағайындау кезінде ұлттық ұсынымдарды басшылыққа алған жөн.

Асқазан-ішек жолы

Микофенолат мофетилін қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін, соның ішінде АІЖ шырышты қабығының жаралануы, асқазан-ішектен қан кету, АІЖ перфорациясы. Препаратты асқорыту жолының өршу сатысындағы ауыр аурулары бар пациенттерге қолданғанда сақ болу қажет.

Микофенолат мофетилі ИМФДГ (инозин монофосфат дегидрогеназа) тежегіші болып табылады. Сондықтан оны сирек генетикалық негізделген тұқым қуалаған гипоксантингуанин фосфорибозилтрансфераза тапшылығы (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромдары) бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Өзара әрекеттесу

МФҚ бауыр рециркуляциясына кедергі келтіретін, құрамында иммунодепрессанттары бар препараттарды, мысалы, циклоспоринді енгізуді қарастыратын аралас терапиядан осындай әсерсіз басқа емге, мысалы, такролимус, сиролимус, белатасепт препараттарын қолданатын емге ауысу кезінде немесе керісінше сақ болу керек, өйткені бұл МФҚ тиімділігінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. МФК бауыр-ішек рециркуляциясына кедергі келтіретін басқа кластағы препараттарды (мысалы, холестирамин, антибиотиктер) олардың плазмадағы микофенолат мофетилі концентрациясының төмендеуіне және оның тиімділігіне әлеуетті әсеріне байланысты сақтықпен қолдану керек. Аралас терапиядан (мысалы, циклоспориннен такролимусқа немесе керісінше) ауысқан кезде, сондай-ақ трансплантаттың қабылданбай ажырау қаупі жоғары пациенттерде иммуносупрессияның барабар деңгейі мақсатында немесе антибиотиктерді бір мезгілде қабылдаған кезде МФҚ дәрілік мониторингін жүргізу керек.

Микофенолат мофетилін азатиопринмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бір мезгілде қабылдау кезінде олардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

ҚКТ мен сиролимусты бір мезгілде қолдануға қатысты қаупі/пайдасы анықталмаған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ацикловир

Микофенолат мофетил мен ацикловирді бір мезгілде қолданған кезде ацикловирді бөлек қолданғанға қарағанда плазмадағы ацикловирдің неғұрлым жоғары концентрациясы байқалды. МФҚГ фармакокинетикасының өзгерістері (МФҚ фенолды глюкурониді) ең аз болды (МФҚ 8% - ға артты) және клиникалық маңызды болып саналмайды. МФҚГ плазмалық концентрациясы, ацикловир сияқты, бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде жоғарылайтындықтан, микофенолат мофетилі және ацикловир, сондай-ақ оның ізашарлары, мысалы, валацикловир, түтікшелі секрецияға қатысты бәсекелеседі, бұл екі дәрілік заттың концентрациясының одан әрі жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Антацидтер және протонды сорғының тежегіштері (ПСТ)

Микофенолат мофетилін антацидтермен (алюминий және магний гидроксиді) және протонды сорғы тежегіштерімен (лансопразол және пантопразол) бірге қолданғанда МФҚ концентрациясының төмендеуі байқалды. Микофенолат мофетилін ПСТ препараттарымен бір мезгілде және онсыз қабылдайтын пациенттерде трансплантаттың қабылданбай ажырау жиілігін салыстырған кезде айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Бұл қорытынды теориялық тұрғыдан антацидтерге де қолданылады, өйткені магний мен алюминий гидроксидтерін микофенолат мофетилімен бір мезгілде қабылдаған кезде МФҚ концентрациясы микофенолат мофетилін ПСТ-мен бір мезгілде қабылдағанға қарағанда әлдеқайда аз дәрежеде төмендейді.

Бауыр-ішек рециркуляциясына кедергі келтіретін дәрілік препараттар (мысалы, холестирамин, циклоспорин А, антибиотиктер)

Микофенолат мофетилі тиімділігінің ықтимал төмендеуіне байланысты бауыр-ішек рециркуляциясына кедергі келтіретін дәрілік заттарды бірге сақтықпен пайдалану керек.

Холестирамин

Дені сау еріктілерде 1.5 г ММФ бір реттік дозасын тағайындағаннан кейін 4 күн бойы тәулігіне 3 рет 4 г холестираминді алдын ала қабылдау аясындаМФҚ AUC 40% - ға төмендеуі байқалды. Бір мезгілде тағайындаған кезде микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеуінің жоғары ықтималдығына байланысты сақ болу қажет.

Циклоспорин А

Циклоспорин А микофенолат мофетилінің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Алайда циклоспоринді бір мезгілде қабылдауды тоқтатқан кезде МФҚ AUC шамамен 30% - ға артуын күтуге болады. Циклоспорин А МФҚ бауыр-ішек рециркуляциясына кедергі келтіреді, бұл сиролимус немесе белатасепт және микофенолат мофетилінің ұқсас дозаларын алатын пациенттермен салыстырғанда, микофенолат мофетилін және циклоспорин А алатын бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде МФҚ экспозициясының 30-50% - ға төмендеуіне әкеледі. Және керісінше, MAR энтерогепатиттік рециркуляциясына кедергі жасамайтын иммунодепрессанттардың біріне циклоспорин А пациенттерін ауыстыру кезінде MAR экспозициясының өзгеруін күту керек.

Ішекте β-глюкуронидаза өндіретін бактериялардың өліміне әкелетін антибиотиктер (мысалы, аминогликозидтер, цефалоспориндер, фторхинолондар және пенициллиндер тобындағы антибиотиктер) МФҚГ/МФҚ бауыр-ішек рециркуляциясын бұзуы мүмкін, бұл өз кезегінде МФҚ жүйелі экспозициясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Ципрофлоксацин немесе амоксициллин клавулан қышқылымен біріктірілімде

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде ципрофлоксацинді немесе амоксициллинді клавулан қышқылымен біріктіріп пероральді қабылдағаннан кейінгі күндері МФҚ ең төменгі концентрациясының шамамен 50% - ға төмендегені байқалады. Бактерияға қарсы емді жалғастырған кезде бұл әсер төмендейді, ал емді тоқтатқаннан кейін - жоғалады. Бұл құбылыстың клиникалық маңызы белгісіз, өйткені ең аз концентрацияның өзгеруі МФҚ жалпы экспозициясының өзгеруін жеткіліксіз көрсетуі мүмкін. Осылайша, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаған кезде, әдетте микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту қажет емес. Дегенмен, біріктірілген емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін бірден клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Норфлоксацин және метронидазол

Дені сау еріктілерде микофенолат мофетилін норфлоксацинмен немесе метронидазолмен қатар қолданғанда елеулі өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Алайда, норфлоксацин мен метронидазолдың біріктірілімі микофенолат мофетилін бір рет қабылдағаннан кейін МФҚ экспозиция деңгейін шамамен 30% төмендетеді.

Триметоприм/сульфаметоксазол

МФҚ биожетімділігіне әсері байқалмады.

Глюкуронизацияға әсер ететін препараттар (мысалы, изавуконазол, телмисартан)

МФҚ глюкуронизациясын тежейтін препараттарды бір мезгілде қабылдау соңғысының экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Мұндай препараттарды микофенолат мофетилімен бір мезгілде тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады.

Изавуконазол

Изавуконазолды бір мезгілде қолданған кезде МФҚ AUC0-∞ 35%-ға ұлғаюы байқалды.

Телмисартан

Телмисартан мен микофенолат мофетилін қатар қабылдау МФҚ концентрациясының шамамен 30%-ға төмендеуіне әкелді. Телмисартан пероксисомалық пролифераторлармен белсендірілген гамма-рецепторлардың экспрессиясын күшейту арқылы МФҚ шығарылуын өзгертеді, бұл өз кезегінде UGT1A9 генінің экспрессиясы мен белсенділігінің артуына әкеледі. Телмисартанды ілеспе қабылдаумен бірге/онсыз микофенолат мофетилін алатын пациенттерде трансплантаттың қабылданбай ажырауы, трансплантаттың жоғалуы немесе қолайсыз құбылыстардың туындау жағдайларының жиілігін салыстыру кезінде фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық салдары анықталған жоқ.

Ганцикловир

Микофенолаттың ұсынылған дозаларын бір рет пероральді қабылдаумен және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің микофенолат мофетилі мен ганцикловирдің фармакокинетикасына белгілі әсерін ескере отырып, ганцикловирді вена ішіне енгізумен зерттеу нәтижелері бойынша осы екі препаратты бір мезгілде қолдану (түтікшелі секреция процесінде бәсекелесетін) МФҚГ мен ганцикловир концентрациясының артуына әкеледі деп болжауға болады. МФҚ фармакокинетикасының елеулі өзгерісі күтілмейді, сондықтан микофенолат мофетилі дозасын түзету қажет емес. Егер микофенолат мофетилі және ганцикловир (немесе оның ізашарлары, мысалы, валганцикловир) бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылса, ганцикловир дозасын таңдау және науқастарды мұқият қадағалау қажет.

Пероральді контрацептивтер

Микофенолат мофетилін бірге қабылдау пероральді контрацептивтердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсерін тигізбейді.

Рифампицин

Микофенолат мофетилін (циклоспоринсіз) рифампицинмен бірге енгізу МФҚ экспозициясының (AUC0-12) 18%-70% төмендеуіне әкелді. Рифампицин бірге тағайындалғанда МФҚ экспозициясын бақылау және клиникалық тиімділігін сақтау үшін тиісінше микофенолат мофетилінің дозасын түзету ұсынылады.

Севеламер

Микофенолат мофетилін севеламер препаратымен бірге қолданғанда қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (яғни, трансплантаттың қабылданбай ажырауынсыз) МФҚ Cmax және AUC0-12 тиісінше, 30% және 25% төмендеуі білінді. Алайда, МФҚ сіңірілу әсерін азайта түсу үшін севеламер қабылдаудан, кем дегенде, бір сағат бұрын немесе одан кейін үш сағаттан соң микофенолат мофетилін енгізу ұсынылады. Микофенолат мофетилін севеламерден басқа фосфатты байланыстырушы заттармен қатар қолдану туралы деректер жоқ.

Такролимус

Микофенолат мофетилімен және такролимуспен емдеуді бастаған бауыр трансплантаты бар пациенттерде МФҚ AUC және Cmax мәндері айтарлықтай өзгерген жоқ. Салыстыру үшін, бауыр трансплантациясынан кейін такролимус қабылдайтын пациенттерге микофенолат мофетил дозасын (күніне 2 рет 1,5 г) бірнеше рет енгізген кезде такролимустың AUC шамамен 20% - ға артуы байқалды. Дегенмен, бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде микофенолат мофетилін қабылдау кезінде такролимус концентрациялары өзгермеген.

Тірі вакциналар

Тірі вакциналарды иммундық жауабы әлсіз пациенттерге енгізуге болмайды. Басқа вакциналарға жауап ретінде антиденелердің түзілуі төмендеуі мүмкін.

Басқа әлеуетті өзара әрекеттесулер

Пробенецид пен микофенолат мофетилін бір мезгілде қолданғанда маймылдар плазмасында МФҚГ AUC 3 есе ұлғаюы білінді. Осылайша, өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа дәрілік заттар МФҚГ-мен бәсекелесуі мүмкін, бұл МФҚГ немесе өзі де өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа препараттың плазмадағы концентрациясының ұлғаюына алып келеді.

Арнайы сақтандырулар

Пациенттердің ерекше санаттары

Егде жастағы пациенттерде, жас пациенттермен салыстырғанда, кейбір инфекциялар (инвазивті тіндік цитомегаловирустық инфекцияны қоса) және АІЖ-дан қан кету және өкпе ісінуі сияқты жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғары.

Тератогендік әсер

Микофенолаттың қуатты тератогендік әлеуеті бар. Жүктілік кезінде ММФ қолданғаннан кейін өздігінен түсік түсу (4549% - да) және туа біткен даму ақаулары (2327% - да) жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан трансплантаттың қабылданбай ажырауының алдын алу үшін баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайда микофенолат мофетилін жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Репродуктивті жастағы еркек және әйел жынысты пациенттер қауіптер туралы хабардар болуы және микофенолат мофетил терапиясына дейін, кезінде және одан кейін контрацепция әдістері мен жүктіліктің болуына тестілеуге қатысты ұсынымдарды ұстануы тиіс. Емдеуші дәрігердің міндеті - микофенолатты қабылдайтын әйелдер мен ерлер балаға зиян келтіру қаупін, тиімді контрацепция қажеттілігін, сондай-ақ жүктілікке күдік туындаған жағдайда дереу дәрігерге бару қажеттілігін түсінуін қамтамасыз ету.

Контрацепция

Микофенолат мофетилін контрацепцияның тиімділігі жоғары әдістерін пайдаланбайтын репродуктивті жастағы әйелдерге қолдануға болмайды.

Микофенолат мофетилін қабылдаған кезде өздігінен түсік түсу және туа біткен даму ақаулары қаупінің дәлелденген болуына байланысты емдеу кезінде жүктіліктің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды қабылдау керек. Репродуктивті жастағы әйелдер микофенолат мофетилімен емдеуді бастар алдында, емдеу кезінде және терапия аяқталғаннан кейін 6 апта бойы контрацепцияның ең болмаса сенімді тәсілдерінің бірін пайдалануы тиіс; жыныстық өмірден сақтану жағдайларын қоспағанда. Қолданылатын контрацепция әдісінің тиімсіздігі және қажетсіз жүктілік қаупін азайту үшін бір уақытта контрацепцияның 2 әдісін қолданған жөн.

Оқу материалдары

Микофенолаттың шаранаға әсерін болдырмау және пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат беру үшін тіркеу куәлігінің иесі емдеуші дәрігерлерге білім беру материалын ұсынады. Білім беру материалы препараттың тератогендігі туралы ескертуді, емді бастар алдында контрацепция әдістерін пайдалану жөніндегі кеңестерді және жүктілікке тест жүргізу қажеттілігін қамтиды. Репродуктивті жастағы әйелдерге және қажет болған жағдайда еркек пациенттерге тератогендік қауіп және жүктілікті болдырмау үшін алдын алу әдістері туралы толық ақпарат беру керек.

Қосымша сақтандыру шаралары (донорлық)

Пациенттер ем кезінде немесе микофенолатты қабылдауды тоқтатқаннан кейін кем дегенде 6 апта бойы қан доноры болмауы керек. Ер адамдар емдеу кезінде немесе микофенолатты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 90 күн ішінде шәует доноры болмауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Трансплантаттың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін емдеудің баламалы әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, микофенолат мофетилін жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Микофенолат мофетилін сәбилерде ауыр жағымсыз реакциялар туындауының жоғары ықтималдығына орай, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілген жоқ. Препараттың фармакодинамикалық бейіні және жағымсыз реакциялар туралы ақпарат мұндай әсер етудің төмен ықтималдығын көрсетеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Микофенолат Вива Фарм препаратымен емдеуді ағзаларды ауыстырып салу жөніндегі білікті мамандар жүргізуі тиіс.

Бүйрек трансплантациясы кезінде

Ересектер

Препаратты қабылдауды трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде бастау керек.

Бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерге ұсынылатын доза күніне екі рет 1 г құрайды (тәуліктік доза - 2 г).

Балалар мен жасөспірімдер (2 жастан 18 жасқа дейінгі)

Препараттың ұсынылатын дозасы күніне екі рет пероральді 600 мг/м2 құрайды (күніне ең көбі 2 г). Препаратты қабылдауды дене бетінің ауданы кемінде 1,25 м2 пациенттерге ғана тағайындау керек. Дене бетінің ауданы 1,25-тен 1,5 м2-ге дейінгі пациенттерге препаратты күніне екі рет 750 мг дозада қабылдау тағайындалуы мүмкін (тәуліктік доза-1,5 г). Дене бетінің ауданы 1,5 м2 асатын пациенттерге препаратты күніне екі рет 1 г дозада қабылдау тағайындалуы мүмкін (тәуліктік доза – 2 г). Осы жас тобында ересектермен салыстырғанда жағымсыз реакциялар жиі кездесетіндіктен, дозаны уақытша азайту немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін; бұл ретте тиісті клиникалық факторларды, оның ішінде реакцияның ауырлығын ескеру қажет.

Балалар (2 жасқа дейінгі)

2 жасқа дейінгі балалар үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы шектеулі мәліметтер бар. Бұл доза бойынша ұсыным беру үшін жеткіліксіз, сондықтан бұл препаратты осы жас тобында қолдану ұсынылмайды.

Жүректі алмастыру кезінде

Ересектер

Препаратты пероральді қабылдауды трансплантациядан кейін 5 күн ішінде бастау керек. Жүрек трансплантациясынан кейін пациенттерге ұсынылатын доза күніне екі рет 1,5 г құрайды (тәуліктік доза - 3 г).

Балалар

Жүректі алмастырғаннан кейін балалар тобындағы пациенттерге арналған деректер жоқ.

Бауырды алмастыру кезінде

Ересектер

Препаратты қабылдауды бауыр трансплантациясынан кейін алғашқы 4 күн ішінде бастау керек, бұл ретте препаратты пероральді қабылдау ол көтерімді болған кезде тағайындалады. Бауыр трансплантациясынан кейін пациенттерге ұсынылатын пероральді доза күніне екі рет 1,5 г құрайды (тәуліктік доза - 3 г).

Балалар

Бауырды алмастырғаннан кейін балалар тобындағы пациенттерге арналған деректер жоқ.

Ерекше топтар

Егде жастағы және қарттық жастағы пациенттер

Бүйрек трансплантациясын бастан өткерген егде және қарттық жастағы пациенттерге ұсынылатын доза күніне екі рет 1 г, ал жүрек немесе бауыр трансплантациясынан кейін – күніне екі рет 1.5 г құрайды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар (шумақшалық сүзілу жылдамдығы <25 мл/мин /1.73 м2) бүйрегіне трансплантация жасалғаннан кейін пациенттерде тікелей трансплантациядан кейін препаратты күніне екі рет 1 г асатын дозада қолданудан аулақ болу керек. Бұл пациенттерді мұқият бақылау қажет. Бүйрек трансплантаты функциясының кідірісі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесімен ауыратын, жүрек немесе бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрегі ауыстырып салынған және бауыр паренхимасына ауыр зақым келген пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Жүрегі ауыстырып салынған, бауыр паренхимасының ауыр зақымдануы бар пациенттер бойынша деректер жоқ.

Трансплантат қабылданбай ажыраған кезде емдеу

Микофенол қышқылы (МФҚ) микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауы МФҚ фармакокинетикасындағы өзгерістерге әкелмейді; дозаны азайту немесе препаратпен емдеуді тоқтату талап етілмейді. Трансплантат қабылданбай ажырағаннан кейін препарат дозасын түзету үшін қандай да бір негіз жоқ. Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырауы кезеңіне қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ.

Терапияны бастар алдындағы сақтық шаралары

Үй қояндары мен егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулерде микофенолат мофетилі тератогендік әсер көрсеткендіктен, капсула ішіндегісінің терімен немесе шырышты қабықтармен тікелей жанасу қаупін болдырмау үшін препарат капсулаларын ашуға немесе сындыруға болмайды. Жанасқан жағдайда, ұнтақпен жанасқан жерлерді сабынды сумен, көзді ағынды сумен мұқият жуу қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Клиникалық зерттеулерден және тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде микофенолат мофетилімен артық дозалану деректері алынды. Көпшілік жағдайларда жағымсыз құбылыстар байқалмаған. Жағымсыз құбылыстарымен орын алған артық дозалану жағдайларында құбылыстар препараттың белгілі қауіпсіздік бейіні аясында болды.

Микофенолат мофетилімен артық дозалану шектен тыс иммуносупрессияға (соның салдарынан инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауына) және сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуіне әкелуі ықтимал деп күтіледі. Нейтропения дамыған жағдайда микофенолат мофетилін қабылдау тоқтатылуы тиіс немесе препарат дозасын азайту керек.

Клиникалық жоғары МФҚ немесе МФҚГ деңгейлерін организмнен гемодиализ әдісімен шығарудың мүмкін болу ықтималдығы аз. Өт қышқылдарын байланыстыратын препараттар, мысалы, холестирамин МФҚ экскрециясын арттыра отырып, оның организмнен жойылуына ықпал ете алады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Әр топта жағымсыз реакциялар маңыздылығының кему тәртібімен ұсынылады.

1-кесте. Клиникалық сынақтар деректеріне және тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесіне сәйкес препаратпен емделген пациенттерде анықталған дәріге қолайсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы.

Жағымсыз реакциялар

(MedDRA)

Жүйелік-ағзалық класс

Бүйрек трансплантациясы 

n = 991

Бауыр трансплантациясы 

n = 277

Жүрек трансплантациясы 

n = 289

Жиілігі

Жиілігі

Жиілігі

Инфекциялар мен инвазиялар

Бактериялық инфекциялар

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Зеңдік инфекциялар

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Протозойлық инфекциялар

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Вирустық инфекциялар

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Қатерсіз, қатерлі жаңа түзілімдер және спецификалық емес кисталар  (оның ішінде полиптер де)

Терінің қатерсіз жаңа түзілімдері

Жиі

Жиі

Жиі

Липома

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Лимфопролиферативтік бұзылулар

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Неоплазма

Жиі

Жиі

Жиі

Тері обыры

Жиі

Жиі емес

Жиі

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Анемия

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Қызыл қан денешіктері аплазиясы

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Экхимоздар

Жиі

Жиі

Өте жиі

Лейкоцитоз

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Лейкопения

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Панцитопения

Жиі

Жиі

Жиі емес

Псевдолимфома

Жиі емес

Жиі емес

Жиі

Тромбоцитопения

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Зат алмасудың, метаболизмнің бұзылуы

Ацидоз

Жиі

Жиі

Өте жиі

Гиперхолестеринемия

Өте жиі

Жиі

Өте жиі

Гипогликемия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гиперкалиемия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гиперлипидемия

Жиі

Жиі

Өте жиі

Гипокальциемия

Жиі

Өте жиі

Жиі

Гипокалиемия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гипомагниемия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гипофосфатемия

Өте жиі

Өте жиі

Жиі

Гиперурикемия

Жиі

Жиі

Өте жиі

Подагра

Жиі

Жиі

Өте жиі

Салмақ жоғалту

Жиі

Жиі

Жиі

Психикалық бұзылулар

Сананың шатасуы

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Депрессия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ұйқышылдық

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ажитация

Жиі емес

Жиі

Өте жиі

Мазасыздық

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ойлаудың бұзылуы

Жиі емес

Жиі

Жиі

Жүйке жүйесінің бұзылуы

Бас айналу

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Бас ауыруы

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гипертония

Жиі

Жиі

Өте жиі

Парестезия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ұйқышылдық

Жиі

Жиі

Өте жиі

Тремор

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Құрысулар

Жиі

Жиі

Жиі

Дәм сезудің бұрмалануы

Жиі емес

Жиі емес

Жиі

Жүрек аурулары

Тахикардия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Қантамырлық бұзылулар

Гипертония

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гипотония

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Лимфоцеле

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Вена тромбозы

Жиі

Жиі

Жиі

Вазодилатация

Жиі

Жиі

Өте жиі

Тыныс алу, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар

Бронхоэктазия

Жиі емес

Жиі емес

Жиі емес

Жөтел

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Диспноэ

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Өкпенің интерстициалық ауруы

Жиі емес

Өте сирек

Өте сирек

Плевралық жалқық

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Өкпе фиброзы

Өте сирек

Жиі емес

Жиі емес

Асқазан-ішек бұзылыстары

Іштің кебуі

Жиі

Өте жиі

Жиі

Іштің ауыруы

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Колит

Жиі

Жиі

Жиі

Іш қату

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Тәбеттің жоғарылауы

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Диарея

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Диспепсия

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Эзофагит

Жиі

Жиі

Жиі

Кекіру

Жиі емес

Жиі емес

Жиі

Метеоризм

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гастрит

Жиі

Жиі

Жиі

Асқазан-ішектен қан кету

Жиі

Жиі

Жиі

Асқазан-ішектің ойықжарасы

Жиі

Жиі

Жиі

Гингивит

Жиі

Жиі

Жиі

Ішектің бітелуі

Жиі

Жиі

Жиі

Ауыз қуысының ойықжарасы

Жиі

Жиі

Жиі

Жүрек айну

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Панкреатит

Жиі емес

Жиі

Жиі емес

Стоматит

Жиі

Жиі

Жиі

Құсу

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Аса жоғары сезімталдық

Жиі емес

Жиі

Жиі

Гипоглобулинемия

Жиі емес

Өте сирек

Өте сирек

Гепатобилиарлық жүйенің бұзылуы

Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Жиі

Жиі

Жиі

Лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

Жиі

Жиі емес

Өте жиі

Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Гепатит

Жиі

Өте жиі

Жиі емес

Гипербилирубинемия

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Сарғаю

Жиі емес

Жиі

Жиі

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Aкне

Жиі

Жиі

Өте жиі

Aлопеция

Жиі

Жиі

Жиі

Бөртпе

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Тері гипертрофиясы

Жиі

Жиі

Өте жиі

Қаңқа бұлшықеттері мен дәнекер тінінің тарапынан бұзылулар

Артралгия

Жиі

Жиі

Өте жиі

Бұлшықет әлсіздігі

Жиі

Жиі

Өте жиі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Креатинин деңгейінің жоғарылауы

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Мочевина деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

Өте жиі

Өте жиі

Гематурия

Өте жиі

Жиі

Жиі

Бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар

Астения

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Қалтырау

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ісінулер

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Жарық

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Дімкәстік

Жиі

Жиі

Жиі

Ауыру

Жиі

Өте жиі

Өте жиі

Қызба

Өте жиі

Өте жиі

Өте жиі

Ескертпе: 991 (күн сайын препараттың 2 г /3 г), 289 (күн сайын препараттың 3 г) және 277 (күн сайын препараттың 2 г вена ішіне/ 3 г пероральді) мөлшерінде пациенттер тиісінше бүйрек, жүрек және бауыр трансплантаттарының ажырап қалуының алдын алу үшін III фазаны зерттеу шеңберінде ем алды.

Таңдалған жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Қатерлі ісіктер

Дәрілік препараттардың, оның ішінде микофенолат мофетилінің біріктірілімін қамтитын иммуносупрессивті ем алатын пациенттерде лимфомалардың және басқа да, әсіресе терінің қатерлі ісіктерінің даму қаупі жоғары. Бүйрек немесе жүрек трансплантациясынан кейін пациенттердегі қауіпсіздік жөніндегі үш жылдық деректер қатерлі ісіктердің аурушаңдық көрсеткішінде 1 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қандай да бір күтпеген өзгерістерді анықтаған жоқ. Бауыр трансплантациясынан кейін пациенттер кем дегенде 1 жыл, бірақ 3 жылдан аз бақыланды.

Оппортунистік инфекциялар

Трансплантация жасалған барлық пациенттерде оппортунистік инфекциялар қаупі жоғары және иммуносупрессия дәрежесінің артуымен жоғарылайды. Микофенолат мофетилі (тәулігіне 2 немесе 3 г) препаратын басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қолданғанда бақыланатын клиникалық зерттеулерде пациенттерде бүйрек (2 г дозаны қабылдау кезіндегі деректер), жүрек және бауыр трансплантациясынан кейін 1 жыл бойы байқалған ең жиі инфекциялар тері мен шырышты қабықтардың кандидозы, цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекция: ЦМВ виремия/ЦМВ синдромы және Herpes simplex болды. ЦМВ виремия/ЦМВ синдромы жағдайларының саны 13.5%-ды құрады.

Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде парциальдық қызыл жасушалы аплазия жағдайлары тіркелген.

Пельгер-Хьюит аномалиясын қоса, нейтрофилдердің атипті морфологиясының бірлі-жарым жағдайлары байқалды. Бұл өзгерістер нейтрофилдер функциясының бұзылуымен байланысты емес. Бұл өзгерістер «солға жылжу» түрінде болуы мүмкін, бұл иммунитеті әлсіз пациенттерде, мысалы, микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде инфекцияның белгісі ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.

Асқазан-ішек бұзылыстары

Асқазан-ішек жолдарының елеулі бұзылыстары - бұл микофенолат мофетилімен байланысты белгілі қауіптер болып табылатын жараланулар мен қан кетулер болды. Ауыз, өңеш, асқазан, он екі елі ішек және ішектің көбінесе қан кетумен, сондай-ақ гематемезиспен, мелена және гастрит пен колиттің геморрагиялық түрлерімен асқынған ойықжаралары, әдетте негізгі клиникалық зерттеулер кезінде хабарланған. Асқазан-ішек жолдарының ең көп таралған бұзылулары диарея, жүрек айну және құсу болды. Препаратпен байланысты диареямен ауыратын пациенттерді эндоскопиялық зерттеу бүрлердің ішек атрофиясының бірлі-жарым жағдайларын анықтады.

Жоғары сезімталдық реакциялары

Ангионевроздық ісінуді және анафилаксиялық реакцияны қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы туралы хабарламалар келіп түсті.

Жүктілік, босанғаннан кейінгі және перинатальдық кезеңдердегі жағдай

Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуі жағдайлары, көбінесе бірінші триместрде байқалған.

Туа біткен даму ақаулары

Маркетингтен кейінгі кезеңде басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттердің балаларында дамудың туа біткен ақаулары байқалды.

Тыныс алу, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар

Басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде кейбірі өліммен аяқталған өкпенің интерстициялық ауруының және өкпе фиброзының жағдайлары туралы жекелеген хабарламалар түскен. Сондай-ақ, балалар мен ересектерде бронхоэктаз туралы хабарланды (жиілігі белгісіз).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде гипогаммаглобулинемия жағдайлары туралы хабарланған (жиілігі белгісіз).

Жалпы бұзылулар және жағдайлар

Ісіну, оның ішінде шеткергі, бет пен ұманың ісінуі негізгі сынақтар кезінде жиі хабарланды. Миалгия, мойын және арқаның ауыруы сияқты қаңқа-бұлшықет ауырулары да өте жиі болды.

Арнайы топтар

Балалар

Күніне екі рет 600 мг/м2 микофенолат мофетилін пероральді қабылдаған 2 жастан 18 жасқа дейінгі 92 пациент қатысқан клиникалық зерттеуде жағымсыз реакциялардың түрі мен жиілігі, әдетте, күніне екі рет 1 г препарат алатын ересек пациенттерде байқалатынға ұқсас болды. Алайда, педиатриялық популяцияда, әсіресе 6 жасқа дейінгі балаларда, ересектермен салыстырғанда келесі педиатриялық жанама әсерлер жиі болды: диарея, сепсис, лейкопения, анемия және инфекция.

Егде жастағы және қарттық жастағы пациенттер

Егде және қарттық жастағы (> 65 жас) пациенттерде иммунитеттің төмендеуіне байланысты жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. Препаратты иммуносупрессивті емнің бір бөлігі ретінде қабылдайтын егде жастағы пациенттер кейбір инфекциялардың (манифестті цитомегаловирустық инфекцияның тіндік инвазиялық формаларын қоса алғанда), сондай-ақ асқазан-ішектен қан кетулердің және өкпенің ісінуінің жас жастағы пациенттерге қарағанда жоғары даму қаупіне ұшырайды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – микофенолат мофетилі 250 мг,

қосымша заттар: желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил),

капсуланың құрамы (корпус және қақпағы)- титанның қостотығы (Е171), желатин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қатты желатинді, цилиндр тәрізді №1 капсулалар, ақ дерлік түсті қақпағы және корпусы бар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршікті ұнтақ. Нығыздалған түйірлерге рұқсат етіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан ақ түсті поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға немесе 100 капсуладан алғаш ашылуы бақыланатын және балалардан қорғайтын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар, алюминий мембранамен тығыз дәнекерленген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға салады. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Дегдар к-сі, 33

Тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

Электронды пошта: pv@vivapharm.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Дегдар к-сі, 33

Тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

Электронды пошта: pv@vivapharm.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050030, Алматы қ., Дегдар к-сі, 33

Тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

Электронды пошта: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_(ЛВ)_рус.яз_28_.03_.22_.docx 0.09 кб
Микофенолат_Вива_ИМП_(ЛВ)_каз.яз_.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники