Микостер® 8 %
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Микостер® 8%
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циклопирокс
Дәрілік түрі
Тырнаққа арналған дәрілік лак, 3 мл
Құрамы
100г препараттың құрамында:
белсенді зат –8,0 г циклопирокс,
қосымша заттар: метилвинил эфирдің және малеин қышқылы монобутил эфирдің кополимері, этилацетат, изопропил спирті
Сипаттамасы
Мөлдір, сәл тұтқыр сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Циклопирокс.
АТХ коды D01AE14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Циклопирокс тырнақ пластинасына жылдам (жаққан сәттен бастап алғашқы сағаттар ішінде) және терең енеді:
- фунгицидтік концентрациялары күнделікті қолданғаннан кейін 7-нші күні анықталады
- тырнақтың дистальді бөлігіндегі ең жоғарғы концентрациялары қол тырнақтарына қолданылған 14-інші және 30-ыншы күндер аралығында және аяқ тырнақтарына қолданылған 30-ыншы және 45-інші күндер аралығында анықталады, бұл тырнақ пластиналарының қаныққанын көрсетеді
Емдеуді тоқтатқаннан кейін қалдықтық әсері анықталады: циклопирокс белсенді концентрациясында 7 - 14 күн бойы сақталады.
Фармакодинамикасы
Микостер® 8% (циклопирокс) – пиридон тобына жататын зеңге қарсы препарат.
Циклопирокс кең ауқымды зеңге қарсы дәрі болып табылады, ол дерматофиттерге (Trichophytons, Microsporum canis, Epidermophytons), ашытқыларға (Candida, Torulopsis, Trichosporum, Geotrichum), зеңдерге (Scopulariopsis, Aspergillus), актиномицеттерге және грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенді.
Микостер® 8% - бұл тырнаққа арналған дәрілік лак, оның құрамында лак негізіндегі 8% циклопирокс бар. Тырнаққа жаққаннан кейін, еріткіштер (этилацетат және изопропил спирті) және үлбір түзетін заттар (метилвинил эфирінің және малеин қышқылы моно-бутил эфирінің кополимері) тырнақта құрамында циклопирокс бар қорғағыш үлбір түзе отырып ұшып кетеді.
Әсер ету механизмі зең жасушаларының өсу кезеңіндегі протеиндердің, рибонуклеин қышқылы мен дезоксирибонуклеин қышқылының синтезін тежеуіне негізделеді.
Циклопирокс оламинінің фунгицидтік белсенділігі олардың метаболизмі мен өсуіне қажетті белгілі бір заттардың (металл, фосфат және калий иондары) зең жасушаларымен сіңірілуін тежеуге негізделеді.
Қолданылуы
- тырнақ ұясының қатысуынсыз және дерматофиттер және/немесе циклопирокске сезімтал басқа зеңдерден туындайтын әлсізден орташаға дейінгі онихомикозды бастапқы емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Микостер® 8% ересектерде қолдануға арналған.
Микостер® 8 % зақымдалған тырнақтарға жұқа қабаттап, күніне бір рет, дұрысы кешкі уақытта жағу ұсынылады.
1сурет 2 сурет 3 сурет 4 сурет