Микостер® 1 %
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Микостер® 1 %
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циклопирокс
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған крем, 30 г
Құрамы
100 г препараттың құрамында:
белсенді зат –1,0 г циклопирокс оламині,
қосымша заттар: октилдодеканол, ақшыл сұйық парафин, стеарил спирті, цетил спирті, тетрадеканол, сорбитан стеараты, полисорбат 60, кокос майы қышқылы диэтаноламиді, бензил спирті, сүт қышқылы, тазартылған су
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, иіссіз біртекті крем
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Циклопирокс.
АТХ коды D01AE14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері арқылы сіңірілуі өте төмен: қабылданған дозасының 1,1-ден 1,6%-ына дейінгісі несеппен шығарылады. Плазмадағы концентрациясының ең жоғарғысы болымсыз (0.2-ден 0.3 мкг/мл дейін). Ауқымды беткейлерге (750 см2) және ұзақ уақыт бойы (6 сағат) жаққанда қанда анықталуы мүмкін (1,3% дозы), сонымен қатар жартылай ыдырау кезеңі 1,7 сағатқа жуықты құрайды және элиминациясы бүйрек арқылы жүзеге асады.
Препаратты қолданғаннан кейін, циклопирокс оламині эпидермисте және шаш фолликулдарында таралады. Әсіресе мүйізгекті қабаттың беткі қабаттары жақсы сіңіреді. 1½ сағат жанасудан кейін эпидермистегі концентрациясы 70-тен 579 мкг/г дейінді құрайды, сосын дермада, 1,800 мкм тереңдікте біртіндеп, кемінде 1 мкг дейін төмендейді.
Фармакодинамикасы
Микостер® 1% (циклопирокс оламині) - пиридон тобына жататын зеңге қарсы препарат.
Циклопирокс оламині әсер ету ауқымы кең зеңге қарсы дәрі болып табылады, ол дерматофиттерге (Trichophytons, Microsporum canis, Epidermophytons), ашытқыларға (Candida, Torulopsis, Trichosporum, Geotrichum), зеңдерге (Scopulariopsis, Aspergillus), актиномицеттер мен грамоң және грамотеріс бактерияларға қатысты белсенді.
Әсер ету механизмі өсу кезеңіндегі зең жасушаларының рибонуклеин қышқылы мен дезоксирибонуклеин қышқылының, протеиндер синтезін тежеуіне негізделеді.
Циклопирокс оламинінің фунгицидтік белсенділігі олардың метаболизмі мен өсуіне қажетті белгілі бір заттардың (металл, фосфат және калий иондары) зең жасушаларымен сіңірілуін тежеуге негізделеді.
Қолданылуы
- айқындығы жеңілден орташаға дейінгі беттің себореялық дерматитінде
- салдары бактериялық жұқпамен немесе онсыз жүретін тері аурулары: Trichophyton, Epidermophyton және Microsporum-нан туындаған дерматофитозда, қабыршақты теміреткіні, тері кандидозын, түрлі-түсті теміреткіні қоспағанда
- дерматофиттерден туындаған онихомикозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Микостер® 1% кремі ересектерде қолдануға арналған.
Салдарлы бактериялық жұқпамен немесе онсыз тері аурулары: орта есеппен, 21 күн бойы күніне 2 рет жағу.
Айқындылығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі беттің себореялық дерматиті: ұсынылатын екпінді дозасы - 2-ден 4 аптаға дейін күніне 2 рет жағу.
Артынан 28 күн бойы күніне бір рет демеуші дозасы ұсынылады.
Дерматофиттер туғызған онихомикоз: бірнеше ай бойы бөлек немесе басқа препараттармен үйлестіріп қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес (1/1,000-дан <1/100 дейін):
- емдеуді тоқтатуды қажет ететін аса жоғары сезімталдық реакциялары
- емдеуді тоқтатуды қажет ететін, қолданған жердегі сулы бөртпелер
Жиі ( 1/100-дан <1/10):
- қолданған жердегі жергілікті белгілердің өтпелі нашарлауы, шымылдатып ашыту, қызару және қышыну, бұлар емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.
Басқа жағымсыз әсерлері:
Микостер® 1% кремін пайдалану кезінде сирек жағдайда жанаспалы дерматит түріндегі жергілікті реакциялар кездеседі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- циклопироксқа және препараттың қандай-да бір компонентіне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөпірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесулері
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Микостер® 1% кремін ашық жараларға жақпау керек. Микостер® 1% кремінің көздің шырышты қабығына тиюін болдырмау керек.
pH қышқыл сабынды пайдалануға болмайды, өйткені бұл дәрілік заттың құрамында стеарил спирті мен цетил спирті бар, бұл жергілікті тері реакцияларын (мысалы, экзема) туғызуы мүмкін.
Ешқандай жүйелі әсерлер болмаса да, оларды ұзақ уақыт бойы ауқымды жерлеріне, зақымдалған теріге, шырышты қабықтарға немесе окклюзиялық таңғыштың астынан жағып жүрген емделушілерде ескеру керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Микостер® 1% кремінің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы мәліметтер жеткіліксіз, осыған байланысты препарат жүктілік кезінде ұсынылмайды.
Препаратты бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Препараттың артық дозаланған жағдайлары байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан ішкі беті эпоксифенол лагымен қапталған, қалпақшасы бар алюминий сықпаға салады.
1 алюминий сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады
Сақтау шарттары
30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтысын ашқаннан кейін препаратты 3 ай пайдалану керек.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Пьер Фабр Медикамент Продакшн,
45, Абель Ганс алаңы, 92100 Булонь, Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Пьер Фабр Дерматолоджи, Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, 050030, Алматы, 2-нші Остроумов к-сі, 33
Тел: +7 727 383 74 63, Факс: +7 727 383 74 56, E-mail: pv@vivapharm.kz