Микосан® (100 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013816
Информация о регистрации в РК: 28.07.2017 - 28.07.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 102.22 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Микосан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

50 мг, 100 мг және 150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 50 мг, 100 мг, 150 мг флуконазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций стеараты,

желатинді капсулалардың құрамы:

желатин, титанның қостотығы Е171, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат.

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсулалар өлшемі №1.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар.

Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін флуконазол асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, бір мезгілде тамақ ішу оның сіңуіне ықпалын тигізбейді. Биожетімділігі 90%-ға жуықты құрайды. Бір мезгілде тамақ ішу препаратты ішке қабылдағанда сіңуіне ықпалын тигізбейді. Қабылдағаннан кейін 0,5-1,5 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жетеді. Плазмадағы концентрациясы дозаға пропорционалды. Емдеуді бастағаннан кейін 4-5-ші күні 90% тепе-тең концентрацияларға жетеді. Қан ақуыздарымен байланысы 11-12% құрайды. Флуконазол негізінен бүйрек арқылы (80%-ға жуығы – өзгермеген күйінде, 11%-ы – метаболиттер түрінде) шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі – 30 сағат.

Фармакодинамикасы

Микосан® - зеңге қарсы триазол туындылары тобына жататын препарат. Зеңге қарсы айқын әсер береді, зеңдердің Р450 цитохромын жоғары селективті түрде тежейді, зеңдердің жасушаларында стеролдардың синтезін бөгейді. Препарат оппортунистік микоздарда тиімді. Candida және Cryptococcus neoformans, сондай-ақ Histoplasma capsulatum, Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis, Microsporum және Trichophyton тектес зеңдерге қатысты тиімді.

Қолданылуы

- генитальді кандидозда: қынаптық кандидозда (жедел және қайталанатын), кандидозды баланитте

- ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің шырышты қабықтарының кандидозында, инвазиялық емес бронхөкпе кандидоздарында, кандидурияда, тері-шырышты қабық және созылмалы ауыз ішілік атрофиялық кандидозда (тіс протездерін киюмен байланысты)

- жайылған кандидозда: кандидемияда, диссеминацияланған кандидозда (эндокард, құрсақ қуысының ағзалары, тыныс алу ағзалары, көз және несеп-жыныс ағзалары зақымданатын), соның ішінде цитостатикалық немесе иммунодепрессиялық емдеу курсын қабылдап жүрген науқастарда, сондай-ақ олардың дамуына бейім басқа факторлар бар болғанда – емдеу және профилактика

- тері микоздарында: табанның, шап аймағының; онихомикозда, қабыршақты теміреткіде, терінің кандидозды инфекцияларында

- иммунитеті қалыпты науқастардағы терең эндемиялық микоздарда (кокцидиоидоз, споротрихоз және гистоплазмоз)

- иммунитеті қалыпты науқастарда да, сонымен қатар иммунодепрессияның әртүрлі формалары бар науқастарда да (соның ішінде ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда, ағзалары ауыстырылғандарда) криптококктік менингитті және басқа жерге орналасқан (мысалы, өкпеге, теріге) инфекцияларды қоса, криптококкозда

- ЖИТС-ке шалдыққан және химио- немесе сәуле терапиясы аясында қатерлі ісіктері бар науқастарда зеңдік инфекциялардың профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Микосан® капсулаларын ішке сумен ішіп қабылдаған жөн, бәрінен дұрысы белгілі бір уақытта қабылдау керек. Препаратты тамақтану кезінде де, сонымен қатар тамақ ішу аралықтарында да қабылдауға болады.

Ересектерге

- вагинальді кандидозда – бір рет 100 мг. Вагинальді кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін – 4-12 ай бойы айына 1 рет 100 мг

- кандидоздың профилактикасы үшін – зеңдік инфекциялардың даму дәрежесіне байланысты тәулігіне 1 рет 100-300 мг

- тіс протездерін киюге байланысты атрофиялық оральді кандидозда – 14 күн бойы тәулігіне 1 рет 100 мг (протездерді антисептикалық дәрілермен дезинфекциялаған жағдайда)

- шырышты қабықтардың басқа да кандидоздық инфекцияларында (генитальді кандидозды қоспағанда), мысалы, эзофагитте, инвазиялық емес бронхөкпе инфекцияларында, кандидурияда, тері және шырышты қабықтардың кандидозында – 14-30 күн бойы тәулігіне 1 рет 100 мг

- кандидемияда, диссеминацияланған кандидозда және басқа да инвазиялық

кандидоздық инфекцияларда: алғашқы күні тәулігіне 400 мг, әрі қарай – тәулігіне 200 мг.

Емдеу курсының ұзақтығы жүргізілген емнің клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты (криптококктік менингиттерде ең кемінде 6-8 аптаны құрайды)

- Candida әсерінен туындаған баланитте – тәулігіне 100 мг, бір рет

- табан, шап аймағының тегіс терісінің микоздарын қоса, тері зақымдарында және тері кандидоздарында – 2-4 апта бойы аптасына 1 рет 100 мг, табан микоздарында емдеу ұзақтығы 6 аптаға жетуі мүмкін

- қабыршақты теміреткіде – 2 апта бойы аптасына 1 рет 300 мг. Кейбір науқастарға аптасына 300 мг үшінші доза қажет болуы мүмкін. Емдеудің басқа сызбасы – 2-4 апта бойы тәулігіне 1 рет 100 мг.

- терең эндемиялық микоздарда – 2 жылға дейін тәулігіне 200-400 мг. Кокцидиоидомикоздарда, паракокцидиоидомикоздарда, споротрихоздарда, гистоплазмоздарда емдеу ұзақтығын жекелей белгілейді.

- криптококктік менингитте және орнығуы басқа криптококктік инфекцияларда: алғашқы күні тәулігіне 400 мг, әрі қарай – 6-8 апта тәулігіне 200-400 мг. ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококктік менингиттің профилактикасын 200 мг дозада ұзақ уақыт жалғастыруға болады.

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілері жоқ болғанда препаратты орташа дозада пайдаланады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдану

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 50 мл/мин) пациенттерге дозалау режимін түзету қажет болады.

Бір реттік қабылдауда дозаларды өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда препаратты көп реттік қолданғанда ең алдымен 100 мг-ден 400 мг-ге дейінгі екпінді дозаны енгізген жөн, содан кейін тәуліктік дозаны (көрсетіліміне байланысты) келесі кестеге сай белгілейді:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылатын дозаның пайызы

>50

≤50 (диализсіз)

Жүйелі диализ

100%

50%

100%, әрбір диализден кейін

Жағымсыз әсерлері

Барлық жағымсыз әсерлер пайда болу жиілігіне сәйкес берілген: жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек ( ≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін).

Жиі

  • бас ауыру

- іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея

  • қанда аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

  • бөртпе

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

  • ұйқышылдық, ұйқысыздық

  • құрысулар, парестезия (тері сезімталдығының ұю, шаншу сезімі, «жыбырлау» түрінде бұзылуы), бас айналу, дәмнің бұзылуы

  • вертиго

  • іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

  • холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

  • қышыну, дәрілік бөртпе (дәрі-дәрмектік тұрақты бөртпені қоса), есекжем, қатты терлеу

  • миалгия

  • қатты қажығыштық, дімкәстік, астения, қызба

Сирек

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • анафилаксия

  • гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

  • тремор

  • көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия, QT аралығының ұзаруы

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

  • уытты эпидермальді некролиз, Стивенс – Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиатиті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция

Бала пациенттер

Бала пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде тіркелген жағымсыз реакциялардың сипаты мен жиілігі, зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқулары ересек пациенттердегі осындайларға ұқсас.

Болжамды жағымсыз реакциялар жөніндегі мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі жағымсыз әсерлер жөніндегі мәліметтерді хабарлау препаратты қолданудың пайдасы мен қаупі арақатынасының мониторингісі үшін маңызды мәнге ие. Барлық медициналық қызметкерлер және пациенттер кез келген жағымсыз реакциялардың туындағанын медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға және телефондарға хабарлағаны жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, препараттың басқа да компоненттеріне немесе құрылысы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

- Микосан® препаратын тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада көп реттік қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін, мысалы, цизаприд, астемизол, пимозид хинидин, амиодарон эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды

Цизаприд: Микосан® мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, соның ішінде көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия жағдайлары тіркелді. Күніне бір рет 200 мг Микосан® препаратын және күніне төрт рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейінің едәуір жоғарылауына және QT аралығының ұзаруына әкеледі.

Терфенадин: өзара әрекеттесулеріне зерттеулер терфенадинмен бірге зеңге қарсы азольді препараттарды қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы себебінен дамыған күрделі жүрек аритмияларының пайда болуына байланысты жүргізілді. Зерттеу деректері бойынша, флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Флуконазол тәулігіне 400 мг және 800 мг дозада қабылданған басқа зерттеулер флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмалық деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелетінің көрсетті. Микосан® препаратын 400 мг және одан көбірек дозаларда және терфенадинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Микосан® препаратын тәулігіне 400 мг-ден азырақ дозадарда және терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият бақылауымен жүргізген жөн.

Астемизол: Микосан® мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Астемизолдың плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және, сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Пимозид: Микосан® мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Пимозидтің плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және, сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Хинидин: Микосан® мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT аралығының ұзару жағдайлары және көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның сирек жағдайлары байқалды.

Эритромицин: Микосан® мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың потенциалды қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) артырады және, соның салдары ретінде, кенет жүректен болатын өлімге әкеледі.

Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Амиодаронды қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрді. Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: Микосан® CYP3A4 ферментіне тежегіш әсерін тигізетін болғандықтан, галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың потенциалды қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) қаупін артырады және, соның салдары ретінде, кенет жүректен болатын өлімге әкеледі.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді

Басқа дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы

Рифампицин: Микосан® мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25%-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға қысқаруына әкеледі. Рифампицинді бірге қабылдайтын пациенттерде флуконазолдың дозасын арттырған жөн.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Микосан® P – 450 цитохромы CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Микосан® сондай-ақ CYP2C19 ферментін де тежейді. Сонымен қатар CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін және Микосан® препаратымен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдас заттардың плазмалық концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан осы препараттарды абайлап біріктірген жөн, және пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Микосан® препаратының ферменттерді тежейтін әсері, оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты, осы препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 - 5 күн бойы жалғасады.

Алфентанил: дені сау еріктілерде Микосан® препаратын (400 мг) және вена ішіне алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында алфентанилдің AUC10 мәні 2 есе жоғарылайды, бұл CYP3A4 ферментінің тежелуімен байланысты болуы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Микосан® амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 – нортриптилиннің және (немесе) S –амитриптилиннің концентрациясын қатар емдеуді бастар алдында және одан кейін бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болғанда амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасын түзеткен жөн.

В амфотерицин: Микосан® мен В амфотерицинді бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. Albicans әсерінен туындаған жүйелік инфекцияларда әлсіз аддитивті зеңге қарсы әсер, Cryptococcus neoformans әсерінен туындаған бассүйекішілік инфекцияларда өзара әрекеттесудің болмауы, Aspergillus fumigatus әсерінен туындаған жүйелі инфекцияларда екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану барысында Микосан® препаратын варфаринмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытының артуымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектік қан кету, гематурия және мелена) тіркелді. Микосан® препаратымен және варфаринмен қатар емдеу кезінде протромбин уақыты 2 есе артады, бұл CYP2C9 изоферменті арқылы варфарин метаболизмінің тежелуімен байланысты болуы мүмкін. Кумаринді антикоагулянттарды Микосан® препаратымен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытын бақылаған жөн. Варфариннің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі) (мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қабылдаудан кейін Микосан® мидазолам концентрациясының едәуір жоғарылауына және психомоторлы әсерлерге әкеледі. Микосан® қабылдап жүрген пациенттерге бензодиазепинмен қатар емдеу қажет болған жағдайда бензодиазепиннің дозасын азайтқан және пациенттерді тиісінше бақылаған жөн.

Карбамазепин: Микосан® карбамазепиннің метаболизмін тежейді және қан сарысуында соңғысының концентрациясын 30%-ға арттырады. Карбамазепинді уыттылықтың даму қаупі бар. Концентрациясының көрсеткіштеріне немесе әсеріне байланысты карбамазепиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Микосан® кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: Микосан® препаратымен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатар емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC мәндері 68%-ға және 134%-ға артады. Микосан® препаратымен біріктіргенде целекоксиб дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен Микосан® препаратымен біріктіріп емдеу қан сарысуында қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Біріктірілім қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейлерінің жоғарылау қаупі пайда болғанға дейін пайдаланылуы мүмкін.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін өліммен аяқталудың бір жағдайы тіркелген. Бұдан басқа, дені сау еріктілерде Микосан® препаратының фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртетіні көрсетілген. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Тыныстың тарылуына қатысты пациенттерге мұқият бақылау жүргізген жөн. Фентанилдің дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Гидроксиметилглутарил – А коферменті - редуктаза (ГМГ - КоA - редуктаза) тежегіштері: Микосан® CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин және симвастатин сияқты немесе, CYP2C9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатар жүретін ем қажет болғанда, науқас миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты дәрігерге қаралуы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейлерінің едәуір жоғарылауы байқалса, немесе егер миопатияның немесе рабдомиолиздің дамуына күдіктенсе, ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтатқан жөн.

Иммунодепрессанттар

Циклоспорин: Микосан® циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Микосан® препаратын (тәулігіне 200 мг доза) және циклоспоринді (тәулігіне 2,7 мг/кг доза) бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC мәндерінің 1,8 есе жоғарылауы байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін циклоспориннің дозасын оның концентрациясына байланысты азайтып, пайдалануға болады.

Эверолимус: Микосан® CYP3A4 ферментінің тежелуіне байланысты, қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: Микосан® CYP3A4 және Р – гликопротеині арқылы сиролимустың метаболизмін тежеу жолымен шамамен сиролимустың плазмалық концентрациясын арттырады. Бұл біріктірілім әсеріне және концентрацияларының көрсеткіштеріне байланысты сиролимустың концентрациясын түзеткенде пайдаланылуы мүмкін.

Такролимус: Микосан® пероральді түрде қолданғанда, CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелу себебіне байланысты, қан сарысуында такролимустың концентрациясын 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерулер байқалған жоқ. Такролимус деңгейінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына әкелді. Такролимустың дозасын пероральді түрде қолдағанда оны коцентрациясына байланысты азайтқан жөн.

Лозартан: Микосан® лозартанның, лозартанмен емдеу кезінде жүретін ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің үлкен бөлігі үшін жауап беретін, белсенді метаболитіне (Е - 3174) метаболизденуін тежейді. Науқастар артериялық қысымды ұдайы бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Микосан® қан сарысуында метадонның концентрацияларын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Микосан® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофеннің монотерапиясымен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері 23%-ға және 81%-ға артады. Осыған ұқсас Микосан® ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен (400 мг) бір мезгілде тағайындалған кезде, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомерінің (S -(+) - ибупрофен) Cmax және AUC мәндері 15%-ға және 82%-ға артады.

Микосан® CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа да ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-пен байланысты жағымсы әсеріне және уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: Микосан® 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі ықпалы байқалған жоқ, ал сол кезде тәуліктік 200 мг дозада этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің AUC мәндері (концентрация – уақыт қисығы астындағы аудан) 40%-ға және 24%-ға артты. Осылайша, Микосан® препаратын жоғарыда көрсетілген дозаларда көп реттік қолдану ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттардың тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Ивакафтор: ивакафтормен, муковисцидозда (CFTR) жарғақша арқылы өткізгіштің реттегіш генінің стимуляторымен бір мезгілде қолдану ивакафтордың әсер ету деңгейін 3 есеге, ал гидроксиметил - ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін 1,9 есеге арттырды. Ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде ұсынылады.

Фенитоин: Микосан® препараты фенитоинның бауырлық метаболизмін тежейді. Бір мезгілде Микосан® препаратын 200 мг дозада және фенитоинды 250 мг дозада вена ішіне көп рет қолдану фенитоинның AUC24 мәндерінің 75%-ға және Cmin мәндерінің 128%-ға жоғарылауына әкелді. Бір мезгілде қолданғанда фенитоинаның уыттылық көрініс беруіне жол бермеу үшін қан сарысуындағы фенитоин концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін, преднизонмен ем қабылдаған пациентте флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігінің даму жағдайы тіркелді. Микосан® препаратын тоқтату CYP3A4 ферментінің белсенділігінің артуына әкелді, ол өз кезегінде преднизонның метаболизмін күшейтеді деп болжам жасалады. Микосан® препаратымен және преднизонмен ұзақ ем қабылдап жүрген пациенттерді Микосан® препаратын тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездерінің қыртысы жеткіліксіздігінің дамуына қатысты бақылаған жөн.

Рифабутин: Микосан® препаратымен бір мезгілде қолдану қан сарысуында рифабутиннің AUC шамасының 80%-ға дейін жоғарылауына әкелді. Микосан® мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеиттің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді, және рифабутиннің уыттылығының көрініс беру симптомдарына көңіл бөлген жөн. Рифабутин мен Микосан® препаратын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастардың жағдайын мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: Микосан® препараты CYP3A4 ферментінің қатысуымен, сондай-ақ P – гликопротеиннің тежелуімен саквинавирдің бауыр метаболизмінің тежелуіне байланысты, саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 55%-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ және ол өте айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: Микосан® препараты сульфонилмочевинаның пероральді препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: Микосан® препаратын 14 күн бойы 200 мг дозада қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкеледі. Микосан® мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдаған науқастарды, немесе теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, теофиллиннің уыттық әсерінің қаупі жоғарылаған науқастарды мұқият бақылау қажет; олар пайда болған жағдайда емдеуді тиісінше өзгерткен жөн.

Қабыршөп алкалоиды: Микосан® препараты қабыршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейін арттыруы және, CYP3A4.-ке тежегіш әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін.

А дәрумені: түгелдей транс – ретиной қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және Микосан® препаратын біріктіріп емдеуден өткен бір пациенттің клиникалық жағдайының сипаттамасында ОЖЖ тарапынан, Микосан® препаратын тоқтатқан кезде жоғалатын, идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамуы тіркелген. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ пациенттерді ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында бақылаған жөн.

Зидовудин: Микосан® препараты пероральді түрде қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуіне байланысты, зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін 84%-ға және 74%-ға арттырады. Микосан® препаратымен біріктірілген емнен кейін шамамен зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі 128%-ға ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет етілуі мүмкін.

Гидрохлортиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде флуконазол қабылдаған дені сау еріктілерде гидрохлортиазидтің бірнеше дозаларын бір мезгілде қолдану қан плазмасында флуконазолдың концентрациясын 40%-ға арттырды. Мұндай ықпал етулер кезінде бір мезгілде диуретиктер қабылдап жүрген пациенттерде флуконазолды қабылдау режимін өзгерту қажет болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Бастағы шаштың дерматофитиясы

Балаларда бастың шаш өскен бөлігінің дерматофитиясын емдеуге флуконазолды қолдануға жүргізілген зерттеулер тиімділігі бойынша оның гризеофульвиннен басым еместігін көрсетті: емдеудің жалпы табысты болуы 20%-дан азды құрады. Осыған орай, Микосан® препаратын бастың шаш өскен бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолданбаған жөн.

Криптококкоз

Басқа аймақтардағы криптококкоздарды (мысалы, өкпе және тері криптококкозын) емдеу үшін Микосан® препаратының тиімділігі жөнінде айғақталған деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде нұсқаулар беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Эндемиялық микоздардың, мысалы, паракокцидиоидомикоз, тері-лимфалық споротрихоз және гистоплазмоз сияқты басқа формаларын емдеу үшін Микосан® препаратының тиімділігі жөнінде айғақталған деректер шектеулі, сондықтан мұндай жағдайларда препаратты дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Микосан® препаратын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.

Бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігі

Кетоконазолдың бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігін туындататыны белгілі, және флуконазолды қолданған кезде, бұл сирек болса да, байқалуы мүмкін.

Бауыр және өт шығару жолдары функцияларының бұзылуы

Микосан® препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану негізінен қатарласқан күрделі аурулары бар науқастарда ауыр гепатоуыттылықпен, соның ішінде өліммен аяқталумен қатар жүруі мүмкін. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациентердің жынысымен немесе жасымен қандай да болсын айқын өзара байланысы байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтты.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емделу кезінде бауырдың өте ауыр зақымдануларының дамуына жол бермеу үшін ұдайы бақылауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер бауыр үшін ауыр зардаптардың өзіне тән симптомдарынан (астения, анорексия, жүректің тұрақты айнуы, құсу және сарғаю) пациенттерді хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтатқан жөн, ал пациент дәрігерге қаралуы тиіс.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзару жағдайлары орын алды. Тіркеуден кейінгі бақылаулар барысында Микосан® препаратын қабылдаған пациенттерде QT аралығы ұзаруының және полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың ішінде жүректің құрылымдық аурулары және электролиттік бұзылулар сияқты көптеген қатарласқан қауіп факторлары бар ауыр науқастанған пациенттер жөнінде мәлімдемелер де болды.

Микосан® препаратын осындай потенциалды проаритмиялық жағдайлардағы пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының жәрдемімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозада QT аралығын арттырады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеген кезде пациенттерде Стивенс –Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. ЖИТС-пен ауыратын пациенттер көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакцияларының дамуына ұшырайды. Егер беткейлік зең инфекцияларына байланысты ем қабылдап жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, осы дәрілік препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн. Инвазиялық/жүйелік зеңді инфекциялары бар пациенттерде бөртпелер пайда болғанда оларға мұқият бақылау жүргізу және буллездік зақымданулар немесе полиморфты эритема дамыған жағдайда флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакциялардың сирек жағдайлары тіркелді.

P – 450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. Микосан® препаратын CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін, емдік ауқымы тар дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге бақылау жүргізген жөн.

Терфенадин

Флуконазолды тәулігіне 400 мг-аз дозаларда және терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият бақылауымен жүргізген жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Микосан® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған жөн.

Алғашқы триместрде флуконазолдың стандартты (тәулігіне < 200 мг) дозасын бір рет немесе көп рет қабылдаған жүкті әйелдерден алынған деректер препараттың ұрыққа жағымсыз ықпалының жоқтығын көрсетті.

Кокцидиоидомикозға байланысты анасы флуконазолдың жоғары дозаларын (тәулігіне 400 - 800 мг) үш ай немесе одан ұзағырақ қабылдаған жаңа туған нәрестелерде туа біткен көптеген ақаулар (соның ішінде брахицефалия, құлақтардың дисплазиясы, төбенің аса үлкен еңбегі, санның қисаюы және иық кәріжілік синостозы) тіркелді. Флуконазол мен осы жағдайлар арасындағы өзара байланыс белгісіз.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың репродукциялық уытылығын көрсетті.

Микосан® стандартты дозаларда және қысқа мерзімдік емдеуді, егер айқын қажеттілігі жоқ болса, жүктілік кезінде қолданбаған жөн.

Микосан® үлкен дозаларда және (немесе) ұзақ емдеу үшін жүктілік кезінде, өмір үшін қауіпті инфекцияларды емдеуді қоспағанда, қолданбаған жөн.

Бала емізу кезінде пайдалану

Емшек сүтіндегі Микосан® препаратының концентрациялары қан плазмасындағы оның концентрацияларынан төмен. Емшек емізуді флуконазолдың 200  немесе одан азырақ стандартты дозасын бір реттік қабылдаудан кейін жалғастыруға болады.

Флуконазолдың көп рет қолданғаннан кейін немесе үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін емшек емізуді жалғастыру ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне Микосан® препаратының ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ. Микосан® препаратын қабылдау кезінде пациенттер бас айналуды немесе құрысу ұстамаларын бастан кешуі мүмкін, сондықтан осы симптомдардың кез келгені пайда болғанда автокөлік құралдарын басқарған және механизмдермен жұмыс жасауға жол бермеген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, құрысулар және елестеулер

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю және симптомдық ем, қарқынды диурез. 3 сағат ішінде гемодиализ жүргізу қан плазмасындағы флуконазолдың концентрациясын жартысына төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 капсуладан (50 мг және 100 мг дозалары үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг дозасы үшін).

Бір қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сқтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342)

Факс нөмірі + 7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, 160019

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342)

Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

660724341477977075_ru.doc 60.15 кб
889171661477978247_kz.doc 170 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники