Миконаз (400мг)

МНН: Миконазол
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Miconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013144
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 212.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Миконаз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

Қынаптық капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: миконазол нитраты 400 мг

қосымша заттар: тұтқырлығы жоғары минералды май,

қабық құрамы: вазелин, желатин, анидрисорб, глицерин, натрий этилгидробензоаты, натрий пропилгидробензоаты, титанның қостотығы Е171, күн батар түстес сары Е110.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, ішіндегісі ақ түсті біртекті, өлшемі № 40, крем түстес жұмсақ желатинді капсулалар

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Имидазол туындылары. Миконазол

АТХ коды G01AF04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынаптық капсула түрінде қолданған кезде жүйелік сіңуі шамалы болуы, жүйелік әсері жоқ екендігін көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Миконазол зеңге қарсы имидазолдық агент болып табылады, эргостерол биосинтезін және зеңдер жасушалары қырылуын туындата отырып, жарғақшаның липидті құрамын өзгертеді. Миконазол нитратының фунгицидті әсері жеті тұқымдастар өкілдеріне: Trichophyton, Epidermophyton, Microsporum, Candida, Malasseria, Aspergilus, Penicillium, бірінші кезекте дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis), ашытқы және ашытқы тәрізді зеңдер (Candida albicans, Candida glabrata), сондай-ақ басқа патогендік зеңдерге (Malasseria furtur, Aspergilus niger, Penicillium crustaceum) таралады. Миконазол нитраты граммоң бактерияларға қатысты анағұрлым айқын бактерияға қарсы әсер береді.

Қолданылуы

Қынаптық зеңді жұқпаларды (кандидоздарды), граммоң микроорганизмдер туындатқан қайталанған және асқынжұқпаларды жергілікті емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішіне, бір суппозиторийден тәулігіне 1 рет, тікелей ұйықтар алдында, қатарынан 14 күн бойы немесе 1 суппозиторийден таңертең және кешке 7 күн бойы.

Жағымсыз әсерлері

  • жергілікті реакциялар (күйдіру, шаншу, қызару)

  • қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі

  • іштің төменгі жағының ауыруы

  • аллергиялық жанаспалы дерматит.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Лактация кезеңі

Препаратты лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек. Емдеуді жыныстық жұптастардың екеуіне бір мезгілде жүргізу қажет.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 капсуладан поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин к-сі 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

065711831477976721_ru.doc 42.5 кб
576219521477977872_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники