Миконаз (крем 2%)

МНН: Миконазол
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Миконазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011812
Информация о регистрации в РК: 18.09.2014 - 18.09.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 464.49 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Миконаз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

Крем 2 %

Құрамы

100г кремнің құрамында

белсенді зат - 2 г миконазол нитраты

қосымша заттар: полиэтиленгликоль 1000, цетостеарил спирті, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сұйық парафин, вазелин, тазартылған су

Сипаттамасы

Бөгде қосылыстарсыз, тез таралатын, иіссіз, біртекті, жұмсақ, ақ крем

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар.

Имидозол туындылары. Миконазол

АТХ коды D01AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Миконаз түрлі-түсті теміреткі қоздырғышы Malassezia furfur мен Candida текті түрлерін, дерматофиттерді қоса (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes және Epidermophyton floccosum), зеңге қарсы кең ауқымды белсенділікке ие сыртқа қолдануға арналған миконазол нитраты препараты болып табылады.

Зеңге қарсы белсенділіктен бөлек Миконаз стафилококктар мен стрептококктарды қоса грамоң кокктар мен бациллдерге қарсы бактерияға қарсы белсенділікке ие. Бактерияға қарсы әсері белсенді ингредиенттің жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін өзгерту және жасушаішілік энзимдер әсерін бұзу қабілеттілігімен түсіндіріледі, бұл ақырында жасуша некрозына әкеледі.

Препаратпен емдеген кезде симптоматикалық жақсару көптеген емделушілерде алғашқы 2-3 күнде-ақ басталады.

Қолданылуы

- дерматофиттер туғызған зеңдік жұқпаларда: тегіс терінің дерматомикозында, шап дерматомикозында, табан эпидермофитиясында, қол терісінің дерматомикозында, кебек тәрізді теміреткі, паронихияны қоса тері кандидоздарында (монилиоздар)

- грамоң бактериялар (импетиго, фолликулиттер және т.б.) туғызған тері жұқпаларында

Қолдану тәсілдері және дозалары

Крем зақымдалған бөлікке күніне 2 рет (таңертең және кешке) жағылады. Қайталануды болдырмас үшін барлық зақымдалған бөліктер жазылғаннан кейін емді 10 күн жалғастыру керек.

Тырнақ жұқпалары. Кремді зақымдалған бөліктерге күніне бір немесе екі рет жағу керек. Қайталануды болдырмас үшін барлық зақымдалған бөліктер жазылғаннан кейін емді 10 күн жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық жанаспалы дерматит, бөртпе, эритема, қышыну, терінің күйдіруі, есекжем

Өте сирек

-анафилактикалық реакциялар, жоғары сезімталдық, ангионевроздық ісіну

- кремді қолданған кезде тері мацерациясы дамуы мүмкін, әсіресе интертригинозды аумақтарға (әйелдерде сүт бездерінің астына, қолтыққа, шап аумағына, саусақтардың арасына) қайталап жаққанда

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

- тері жабындыларының герпес жұқпалары

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен, егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық және балаға төнген қауіптен артқанда ғана қолдану керек.

Интертригинозды аумақтарды емдеу үшін тері мацерациясын болдырмау үшін сеппені пайдаланған дұрыс.

Дерматофиттермен, грамоң бактериялармен ауқымды зақымдануларда немесе ауқымды кандидомикоздарда Миконазды қолданумен қатар зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы дәрілерді жүйелі қолдану қажет болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Кездейсоқ ішке қабылдағанда жүрек айнуы, құсу болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г-ден лакталған алюминий сықпаға салынған.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі

Мекенжайы: Алматы қ.,050040, Шашкин 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

436066011477976678_ru.doc 44 кб
356936691477977819_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники