Миконаз 2% (Гель оральный)

МНН: Миконазол
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Miconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012706
Период регистрации в РК: 31.10.2014 - 31.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 486.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Миконаз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

Оральді гель, 2%

Құрамы

100г гель құрамында

белсенді зат – миконазол 2 г

қосымша заттар: сорбитол ерітіндісі 70 %, глицерин, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, натрий бензоаты, апельсин майы, лимон қышқылының моногидраты, полисорбат 80, тазартылған су

Сипаттамасы

Жағымды тәтті дәмі бар жеңіл бөлінетін бір текті ақ немесе дерлік ақ тұтқыр гель

Фармакотерапевтикалық тобы

Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Миконазол.

АТХ коды А01АВ09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Миконазол ішу арқылы қабылдағаннан кейін АІЖ-нан толығымен сіңіріледі.

Метаболизм белсенді емес метаболиттердің несеппен және нәжіспен бөлінуімен жүзеге асырылады.

Оральді абсорбция 20%

Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 24,1сағ

Плазма ақуыздарымен байланысуы 91-93%

Бөліну көлемі 20 л/кг

Оральді дозаның 40%-ға жуығы нәжісте өзгермеген күйде бөлінеді, басқа 40%-ы тура сол жолмен метаболиттер түрінде бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Миконазол диморфты зеңдерге, дерматофиттерге және Candida тұқымдастығының зеңдеріне қарсы, оның ішінде Candida albicans, Dimorphons fungi, Cryptococcus neoformans, Pityrosporum sp, Torulopsis glabrata, сонымен қатар кейбір грамоң бациллалар мен кокктарға қарсы фунгицидті және бактерицидті белсенділікке ие имидозольді зеңге қарсы агент болып табылады. Осыған сәйкес Миконаз оральді гелі ауыз қуысының және АІЖ, атап айтқанда Candida albicans зеңдерінен туындаған жұқпаларын емдеуде тиімді.

Миконазол нитраты төмен концентрацияларда Р - 450 зеңдік цитохромымен өзара әрекеттеседі, ол эргостерол биосинтезіндегі деметилдену сатысын басуға ықпал етеді. Эргостеролдың азаюы және қатар жүретін ланостерол аккумуляциясы жарғақшамен байланысты функциялардың толық бір қатарындағы өзгерістерге әкеледі. Жоғары концентрацияларда миконазол жарғақша липидтерімен өзара әрекеттеседі, оларды тікелей бұза отырып, артынша зеңдік жасуша ішіндегісін жаяды. Candida albicans-те миконазол соңында бластоспораларды инвазивті мицелиальді формаға тежейді.

Қолданылуы

- оральді, фарингеальді, эзофагеальді, ішек кандидозының алдын алу және емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтан соң қабылдау ұсынылады.

Екі жастағы балалар мен ересектерге: ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 4 рет

Препаратты барынша ұзақ ауызда ұстау қажет.

Емдеу курсы 7-14 күн.

Жағымсыз әсерлері

Миконазолды ішу арқылы қабылдағаннан кейін келесі жағымсыз реакциялар белгіленді:

- асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу және өте жиі диарея (әдетте ұзақ емдегенде).

- иммунды жүйе тарапынан (өте сирек): аллергиялық жағдайлар, ангионевротикалық ісінуді қоса және анафилактикалық реакциялар; Лайелл синдромы, Стивенс Джонсон синдромы, есекжем, бөртпе.

- бауыр және өт шығару жолдары тарапынан (өте сирек): гепатит

(жекелеген жағдайлар )

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі және бауыр қызметінің туа біткен бұзылыстары

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миконазолды келесі препараттармен бірге қолдануға болмайды: астемизол, цизаприд, дофетилид, мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол, терфенадин.

Айрықша нұсқаулар

Дәлме-дәл дозалау үшін градуирленген өлшегіш қасық бірге беріледі.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: абайсыз артық дозалауға байланысты құсу және диарея байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші терапия

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 г препараттан лакталған алюминий сықпада.

Әр сықпа өлшегіш қасықпен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/я 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ-сы 050040, Шашкин 36-а,  1 пәт.;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

799916221477976628_ru.doc 47.5 кб
489297881477977770_kz.doc 44.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники