Миконазол (100 мг)

МНН: Миконазол
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Miconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009691
Информация о регистрации в РК: 29.03.2017 - 29.03.2022
Номер регистрации в РБ: 6395/03/08/13/18/19
Информация о регистрации в РБ: 06.11.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 133.83 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Миконазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат миконазол нитраты - 100 мг;

қосымша заттар: салмағы 2000 мг суппозиторий алу үшін Суппоцир АМ (қатты май) суппозиторийлеріне арналған негіз

 

Сипаттамасы

Цилиндрконус пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Қиығында ауалық және кеуекті өзегі мен шұңғыма тәрізді ойығы болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындылары.

АТЖ коды G01AF04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Миконазол шырышты қабықтар арқылы азғантай мөлшерде сіңіріледі. Несеппен шығарылатын белсенді емес метаболиттер түзе отырып, бауырда метаболизденеді. Өзгермеген күйде нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Миконазол – синтетикалық зеңге қарсы дәрі, имидазол туындысы. Зеңге қарсы және бактерияға қарсы әсері бар. Дерматомицеттер мен ашытқылар миконазолға анағұрлым сезімтал болып келеді. Түрлі-түсті Malassezia furfur қоздырғышына қатысты, кейбір дерматомикоздар қоздырғышына (Candida albicans, Trichophyton, Epidermophyton floccosum, Microsporum) қатысты алғанда белсенді. Coccidioides immitis, Aspergillus spp., Dimorphons fungi, Cryptococcus neoformans, Pityrosporum, Torulopsis glabrata, Pseudallescheria boydii қатысты, сондай-ақ стафилококтар мен стрептококтарды қоса кейбір грамоң микроорганизмдерге қатысты белсенділік танытады.

Фунгицидтік және фунгистатикалық әсері зеңдер қабығы эргостеролы мен плазмалық жарғақшалары биосинтезінің тежелуіне, зең жасушаларының өлуін туғыза отырып, липидті құрамының өзгеруі мен жасушалық қабырғаның өткізгіштігіне негізделген. Қынап микрофлорасы мен pH құрамын өзгертпейді. Әдетте зең жұқпалары кезінде болатын қышуды тез қайтарады.

Қолданылуы

- қынаптық және вульвовагинальді кандидозда

- грамоң микроорганизмдер туындатқан супержұқпада

Қолдану тәсілі және дозалары

Интравагинальді.

Қайшымен суппозиторий сұлбасын бойлай алдын ала үлбірді кесіп, пішінді қаптамадан суппозиторийді шығарып алады да, жатқан күйде мүмкіндігінше тереңдете қынапқа енгізеді.

Ересектерге 100 мг (бір суппозиторий) тәулігіне бір рет, кешке ұйықтар алдында 7-14 күн бойы немесе таңертең және кешке бір суппозиторийден 7 күн бойы. Курстың ұзақтығы зең ауруларының түріне, емдеудің тиімділігі мен микологиялық тестердің нәтижелеріне байланысты. Курсты аурудың барлық симптомдары жойылғанға дейін және одан кейінгі бірнеше күн бойы жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

- қынап шырышты қабығының жергілікті тітіркенуі

- қышу, ашытуды сезіну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • миконазолға және имидазолдың басқа туындыларына асқын сезімталдықта

  • бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктіліктің І триместрінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миконазол ішке қабылдауға арналған тікелей емес антикоагулянттардың, гипогликемиялық дәрілердің, сульфонилмочевиналар, фенитоин туындыларының тиімділігін жоғарылатады.

Рифампицин миконазолдың емдік әсерін әлсіретеді, сондықтан оларды бірге қолданбаған дұрыс.

Карбамазепинмен бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсер етуінің даму қаупі артады.

Астемизолмен, цизапридпен, терфенадинмен бір мезгілде қолданғанда аритмияның даму қатері жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетінде, микроциркуляция бұзылғанда сақ болу керек. Миконазол нитратпен суппозиторийлерді пайдалану механикалық контрацепцияның сенімділігін төмендетеді (құрамында латекс бар дәрілер: презервативтер, қынаптық диафрагмалар). Етеккір циклі уақытында үзбеу керек.

Қынаптық жұқпаларды емдеу жыныстық жұптастардың екеуіне бір мезгілде ем жүргізгенде ғана тиімді болмақ.

7 күн ішінде жергілікті аллергиялық реакциялардың пайда болуы немесе клиникалық жақсарудың болмауы емдеуді тоқтатып, қосымша тексеру жүргізуді талап етеді.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктіліктің II – III триместрі және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Препараттың сіңірілу төмендігіне байланысты интравагинальді қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі төмен.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

7 суппозиторийден полиэтиленмен ламинадталған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15-250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ФАРМАПРИМ ЖШҚ

MD-2028, Молдова Республикасы,

Кишинэу қ., Г. Тудор к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фирманың өкілі: Абулхаирова Татьяна

Алматы қ., Айнабұлақ-1 ықш., 20 үй, 67 пәтер

Телефон/факс: 252-64-13, 8-777-242-46-49

Email: tissa@indox.ru

 

4

 

Прикрепленные файлы

116301581477977044_ru.doc 51.5 кб
222923401477978218_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ