Микомакс® (150 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Микомакс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуконазол
Дәрілік түрі
100 мг, 150 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 100 мг немесе 150 мг флуконазол
қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген жүгері крахмалы, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты
Капсула қабығының құрамы
Қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы
(Е 172), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), желатин
Корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин
Қара сияның құрамы: шеллак, темірдің (III) қара тотығы (Е 172), пропиленгликоль (Е 1520), 30% аммиак ерітіндісі, калий гидроксиді
Сипаттамасы
100 мг капсулалар: мөлдір емес ақ түсті корпусы және қара әріптермен «MYCO 100» деген таңбасы мен мөлдір емес қызғылт-сары түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар №3. Капсуланың ішінде – ақ дерліктен сарғыш түске дейінгі ұнтақ.
150 мг капсулалар: мөлдір емес ақ түсті корпусы және қара әріптермен «MYCO 150» деген таңбасы мен мөлдір емес қызғылт-сары түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар №1. Капсуланың ішінде – ақ дерліктен сарғыш түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препарат, триазол туындысы. Флуконазол.
АТХ коды J02АC01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдау кезінде флуконазол жақсы сіңеді, әрі оның плазмадағы деңгейі (жүйелі биожетімділігі сияқты) көктамыр ішіне енгізген кезде жететін деңгейінің 90%-дан астамын құрайды. Бір мезгілде ас ішу препараттың сіңуіне әсер етпейді. Аш қарынға қабылдаған плазмадағы препарат енгізгеннен кейін 0,5-1,5 сағаттан соң ең жоғары концентрациясына жетеді. Плазмалық концентрациялары дозаға пропорционал. Тепе-тең жағдайдағы 90% деңгейіне тәулігіне 1 рет көп реттік дозалау кезінде 4-5 күнге қарай жетеді. Алғашқы күні тәуліктік дозасынан екі есе асып кететін жүктеме дозасын енгізу екінші күнге қарай тепе-тең жағдайдағы деңгейлерінен 90% плазмалық деңгейлерге жетуді қамтамасыз етеді.
Таралуы
Болжамды таралу көлемі организмдегі судың жалпы мөлшеріне жуықтайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен (11-12%). Флуконазол организмнің барлық зерттелетін сұйықтықтарына жақсы өтеді. Сілекей мен қақырықтағы флуконазол деңгейлері плазмадағы деңгейлеріне жақын. Зеңді менингитпен науқастарда жұлын сұйықтығындағы (ЖС) флуконазол деңгейлері плазмадағы сәйкесті деңгейлерінің 80% шамасына тең.
Флуконазолдың мүйізгекті қабат, эпидерма, дерма және тердегі жоғары концентрациясы қан сарысуындағы концентрациясынан жоғары. Флуконазол мүйізгекті қабатта жиналады. Күніне бір рет 50 мг дозасында флуконазол концентрациясы 12 күннен кейін 73 мкг/г құрады, ал емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күннен соң концентрациясы 5,8 мкг/г құрады. Аптасына бір рет 150 мг дозасында мүйізгекті қабаттағы флуконазол концентрациясы 7-ші күні 23,4 мкг/г және екінші дозадан кейінгі 7 күнде 7,1 мкг/г құрады.
Тырнақтардағы флуконазол концентрациясы төрт ай аптасына бір рет 150 мг қабылдағаннан кейін сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады, осы орайда препарат емдеуді тоқтатқаннан кейін тағы 6 ай өткенде тырнақтардан табылды.
Биоөзгерісі
Флуконазол мардымсыз дәрежеде ғана метаболизденеді. Радиобелсенді дозасының 11 % ғана организмнен өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің селективті тежегіші болып табылады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Флуконазол CYP2C19 изоферментін де тежейді.
Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, 30 сағатқа жуық.
Препарат, негізінен, бүйрекпен шығарылады; енгізілген дозаның шамамен 80% бөлігі өзгеріссіз күйде несептен табылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал. Айналымдағы метаболиттер табылмаған.
Қан плазмасынан жартылай шығарылуының ұзақ кезеңі қынаптық кандидоз кезінде флуконазолды бір реттік қабылдауға және басқа көрсетілімдерде тәулігіне 1 рет немесе аптасына 1 рет қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегі фармакокинетикасы
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) <20 мл/мин пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 98 сағатқа дейін ұзарған. Демек, дозаны азайту қажет емес. Флуконазол гемодиализ кезінде, аз дәрежеде перитонеальді диализ кезінде шығарылады. Гемодиализдің үш сағаттық сеансынан соң қаннан 50% жуық флуконазол шығарылады.
Балалардағы фармакокинетикасы
9 айлықтан 15 жасқа дейінгі балаларға 2-8 мг/кг флуконазол енгізілгеннен кейін 1 мг/кг стандартты дозаларға 38 мкг.сағ./мл AUC байқалды. Плазмадағы флуконазолдың орташа жартылай шығарылу кезеңі 15-тен 18 сағатқа дейін ауытқыды, ал таралу көлемі көп реттік дозалардан соң шамамен 880 мл/кг құрады. Флуконазолдың плазмалық жартылай шығарылу кезеңінің шамамен 24 сағат ұзақтау кезеңдері бір рет қабылдаудан кейін байқалды.
Егде жастағылардағы фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық зерттеулер 65 жастағы және одан асқан пациенттерде 50 мг флуконазолды бір рет ішке қабылдау кезінде жүргізілді, олардың жартысы бір мезгілде диуретиктер алған. Cmax мәніне доза енгізілгеннен кейін 1,3 сағаттан соң жетіп, 1,54 мкг/мл құрады. Орташа AUC 76,4 ± 20,3 мкг.сағ./мл құрады, жартылай шығарылу кезеңі 46,2 сағат. Бұл көрсеткіштер, соның ішінде, креатинин клиренсі (74 мл/мин), несепте өзгеріссіз қалпына келген дәрілік зат пайызы (0-24 сағат, 22%) және флуконазолдың бүйректік клиренсі (0,124 мл/мин/кг) қалыпты жас ерікті ерлердегіден жоғары. Диуретиктерді бір мезгілде тағайындау AUC немесе Cmax өзгертпейді. Егде жастағы адамдарда флуконазолдың таралу өзгерісі осы топтағыларда бүйрек функциясы көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты.
Фармакодинамикасы
Флуконазол зеңге қарсы триазолды дәрілерге жатады және микромицеттердің жасушалық жарғақшаларында эргостерол синтезін спецификалық бәсеңдетеді. Флуконазолдың фунгистатикалық әсері зеңдердегі эргостерол биосинтезінің маңызды сатысы – 14 альфа-ланостеролдық деметилдену арқылы зеңдік P-450 цитохромы ферменттерін спецификалық тежеумен жүзеге асады. 14 альфа-метил стеролдар жиналуы зеңнің жасушалық жарғақшасында эргостеролдың кейінгі жоғалуымен өзара байланысқа түсіп, флуконазолдың зеңге қарсы белсенділігіне жауап бере алады. Сүт қоректілердің P-450 цитохромының әртүрлі энзимді жүйелеріне қарағанда, зең энзимдерінің P-450 цитохромы үшін Флуконазол көбірек селективті болып келетінін көрсетті.
Мынадай инфекциялар туғызған шартты-патогенді микоздармен күресуде оның тиімділігі дәлелденді: Candida spp. (оның ішінде C. Аlbicans, C. parapsilosis, C. tropicalis), жүйелі кандидозды қоса; Cryptococcus neoformans, бассүйекішілік инфекцияларды қоса; Microsporum spp. және Trichophyton spp. Флуконазол Blastomyces dermatitides инфекциясын қоса; Coccidoides immitis, бассүйекішілік инфекцияларды қоса, сондай-ақ Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis сияқты терең эндемиялық микоздарды емдеуде де тиімді болып шықты.
Шығу тегі жағынан флуконазолға жиі сезімтал емес болып келетін Candida-ның, C. albicans-тан басқа, өзге штамдарымен (мысалы Candida krusei) асқын инфекция жағдайлары болған. Мұндай жағдайларда зеңге қарсы баламалы ем қажет болуы мүмкін.
Флуконазол зеңдік P-450 цитохромы ферменттері үшін жоғары ерекшелікке иеленеді. 28 күннен асырмай күніне 50 мг қабылданатын флуконазолдың ерлердегі тестостерон деңгейіне немесе бала туу жасындағы әйелдердегі стероид деңгейіне әсер етпейтіні дәлелденген. Ер жынысты дені сау еріктілерде күніне 200-400 мг дозаланған флуконазолдың тестостерон немесе бүйрек үсті бездерінің АКТГ-ға болатын реакциясына клиникалық елеулі әсер етуі болмайды. Антипиринмен өзара әрекеттесуінің зерттеулері флуконазолдың 50 мг бір реттік немесе бірнеше реттік дозасының оның метаболизміне ықпал етпейтінін көрсетті.
Іn vitro сезімталдығы
In vitro, флуконазол клиникалық таралымы кең көптеген Candida түрлерінде (C. albicans, C. parapsilosis, C. Tropicalis қоса) зеңге қарсы белсенділігін көрсетеді. C. glabrata кең ауқымды қабылдағыштық танытады, осы тұста C. krusei флуконазолға төзімді.
Флуконазол Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii қатысты, сондай-ақ Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis эндемиялық өңезді зеңдерге қатысты in vitro белсенділікке ие болған.
Қолданылуы
Микомакс® ересектердегі зеңді инфекцияны емдеу үшін көрсетілген:
-
Криптококты менингит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
-
Кокцидиоидомикоз («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
-
Инвазиялық кандидоз
-
Шырышты кандидоз, соның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабат кандидозы
-
Егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса, ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (алмалы-салмалы тістерден болатын ауыру)
-
Жергілікті ем сай келмеген кездегі жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз
-
Кандидозды баланит, жергілікті ем сай келмегенде
-
Дерматомикоз, дерматофитоз, дерматомикоз, шап дерматомикозын, түрлі-түсті теміреткіні және тері кандидозы инфекцияларын қоса, жүйелі ем көрсетілгенде.
-
Дерматофитті онихомикоз (онихомикоз), басқа препараттар сай келмейді деп саналғанда.
Микомакс® ересектерде профилактика үшін көрсетілген:
-
Қайталану қаупі жоғары науқастардағы криптококты менингит қайталануы.
-
Қайталанудың жоғары қаупіне ұшырайтын АИТВ жұқтырған пациенттерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы.
-
Қайталанатын қынаптық кандидозға шалдығуды азайту үшін (жылына 4 және одан көп көрініс).
-
Нейтропениясы ұзаққа созылатын пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасында (мысалы, химиялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушалар трансплантациясы жасалған пациенттерде («Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз)).
Микомакс® балаларды емдеу үшін көрсетілген:
- шырышты қабат кандидозы (ауыз қуысы мен жұтқыншақтың, өңештің), инвазиялық кандидоз, криптококты менингит
Микомакс® балаларға профилактика үшін көрсетілген:
- иммунитеті әлсіреген пациенттердегі кандидозды инфекция. Микомаксты® қайталану қаупі жоғары балаларда криптококты менингит қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде пайдалануға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Қолдану тәсілі және дозалары
Микомаксты® не ішу арқылы, не көктамырішілік инфузия жолымен тағайындауға болады, қолдану тәсілі пациенттің клиникалық ахуалына байланысты. Көктамырішілік енгізуден ішуге ауысқанда, немесе керісінше, тәуліктік дозасын өзгерту қажет емес. Капсулаларды ас ішуге байланыссыз, стақан сумен іше отырып, бүтіндей жұтқан жөн. Емдеуді өсірінділер егудің және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанша жалғастыруға болады. Алайда, осы зерттеулердің нәтижелері белгілі болған бойда инфекцияға қарсы ем тиісті үлгіде түзетілуі тиіс. Зеңге қарсы препараттар қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды оқып білу кeрек.
Күнделікті дозасы зеңді инфекцияның сипаты мен ауырлық дәрежесінің негізінде белгіленуі тиіс. Көп реттік дозалармен емдеу талап етілетін инфекциялардың барлық түрлеріне арналған ем зертханалық тестілердің клиникалық көрсеткіштері белсенді зеңді инфекцияның басылуын көрсеткенше жалғастырылуы тиіс.
Емдеудің жеткіліксіз кезеңі инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.
Қажетті дозалардың бәріне 100 мг немесе 150 мг Микомакс® капсулаларын пайдаланғанда жету мүмкін емес. Мұндай жағдайда керек дозаны алу үшін Микомакс® шәрбатын пайдалануға болады.
Ересектерде қолдану
Емдеу
-
Криптококты менингитте алғашқы күні, әдетте, 400 мг тағайындалады, артынан емдеуді тәулігіне 1 рет 200-400 мг дозада жалғастырады. Емдеу ұзақтығын, әдетте, кем дегенде 6-8 апта жалғастырады. Өмірге қатерлі жағдайда күнделікті дозаны 800 мг дейін арттыруға болады.
-
Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококты менингиттің профилактикаға арналған демеуші ем кезінде күнделікті доза күніне 200 мг құрайды. Шектеусіз уақыт кезеңі бойына 200 мг тәуліктік дозалануында қабылданады.
-
Кокцидиоидомикозда тәуліктік доза күніне 200-ден 400 мг дейін құрайды. Емдеу курсы пациентке байланысты 11-ден 24 айға дейін немесе одан ұзағырақ құрайды. Күніне 800 мг дозасын кейбір инфекцияларда, әсіресе, менингитте тағайындауға болады.
-
Инвазиялық кандидозда бастапқы дозасы алғашқы күні 800 мг құрайды, соңынан жалғастырылатын дозасы – тәулігіне 400 мг.
-
Жалпы, кандидемияда ұсынылатын ем ұзақтығы қан егудің алғашқы теріс нәтижесінен кейін және кандидемияға тән белгілер мен симптомдар басылған соң 2 апта құрайды
Шырышты қабат кандидозын емдеу:
-
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозында бастапқы доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг дейін құрап, артынан 100-ден 200 мг дейінгі демеуші емге ауысады. Емдеу курсы 7-ден 21 күнге дейін құрайды (ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозының ремиссиясы басталғанша). Иммун жүйесінің функциясы ауыр бұзылған пациенттерде ұзақ уақыт емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.
-
Өңеш кандидозында: бастапқы доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг дейін құрап, артынан тәулігіне 100-ден 200 мг дейінгі демеуші емге ауысады. Емдеу курсы 14-тен 30 күнге дейін құрайды (өңеш кандидозының ремиссиясы басталғанша). Емдеудің ұзақтау кезеңдерін иммун жүйесі функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде пайдалануға болады.
-
Кандидурия: тәулігіне 200 мг-ден 400 мг дейін. Емдеу курсы 7-ден 21 күнге дейін құрайды. Емдеудің ұзақтау кезеңдерін иммун жүйесі функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде пайдалануға болады.
-
Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы күніне 50 мг.
-
Шырышты қабаттардың созылмалы кандидозы: тәуліктік доза күніне 50-ден 100 мг дейін құрайды. Емдеу курсы 28 күнге дейін құрауы мүмкін. Кезеңдердің ұзаққа созылуы инфекцияның ауырлығына немесе инфекция мен иммунитеттің төмендеу айқындылығына байланысты.
Қайталану қаупі жоғары ЖИТС-ке шалдыққан пациенттерде шырышты қабат кандидозы қайталануының профилактика:
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозында, өңеш кандидозында: күнделікті доза күніне 100-ден 200 мг дейін немесе аптасына 3 рет 200 мг құрайды. Созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттер үшін емдеу кезеңі белгіленбеген.
Генитальді кандидоз:
Жедел қынаптық кандидозда, кандидозды баланитте тәуліктік доза 150 мг құрайды. Бір рет қабылданады.
Қынаптық кандидоз қайталануының профилактикасында және емдеуде (жылына 4 және одан көп көрініс) әр үшінші күні 150 мг ұсынылған (1-ші күні, 4-ші күні және 7-ші күні), яғни, жалпы пациент үш доза алады. Артынан аптасына 1 рет 150 мг-ден демеуші емге ауысады. Демеуші емге арналған емдеу курсы: 6 ай.
Дерматомикоздар:
Табан дерматофитиясы, тегіс тері микозы, шап дерматомикозы мен кандидозды инфекцияда тәуліктік доза аптасына бір рет 150 мг немесе күніне бір рет 50 мг құрайды. Емдеу курсы 2-ден 4 аптаға дейін құрайды, табан дерматофитиясын емдегенде емделу кезеңін 6 аптаға дейін ұзарту қажет болуы мүмкін.
Кебек тәріздес теміреткіде доза аптасына бір рет 300-ден 400 мг дейін құрайды. Емдеу курсы 1-ден 3 аптаға дейін құрайды. Немесе 2-4 апта бойы күніне бір рет 50 мг қабылдауға болады.
Онихомикозда: доза аптасына бір рет 150 мг құрайды.
Ем зақымданған тырнақ сау тырнақпен толық жаңарғанша жалғасуы тиіс. Әдетте, бұл үдеріс 3-6 ай бойы, ал аяқтың үлкен башпайларының тырнақтары зақымданғанда 6-12 ай бойы жалғасады. Тырнақтардың өсу жылдамдығы әркімде әртүрлі, әрі пациенттің жасына байланысты. Созылмалы тырнақ инфекциясы жазылғаннан кейін тырнақ пішіндерінің өзгеруі сақталуы мүмкін.
Нейтропениясы ұзаққа созылатын пациенттерде кандидозды инфекцияның профилактикасы.
Тәуліктік доза 200-ден 400 мг дейін құрайды. Емдеуді күтілімді нейтропения басталғанша бірнеше күн бұрын бастап, нейтропениядан қалыпқа келгеннен кейін нейтрофильдер саны мм3 1000 жасушадан жоғары көтерілгенше 7 күн бойы жалғастырған жөн.
Кебек тәріздес теміреткіБалалардағы кебек тәріздес теміреткіні емдеу үшін флуконазол қабылдау зерттелген. Оның тиімділігінің гризеофульвин тиімділігінен артық еместігі, ал сәтті емделудің жалпы деңгейі 20%-дан аз құрайтыны анықталған. Осылайша, Микомаксты® кебек тәріздес теміреткіні емдеу үшін қолдануға болмайды.
Криптококкоз
Басқа жерлерде орналасқан криптококкозды (мысалы, өкпе және тері криптококкозы) емдеуде флуконазол тиімділігінің дәлелдері шектеулі, бұл дозалау туралы нұсқаулар беруге мүмкіндік бермейді.
Терең эндемиялық микоздар
Паракокцидиоидомикоз, лимфа-тері споротрихозы мен гистоплазмозы сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде флуконазол тиімділігінің дәлелдері шектеулі, бұл дозалау туралы нұсқаулар беруге мүмкіндік бермейді.
Ерекше топтар:
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясын ескерумен, дозалануын түзету қажет («Бүйрек жеткіліксіздігі» бөлімін қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бір реттік емдік дозасын түзету қажет емес. Флуконазолды көп рет қолдану тағайындалған бүйрек функциясы бұзылған науқастарда (соның ішінде балаларда), тиісті көрсетілім үшін ұсынылатын тәуліктік дозасынан шығарып, 50 мг-ден 400 мг дейінгі көлемдегі бастапқы дозаны енгізген жөн. Осы бастапқы дозасынан соң, тәуліктік дозаны (көрсетілімдерге қарай) мына кесте негізінде есептеу керек:
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Ұсынылған дозасының пайызы |
> 50 |
100% |
≤ 50 (диализсіз) |
50% |
Жүйелі диализ |
100% әр диализден соң |
Жүйелі диализден өтетін пациенттер әр диализден соң ұсынылған дозаны 100% алуы тиіс; диализ жасалмайтын күндері пациенттер, креатинин клиренсіне қарай, азайтылған дозаны алуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Препараттың бауыр функциясы бұзылған пациенттерге әсер етуіне қатысты шектеулі ғана деректер бар, сондықтан флуконазол бауыр дисфункциясы бар науқастарға абайлап тағайындалу керек («Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз әсерлері» бөлімдерін қараңыз).
Балалар
Балаларға ең жоғары дозасын күніне 400 мг-ден асыруға болмайды. Ересектердегі сияқты, ұқсас инфекциялар тұсында емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты. Микомакс® бір мәрте, күніне 1 рет тағайындалады. Флуконазолдың бүйрек жеткіліксіздігі бар балалардағы фармакокинетикасы зерттелмеді.
11 жасқа дейінгі балалар
Флуконазол күн сайын бір реттік дозада қабылданады. Шырышты қабықтар кандидозында 6 жастағы және одан үлкен балаларда Микомакс® дозасы тәулігіне 3 мг/кг құрайды. Тұрақты тепе-тең концентрацияларына тезірек жету мақсатында алғашқы күні 6 мг/кг екпінді дозасын тағайындауға болады.
Инвазивті кандидозды және криптококты менингитті емдеу үшін ұсынылатын доза, аурудың ауырлығына қарай тәулігіне 6-12 мг/кг құрайды. Цитоуытты химиялық ем немесе сәулелі ем алып жүрген, нейтропения салдарынан қауіп тобында саналатын иммун тапшылығы бар науқастарда Candida инфекциясының профилактикасы үшін индукцияланған нейтропенияның айқындылығы мен сақталу ұзақтығына қарай препарат тәулігіне 3-12 мг/кг тағайындалады.
12-17 жастағы жасөспірімдер
Салмағы мен жасөспірімдік даму дәрежесіне байланысты емдеуші дәрігерге қай доза (ересектерге немесе балаларға) ең жарамды болып табылатынын бағалау қажет. Клиникалық деректер балаларда флуконазол ересектерге қарағанда жылдам шығатынын көрсетті. Салыстырмалы жүйелі ықпалға қол жеткізу үшін 100, 200 және 400 мг деңгейдегі доза ересектерде балалардағы 3, 6 және 12 мг/кг-ге сай келетінін ескеру керек. Балалардағы генитальді кандидозда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі белгіленбеген. Егер генитальді кандидозды емдеу жасөспірімдерде (12-ден 17 жасқа дейінгі) міндетті болса доза ересектердегідей болуы тиіс.
Қолдану тәсілі
Микомаксты® ішу арқылы немесе көктамырішілік инфузия жолымен енгізуге болады. Енгізу әдісі пациенттің клиникалық ахуалына байланысты. Көктамырішілік енгізуден ішу арқылы тәсілге ауысқанда, немесе керісінше тәуліктік дозасын өзгерту қажет емес.
Капсулаларды ас ішуге байланыссыз, бүтіндей жұтқан жөн.
Жағымсыз әсерлері
Ең жиі (>1/10) білінген жағымсыз реакциялар бас ауыру, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза, сондай-ақ қандағы сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы және бөртпе болып табылады.
Микомакс® қабылдау барысында келесі жағымсыз реакциялар мынадай жиілікте орын алды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес
(≥ 1/1000 - <1 / 100); сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер жүзінде бағаланбайды).
Жиі
- бас ауыру
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея
- сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысулық аминотрансферазалар (АСТ және АЛТ) деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Жиі емес
- анемия
- тәбеттің төмендеуі
- ұйқысыздық, ұйқышылдық
- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәм сезудің бұрмалануы
- вертиго
- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі
- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы
- Дәрілік дерматит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), есекжем («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), қышыну
- қатты терлеу
- миалгия
- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба
Сирек
- агранулоцитоз. лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
- анафилаксия
- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия
- тремор
- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, бет ісінуі, алопеция
______________________________________
- *) тұрақты дәрілік бөртпені қоса
Балалар
Педиатриялық клиникалық сынақтар барысында орын алған жағымсыз реакциялар мен зертханалық бұзылулардың сипаты мен жиілігі, генитальді кандидозды емдеу кезіндегі көрсетілімдерді қоспағанда, ересектерде байқалған нәтижелермен салыстырмалы болды.
Күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар. Дәрілік затты қолданудың тіркеуден кейінгі кезеңінде күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Бұл препараттың пайда/қауіп арақатынасын үздіксіз мониторингілеуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар ұлттық есептілік жүйесі арқылы күдікті жағымсыз реакциялардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға міндетті.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуконазолға немесе құрылымы жағынан жақын азолды қосылыстарға, сондай-ақ препараттың қосымша заттарына және капсула қабығының құрамына кіретін заттарға жоғары сезімталдық («Құрамы» бөлімін қараңыз)
- Микомаксты® күніне 400 мг және одан көп дозада көп реттік қолдану кезінде пациенттерге бір мезгілде терфенадин қабылдау қарсы көрсетілімді
- QT аралығын ұзартатын және P450 цитохром (CYP3A4) арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, хинидин, амиодарон және хинидин, эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау флуконазол қабылдап жүрген пациенттерге қарсы көрстілімде
- капсула құрамында лактоза бар болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға
Сақтықпен
- бүйрек жеткіліксіздігі (“Ерекше топтар” бөлімін қараңыз)
- бауыр функциясының бұзылуында;
- инвазиялық/жүйелі зеңді инфекциялары бар науқастарда флуконазол қолдану аясында бөртпе пайда болғанда;
- 400 мг/тәулік аз дозада терфенадин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану;
- көптеген қауіп факторлары бар науқастардағы аритмия тұсындағы әлеуетті жай-күйлерде (жүректің құрылымдық аурулары, электролитті теңгерім бұзылулары және осындай бұзылуға ықпал ететін қатарлас ем).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мынадай басқа да дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді:
Цизаприд: Бір мезгілде флуконазол мен цизаприд қабылдаған пациенттерде «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек жұмысының бұзылулары туралы хабарламалар түскен. Бақыланған зерттеу бір мезгілде күніне бір рет 200 мг дозада флуконазол мен күніне төрт рет 20 мг дозада цизаприд қабылдаудың плазмадағы цизаприд деңгейлерінің едәуір жоғарылауына және QT аралығының ұзаруына алып келді. Бір мезгілде флуконазол мен цизаприд қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Терфенадин: Зеңге қарсы азолды препараттарды терфенадинмен үйлестіріп қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы салдарынан болатын күрделі жүрек аритмиясының туындауына орай, осы препараттардың өзара әрекеттесуі зерттелді. Флуконазолмен жүргізілген зерттеу флуконазолдың 200 мг тәуліктік дозасында QT аралығы ұзаруының байқалмағанын көрсетті. Флуконазол 400 немесе 800 мг дозада қолданылғанда терфенадиннің плазмалық концентрацияларының едәуір жоғарылауы байқалды.
400 мг немесе одан көп дозадағы флуконазолды терфенадинмен үйлестіріп қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Пациенттер терфенадин мен тәулігіне 400 мг дозадан аз флуконазолды бір мезгілде қабылдау кезінде мұқият бақылануы тиіс.
Астемизол: Бір мезгілде флуконазол мен астемизол қабылдау астемизолдың шығарылу жылдамдығын төмендетуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы концентрацияларының жоғарылауы, тиісінше, QT аралығының ұзаруына және сирек «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Бір мезгілде флуконазол мен астемизол қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Пимозид: in vitro және in vivo зерттеулерінің болмауына қарамастан, бір мезгілде флуконазол мен пимозид қабылдау пимозид метаболизмінің баяулауына алып келуі мүмкін. Плазмадағы пимозид концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Бір мезгілде флуконазол мен пимозид қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Хинидин: in vitro және in vivo зерттеулерінің болмауына қарамастан, бір мезгілде флуконазол мен хинидин қабылдау хинидин метаболизмінің баяулауына әкелуі мүмкін. Хинидин қолдану QT аралығының ұзаруымен және сирек «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуымен байланысты болды. Бір мезгілде флуконазол мен хинидин қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Амиодорон: Флуконазолды амиодаронмен бір уақытта қабылдау амиодарон метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Амиодаронды қолдану QT аралығының ұзаруымен астасқан. Флуконазол мен амиодаронды біріктіріп тағайындауға болмайды.
Эритромицин: Бір мезгілде флуконазол мен эритромицин қабылдаудың кардиоуытты әсер ету (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия), соның салдарынан, жүрек жұмысының бұзылуынан болатын кенет өлім қаупін арттыруы зор. Бір мезгілде флуконазол мен эритромицин қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Мынадай өзге дәрілік препараттардың бір мезгілде қабылдануын ұсынуға болмайды:
Галофантрин: Флуконазол, плазмадағы CYP3A4-ке бәсеңдеткіш әсер салдарынан, галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Бір мезгілде флуконазол мен галофантрин қабылдау кезінде кардиоуытты әсер ету (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия), соның салдарынан, жүрек жұмысының бұзылуынан болатын кенеттен өлу қаупі артады. Бұл біріктірілімнен аулақ болу керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану алдын ала сақтану шараларын қадағалауды және дозаны түзетуді талап етеді:Басқа дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы
Рифампицин: Флуконазол рифампицинмен үйлестірілгенде флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің азаюы шамамен 20% және оның плазмалық концентрациясының төмендеуі 25% болды. Сондықтан оны бір мезгілде алатын науқастарға флуконазол дозасын арттыру мақсатқа сай.
Өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде ішу арқылы қабылдау кезінде немесе сүйек кемігі трансплантациясы үшін жалпы сәулелендіруден кейін флуконазолдың сіңірілу жағдайының клиникалық мәнді нашарлауының тіркелмегенін көрсетті.
Гидрохлортиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу бойынша зерттеуде дені сау еріктілердің гидрохлортиазид пен флуконазолдың көп реттік дозаларын бір уақытта қабылдауы флуконазолдың плазмалық концентрацияларының 40%-ға жоғарылауына ықпал етті. Мұндай деңгейдің ықпалы диуретиктермен қатарлас емді бір уақытта қабылдап жүрген пацтенттерде флуконазолдың дозалау режимінің өзгеруін міндетті түрде талап етпейді.
Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы
Флуконазол P450 (CYP) цитохромы 2С9 изоферментінің қуатты тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол CYP2C19 изоферментінің де тежегіші болып табылады. Төменде аталған байқалған/құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша, флуконазол бір мезгілде қабылданғанда CYP2C9 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін өзге қосылыстардың плазмадағы концентрацияларының жоғарылау қаупін арттырады. Сондықтан бұл біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытып, пациенттерді тиянақты бақылау керек. Ферменттерге флуконазолдан болатын фермент-тежегіш әсер, флуконазолдың ұзаққа созылатын жартылай шығарылу кезеңіне байланысты, флуконазол қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4‑5 күн бойы сақталады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Альфентанил: Флуконазолмен (400 мг) және көктамырішілік альфентанилмен (20 мкг/кг) бір мезгілде емделу барысында дені сау еріктілерде қан плазмасындағы альфентанил концентрациясы (AUC10), ықтималды түрде, CYP2С9 тежелісі есебінен 2 есе ұлғайды. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: Флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрациясын біріктірілген емнің басында және апта өткенде өлшеуге болады. Қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.
Антикоагулянттар: Постмаркетингтік қадағалау барысында, басқа да зеңге қарсы дәрілер – азол туындыларымен болған жағдайлар сияқты қан кету (көгеру, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) және флуконазолды бір уақытта варфаринмен қабылдаған пациенттерде протромбиндік уақыттың ұлғаюы тіркелген. Флуконазолмен және варфаринмен бір мезгілде емделу барысында протромбиндік уақыт, ықтималды түрде, CYP2С9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуіне байланысты 2 есе ұзарған. Кумариндік антикоагулянттарды немесе антикоагулянт-инданедион туындыларын және флуконазолды қабылдайтын пациенттерде протромбиндік уақытты мұқият бақылап отыру керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Бензодиазепиндер (әсер етуі қысқа), мысалы, мидазолам, триазолам: Мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін, флуконазол мидазолам концентрациясының және психомоторлық әсерлерінің елеулі артуына алып келген. Бір мезгілде 200 мг флуконазол мен 7,5 мг мидазоламды ішу арқылы қабылдау мидазоламның плазмалық концентрациясы (AUC) мен жартылай шығарылу кезеңін, тиісінше, 3,7 және 2,2 есе ұзартты. Бір мезгілде 0,25 мг дозадағы триазоламмен ішу арқылы қабылданатын күніне 200 мг деңгейдегі флуконазол дозасы триазоламның плазмалық концентрациясы (AUC) мен жартылай шығарылу кезеңін, тиісінше, 4,4 және 2,3 есе ұзартқан. Триазоламның күшейген және ұзаққа созылатын әсерлері оны флуконазолмен бір мезгілде қабылдау кезінде байқалды. Егер бензодиазепинмен тиісінше емдеу флуконазол қабылдаған пациенттерге қажет болса, бензодиазепиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастырып, сондай-ақ пациенттерді мұқият қадағалау керек.
Карбамазепин: Флуконазол карбамазепин метаболизмін бәсеңдетеді, әрі плазмадағы карбамазепин деңгейінің 30% жоғарылауы байқалады. Карбамазепин уыттылығының даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын, доза/әсер концентрациясының көрсеткіштеріне қарай, түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзектерінің блокаторлары: Кальций өзектерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 арқылы метаболизденеді. Флуконазол кальций өзектері антагонистерінің жүйелі әсерін арттыра алады. Қолайсыз құбылыстарды жиі бақылау ұсынылады.
Целекоксиб: Флуконазолмен (200 мг күн сайын) және целекоксибпен (200 мг) қатарлас емдеу барысында целекоксиб Cmax пен AUC, тиісінше, 68% және 134% жоғарылады. Целекоксиб дозасын оны флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда жартылай азайту қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: Циклофосфамидпен және флуконазолмен біріктіріп емдеу плазмадағы билирубин мен креатининнің жоғарылауына алып келеді. Бұл біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылау қатері білінгенше пайдалануға болады.
Фентанил: Фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуі мүмкін екеніне орай, фентанилмен уыттанудың бір өліммен аяқталуы тіркелген. Бұдан басқа, дені сау еріктілерде флуконазолдың фентанил шығарылуын едәуір кідіртетіні дәлелденген. Фентанилдің жоғары концентрациясы тынысты тарылтуы мүмкін. Пациенттер тыныс тарылуының әлеуетті қатерін мұқият қадағалауы тиіс. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
А-редуктаза гидроксиметилглутарил-коферментінің тежегіштері (ГМГ-КоА-редуктаза): Миопатия мен рабдомиолиз (қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы) қатері флуконазолды және CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин мен симвастатин немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау кезінде артады. Егер осы препараттармен бір мезгілде емдеу қажет болса, пациентті миопатия, рабдомиолиз симптомдары мен креатинкиназа деңгейі тұрғысынан бақылау керек. Егер креатинкиназаның байқалымды жоғарылауы тіркелсе әлде миопатия/рабдомиолиз диагностикаланса, немесе сондай күдік туындаса, HMG-CoA редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
Циклоспорин: Флуконазол циклоспориннің AUC және концентрациясын елеулі арттырады. Күніне 200 мг дозадағы флуконазолмен және циклоспоринмен (2,7 мг/кг/күн) бір мезгілде емделу барысында циклоспорин AUC 1,8 есе ұлғаюы тіркелген. Бұл біріктірілімді циклоспорин концентрациясына қарай циклоспорин дозасын азайтқанда пайдалануға болады.
Эверолимус: in vivo және in vitro зерттеулері бойынша деректер жоқ болса да, флуконазол сарысудағы эверолимус концентрациясын CYP3A4 тежелісі арқылы арттыра алады.
Сиролимус: флуконазол сарысудағы сиролимус концентрациясын CYP3A4 және Р-гликопротеин арқылы сиролимус метаболизмін тежеу жолымен ұлғайтады. Бұл біріктірілімді концентрация әсері/көрсеткіштеріне қарай сиролимус дозасын түзету кезінде пайдалануға болады.
Такролимус: Флуконазол сарысудағы такролимус концентрациясын оны 5 есеге дейін ішу арқылы қабылдағанда ішекте CYP3A4 арқылы такролимус метаболизмін тежеу есебінен арттыра алады.Такролимус көктамыр ішіне енгізілгенде ешқандай елеулі фармакокинетикалық өзгерістер байқалмаған. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықпен байланысты болды. Такролимустың ішуге арналған дозасын такролимус концентрациясына қарай азайту керек.
Лозартан: Флуконазол лозартанның оның белсенді метаболитіне (Е-31 74) метаболизмін бәсеңдетеді, ал ол Лозартан қабылдау кезінде жүретін ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің басым бөлігіне жауап береді. Пациенттердің қан қысымын ұдайы бақылап тұру керек.
Метадон: Флуконазол сарысудағы метадон концентрациясын артттыруы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флурбипрофен Cmax және AUC флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда, тек флурбипрофен қабылдаумен салыстырғанда, тиісінше, 23% және 81% жоғарылады. Осыған ұқсас, фармакологиялық белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC, флуконазол рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 15% және 82% жоғарылаған.
Арнаулы зерттеулер жүргізілмегенмен, флуконазол СYP2C9 арқылы метаболизденетін (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) басқа да ҚҚСП жүйелі әсер етуін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығына жиі мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Фенитоин: Флуконазол фенитоиннің бауырдағы метаболизмін бәсеңдетеді. Бір мезгілде 200 мг флуконазол мен 250 мг фенитоинді бірнеше рет көктамыр ішіне қабылдау фенитоин AUC24 75% және Cmin 128% ұлғаюын туындатты. Бір мезгілде қабылдағанда фенитоинмен уыттануды болдырмас үшін сарысудағы фенитоин концентрациясының деңгейілерін бақылау керек.
Преднизон: Преднизонмен емделуден өткен, бауыры трансплантацияланған пациентте флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқан соң бүйрек үсті бездері жедел жеткіліксіздігінің даму жағдайы тіркелген. Флуконазол қабылдауды тоқтату, жорамалды түрде, CYP3A4 белсенділігінің жоғарылауын туындатты, ол преднизон метаболизмінің артуына алып келді. Ұзақ уақыт бойы флуконазол мен преднизон қабылдаған пациенттер флуконазол қабылдауды тоқтатқаннан кейін бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі тұрғысынан мұқият бақылау керек.
Рифабутин: Флуконазол сарысудағы рифабутин концентрациясын арттырады, бұл рифабутин AUC 80% дейін артуына алып келді. Бір мезгілде флуконазол мен рифабутин қабылдаған пациенттерде увеит жағдайлары тіркелген. Біріктіріп емдеу кезінде рифабутиннің уыттылық симптомдарын назарға алу керек.
Саквинавир: Флуконазол саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін CYP3A4 арқылы саквинавирдің бауырдағы метаболизмін тежеу және Р-гликопротеин тежеу есебінен, тиісінше, 50% және 55% ұлғайтады. Саквинавир/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеген, әрі аса айқын болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина препараттары: Флуконазол ішуге арналған сульфонилмочевина препараттарының (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін дені сау еріктілерде оларды бір мезгілде қабылдаған кезде ұзартады.
Бірге қабылдау кезінде қандағы глюкоза деңгейіне жиі мониторинг жасау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту ұсынылады.
Теофиллин: Флуконазол қан плазмасындағы теофиллин деңгейін арттырады. Препараттардың өзара әрекеттесуінің плацебо-бақыланатын зерттеуінде 14 күн бойы күніне 200 мг флуконазол қабылдау теофиллин клиренсінің орташа мәнінің 18% төмендеуін туындатты. Теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер мезгілінде анықтау мақсатында жоғары дозаларда флуконазол мен теофиллин қабылдайтын науқастарды немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғарылаған науқастарды тиянақты қадағалау қажет; олар пайда болғанда емді тиісті үлгіде өзгерткен жөн.
Қабіршөп алкалоидтары: осы өзара әрекеттесу зерттелмегенмен, флуконазол плазмадағы қабіршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) деңгейін жоғарылатып, CYP3A4-ке тежегіш әсер етуімен байланысты болатын нейроуыттылыққа әкелуі мүмкін.
А витамині: Тіркелген жағдай туралы есеп деректері бойынша, бір мезгілде толық транс-ретиной қышқылы (А витаминінің қышқылды түрі) мен флуконазол қабылдаған бір пациентте ОЖЖ-мен байланысты флуконазол қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылған Cerebri жалған ісігі түріндегі қолайсыз әсерлер дамыған. Бұл біріктірілімді қолдануға болады, бірақ орталық жүйке жүйесімен (ОЖЖ) байланысты қолайсыз әсерлер болатынын ескеру керек.
Вориконазол: (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші): Бір мезгілде ішуге арналған вориконазол қабылдау (400 мг әр 12 сағат сайын 1 күн, артынан 200 мг әр 12 сағат сайын 2,5 күн бойы) және флуконазол (400 мг 1 күн, артынан 200 мг әр 24 сағат сайын 4 күн бойы) дені сау 8 еркекте вориконазол Cmax және AUCτ мәндерінің, тиісінше, орташа 57% (90% CI: 20%, 107%) және 79% (90% CI: 40%, 128%) жоғарылауына алып келді. Вориконазол мен флуконазол дозасын және/немесе қабылдау жиілігін төмендету осы әсердің жойылуына көмектеспейді. Егер вориконазол флуконазолдан кейін бірден тағайындалса, вориконазолмен байланысты жағымсыз әсерлерді бақылау ұсынылады.
Зидовудин: Флуконазол зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін, ішу арқылы қабылдағаннан кейін зидовудин клиренсінің шамамен 45% төмендеуімен байланысты, тиісінше, 84% және 74% арттырады. Флуконазолмен біріктіріп қабылдағаннан кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128% ұзарған. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинмен байланысты жағымсыз реакциялардың дамуы тұрғысынан бақылануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту ықтималдығын қарастыруға болады.
Азитромицин: 18 дені сау тұлғаны ашық, рандомизацияланған, үш бағытты айқаспалы зерттеуде 1200 мг концентрациясындағы азитромициннің бір дозасының 800 мг концентрациядағы флуконазолдың ішуге арналған бір дозасының фармакокинетикасына ықпалы, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсері бағаланды. Флуконазол мен азитромицин арасындағы елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу тіркелмеген.
Ішуге арналған контрацептивтер: Флуконазолдың бірнеше дозаларын пайдаланумен, біріктіріп ішуге арналған контрацептивтердің екі фармакокинетикалық зерттеуі жүргізілді. 50 мг флуконазол қабылдау кезінде гормондар деңгейіне елеулі әсерлері тіркелмеген, сонымен қатар күніне 200 мг дозасы тұсындағыдай этинилэстрадиол мен левоноргестрел АUС, тиісінше, 40% және 24% ұлғайды. Осылайша, флуконазолды осы дозаларда көп рет қабылдау біріктіріп ішуге арналған ұрықтануға қарсы препараттардың тиімділігіне әсерін көрсетуі екіталай.
Ивакафтор: ивакафтормен, муковисцидоздық трансжарғақшалық өткізгіштік регуляторының (CFTR) күшейткішімен бір уақытта қабылдау ивакафтордың әсерін үш есе, ал гидроксилметиливакафтордың (М1) әсерін 1,9 есе ұлғайтады. Флуконазол және эритромицин сияқты орташа CYP3A тежегіштерімен біріктірген ем алатын пациенттер үшін ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг төмендету ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр жеткіліксіздігі
Флуконазол бірінші кезекте, күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде бауырға күрделі уытты әсер етудің сирек жағдайларымен, соның ішінде өліммен аяқталумен байланысты болды. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттің жынысы және жасымен анық өзара байланысы байқалмаған. Флуконазолдың гепатоуытты әсері, әдетте, ем тоқтатылғаннан кейін қайтымды болды.
Флуконазолмен емделу кезінде бауыр функциясы бұзылған пациенттер бауырдың аса күрделі зақымдануларының дамуын мұқият қадағалауы тиіс.
Пациент бауырға күрделі әсерін тигізетін жетекші симптомдардан (атап айтқанда, астения, анорексия, тұрақты жүрек айну, құсу және сарғаю) хабардар болуы тиіс. Флуконазолмен емдеуді дереу тоқтату керек, ал пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Кейбір азолдар, флуконазолды қоса, электрокардиограммадағы (ЭКГ) QT аралығының ұзаруымен байланысты болды.
Микомакс® аритмия кезіндегі әлеуетті жай-күйлері бар пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек. QT аралығын ұзартатын және Р450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін өзге дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігі
Кетоконазол бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігін туындататын дәрі ретінде белгілі және бұл сирек болса да флуконазолға жатқызылуы мүмкін. Преднизонмен біріктіріп емдеуге байланысты бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігі «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде сипатталады.
Галофантрин ұсынылған емдік дозада QT аралығын ұзартады және CYP3A4-ке тән субстрат болып табылады. Тиісінше, бір мезгілде флуконазол мен галофантрин қабылдау ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Дерматологиялық реакциялар
Флуконазолмен емделу кезінде, пациенттерде өте сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. АИТВ-позитивті пациенттер көптеген дәрілік препараттарға болатын ауыр тері реакцияларының дамуына бейімдеу болып келеді. Егер беткейлік зеңді инфекциясы бар пациентте флуконазол қабылдаумен байланысты бөртпе пайда болса, осы дәрілік препаратпен әріқарай емделуді тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зеңді инфекциялары бар пациенттерде бөртпе білінсе, оларды мұқият қадағалап, егер буллезді зақымданулар немесе мультиформалы эритема өршеленіп кетсе, флуконазол қабылдауды тоқтату керек.
Аса жоғары сезімталдық
Сирек жағдайларда анафилаксия туралы хабарланды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
P450 цитохромы
Флуконазол CYP2C9 қуатты тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол CYP2C19 тежегіші болып та табылады. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік өрісі тар дәрілік препараттармен бір мезгілде Микомакс® қабылдайтын пациенттерді бақылап отыру керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Терфенадин
Күніне 400 мг-ден төмен дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бірге қабылдауды мұқият бақылауға алу керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Қосымша заттар
100 мг Микомакс® капсулаларының құрамында 23.50 мг лактоза моногидраты, 150 мг Микомакс® капсулаларының құрамында 35.25 мг лактоза моногидраты бар. Галактозаны көтере алмаушылықпен, Лапп лактаза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік
Аналары үш немесе одан да көп ай бойы кокцидиоидомикоздан флуконазолдың жоғарғы дозаларымен (күніне 400-800 мг) емделген нәрестелерде көптеген туа біткен аномалиялар (оның ішінде брахицефалия, құлақтың дисплазиясы, алдыңғы алып еңбек, ортан жілік бүгілісі және радио-иық синостозы) туралы хабарламалар бар. Флуконазол қабылдау мен осы құбылыстар арасындағы өзара байланыс анық емес болып қалды.
Алғашқы триместрде бір реттік немесе көп реттік доза ретінде қолданылған флуконазолдың стандартты дозаларын (тәулігіне <200 мг) қабылдаған бірнеше жүз жүкті әйелдің деректері ұрыққа жағымсыз ықпалдың жоғары қаупін көрсетпеді.
Жүктілік кезінде қысқа мерзімді емдегі стандартты дозаларда Микомаксты® аса зор қажеттіліксіз қолдануға болмайды. Микомаксты® жоғары дозада және/немесе ұзақ уақыт қабылдаумен, өмірге зор қатер төндіретін инфекцияларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу кезінде пайдалану
Флуконазол емшек сүтіне өтіп, онда плазмадағыдан төмен концентрациясына жетеді. Флуконазолдың 200 мг немесе одан төмен деңгейдегі стандартты дозасын бір рет қабылдағаннан кейін емшекпен қоректендіруді қолдауға болады. Флуконазолды көп рет қабылдағанда немесе оның жоғары дозасынан кейін бала емізу ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Микомакстың® техниканы жүргізу немесе басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Пациенттерге Микомакс® бас айналу немесе құрысулар болу мүмкіндігінің зор екенін ескертіп («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз), сондай-ақ осы симптомдардың кез келгені білінсе, автокөлікті немесе техниканы басқармауға кеңес беру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: Микомакспен® артық дозалану кезінде елестеулер мен параноидты мінез-құлық тіркелген.
Емі: Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу (қажет болса, демеуші шаралармен және асқазанды шаюмен) жеткілікті. Флуконазол, негізінен, несеппен шығарылады; мәжбүрлі ауқымды диурез шығарылу жылдамдығын арттыруы ықтимал. Гемодиализдің үш сағаттық сеансы плазмадағы препарат деңгейін шамамен 50% төмендетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мг капсулалар: 7 капсуладан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1, 4 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
150 мг капсулалар: 1 немесе 3 капсуладан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Тіркеу куәлігінің иесі
Зентива к.с., Чех Республикасы, 102 37, Прага 10
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Фурманов к-сі 187 Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com