Микомакс® (раствор для инфузий, 2 мг/мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Микомакс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуконазол
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 2 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 2 мг флуконазол,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Көзге көрінетін бөлшектерсіз мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.
АТХ коды J02АC01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамыр ішіне және пероральді түрде қабылдағанда флуконазолдың фармакокинетикалық қасиеттері бірдей болады.
Сіңуі
Қан сарысуында флуконазол ең жоғары шектегі концентрацияға көктамыр ішіне енгізгеннен кейін бірден жетеді және 90%-дан астамды құрайды. Қан плазмасында флуконазол 90%-ға тең концентрацияға препараттың тәуліктік дозасын көп рет қабылдағанда 4-5 күн ішінде жетеді. Күнделікті әдеттегі дозадан екі есе асып кететін қаныққан дозада (алғашқы күні) қабылдау екінші күні-ақ 90% концентрацияның тепе-тең күйге жетуіне мүмкіндік береді.
Таралуы
Таралу көлемі организм сұйықтығының шамамен жалпы көлеміне тең. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі әлсіз (11-12%).
Флуконазол организмнің тіндеріне, сұйықтығына жақсы өтеді. Препараттың сілекейдегі және қақырықтағы концентрациясы оның плазмадағы концентрациясына ұқсас. Зеңді менингиті бар науқастарда жұлын-ми сұйықтығында флуконазолдың деңгейі қан плазмасындағы оның деңгейінің 80%-ға жуығын құрайды. Сарысудағы концентрациясымен салыстырғанда теріде: эпидермистің және дерманың мүйізді қабатында (мұнда флуконазол жиналады) және терде флуконазолдың жоғары концентрациясы байқалады.
Күніне бір рет 50 мг дозада флуконазолдың концентрациясы 12 күннен кейін 73 мкг/г және емдеуді тоқтатқаннан соң 7 күннен кейін 5,8 мкг/г құрады.
Аптасына бір рет 150 мг дозада мүйізді қабаттағы флуконазолдың концентрациясы 7-ші күні 23,4 мкг/г және екінші дозадан кейінгі 7-ші күні 7,1 мкг/г құрады.
Аптасына бір рет 150 мг-ден 4 ай қабылдағаннан кейін тырнақтарда флуконазолдың концентрациясы сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады. Тырнақтардағы флуконазол концентрациясы емдеуді аяқтағаннан кейін 6 ай бойы сақталады.
Метаболизмі
Флуконазол аздаған дәрежеде ғана метаболизденеді. Радиоактивті дозаның тек 11%-ы ғана өзгермеген түрде организмнен несеппен бірге шығарылады. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің селективтік тежегіші болып табылады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Флуконазол сондай-ақ CYP2C19 изоферментін де тежейді.
Шығарылуы
Флуконазоладың жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатқа жуықты құрайды. Негізгі шығарылу жолы – бүйректік, енгізілген дозаның шамамен 80%-ы өзгермеген түрде несеппен бірге шығарылады. Флуконазолдың клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал. Айналымда метаболиттердің бар екендігі жөнінде деректер жоқ.
Флуконазолдың плазмадан ұзақ жартылай шығарылу кезеңі, күніне бір рет, қынаптық кандидозда емдік бір доза үшін және аптасына бір рет басқа көрсетілімдер бойынша негізді қамтамасыз етеді.
Бүйрек функциясы бұзылған кездегі фармакокинетикасы
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (СКФ <20 мл/мин) пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 98 сағатқа дейін жоғарылады. Демек, дозаны төмендету қажет емес. Флуконазол гемодиализде және аз дәрежеде перитонеальді диализде шығарылады. Гемодиализдің үш сағат сеансынан кейін флуконазолдың 50%-ға жуығы қаннан шығарылады.
Балалардағы фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық деректер науқас 113 балаға жүргізілген 5 зерттеуде: бір реттік дозаны қабылдауға 2 зерттеуде, бірнеше дозаны қабылдауға 2 зерттеуде және шала туған нәрестелерге 1 зерттеуде баға берілді. Зерттеулердің біріндегі деректерге зерттеулер барысында енгізу жолдарының өзгеруіне байланысты түсінік берілген жоқ. Қосымша деректер гуманитарлы бағдарламалары шегінде препаратты қолдана отырып жүргізілген зерттеулерден алынды.
9 айлықтан 15 жасқа дейінгі балаларда 2-8 мг/кг флуконазолды көктамыр ішіне көп реттік енгізгенде қан плазмасынан флуконазолдың жартылай шығарылуының орташа кезеңі 15-18 сағатты, ал таралу көлемі 880 мл/кг жуықты құрады. 11 күннен 11 айлыққа дейінгі балаларда к/ішілік бір реттік 3 мг/кг доза препаратты енгізгеннен кейін оның жартылай шығарылу кезеңі көбірек (24 сағат), ал осы жас тобында таралу көлемі 950 мл/кг құрады.
Жаңа туған балаларға флуконазолды қолдану тәжірибесі шала жаңа туған балалардағы фармакокинетикалық зерттеулермен шектеледі. Гестация мерзімі 28 аптаға жуық шала туған 12 нәрестеде алғашқы дозаны енгізген кездегі орташа жасы 24 сағатты (диапазон 9-36 сағат), туған кездегі орташа салмағы 0,9 кг (диапазон 0,75-1,10 кг) құрады. Жеті пациентте протокол аяқталды; 6 мг/кг флуконазолдың көктамырішілік ең жоғары инфузиясы әрбір 72 сағат сайын енгізілді. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі алғашқы күні 74 сағатты (44-тен 185 сағатқа дейін) құрап, жетінші күні орта есеппен 53 сағатқа дейін (30-дан 131 сағатқа дейін) және он үшінші күні 47 сағатқа дейін (27-ден 68 сағатқа дейін) қысқарды.
Алғашқы күні фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (мкг/сағ./мл) 271 (173-тен 385 дейін) құрады, жетінші күні орта есеппен 490-ға (292-ден 734 дейін) жоғарылады, ал он үшінші күні 360-қа (167-ден 566 дейін) дейін төмендеді.
Алғашқы күні таралу көлемі (мл/кг) 1183 (1070-тен 1470 дейін) құрап, жетінші күні 1184-ке (510-нан 2130 дейін) дейін және он үшінші күні 1328-ге (1040-тан 1680 дейін) дейін жоғарылады.
Егде жастағы адамдардағы фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық зерттеулер 50 мг флуконазолды ішке бір реттік қабылдаған, 65 жастағы және одан үлкен 22 пациентте жүргізілді. Пациенттердің ішінен оны бір мезгілде диуретиктер қабылдады. Орташа AUC 76,4 ± 20,3 мкг/сағ./мл құрады, ал әсер ету ұзақтығының орташа уақыты – 46,2 сағат. Фармакокинетикалық параметрлер мәндері дені сау жас еркек еріктілерде байқалған ұқсас мәндерден жоғары болды. Диуретиктерді бір мезгілде қабылдау фармакокинетикалық қисық астындағы ауданға және қан плазмасындағы флуконазолдың ең жоғары концентрациясына елеулі ықпалын тигізген жоқ. Бұдан басқа, креатинин клиренсі (74 мл/мин), несепте өзгерусіз қалпына келген дәрілік зат пайызы (0-24 сағ., 22%), және егде жастағы адамдар үшін флуконазолдың бүйректік клиренсі (0,124 мл/мин/кг), әдеттегідей, жас еріктілерге қарағанда төмен болды. Егде жастағы пациенттердегі флуконазолдың фармакокинетикасы бүйрек функциясының төмендеуімен байланысты, бұл пациенттердің осы тобына тән болып табылады.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Микомакс® – зеңге қарсы триазолды препарат. Оның негізгі әсер ету механизмі зеңдерде эргостерол биосинтезінің маңызды сатысы зеңдік Р-450 цитохромы арқылы 14 альфа-ланостеролды деметилденудің тежелуімен байланысты. 14 альфа-метил стеролдардың жиналып қалуы зеңнің жасушалық қабырғасында эргостеролдың әрі қарай жоғалуымен өзара байланысты және флуконазолдың зеңге қарсы белсенділігіне жауап беруі мүмкін. Флуконазол P-450 цитохромының зеңді энзимдер үшін селективтілігінің, сүт қоректілердің P-450 цитохромының әртүрлі энзимдік жүйесіне қарағанда үлкен болатындығын көрсетті.
Тәулігіне 50 мг флуконазолды 28 күн бойы тағайындағанда еркектерде плазмадағы тестостеронның концентрациясына немесе бала көтере алатын жастағы әйелдерде стероидтың концентрациясына ықпал еткені білінген жоқ. Тәулігіне 200 мг - 400 мг флуконазол қабылдау дені сау еркек волонтерлерде эндогендік стероидтардың деңгейіне немесе АКТГ стимуляцияланған жауабына клиникалық тұрғыдан маңызды әсері көрінген жоқ. Антипиринмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер 50 мг флуконазолдың бір реттік немесе көп реттік дозаларының метаболизмге ықпалын тигізбейтінін көрсетеді.
Іn vitro сезімталдығы
In vitro, флуконазол клиникалық тұрғыдан кең таралған Candida түрлеріне (C. albicans, C. parapsilosis, C. Tropicalis қоса) қарсы зеңге қарсы белсенділік танытады. C. glabrata кең ауқымды сезімталдық көрсетеді, бұл кезде C. krusei сияқты флуконазолға резистентті.
Флуконазолдың сондай-ақ Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii, сондай-ақ Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis эндемиялық зең саңырауқұлақтарына қатысты in vitro белсенділігі бар
Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының байланысы
Жануарларға жүргізілетін зерттеулерде ең төмен тежегіш концентрация (ЕТТК) мәндері мен Candida әсерінен туындаған экспериментальді микоздарға қатысты тиімділігінің арасында өзара байланыс болды. Клиникалық зерттеулерде флуконазолдың AUC және дозасы арасында іс жүзінде 1:1 дозаға қатысты байланыс орын алды. Сондай-ақ оральді кандидозды емдегенде AUC немесе доза мен ойдағыдай клиникалық жауап арасында тікелей, бірақ аяқталмаған байланыс бар және кандидемияда мұның айқындылығы аздау. Штаммдар әсерінен туындаған инфекцияларды ЕТТК үлкен болатын флуконазолмен осылай емдеудің мүмкіндігі аз.
Резистенттілік механизмі
Candida spp зеңге қарсы азольді препараттарға резистенттілігінің бірқатар механизмдері бар. Резистенттіліктің осы механизмдерінің біреуі немесе бірнешеуі бар зеңдік штаммдардың, белгілі болғандай, флуконазолға ЕЕТК жоғары болады, бұл клиникада және in vivo тиімділігіне теріс ықпалын көрсетеді.
C. аlbicans басқа, Candida басқа түрлерімен асқын инфекция жөнінде мәлімделді, олар флуконазолға (мысалы, Candida krusei) сезімтал болмауы мүмкін. Мұндай жағдайлар зеңге қарсы баламалы емді қажет етуі мүмкін.
Бақыланатын нүктелер ( EUCAST-мен сәйкес)
Фармакокинетикасы/фармакодинамикасы (ФК/ФД), in vitro сезімталдығы және EUCAST - AFST (Микробқа қарсы сезімталдығын тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет – клиникалық жауапты тестілеу жөніндегі қосалқы комитет) клиникалық жауабының деректерін талдау негізінде флуконазол үшін Candida түрлеріне (EUCAST флуконазолды қолдану жөніндегі ұтымдылықты анықтайтын құжат (2007) - версия 2) арналған бақыланатын нүктелер анықталды. Шекаралық спецификалық емес нүктелерге бөліну болды, олар адамдағы жұғумен өте жиірек байланысты нақты түрлердің және шекаралық нүктелердің ЕТТК таралуына байланысты емес ФК/ФД базасында анықталды. Бұл нүктелер төмендегі кестеде берілген:
Зеңге қарсы |
(S</R>) түрімен байланысты шекаралық нүктелер |
S</R> Aтүрімен байланысты емес шекаралық нүктелер |
||||
Candida albicans |
Candida glabrata |
Candida krusei |
Candida parapsilosis |
Candida tropicalis |
||
Флуконазол |
2/4 |
ДЖ |
-- |
2/4 |
2/4 |
2/4 |
S = Сезімтал, R = Резистентті
A = түрмен байланысты емес шекаралық нүктелер ФК/ФД деректерінің негізінде анықталды және ЕТТК спецификалық түрлерінің таралуымен байланысты емес. Спецификалық шекаралық нүктелері жоқ организмдер үшін ғана қолданылады.
-- = Сезімталдығын тестілеу ұсынылмайды, өйткені түрлерінің медициналық өніммен емдеу мақсаты нашар болып табылады.
ДЖ = Түрдің медициналық препаратпен емдеу үшін мақсаты жақсы екендігіне дәлелдер жеткіліксіз
Қолданылуы
Ересектер:
- криптококктік менингитте
- кокцидиоидомикозда
- инвазиялық кандидозда
- шырышты кандидозда, соның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозында, кандидурияда және созылмалы тері-шырышты кандидозда
- ауыз қуысының тазалығы жеткіліксіз болғанда немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда тіс протездерін киюмен байланысты ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында
Профилактика мақсатында:
- аурудың қайталану қаупі жоғары болатын науқастарда криптококктік менингиттің қайталануы
- аурудың қайталануы пайда болатын жоғары қаупіне ұшыраған, АИТВ жұқтырған пациенттерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы
- ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (мысалы, химиялық емдеуден өткен гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде, немесе гемопоэздік дің жасушалардың трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде) кандидозды инфекцияның профилактикасында
0-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:
- шырышты қабықтардың (ауыз қуысы мен жұтқыншақтың, өңештің) кандидозы, инвазиялық кандидоз, криптококктік менингит
- иммунитеті тапшы пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасында
- аурудың қайталану қаупі жоғары болатын балаларда криптококктік менингиттің қайталануына жол бермеу үшін демеуші ем ретінде
Емдеу бактериологиялық және басқа да зертханалық зерттеу нәтижелері алынғанға дейін тағайындалуы мүмкін; алайда, бұл нәтижелер белгілі болысымен, инфекцияларға қарсы емді алынған нәтижелерге сай түзеткен жөн.
Қолдану тәсілі және дозалары
Флуконазолды ішу арқылы немесе көктамырішілік инфузия жолымен қабылдануына болады, қолдану тәсілі пациенттің клиникалық ахуалына байланысты. Көктамырішілік енгізуден ішу арқылы қабылдауға ауысқанда, немесе керісінше, препараттың тәуліктік дозасын өзгерту қажет емес.
Микомакс® инфузияға арналған 2 мг/мл ерітіндісі 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді негізінде, әрбір 200 мг (100 мл құтыда) 15,4 ммоль натрий ионы және 15,4 ммоль хлорид ионы бар инфузияға арналған ерітінді болып табылады. Микомакс® инфузияға арналған 2 мг/мл ерітіндісі сұйылтылған натрий хлоридінің ерітіндісі түрінде босатылатындықтан, натрийді немесе сұйықтықты қабылдау бойынша шектеуі бар пациенттерге препаратты тағайындаған кезде, инфузиялық ерітіндінің енгізу жылдамдығын ескеру керек.
Қолдану тәсілдері:
Микомакс® көктамыр ішіне енгізуге арналған.
Препаратты пайдалану үшін пластик қақпақты алып тастау және тығынды дезинфекциялайтын ерітіндімен сүрту қажет.
Микомакс® ерітіндісі ересектерде кемінде 60 мин және балаларға 120 минут бойы енгізіледі. Енгізу жылдамдығы минутына 10 мл-ден аспауы тиіс.
Инфузияға арналған Микомакс® ерітіндісін басқа ерітінділермен немесе препараттармен бір құтыда араластыруға жол берілмейді.
Инфузияға арналған Микомакс® препараты ерітіндісінің пайдаланылмаған қалдығы қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес утилизацияланады; оны тоңазытқышта сақтауға, мұздатып қатыруға немесе әрі қарай пайдалану үшін басқаша сақтауға тыйым салынады, өйткені инфузияға арналған әрбір ерітінді бір рет пайдалануға арналған.
Жалпы ұсыныстар
Көктамырға енгізу үшін қолданылады.
Препарат пластмасса қалпақшаны шешкеннен кейін және тығын беткейін дезинфекциялайтын ерітіндімен сүрткеннен кейін қолдануға дайын.
Көктамырға енгізуге арналған флуконазол төменде көрсетілген инфузиялық ерітіндімен үйлесімді:
a) 20% глюкоза
b) Рингер ерітіндісі
c) Хартман ерітіндісі
d) Глюкоза және калий хлориді ерітіндісі
e) 4.2% натрий бикарбонаты
f) Аминофузин
g) 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді
Флуконазол жоғарыда айтылған ерітіндінің бірімен бір мезгілде енгізілуі мүмкін. Үйлесімсіздіктің арнайы түрі көрсетілмегендігіне қарамастан басқа дәрілік заттармен араластыру инфузия алдында ұсынылмайды.
Инфузияға арналған ерітінді тек бір рет пайдалануға арналған.
Препараттың пайдаланылмаған бөлігін немесе қалдығын жергілікті қолданыстағы талаптарға сай жойылуы тиіс, оны әрі қарай пайдалану үшін тоңазытқышта, мұздатып қатыруға немесе сақтаудың басқа түрлерімен сақтауға болмайды.
Дозалануы
Флуконазолдың тәуліктік дозасы зеңді инфекцияның түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты есептеледі. Ұзақ емдеуді қажет ететін инфекциялар жағдайында емдеуді клиникалық көрінісі немесе зертханалық зерттеу нәтижелері зеңді инфекциялар белсенділігінің төмендегенін көрсеткенге дейін жалғастырған жөн. Емдеудің талапқа сай емес ұзақтығы инфекцияның белсенді қайталануына әкеп соғуы мүмкін.
Ересектер
Криптококктік менингитте алғашқы күні 400 мг тағайындайды, ал содан кейін тәулігіне 1 рет 200 мг-ден 400 мг-ге дейінгі дозаларды қолдана отырып, емдеуді жалғастырады.
Өмір үшін қауіпті инфекцияларда тәуліктік доза 800 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Криптококктік менингитте емдеу ұзақтығы ең кемінде 6-8 аптаны құрайды.
Аурудың қайталану қаупі жоғары болатын науқастарда криптококктік менингиттің қайталануына жол бермеу мақсатында ұсынылатын доза тәулігіне 200 мг құрайды, емдеу ұзақтығы жекелей анықталады.
Кокцидиоидомикозда әдеттегі доза науқастың жағдайына байланысты емдеу ұзақтығы 11-24 ай немесе ұзағырақ болғанда тәулігіне 1 рет 200 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайды. Кейбір инфекцияларда, әсіресе менингиттік ауруларда күніне 800 мг доза тағайындау қарастырылуы мүмкін.
Кандидемияда, инвазиялық кандидозда тиімді екпінді доза алғашқы күні 800 мг құрайды, содан кейін тәулігіне 400 мг-ден. Емдеу ұзақтығы клиникалық әсеріне байланысты. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы қан сеппесін талдауда алғашқы теріс нәтиже алынғаннан кейін және ауру симптомдары қайтқаннан кейін 2 аптаны құрайды.
Шырышты қабықтардың кандидозын емдеу
Ауыз-жұтқыншақ кандидозында тиімді доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайды, содан соң кейінгі доза тәулігіне 1 рет 100 мг-ден 200 мг-ге дейінді құрайды. Емдеуді аурудың қайталану мүмкіндігін төмендету үшін ауру ремиссия сатысына көшкенше 7-21 күн бойына жалғастырады. Қажет болғанда емдеу иммундық функциясы әлсіреген пациенттерде айтарлықтай ұзартылуы мүмкін.
Өңеш кандидозында екпінді тиімді доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайды, содан соң кейінгі доза тәулігіне 100 - 200 мг құрайды. Емдеуді аурудың қайталану мүмкіндігін төмендету үшін ауру ремиссия сатысына көшкенше 14-30 күн бойына жалғастырады. Қажет болғанда емдеу иммундық функциясының бұзылуы ауыр түрдегі пациенттерде айтарлықтай ұзартылуы мүмкін.
Кандидурияда әдеттегі доза 7-21 күн бойына тәулігіне 200 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайды. Қажет болғанда емдеу иммундық функциясы әлсіреген пациенттерде айтарлықтай ұзартылуы мүмкін.
Тіс протездерін киюмен байланысты ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында препаратты әдетте 14 күн бойы тәулігіне 1 рет 50 мг дозада протезді өңдеуге арналған жергілікті антисептикалық дәрілермен біріктіріп тағайындайды.
Шырышты қабық пен терінің созылмалы кандидозында ұсынылатын доза емдеу ұзақтығы 28 күнге дейін болғанда тәулігіне 50 мг-ден 100 мг-ге дейінді құрайды.
Емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлығына және клиникалық әсеріне байланысты.
ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда ауыз-жұтқыншақ кандидозының қайталануына жол бермеу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 100 мг-ден 200 мг-ге дейінді, немесе аптасына 3 рет 200 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығы әр адамда жекелей белгіленеді.
ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда өңеш кандидозының қайталануына жол бермеу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 100 мг-ден 200 мг-ге дейінді, немесе аптасына 3 рет 200 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығы әр адамда жекелей белгіленеді.
Кандидозды инфекцияның профилактикасы үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 200 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайды.
Флуконазолмен емдеуді күтілетін нейтропениядан бірнеше күн бұрын бастаған жөн; нейтрофилдер саны 1 мм3-де 1000-нан асқаннан кейін емдеуді тағы да 7 күн жалғастырады.
Егде жастағы адамдар
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілері жоқ болған жағдайда препаратты әдеттегідей дозада тағайындайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдану
Флуконазол негізінен несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады. Бір реттік қолданғанда дозаны өзгерту ұсынылмайды. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға (балаларды қоса) препаратты көп реттік қолданғанда алдымен 50 мг-ден 400 мг-ге дейінді құрайтын екпінді дозаны енгізу керек.
Екпінді дозаны енгізгеннен кейін тәуліктік дозаны (көрсетіліміне байланысты) кесте бойынша анықтайды.
Креатининнің шығарылуы (мл/мин) |
Ұсынылған дозаның пайызы |
> 50 |
100% |
≤ 50 (диализсіз) |
50% |
Жүйелі диализ |
100% әрбір диализден кейін |
Жүйелі диализден өтіп жүрген пациенттер әрбір диализден кейін ұсынылаған дозаның 100%-ын алуы тиіс; диализ жүргізілмеген күндері пациенттер креатининнің шығарылу жылдамдығына қарай төмен доза қабылдауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда деректер шектеулі, сондықтан флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге абайлап тағайындаған жөн.
Балаларда қолданылуы
Ересектердегі ұқсас инфекциялар сияқты, емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсерге байланысты. Флуконазолды бір реттік күнделікті доза түрінде тағайындайды.
Балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза – 400 мг аспауы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларға арналған дозаны «Бүйрек функциясының бұзылуы» бөлімінен қараңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда флуконазол фармакокинетикасы зерттелмеген (бүйректің алғашқы жетілмеуі пайда болатын «күні жетіп туған нәрестелер» туралы ақпаратты төменнен қараңыз).
Нәрестелер, сәбилер және балалар (28 күннен 11 жасқа дейін)
Шырышты қабықтардың кандидозында флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 3 мг/кг құрайды. Алғашқы күні тұрақты тепе-тең концентрацияға тезірек қол жеткізу мақсатында 6 мг/кг екпінді доза тағайындалуы мүмкін.
Инвазиялық кандидозды және криптококктік менингитті емдеу үшін ұсынылатын доза аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 6-12 мг/кг құрайды.
Аурудың қайталану қаупі жоғары болатын балаларда криптококктік менингиттің қайталануына жол бермеу үшін демеуші ем жүргізгенде ұсынылатын доза аурудың ауырлығына байланысты күніне 6 мг/кг құрайды.
Иммунитеті әлсіреген, инфекцияның даму қаупі цитоуытты химиялық емдеу немесе сәулемен емдеу нәтижесінде дамитын нейтропениямен байланысты болатын науқастарда зеңді инфекциялардың профилактикасы үшін препаратты индукцияланған нейтропенияның айқындылығына және сақтау ұзақтығына байланысты тәулігіне әр кг шаққанда 3-12 мг-ден тағайындайды.
Жасөспірімдер (12-17 жас):
Дене салмағына және пубертатты дамудың, сатысына байланысты, емдеуші дәрігер қандай дозаның (ересектер немесе балалар үшін) көбірек қолайлы болып табылатынына баға беруі қажет. Клиникалық деректер балаларда флуконазол ересектерге қарағанда тезірек шығарылатындығын көрсетеді. Жүйелік әсерінің ұқсастығына қол жеткізу үшін ересектерде 100, 200 және 400 мг деңгейіндегі дозаның балалардағы 3, 6 және 12 мг/кг дозамен сәйкес келетіндігін ескерген жөн.
Шала жаңа туған нәрестелер (жасы 0-27 күн):
Жаңа туған нәрестелерде флуконазол баяу шығарылады. Күні жетіп жаңа туған нәрестелерде осы дозаны айғақтайтын фармакокинетикалық деректер көлемі өте шағын («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).
Доза жөнінде нұсқаулар кестеде келтірілген:
Жас тобы |
Дозасы |
Нұсқаулар |
Күні жетіп туған нәрестелер (0-14 күн) |
Бір жасқа дейінгі балаларға, сәбилерге және балаларға бірдей мг/кг дозаны әрбір 72 сағат сайын енгізген жөн |
Әрбір 72 сағат сайынғы көлемі 12 мг/кг ең жоғары дозаны арттырмаған жөн. |
Күні жетіп туған нәрестелер (15-27 күн) |
Жаңа туған нәрестелерге, сәбилерге және балаларға бірдей мг/кг дозаны әрбір 48 сағат сайын енгізген жөн |
Әрбір 48 сағат сайынғы көлемі 12 мг/кг ең жоғары дозаны арттырмаған жөн. |
Жағымсыз әсерлері
Өте жиірек (>1/10) жағымсыз реакциялар бас ауыру, іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу, қанда аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза, сондай-ақ сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы, және бөртпе болып табылады.
Флуконазолды қабылдау барысында келесі жағымсыз реакциялар мынадай жиілікпен тіркелді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес (≥ 1/1000 - <1 / 100); сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).
Жиі
-
бас ауыру
-
іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея
-
қанда аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза, сондай-ақ сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы
-
бөртпе
Жиі емес
-
анемия
-
тәбеттің нашарлауы
-
ұйқысыздық, ұйқышылдық
-
құрысулар, парестезия, бас айналу, дәм сезімінң өзгеруі
-
вертиго
-
іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы
-
холестаз, сарғаю, жалпы билирубиннің жоғарылауы
-
дәрілік дерматит*, есекжем, қышыну, қатты терлеу
-
бұлшықеттердің ауыруы
-
қажу, дімкәстік, астения, қызба
Сирек
-
агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения
-
анафилаксия
-
гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия
-
тремор
-
қарыншалық тахикардияның «пируэт» типі, QT аралығының ұзаруы
-
бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар
-
уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, беттің ісінуі, алопеция
*) тұрақты дәрілік бөртпені қоса
Балалар
Педиатрияда клиникалық зерттеулер барысында тіркелген жағымсыз реакциялар мен зертханалық бұзылулар сызбасы мен жиілігі, ересектерде байқалған нәтижелермен ұқсас.
Күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар. Дәрілік затты қолданудың тіркеуден кейінгі кезеңінде күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Бұл препараттың пайда/қауіп арақатынасын үздіксіз мониторингілеуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар ұлттық есептілік жүйесі арқылы күдікті жағымсыз реакциялардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға міндетті
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуконазолға, препараттың басқа да компоненттеріне немесе құрылысы флуконазолған ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық
- тәулігіне 400 мг және одан көп доза флуконазолды көп реттік қабылдау кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау
- QT аралығын ұзартатын және Р450 цитохромымен CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин, сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану
- жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен
Флуконазолды қолдану аясында бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы; беткейлік зеңді инфекциясы және инвазиялық/жүйелік зеңді инфекциялары бар науқастарда флуконазолды анықтау аясында бөртпенің пайда болуы; терфенадинді және флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден төмен дозада бір мезгілде қолдану; көптеген қауіп факторлары бар (жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылулары және осындай бұзылулардың дамуына мүмкіндік беретін қатар жүргізілетін емдер) науқастарда потенциальді проаритмиялық жағдайлар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды:
Цизаприд: Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек функциясының бұзылулары жөнінде мәлімдемелер түсті. Бақыланатын зерттеу флуконазолды күніне бір рет 200 мг дозада және цизапридті күніне төрт рет 20 мг дозада қабылдау плазмада цизаприд деңгейінің жоғарылауына және QT аралығының ұзаруына әкелетінін көрсетті. Флуконазолмен және цизапридпен бір мезгілде ем жүргізуге болмайды.
Терфенадин: QT аралығының ұзаруына қатысты салдарлы ауыр аритмияның пайда болуына байланысты, зеңге қарсы азольді препараттарды терфенадинмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде осы препараттардың өзара әрекеттесуі зерттелді. Флуконазолдың 200 мг тәуліктік дозасын қабылдауға жүргізілген бір зерттеу QT аралығының ұзаруы мүмкін екендігін көрсете алған жоқ. Флуконазолдың 400 мг және 800 мг деңгейдегі тәуліктік дозасын қабылдауға жүргізілген басқа зерттеу флуконазолды күніне 400 мг немесе одан көп дозада қабылдау осы препараттарды бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы терфенадин деңгейін едәуір арттыратынын көрсетті. Флуконазолды 400 мг немесе одан көбірек дозада терфенадинмен біріктіріп қабылдауға болмайды. Күніне 400 мг-ден төмен дозалардағы флуконазолды терфенадинмен біріктіріп қабылдауды мұқият бақылаған жөн.
Астемизол: Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қабылдау астемизолдың шығарылу жылдамдығын төмендетуі мүмкін. Плазмада астемизол концентрациясының жоғарылауы, тиісінше, QT ұзаруына және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның сирек көріністеріне әкеп соғуы мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Пимозид: Осы өзара әрекеттесу зертханалық та, клиникалық та жағдайларда зерттелмегенмен, флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қабылдау пимозид метаболизмінің тежелуіне әкеп соғуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Плазмада пимозид концентрациясының жоғарылауы QT ұзаруына және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның сирек көріністеріне әкелуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімде.
Хинидин: Осы өзара әрекеттесу зертханалық та, клиникалық та жағдайларда зерттелмегенмен, флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қабылдау пимозид метаболизмінің тежелуіне әкеп соғуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Хинидинді қабылдау QT ұзаруымен және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның сирек көріністерімен байланысты болған. Флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Амиодарон: Флуконазолды амиодаронмен бір уақытта қабылдау амиодарон метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Амиодаронды қолдану QT аралығының ұзаруымен астасқан. Флуконазол мен амиодаронды біріктіріп тағайындауға болмайды.
Эритромицин: Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қабылдаудың кардиоуытты әсер ету (QT аралығын ұзарту, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) қаупін арттыру потенциалы бар, демек, жүрек қызметінің бұзылуынан кенеттен өліп кетуі мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдауға ұсынуға болмайды:
Галофантрин: Флуконазол CYP3A4-ке тежегіш әсер етуіне байланысты, плазмада галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қабылдаудың кардиоуытты әсер ету (QT аралығын ұзарту, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) қаупін арттыру потенциалы бар, демек, жүрек қызметінің бұзылуынан кенеттен өліп кетуі мүмкін. Бұл біріктірілімге жол бермеген жөн.
Сақтық шараларын сақтау және дозаларын түзете отырып, келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау:
Дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы
Рифампицин: Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қабылдау флуконазолдың AUC мәнінің 25%-ға төмендеуіне және жартылай ыдырау кезеңінің 20%-ға қысқаруына әкелді. Рифампицинді бір мезгілде қабылдап жүрген науқастар үшін флуконазолдың дозасын арттырған жөн.
Гидрохлортиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу бойынша зерттеуде дені сау еріктілердің гидрохлортиазид пен флуконазолдың көп реттік дозаларын бір уақытта қабылдауы флуконазолдың плазмалық концентрацияларының 40%-ға жоғарылауына ықпал етті. Мұндай деңгейдің ықпалы диуретиктермен қатарлас емді бір уақытта қабылдап жүрген пацтенттерде флуконазолдың дозалау режимінің өзгеруін міндетті түрде талап етпейді.
Басқа да өзара әрекеттесулер: Өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер флуконазолды аспен, циметидинмен, антацидтермен пероральді түрде қабылдағанда немесе сүйек кемігін трансплантациялау үшін жалпы сәулеленуден кейін флуконазолдың сіңу жағдайының клиникалық тұрғыдан маңызды нашарлағаны тіркелмегендігін көрсетті.
Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға ықпалы
Флуконазол P450 (CYP) 2С9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші де болып табылады. Флуконазолды бір мезгілде қабылдағанда төменде көрсетілген бақыланатын және құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша плазмада CYP2C9 және CYP3A4-пен метаболизденетін басқа да қосылыстар концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан осы біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытқан және пациенттерді мұқият бақылаған жөн. Флуконазолдың ферменттерді тежегіш әсері флуконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін, флуконазолдың жартылай ыдырау кезеңінің ұзақ болуымен байланысты, 4-5 күн бойына сақталады.
Альфентанил: Дені сау еріктілерде флуконазолмен (400 мг) және альфентанилді (20 мкг/кг) көктамыр ішіне енгізумен бір мезгілде емдеу барысында альфентанилдің AUC10 мәні, CYP3A4 тежелуі есебінен, 2 есе жоғарылауы мүмкін. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: Флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилинді және/немесе S-амитриптилинді біріктіріп емдеудің басында және апта өткен соң өлшеуге болады. Қажет болған кезде амитриптилин/ нортриптилиннің дозасын түзеткен жөн.
Амфотерицин В: Иммунитеті қалыпты және әлсіреген, жұқпаланған тышқандарға флуконазол мен амфотерицинді бір мезгілде енгізу келесі нәтижелерді: C. Albicans жүйелік инфекциясында зеңге қарсы әсердің аз ғана жоғарылауын, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік жұқтырумен өзара әсерлерінің жоқтығын және А. fumigatus жүйелік инфекцияда екі дәрілік препараттың антагонизмін көрсетті. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.
Антикоагулянттар: Постмаркетингтік бақылау барысында, зеңге қарсы азол туындыларының басқа дәрілерімен болған жағдайдағы сияқты, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының жоғарылауы және қан кетулер (көгерулер, мұрыннан қан кетулер, асқазан-ішектік қан кетулер, гематурия және мелена) тіркелді. Флуконазолмен және варфаринмен бір мезгілде емдеу барысында, варфарин метаболизмінің CYP2C9 арқылы тежелуімен байланысты, протромбин уақыты 2 есе артты. Кумариндік антикоагулянттарды немесе антикоагулянт-инданедион туындыларын және флуконазолды қабылдайтын пациенттерде протромбиндік уақытты мұқият бақылап отыру керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі), мысалы, мидазолам, триазолам: Мидазоламды пероральді түрде қабылдаудан кейін, флуконазол мидазолам концентрациясының және психомоторлы әсерлердің едәуір артуына әкелді. 200 мг флуконазолды және 7,5 мг мидазоламды пероральді жолмен бір мезгілде қабылдау мидазоламның AUC және жартылай ыдырау кезеңін, сәйкесінше, 3,7 есе және 2,2 есе арттырды. 0,25 мг доза триазоламмен бір мезгілде ішке қабылданатын күніне 200 мг доза деңгейіндегі флуконазол триазоламның AUC және жартылай ыдырау кезеңін, сәйкесінше, 4,4 есе және 2,3 есе арттырды. Триазоламның потенциацияланған және ұзақ әсерлері оны флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда байқалды. Егер бензодиазепинмен тиісті ем флуконазол қабылдаған пациенттер үшін қажет болса, бензодиазепиндер дозасын төмендету мүмкіндігін қарастырған жөн, сондай-ақ пациенттерді мұқият бақылау керек.
Карбамазепин: Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетеді, және сарысуда карбамазепин деңгейінің 30%-ға жоғарылағаны байқалады. Карбамазепин уыттылығының даму қаупі бар. Концентрация көрсеткіштеріне/әсеріне байланысты карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: Кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4-пен метаболизденеді. Флуконазолдың кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін арттыру үшін потенциалы бар. Қолайсыз құбылыстарды жүйелі бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.
Целекоксиб: Флуконазолмен (күн сайын 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатар емдеу барысында целекоксибтің Cmax және AUC, сәйкесінше, 68%-ға және 134%-ға артты. Целекоксибтің дозасын оны флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда жартысына азайту қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: Циклофосфамидпен және флуконазолмен біріктіріп емдеу сарысуда билирубин мен креатининнің артуына әкеледі. Бұл біріктірілімді қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылау қаупін ескере отырып, пайдалануға болады.
Фентанил: Фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуі мүмкін болғандықтан, фентанилмен уыттанудың өлімге әкеп соққан бір жағдай тіркелді. Бұдан басқа, дені сау еріктілерде флуконазол фентанилдің шығарылуын едәуір кідіртетіні айғақталды. Фентанилдің жоғары концентрациясы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Пациенттер тыныстың тарылу қаупін мұқият бақылауы тиіс. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: Миопатия және рабдомиолиз қаупі флуконазолды және CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин және симвастатин сияқты, немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда жоғарылайды. Егер осы препараттармен бір мезгілде емдеу қажет болса, пациентті миопатия, рабдомиолиз симптомдарының байқалуына және креатининкиназа деңгейіне қатысты бақылаған жөн. Егер креатининкиназаның едәуір жоғарылауы тіркелсе, немесе миопатия/рабдомиолиз диагнозы анықталса, немесе осындай күдік туындаса, HMG-CoA редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
Иммунодепрессанттар (яғни циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус):
Циклоспорин: Флуконазол циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Күніне 200 мг доза флуконазолмен және циклоспоринмен (күніне 2,7 мг/кг) бір мезгілде емделу барысында циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны тіркелді. Бұл біріктірілім циклоспорин концентрациясына байланысты циклоспорин дозасын азайтқанда пайдаланылуы мүмкін.
Эверолимус: Осы препараттардың өзара әрекеттесуі табиғи да, зертханалық та жағдайларда зерттелмегенмен, флуконазол CYP3A4 тежеу жолымен сарысуда эверолимус концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Сиролимус: Флуконазол шамамен CYP3A4 және Р-гликопротеин арқылы сиролимус концентрациясын тежеу арқылы сарысудағы сиролимус концентрациясын арттырады. Бұл біріктірілім әсеріне/ концентрацияларының көрсеткіштеріне байланысты сиролимус дозасын түзеткенде пайдаланылуы мүмкін.
Такролимус: Флуконазол сарысудағы такролимустың концентрациясын, оны пероральді түрде қабылдағанда, ішекте CYP3A4 арқылы такролимустың метаболизмінің тежелуі есебінен 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Циклоспоринді көктамырішілік енгізген кезде ешқандай елеулі фармакокинетикалық өзгерулер байқалған жоқ. Такролимустің жоғарылаған деңгейлері нефроуыттылықпен байланысты болды. Такролимустың пероральді дозасын такролимустің концентрациясына байланысты азайтқан жөн.
Лозартан: Флуконазол лозартанның ll-ангиотензин рецепторлары антагонизмінің үлкен бөлігіне жауапты белсенді метаболитіне (Е-31 74) метаболизденуін бәсеңдетеді, ол лозартанды қабылдау кезінде көрініс береді. Пациенттердің артериялық қысымын үнемі бақылап отырған жөн.
Метадон: Флуконазол сарысуда метадонның концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар: Флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда, тек флурбипрофенді ғана қабылдаумен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, 23% және 81%-ға артты. Осыған ұқсас, флуконазолды және рацемиялық ибупрофенді (400 мг) бір мезгілде қабылдағанда, тек рацемиялық ибупрофенді ғана қабылдаумен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC мәндері 15% және 82%-ға артты.
Осы әсер арнайы зерттелмесе де, флуконазолдың CYP2C9 метаболизденетін басқа ҚҚСП-ның (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін арттыру үшін потенциалы бар. ҚҚСП-мен байланысты қолайсыз құбылыстар мен уыттылықты жиі бақылау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Фенитоин: Флуконазол фенитоиннің бауырлық метаболизмін бәсеңдетеді. 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинді көктамыр ішіне бір мезгілде бірнеше мәрте қабылдау фенитоиннің AUC24 мәнін 75%-ға және Cmin мәнін 128%-ға арттырды. Бір мезгілде қабылдаған кезде фенитоинның уыттылығына жол бермеу үшін сарысудағы фенитоин концентрациясының деңгейін бақылаған жөн.
Преднизон: Преднизонмен емделуден өткен, бауыры ауыстырылған пациентте флуконазолмен үш айлық емдеуді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қабығы функциясының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай тіркелді. Флуконазолды қабылдауды тоқтату, болжаммен, CYP3A4 белсенділігінің жоғарылауын туындатты, ол преднизолон метаболизмінің артуына әкелді. Флуконазол мен преднизолды ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерді флуконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін бүйрекүсті безі қабығы функциясының жеткіліксіздігі тұрғысында мұқият бақылаған жөн.
Рифабутин: Флуконазол сарысуда рифабутиннің концентрациясын арттырады, бұл рифабутиннің AUC мәнінің 80%-ға жоғарылауына әкеледі. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде увеит жағдайлары тіркелді. Біріктіріп емдегенде рифабутинмен уыттану симптомдарына назар аударған жөн.
Саквинавир: Флуконазол CYP3A4 жолымен саквинавирдің бауырлық метаболизмін тежеу және Р-гликопротеинді тежеу есебінен саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін шамамен 50% және 55%-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ, және ол айқынырақ болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина препараттары: Флуконазол дені сау еріктілерде бір мезгілде қолданған кезде сарысуда сульфонилмочевинаның пероральді препараттарының (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) жартылай ыдырау кезеңін ұзартады. Біріктіріп қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін жиі мониторингілеу және сульфонилмочевина дозасын тиісінше қысқарту ұсынылады.
Теофиллин: Плацебо бақыланатын өзара әрекеттесулерге жүргізілген зерттеулерде 200 мг доза флуконазолды 14 күн бойы қабылдау плазмадан теофиллиннің орташа шығарылу жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкелді. Теофиллиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген, немесе теофиллиннің уыттылығының жоғары қаупіне ұшыраған науқастарда флуконазолды қабылдағанда теофиллиннің уыттылық белгілерін бақылаған жөн. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді түзеткен жөн.
Қабыршөп алкалоидтары: Бұл өзара әрекеттесу зерттелмесе де, флуконазол плазмада қабыршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) деңгейін арттыруы және CYP3A4-ке тежегіш әсер етуімен байланысты болуы мүмкін нейроуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін.
А витамині: Тіркелген жағдай есебінің деректері бойынша, толық-транс-ретиной қышқылын (А витаминінің қышқыл түрін) және флуконазолды бір мезгілде қабылдаған бір пациентте ОЖЖ-мен байланысты, Cerebri жалған ісіктері түріндегі қолайсыз әсерлер дамыды, олар флуконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалды. Бұл біріктірілім қолданылуы мүмкін, бірақ ОЖЖ-мен байланысты қолайсыз әсерлер туындайтынын ескерген жөн.
Вориконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші): Вориконазолды (1 күн әрбір 12 сағат сайын 400 мг, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және флуконазолды (1 күн 400 мг, содан кейін 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде пероральді түрде қабылдау дені сау 8 еркекте вориконазолдың Cmax және AUCτ мәндерінің, сәйкесінше, орта есеппен 57%-ға (90% CI: 20%, 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) жоғарылауына әкелді. Вориконазол мен флуконазол дозасын және/немесе жиілігін төмендету осы әсерді жоюға жәрдемдеспейді. Егер вориконазол флуконазолдан кейін бірден тағайындалса, вориконазолмен байланысты жағымсыз әсерлерді бақылау ұсынылады.
Зидовудин: Флуконазол зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін, пероральді қабылдаудан кейін зидовудиннің шығарылуының шамамен 45%-дық төмендеуімен байланысты, сәйкесінше, 84% және 74%-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі сондай-ақ флуконазолмен біріктіріп қабылдағанда шамамен 128%-ға артты. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинмен байланысты жағымсыз реакциялардың дамуы тұрғысында бақылануы тиіс. Зидовудиннің дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады.
Азитромицин: 18 дені сау тұлғаға ашық, рандомизацияланған, үш бағытты айқаспалы зерттеуде 800 мг концентрациядағы флуконазолдың бір пероральді дозасының фармакокинетикасына 1200 мг концентрациядағы азитромициннің бір дозасының ықпалына, сондай-ақ азитромициннің фармакокинетикасына флуконазол әсеріне баға берілді. Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер тіркелген жоқ.
Оральді контрацептивтер: Флуконазолдың бірнеше дозалары пайдалана отырып, біріктірілген оральді контрацептивтерге екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. 50 мг флуконазолды қабылдаған кезде гормондар деңгейінде маңызды әсерлер тіркелген жоқ, сол уақытта күніне 200 мг дозадағы сияқты этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC мәні, сәйкесінше, 40%-ға және 24%-ға жоғарылады. Осылайша, флуконазолды осы дозаларда көп рет қабылдау біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігіне әсер етеді деу күмәнді.
Ивакафтор: ивакафтормен, муковисцидоздық трансжарғақшалық өткізгіштік регуляторының (CFTR) күшейткішімен бір уақытта қабылдау ивакафтордың әсерін үш есе, ал гидроксилметиливакафтордың (М1) әсерін 1,9 есе ұлғайтады. Флуконазол және эритромицин сияқты орташа CYP3A тежегіштерімен біріктірген ем алатын пациенттер үшін ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг төмендету ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Құрғақ теміреткі
Балаларда құрғақ теміреткіні емдеу үшін флуконазолды қабылдау зерттелді. Оның тиімділігі гризеофульвиннің тиімділігінен аспайтыны байқалды, ал емдеу жетістігінің жалпы деңгейі 20%-дан азды құрады. Сондықтан Микомакс® препаратын құрғақ теміреткіні емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Криптококкоз
Флуконазолдың басқа жердегі криптококкозды (мысалы, өкпелік және терілік криптококкозды) емдеуде флуконазолдың тиімділігіне дәлелдер шектеулі, бұл дозалауға нұсқау жасауға мүмкіндік бермейді.
Терең эндемиялық микоздар
Эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, лимфотерілік споротрихоз және гистоплазмоз сияқты басқа түрлерін емдеуде флуконазолдың тиімділігіне дәлелдер шектеулі, бұл дозалауға нұсқау жасауға мүмкіндік бермейді.
Несеп шығару жүйесі
Флуконазолды бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге абайлап тағайындаған жөн.
Гепатобилиарлы жүйе
Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге абайлап тағайындаған жөн.
Флуконазолды қолдану ең алдымен қатар жүретін ауыр сырқаттары бар пациенттерде бауырға ауыр уытты әсер ететін, соның ішінде өлімге әкеп соғатын сирек жағдайлармен байланысты болды. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттің жынысымен және жасымен анық өзара байланысы байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттық әсері, әдеттегідей, емдеуді аяқтағаннан кейін қайтымды болды.
Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясының бұзылуы байқалған пациенттер бауырда ауырлау зақымдардың дамуын мұқият бақылау тиіс.
Пациент бауырға ауыр әсерінің жетекші симптомдары (атап айтқанда, астения, анорексия, тұрақты жүректің айнуы, құсу және сарғаю) жөнінде хабардар болуы тиіс. Бұлар пайда болған жағдайда флуконазолмен емдеуді дереу тоқтатқан жөн және пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Флуконазолды қоса, кейбір азолдарды қолдану ЭКГ-де QT аралығының ұзаруымен байланысты болды. Постмаркетингтік бақылау барысында флуконазол қабылдап жүрген пациенттерде QT ұзару жағдайлары және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия өте сирек тіркелді. Бұл есептерге жүректің органикалық аурулары, электролиттер деңгейінің бұзылуы, және қатар ем қабылдау сияқты ауыр қауіп факторлары бар науқасы ауыр пациенттер қамтылды, бұл осындай аяқталуға ықпалын тигізген болуы мүмкін.
Флуконазолды потенциальді проаритмиялық жағдайдағы пациенттерге абайлап тағайындаған жөн. QT аралығын ұзартатын және Р450 (CYP) 3A4 цитохромымен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.
Бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігі
Кетоконазол бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігін туындататын дәрі ретінде белгілі және бұл сирек болса да флуконазолға қатысты болуы мүмкін. Преднизонмен біріктіріп емдеуге байланысты бүйрек үсті бездері қабығының жеткіліксіздігі «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде сипатталады.
Галофантрин
Галофантрин ұсынылған дозаларда QT аралығын ұзартады және CYP3A4 үшін субстрат болып табылады. Тиісінше, флуконазолды және галофантринді бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Дерматологиялық реакциялар
Флуконазолмен емдеу кезінде, пациенттерде анда-санда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. ЖИТС-ке шалдыққан науқастар көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакцияларының дамуына бейімдеу. Егер беткейлік зеңді инфекциялары бар пациентте флуконазолды қабылдаумен байланысты бөртпе пайда болса, осы дәрілік препаратпен әрі қарай емдеуді тоқтатқан жөн. Инвазиялық/жүйелік зеңді инфекциялары бар науқастарды бөртпе пайда болған жағдайда қадағалап бақылау қажет және буллезді зақымдар немесе мультиформалы эритема пайда болған кезде флуконазол қабылдауды тоқтату керек.
Жоғары сезімталдық
Сирек жағдайларда анафилаксия жөнінде мәлімделді.
P450 цитохромы
Флуконазол CYP2C9 күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сондай-ақ CYP2C19 тежегіші болып табылады. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік ауқымы тар дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді бақылаған жөн.
Терфенадин
Күніне 400 мг-ден төмен дозалардағы флуконазолды терфенадинмен біріктіріп қабылдауды мұқият бақылаған жөн.
Қосымша заттар
Инфузияға арналған 100 мл Микомакс® ерітіндісінде 15.4 ммоль Na + иондары және 15.4 ммоль Cl- иондары бар. Натрий хлоридінің мөлшері бақыланатын, диета сақтайтын пациенттерге абайлап қолдану керек.
Жүктілік және лактация
Кокцидиоидомикозды флуконазолдың (күніне 400-800 мг) жоғары дозаларымен үш немесе одан да көбірек ай бойы қабылдаған аналардың нәрестелерінде туа біткен көптеген аномалиялар (соның ішінде брахицефалиялар, құлақ дисплазиялары, алып алдыңғы еңбек, ортан жілік иіні және радио-иықтық синостоз) жөнінде мәлімделді. Флуконазолды қабылдау мен осы құбылыстар арасындағы өзара байланыс түсініксіз күйінде қалып отыр. Алғашқы триместрде бір реттік немесе көп реттік доза ретінде қолданылған флуконазолдың стандартты дозаларын (тәулігіне <200 мг) қабылдаған бірнеше жүз жүкті әйелдің деректері ұрыққа жағымсыз ықпалдың жоғары қаупін көрсетпеді.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер тұқым өрбітуге уыттылықты көрсетті.
Қысқа мерзімдік емдеуде флуконазолдың стандартты дозаларын жүктілік кезінде, аса қажет болмаса, қолданбаған жөн.
Өмірге қатер төндіретін инфекцияларды қоспағанда, жүктілік кезінде инфузияға арналған флуконазолды жоғары дозада және/немесе ұзақ қабылдау үшін қолданбау керек.
Флуконазол емшек сүтіне өтеді, онда плазмадағыдан төмен концентрацияға жетеді. 200 мг немесе одан төмен деңгейдегі флуконазолдың стандартты дозасын бір реттік қабылдаудан кейін бала емізуге болады. Флуконазолды көп рет қабылдағанда немесе жоғары дозаларынан кейін бала емізу ұсынылмайды.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Автомобильді басқарғанда немесе техниканы пайдаланғанда сақ болған жөн, өйткені бас айналу немесе құрысулар пайда болуы мүмкін. Микомакс® инфузиясымен емдеу кезінде пациенттерге автокөлікті немесе техниканы басқармауға кеңес беру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: елестеулер, параноидальді мінез-құлық.
Емі: симптоматикалық ем және тіршілік функцияларын демейтін ем.
Флуконазолдың елеулі бөлігі несеппен бірге шығарылады. Жоғары көлемді диурез шығарылуын жылдамдатуы мүмкін. Үш сағаттық гемодиализден кейін қан плазмасындағы флуконазол деңгейі шамамен 50%-ға төмендейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Резеңке тығынмен және алюминий-пластмасса қалпақшамен бекітілген, түссіз шыныдан жасалған құтыда инфузияға арналған ерітінді 100 мл-ден.
1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 10°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға және мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фрезениус Каби Австрия ГмбХ», Австрия
Тіркеу куәлігінің иесі
Зентива к.с., Чех Республикасы, 102 37, Прага 10
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Фурманов к-сі 187 Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com