МИВУКС®

МНН: Ламивудин
Производитель: Компания "НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019229
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 265.83 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

МИВУКС®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламивудин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – ламивудин 100.00 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 105, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты,

қабығының құрамы Opadry white YS-1-7003: гипромеллоза (HPMC 3 cP) (METHOCEL E3), гипромеллоза (HPMC 6 cP) (METHOCEL E6), полисорбат 80, полиэтиленгликоль 400 (Макрогол), титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес және бір жағында сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.

Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин.

ATХ коды J05AF05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ламивудин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Оның ішке қабылданғаннан кейін ересектердегі биожетімділігі әдетте 80–85% құрайды, ал қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) жетуінің орташа уақыты (Тmax) 1 сағатқа жуық. Препаратты емдік дозаларда, яғни, тәулігіне бір рет 100 мг тағайындағанда, Сmax 1,1–1,5 мкг/мл құрайды, концентрациясының ең төменгі деңгейі 0,015–0,20 мкг/мл болды.

Ас ішу ламивудиннің сіңірілуінің жалпы дәрежесіне әсер етпейді.

Таралуы

Дозаларының емдік диапазонында ламивудин фармакокинетикасы дозасына тәуелді, азғантай дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Ламивудин орталық жүйке жүйесіне және жұлын сұйықтығына өтеді. Ішке қабылдағаннан кейін 2–4 сағаттан соң ликвор мен сарысудағы ламивудин концентрацияларының арақатынасы шамамен 0,12 құрайды.

Метаболизмі

5-трифосфат түзе отырып, фосфорлану жолымен метаболизденеді. Ламивудин өзгермеген күйде көбінесе бүйрек арқылы шығарылады, аздап бауырда (5-10%) метаболизденеді және плазма ақуыздарымен шектеулі түрде байланысады.

Шығарылуы

Ламивудиннің жүйелік клиренсі орташа алғанда 0,3 л/сағ/кг жуықты құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі — 5–7 сағатқа жуық. Ламивудиннің көп бөлігі шумақталып сүзілу және органикалық катиондардың тасымалдану жүйесінің көмегімен белсенді сөлініс арқылы өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Бүйректік клиренс үлесіне ламивудин шығарылуының 70%-ға жуығы келеді.

Емделушілердің ерекше тобы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде ламивудиннің ағзадан шығарылуы баяулайды (креатинин клиренсі минутына 50 мл төмен емделушілерде ламивудиннің дозасын төмендету қажет).

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер (АИВ және вирусты В гепатитімен жұқпаланбаған) ламивудинді жақсы көтереді. Бауыр функциясының бұзылуы, егер бүйрек жеткіліксіздігімен бірге жүрмесе, ламивудин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Егде жастағы емделушілерде жас шамасына қарай бүйрек функциясының төмендеуі креатинин клиренсі минутына 50 мл асатын ламивудиннің шығарылуына елеулі әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Мивукс® В гепатиті вирусына (HBV) қарсы белсенділігі жоғары вирусқа қарсы препарат болып табылады.

Жұқтырған және жұқтырмаған жасушаларда ламивудин препараттың белсенді түрі болып табылатын және В гепатиті вирусының ДНҚ-полимеразасы субстраты қызметін атқаратын ламивудин трифосфатына дейін метаболизденеді. Ламивудин трифосфатының жасушаішілік жартылай ыдырау кезеңі гепатоциттерді 17 сағаттан 19 сағатқа дейін. Ламивудин трифосфатын вирустық ДНҚ тізбегіне қосу және артынан тізбектің үзілуі ары қарай вирустық ДНҚ түзілуін бөгейді. Ламивудин трифосфаты қалыпты жасушалық ДНҚ метаболизмін бұзбайды. Ол сондай-ақ сүтқоректілердің - және -ДНҚ-полимеразаларының әлсіз тежегіші болып табылады. Ламивудин трифосфаты жасушалардағы ДНҚ құрамына айтарлықтай әсер етпейді.

Мивукс®препаратында митохондриялар құрылымына, сондай-ақ ДНҚ құрамы мен функциясына елеулі уытты әсерлері анықталмаған. Ламивудиннің митохондриальді ДНҚ құрамын төмендету қабілеті өте әлсіз, оның тізбегіне қосылмайды және -полимеразаны тежемейді.

Клиникалық зерттеулер

HBeAg позитивті компенсацияланған созылмалы гепатиті В (СГB) бар емделушілерде қолдану тәжірибесі

Ламивудинмен емнің бақыланатын зерттеулерінде 1 жыл бойына B гепатиті вирусының ДНҚ репликациясының елеулі бәсеңдеуін (34-57 % емделушілерде), АЛТ деңгейінің қалыпқа келуін (40-72% емделушілерде), HBeAg сероконверсия индукциялануын (16-18 % емделушілерде), гистология жақсаруын (32-52 % емделушілерде) және фиброз үдеуінің (3-17 % емделушілерде)) бауыр циррозының үдеуінің төмендегенін көрсетті.

Бастапқы бір жылдық зерттеулерде HBeAg сероконверсияға қол жетпеген емделушілерде тағы 2 жыл бойына ламивудинмен емді жалғастырғанда фиброз дәрежесі азайғаны анықталды. B гепатитінің YMDD мутациялық вирусы бар емделушілерде бауыр қабынғанда жақсарғаны және 50%-ында фиброз деңгейінің төмендегені, 6%-ында бауыр циррозына дейін өршігені байқалды, ал ол кезде YMDD мутациясы жоқ емделушілерде бауыр қабынғанда 71%-ында жақсару, 63%-ында фиброз деңгейінің төмендегені байқалған және бауыр циррозына дейін өршуінің ешбір жағдайы болмады.

Сондай-ақ YMDD статусына сәйкес салыстырмалы деректер гистологиялық баға беру үшін қол жетімді болды, бірақ тек үш жыл бойына. В гепатитінің YMDD мутанты бар 46 % емделушілерде некроз қабыну белсенділігі жақсарғаны, ал 23 %-да нашарлағаны байқалды. YMDD мутациясы жоқ емделушілердің 74 %-да некроз қабыну белсенділігі жақсарғаны, ал 7 %-да нашарлағаны байқалды.

Кейінгі HBeAg сероконверсиясы, серологиялық жауап және клиникалық ремиссия, жалпы алғанда ламивудин қабылдауды тоқтатқан соң да жалғасты. Алайда сероконверсиядан кейін рецидив туындауы мүмкін. Ұзақ уақыттық зерттеулерде алдын ала сероконверсиясы болған және ламивудин қабылдауды тоқтатқан емделушілерді кейін бақылағанда вирусологиялық рецидив субъектілердің 39 %-да байқалды. Сондықтан серологиялық және клиникалық жауапты ұдайы бақылау керек. Тұрақты серологиялық жауап демелмеген емделушілерде В вирустық гепатитін клиникалық бақылауды жаңғырту үшін ламивудинмен немесе альтернативті антивирустық дәрілермен қайта емдеу қарастырылуы керек.

В вирустық гепатитінің (HBV) YMDD мутациясы туындау жиілігі және емдік жауабына оның әсері

Ламивудинмен монотерапия В вирустық гепатитінің YMDD мутациясының іріктелуі бір жыл емнен кейін емделушілердің шамамен 24%-да, соңынан 5 жылдық емде 69%-ға дейін артады. Мутанттық YMDD вирусының дамуы кейбір емделушілерде емге жауабы төмендеуімен байланысты, бұл гепатит белгілері мен симптомдарының үдеуі және некроз қабыну нәтижесінің нашарлауы болған бұрынғы еммен салыстырғанда В вирусы гепатиті ДНҚ деңгейі артуымен және АЛТ деңгейі артуымен расталады. HBV мутациясы бар емделушілерде оңтайлы емдік бақылау әлі анықталмаған.

Фиброз немесе бауыр циррозы дамуы бар созылмалы В гепатиті

Клиникалық компенсацияланған созылмалы В гепатиті және гистологиялық расталған фиброзы немесе бауыр циррозы бар 651 емделушінің плацебо бақыланатын зерттеулерінде ламивудинмен емдеу (орташа ұзақтығы 32 ай) негізінен аурудың үдеу жылдамдығын елеулі азайтты (38/215 қарсы 34/436 немесе 7,8% ламивудин үшін немесе плацебо үшін 17,7%, p=0,001). Ламивудин тобында ауру даму жылдамдығы дәл сондай, бірақ YMDD ДНҚ HBY (11/221 немесе 5%) мутациясы анықталмаған субъектілермен салыстырғанда YMDD мутациясы ДНҚ HBV 1 (23/209 немесе 11%) анықталған субъектілерде жоғары болды. Алайда ламивудин тобындағы YMDD бар емделушілерде ауру үдеуі плацебо тобындағы ауру дамуына (тиісінше 18% қарсы 11%) қарағанда төмен болды. Ламивудинмен ем қабылдаушы емделушілердің 47%-да бақыланған және ламивудинмен ем қабылдаушы В гепатитінің ДНҚ вирусы бар емделушілердің 93%-да расталған НBeAg сероконверсия зерттеу кезінде теріс болды.

Қолданылуы

- аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейі тұрақты түрдегі жоғары және бауыр қабынуы белсенділігі және/немесе фиброз гистологиялық расталған ересектердегі анықталған вирустық репликациясы бар созылмалы компенсацияланған В гепатитінде. Мивукс® препаратымен емдеу егер жоғары генетикалық кедергісі бар басқа антивирустық дәрілер болмағанда немесе қолдануға болмайтын жағдайда ғана қарастырылуы тиіс.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Мивукс® препаратын тек созылмалы В гепатитін емдеуде тәжірибесі бар маман ғана тағайындай алады.

Емделушінің жағдайы бүкіл емдеу курсы бойында қадағалануы тиіс. Препаратты тоқтатуды иммунокомпонентті емделушілерде HBeAg және/немесе HBsAg сероконверсиясы жағдайында, сонымен қатар емдеу тиімсіз болғанда қарастыруға болады.

Мивукс® препаратын тоқтатқан жағдайда емделушілер гепатит қайталануына мезгіл-мезгіл бақылануы тиіс.

Мивукс® препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Ересектер

Ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 100 мг. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды, оңтайлы емдеу ұзақтығы анықталмаған.

  • Циррозсыз позитивті созылмалы В гепатит (СВГ) HbeAg бар емделушілерде вирусологиялық рецидив қаупін шектеу үшін HbeAg сероконверсиясынан (HbeAg анықталған HbeAg және В гепатиті вирусының ДНҚ жоғалуы) кейін кемінде 6-12 ай бойы емді жалғастыру қажет

  • Циррозсыз HbeAg CHB (алдын ала негізгі мутациялар) ем кемінде HbeAg сероконверсиясына дейін немесе тиімділігі жоғалғанға дейін басталуы қажет.

Клиникалық төзімділігі

В гепатиті вирусының YMDD мутациясының дамуы ламивудинге қатысты емдік әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, ол емге дейінгі деңгеймен салыстырғанда В гепатиті вирусының ДНҚ деңгейінің АЛТ деңгейінің артуымен көрінеді. Егер сарысудың В гепатиті вирусының ДНҚ препаратпен монотерапия кезінде емдеу сәтінде немесе 24 аптадан кейін айқын болып қалса төзімділіктің даму қаупін төмендету үшін емдеу сызбасын өзгертуді ойластыру қажет. B гепатиті вирусының YMDD мутациясы бар емделушілерде ламивудинге айқаспалы төзімділіксіз баламалы дәріні қосуды қарастыру керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі минутына 50 мл аз емелушілерде препараттың дозасын төмендету керек.

Гемодиализдегі емделушілер туралы мәліметтер (ұзақтығы 4 сағат және одан аз, аптасына 2–3 рет, диализ сеанстары), Мивукс® препаратының дозасын креатинин клиренсіне сәйкес бастапқы төмендетуден кейін, ары қарай барлық гемодиализ кезеңі бойына дозасын қосымша түзету қажет болмайтынын көрсетеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде, егер ол бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе, ламивудиннің дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- сарысудағы сүт қышқылы концентрациясының жоғарылауы

- бас ауыруы, ұйқысыздық, жалпы дімкәстану

- жүрек айнуы, құсу, анорексия, іштің үстіңгі жағының ауыруы, диарея

- бөртпе, алопеция

- артралгиялар, миалгиялар

- жөтел, ысыну, қызба, дімкәстану

- бауыр ферменттерінің (АСТ, АЛТ), креатинкиназа белсенділігінің транзиторлық жоғарылауы

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Сирек

- лактоацидоз, теріастылық шелмайлардың таралуы/жинақталуы

- некроздық панкреатит (өліммен аяқталуы мүмкін), сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы

- гепатомегалия, бауырдың майлы дистрофиясы

- рабдомиолиз

Өте сирек

- сүйек кемігінің эритроцитарлық өсіндісінің аплазиясы

- парестезиялар

- шеткергі нейропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламивудинге немесе препараттың кез-келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <15 мл/мин)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жаста

Бүйрек жеткіліксіздігінде, панкреатитте (оның ішінде сыртартқысында), шеткергі нейропатияда сақтықпен қолдану керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мивукс® препаратының басқа, әсіресе, негізгі шығарылу механизмі органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі арқылы жүретін белсенді бүйрек сөлінісі болып табылатын препараттармен, мысалы триметоприммен өзара әрекеттесуі мүмкіндігін ескеру керек. Триметопримді/сульфаметоксазолды бір мезгілде қолдану (160 мг/800 мг) қан плазмасындағы Мивукс® препаратының концентрациясын шамамен 40%-ға арттырады (бүйрек жеткіліксіздігі жоқ болса, оның дозасын төмендету қажет емес). Басқа препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) ағзадан аталған механизмнің көмегімен тек ішінара шығарылады және Мивукс® препаратымен өзара әрекеттеспейді.

Көбінесе органикалық аниондардың белсенді тасымалдануы немесе шумақталып сүзілу арқылы шығарылатын препараттар ламивудинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуге түспейді.

Мивукс® препараты мен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің Сmax ұлғайғаны байқалады (28%-ға), бұл кезде қан плазмасындағы жалпы концентрация көрсеткіші AUC айтарлықтай өзгермейді.

Мивукс® препаратын -интерферонмен, сондай-ақ иммунодепрессанттармен (мысалы А циклоспоринімен) бірге қолданғанда фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмайды.

Мивукс® препараты мен зальцитабинді бір мезгілде тағайындағанда ол соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін (бұл препараттардың біріктірілімі ұсынылмайды).

Диданозинді, пентамидинді, сульфаниламидтер мен этанолды бір мезгілде қабылдау панкреатиттің даму қаупін арттырады.

Дапсон, диданозин, изониазид және ставудин шеткергі нейропатияның даму қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

HВeAg және/немесе HВsAg сероконверсиясына жеткеннен кейінгі иммунитет көрсеткіштері қалыпты емделушілерде Мивукс® препаратымен емдеуді тоқтатуға болады.

Мивукс® препаратымен ары қарай емдеу тиімсіз болғанда да тоқтатуға болады (гепатиттің өршу белгілері).

Мивукс® препаратын тоқтатқанда емделушілер гепатиттің өршу симптомдарын анықтау үшін, дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар болса, емдеуді тоқтату ұсынылмайды.

Қазіргі кезде Мивукс® препаратын тоқтатқаннан кейінгі ұзақ сероконверсияның сақталуы жөнінде мәліметтер жеткіліксіз.

Мивукс® препаратымен емдеу кезінде емделушілердің жай-күйін созылмалы В гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігер ұдайы бақылап отыруы тиіс.

Мивукс® препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін емделушілердің жалпы жағдайын ұдайы қадағалап отыру, сондай-ақ, гепатиттің өршуі мүмкін белгілерін анықтау үшін, бауыр сынамалары көрсеткіштерін («бауыр» трансаминазалары белсенділігі мен билирубин құрамы) 4 ай бойына бақылау қажет, ары қарай емделушілерді көрсеткіштері бойынша қадағалау керек. Қазіргі емдеу курсын аяқтағаннан кейін гепатиттің өршуі туындаған емделушілерде Мивукс® препаратымен қайта емдеудің тиімділігі туралы дәлелді мәліметтер жоқ.

Қандай-да бір себептермен емдеуді тоқтатқан жағдайда, емделушілер оны тоқтатқаннан кейін кемінде 6 ай бойы дәрігердің қадағалауында болуы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігінің симптомдары бар емделушілердің жағдайы жиі бақыланып отыруы тиіс.

Мивукс® препаратымен қатарлас иммуносупрессивті ем алып жүрген емделушілерде қолданылуы туралы мәліметтер көп емес.

Мивукс® препаратымен ұзақ емдеу кезінде оған сезімталдығы төмен В вирус гепатитінің (YMDD штаммы) субпопуляциялары идентификацияланды. Кейде вирустың бұл көптүрлілігі гепатиттің өршуін туғызуы мүмкін.

Ламивудинді қоса, антиретровирустық ем қабылдап жүрген немесе қабылдайтын, біріккен АИВ және В ВГ жұқпасы бар емделушілерді емдеуде ламивудиннің әдетте АИВ жұқпасын емдеу үшін тағайындалатын дозасын сақтау қажет.

Мивукс® препаратын қабылдап жүрген жүкті әйелдерде В гепатиті вирусының плацента арқылы берілуі туралы ақпарат жоқ. Жаңа туған сәбилерді В гепатиті вирусына қарсы иммунизацялаудың стандартты емшарасын жүргізу ұсынылады.

Емделушілерге Мивукс® препаратымен емдеу В гепатитінің басқа адамдарға берілуін төмендетпейтінін және сондықтан да, сәйкесінше сақтандыру шараларын сақтау қажеттігін ескерту қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Мивукс® препаратын қолдануға болмайды, өйткені ламивудин препаратын жүктілік уақытында қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз.

Ламивудин плацента арқылы өтеді. Ламивудиннің жаңа туған сәбилердің қан сарысуындағы туған кездегі концентрациясы ананың қан сарысуындағы және кіндік қанындағыдай.

Егер жүктілік Мивукс® препаратымен емдеу кезінде басталса, онда препаратты тоқтатқаннан кейін, В гепатитінің өршуі дамуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Мивукс® препаратын лактация кезінде қолдану ана үшін күтілетін пайда балаға төнетін ықтимал қауіптен басым болғанда ғана мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Мивукс препаратының автомобильді және қозғалмалы механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануының спецификалық симптомдары жоқ.

Емі: асқазанды шаю, емделушінің жай-күйін бақылау және стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Мивукс® препаратын шығару үшін, үздіксіз гемодиализ қолданылуы мүмкін, дегенмен арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

14 таблеткадан алюминий форматурадан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

141999411477976543_ru.doc 85 кб
142463361477977717_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники