Метфогамма® 500
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метфогамма® 500
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метформин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - метформин гидрохлориді 500 мг (389,9 мг метформинге сәйкес);
қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, Повидон 30, жүгері крахмалы, сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
қабықтың құрамы: гипромеллоза (метилгидроксипропилцеллюлоза), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, тазартылған тальк
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі жағы дөңес, диаметрі - 10.9 - 11.4 мм, биіктігі – 6.2 -7.0 мм, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қантты төмендететін ішу арқылы қабылдауға арналған препараттар. Бигуанидтер.
АТХ коды A10BA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін метформин асқазан-ішек жолынан сіңеді. Стандартты дозасын қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі 50-60 құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жетеді. Іс жүзінде қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды. Сілекей бездерінде, бұлшықеттерде, бауырда және бүйректе жиналады. Өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,5-4,5 сағатты құрайды. Бүйректің қызметі бұзылған жағдайда препарат жиналып қалуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Метфогамма®500 бауырда глюконеогенезді тежейді, глюкозаның ішектен сіңуін азайтады, глюкозаның шеткергі утилизациясын күшейтеді, сондай-ақ тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады. Сонымен қатар ұйқы безінің бета-жасушаларымен инсулиннің секрециясына әсер етпейді. Қанда триглицеридтер мен тығыздығы төмен липопротеиндердің деңгейін төмендетеді. Дене салмағын тұрақтандырады немесе төмендетеді. Тіндік түрдегі плазминоген активаторының тежегішін басу есебінен фибринолитикалық әсер етеді.
Қолданылуы
2-типті қант диабетінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге:
Метфогамма®500 препаратының дозасы қандағы глюкоза деңгейін есепке ала отырып, жекелей белгіленеді. Бастапқы дозасы, әдеттегідей, тәулігіне 500-1000 мг құрайды, дозасы емдеудің әсеріне байланысты әрі қарай біртіндеп арттырылуы мүмкін.
Препараттың тәуліктік демеуші дозасы тәулігіне 1000-2000 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 3000 мг. Метфогамма®500 таблеткаларын тамақтану кезінде, тұтастай, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен (1 стақан су) іше отырып қабылдаған жөн. Препаратпен емделу курсы ұзақ болып табылады.
Лактатацидоздың даму қаупінің жоғары болуы салдарынан ауыр метаболикалық бұзылуларда препараттың дозасын азайту қажет.
Препаратты тікелей тамақтанар алдында қабылдаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
-
жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, тәбеттің болмауы, ауыздың «металл» татуы
-
тері бөртпесі
-
гипогликемия (көбінесе талапқа сай емес дозаларда қабылдаған кезде)
Сирек жағдайларда
-
лактатацидоз (емдеуді тоқтатуды қажет етеді), ұзақ уақыт емдеген кезде – В12 гиповитаминозы (сіңудің бұзылуы)
Жекелеген жағдайларда
-мегалобласты анемия
- препаратты тоқтатқаннан кейін кететін бауыр функционалдық сынамаларының өзгерістері немесе гепатит
- эритема, қышыну, есекжем
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа жоғары сезімталдық
-
диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, кома
-
бүйрек қызметтерінің айқын бұзылулары
-
жүрек және тыныс алу қызметтерінің жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінің жедел ағымды сатысы
-
ми қан айналымының жедел бұзылуы, дегидратация, созылмалы алкоголизм және лактатацидоздың дамуына ықпал етуі мүмкін басқа да жағдайлар
-
лактатацидоз және оның сыртартқысында көрсетілуі
-
жүктілік және бала емізу кезеңі
-
инсулинмен ем жүргізу көрсетілген хирургиялық операциялар және жарақаттар
-
бауыр қызметі бұзылуы
-
құрамында йоды бар контрастылы затты енгізе отырып, рентгенологиялық немесе радиоизотопты зерттеулер жүргізуден кем дегенде 2 күн бұрын және кейін 2 күн бойы қолдану
-
гипокалориялық емдәм сақтау (тәулігіне 1000 калориядан кем)
-
мегалобласты анемия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сульфонилмочевина туындыларымен, акарбозамен, инсулинмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, моноаминооксидаза тежегіштерімен, окситетрациклиндермен, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен, клофибрат туындыларымен, циклофосфамидпен, -адренобөгегіштермен бір мезгілде қолданған кезде Метфогамма®500-дің гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін. Глюкокортикостероидтармен, пероральді контрацептивтермен, эпинефринмен, симпатомиметиктермен, глюкагонмен, қалқанша без гормондарымен, тиазидтік және «ілмектік» диуретиктермен, фенотиазин туындыларымен, никотин қышқылының туындыларымен бір мезгілде қолданған кезде Метфогамма®500-дің гипогликемиялық әсері азаюы мүмкін.
Циметидин Метфогамма®500-дің шығарылуын баяулатады, соның салдарынан лактатацидоздың даму қаупі артады.
Метфогамма®500 антикоагулянттардың (кумарин туындыларының) әсерін әлсіретуі мүмкін. Алкогольмен бір мезгілде қабылдаған кезде лактатацидоз дамуы мүмкін.
Метфогамма®500 препаратын сульфонилмочевина препараттарымен біріктіре емдеуде гипогликемия дамуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Емделу кезеңінде бүйрек қызметін бақылап отыру қажет. Жылына 2 реттен сирек емес, сондай-ақ миалгия пайда болған кезде плазмадағы лактаттың мөлшерін анықтаған жөн. Метфогамма®500 препараты сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен біріктіріліп қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда қандағы глюкоза деңгейіне аса мұқият бақылау жасау қажет.
Препаратты ауыр дене жұмысын жасайтын, 60 жастан асқан адамдарға қолдану ұсынылмайды, бұл оларда лактатацидоздың даму қаупінің артуымен байланысты.
Балаларда қолданылуы
Метфогамма®500 препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде мәлімет жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Метфогамма®500 препаратын алкоголь әрекетіне ұқсас әсер даму мүмкіндігінен көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтықпен тағайындайды,
Метфогамма®500-ды басқа гипогликемиялық дәрілермен (сульфонилмочевина туындылары, инсулин және т.б.) біріктірген кезде автокөлік басқару мен зейінді шоғырландыру және шапшаң психомоторлық реакцияларды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілеті нашарлайтын гипогликемиялық жағдайлар дамуы мүмкін.
Метфогамма®500 препаратымен емделу кезінде алкоголь әсеріне ұқсас әсерлер дамуы мүмкін.
Артық дозалануы
Метфогамма®500 препараты артық дозаланған жағдайда лактатацидоз дамуы мүмкін. Лактатацидоздың ерте білінетін белгілері жүректің айнуы, құсу, диарея, дене температурасының төмендеуі, іштің ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы мүмкін, әрі қарай тыныстың жиілеуі, бас айналуы, сананың шатасуы және кома дамуы мүмкін.
Лактатацидоздың дамуына бүйрек қызметінің бұзылуы салдарынан препараттың жиналып қалуы себепші болуы мүмкін.
Емі: препарат қабылдауды дереу тоқтату керек. Науқасты тездетіп ауруханаға жатқызып және лактаттың концентрациясын анықтап, диагнозды растау керек. Организмнен лактат пен метформинді шығарудың өте тиімді шарасы гемодиализ болып табылады. Сонымен қатар симптоматикалық ем жүргізіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 немесе 12 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Драгенофарм Апотекер Пюшль ГмбХ,
Голлштрассе 1, Д-84529 Титтмонинг, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Вёрваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ, Кальвер штрассе, 7, 71034 Бёблинген, Германия
Қазақстан аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы және Орта Азиядағы Вёрваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ өкілдігі,
050022, Алматы, Бөгенбай батыр к-сі 148, 303 кеңсе
тел./факс: (727) 255 83 48, 255 85 18
e-mail: woerwag@mail.ru