Меновазин (раствор спиртовой, 50 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Меновазин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: рацемиялық ментол 2,5 г
прокаин гидрохлориді 1,0 г
бензокаин 1,0 г қосымша зат - 70% этанол
Сипаттамасы
Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті жансыздандыратын препараттар
ATХ коды D04AB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикаcы
Препаратты жергілікті қолданғанда оның компоненттері өте аз сіңіріледі. Фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті жансыздандыратын әсері бар.
Ментол әлсіз жергілікті ауыруды басатын қасиетке ие, тері мен шырышты қабықтың салқындату рецепторларын көтермелейді, ауыруды басатын әсерімен қатар жүретін салқындату сезімін туындата отырып, терінің беткей тамырларын кеңейтеді, сонысымен прокаин мен бензокаиннің жансыздандыратын әсерін күшейтеді, қышынуды жеңілдетеді, әлсіз антисептик болып табылады.
Прокаин жансыздандыру белсенділігі орташа жергілікті жансыздандыратын дәрі болып табылады. Әлсіз негіз бола отырып, натрий арналарын бөгеп, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан кальцийді ығыстырып шығарады, осылайша сезімтал жүйкелер ұшындағы импульстер генерациясына және жүйке талшықтарымен импульстің өтуіне кедергі келтіреді. Тыныштық потенциалына айқын әсерінсіз жүйке жасушалары жарғақшаларында әсер ету потенциалын өзгертеді. Ауыру ғана емес, сондай-ақ басқа да модальдік импульстер өтуін басады.
Бензокаин жергілікті жансыздандыратын әсерге ие. Na+ иондарына жасуша жарғақшасы өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан Ca2+ ығыстырып шығарып, жүйке импульстерінің туындауы мен өтуін бөгейді.
Қолданылуы
-
невралгияда, миалгияда, артралгияда
-
қышымалы дерматоздарда
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Күніне 2-3 рет терінің ауырған жерлерін сылайды.
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, күйдіру, шаншу, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, ісіну
- ұзақ қолдану кезінде бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериялық қысымның төмендеуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Балалар жасында препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі
50 мл препараттан бақылау сақинасы бар бұрап жабылатын металл қалпақтармен тығындалған, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда.
Әр құтыға заттаңбалық және жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, +18 °С- ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзiмi
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН,
Шымкент қ. Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН,
Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz