Меновазин

МНН: Бензокаин, Левоментол, Прокаин
Производитель: Ромат ФК, ЗМП ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Местные анестетики для наружного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015637
Период регистрации: 23.08.2016 - 23.08.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Меновазин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: ментол 2,5 г,

новокаин 1 г,

анестезин 1 г,

қосымша зат - этанол 70% 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Ментол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті жансыздандыратын препараттар

ATХ коды D04AB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты жергілікті қолданғанда оның компоненттері өте аз сіңіріледі. Фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті жансыздандыратын әсері бар.

Ментол әлсіз жергілікті ауыруды басатын қасиетке ие, тері мен шырышты қабықтың салқындату рецепторларын көтермелейді, ауыруды басатын әсерімен қатар жүретін салқындату сезімін туындата отырып, терінің беткей тамырларын кеңейтеді, сонысымен прокаин мен бензокаиннің жансыздандыратын әсерін күшейтеді, қышынуды жеңілдетеді, әлсіз антисептик болып табылады.

Прокаин жансыздандыру белсенділігі орташа жергілікті жансыздандыратын дәрі болып табылады. Әлсіз негіз бола отырып, натрий арналарын бөгеп, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан кальцийді ығыстырып шығарады, осылайша сезімтал жүйкелер ұшындағы импульстер генерациясына және жүйке талшықтарымен импульстің өтуіне кедергі келтіреді. Тыныштық потенциалына айқын әсерінсіз жүйке жасушалары жарғақшаларында әсер ету потенциалын өзгертеді. Ауыру ғана емес, сондай-ақ басқа да модальдік импульстер өтуін басады.

Бензокаин жергілікті жансыздандыратын әсерге ие. Na+ иондарына жасуша жарғақшасы өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан Ca2+ ығыстырып шығарып, жүйке импульстерінің туындауы мен өтуін бөгейді.

Қолданылуы

- невралгияда

- миалгияда

- артралгияда

- қышымалы дерматозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, күніне 2-3 рет 5-10 мл сұйықтықты терінің ауырған жерлеріне сылайды. Емдеу курсы 7 – 10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Ұзақ қолданғанда болуы мүмкін:

  • бас айналу, жалпы әлсіздік

  • артериялық қысымның төмендеуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жекелей көтере алмаушылық

  • препаратқа сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балалар

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 мл препараттан полиэтилен тығынмен немесе бұралатын пластмасса қақпақтармен немесе алюминий қақпақпен жабылған мойны бұралатын шынымасса құтыларға салынған.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен, құтылар саны көрсетілген қаптамалық парақ гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу ұстағыш үлбірмен тартып оралады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзiмi

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі 13, тел (7222) 340867,

факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Қаптаушы

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі 13, тел (7222) 340867,

факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі 13, тел (7222) 340867,

факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

515389901477976153_ru.doc 49 кб
573671121477977441_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники