Медоклав (625 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Медоклав
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 375 мг, 625 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Амоксициллин тригидраты (амоксициллинге баламалы) |
287.00 (250.00) |
574.00 (500.00) |
Калий клавуланаты + микрокисталды целлюлоза (1 :1) (клавулан қышқылына баламалы) |
297.80 (125.00) |
297.80 (125.00) |
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы Е171.
Сипаттамасы
"МС" өрнегімен, сызығы бар, ақ түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес, капсула пішінді таблеткалар (375 мг доза үшін)
Ақ түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес, капсула пішінді таблеткалар (625 мг доза үшін)
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілер. Пенициллиндер бета – лактамаза тежегіштерімен біріктірілімде.
АТХ коды J01CR02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Екі компонент те жоғары биожетімділігімен ерекшеленеді. Амоксициллин тұз қышқылының қатысуымен тұрақтылығын сақтайды, тамақ оның сіңуіне әсер етпейді. Амоксицилиннің 250 мг-ын қабылдаған соң, оның плазмадағы ең жоғары 5мкг\мл концентрациясына 2 сағат ішінде қол жеткізіледі, ол тіндер мен организмнің сұйықтықтарына жылдам өтеді, плацента арқылы өтеді және аздаған мөлшерлерде сүтпен бірге бөлінеді.
Клавулан қышқылын пероральды қабылдаған соң, плазмадағы препараттың ең жоғары концентрациясына 1 сағат ішінде қол жеткізіледі.
Амоксициклиннің, сондай-ақ клавулан қышқылының плазма ақуыздарымен байланысуы жоғары емес: амоксициллин ақуыздармен орташа есепте 20%-ға, клавулан қышқылы 30%-ға байланысады. Белсенді заттардың жоғары концентрациясы қақырықта, бронх секретінде, плевра сұйықтығында, өкпе және май тінінде, қуық асты безінде табылады.
Амоксициклиннің жартылай шығарылу кезеңі орташа есеппен 1,3 сағатты, клавулан қышқылынікі 1 сағатқа жуықты құрайды. Амоксицилиннің 50-70%-ы және клавулан қышқылының 25-40%-ы алғашқы 6 сағат ішінде өзгермеген күйде несеппен, ішінара бауырмен шығарылады. Бүйрек қызметі төмендегенде, қан плазмасында екі компоненттің жинақталуы орын алады.
Фармакодинамикасы
Mедоклав – бұл құрамында амоксициллин және клавулан қышқылы бар, бактерицидтік әсер ету ауқымы кең, бета-лактамазаға төзімді біріктірілген антибиотик.
Амоксициллин – көптеген грамоң және грамтеріс микроорганзмдерге қатысты кең ауқымда бактерицидтік әсер ететін аминопенициллиндер тобының жартылай синтетикалық антибиотигі. Алайда, лактамазалар амоксициллинді бұзады, сондықтан оның белсенділік ауқымы осы ферменттерді өндіретін микроорганизмдерге, әсіресе, пенициллиназа түзетін стафилококк, клебсиелла, индолоң протей, цитробактер және бактероидтерге әсер етпейді.
Клавулан қышқылы табиғи β-лактам болып табылады және әдетте, пенициллиндер мен көптеген цефалоспориндердің әсеріне резистентті микроорганизмдерде болатын β-лактамазалардың тұтас қатары белсенділігін жою қабілетіне ие.
Амоксициллин мен клавулан қышқылының үйлесуі β-лактамазалардың бұзатын әсеріне амоксициллиннің төзімділігін қамтамасыз етеді және оған және көптеген басқа да β-лактамды антибиотиктерге, әдетте, төзімді болып келетін бактерияларды қоса алғанда, амоксициллиннің микробқа қарсы белсенділігінің ауқымын тиімді кеңейтеді.
Медоклав грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге, оның ішінде 2,3,4 және 5 типті бета-лактамазаны өндіретіндерге қатысты бактерицидтік әсер етудің кең ауқымына ие.
Медоклавтың антибактериялық белсенділік ауқымы,
грамоң бактериялар
Staphyloccocus aureus (метициллин-резистенттік штаммдардан басқа), Staphyloccocus epidermides (метициллин-резистенттік штаммдардан басқа), Staphyloccocus Saprophyticus (метициллин-резистенттік штаммдардан басқа), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus viridans, Streptococcus bovis, Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium, Corinebacterium spp., Listeria monocytogenes, Nocardia asteroids;
Clostridium spp., (Clostridium difficile-ден басқа), Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Treponema pallidum;
грамтеріс бактериялар
Aeromonas spp., Bordetella pertussis, Brucella spp., Campilobacter jejuni, Campilobacter coli, Citrobacter spp. (орташа сезімтал), Echerichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis, Morganella spp. (орташа сезімтал), Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitides, Pasteurella multocida, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia spp., Salmonella spp., Shigella spp., Vibrio cholerae, Yersinia enterocolitica (орташа сезімтал);
Bacteroides spp., Fusobacterium spp.
Препаратқа Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium bovis, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii орташа сезімтал.
Қолданылуы
-
синуситте, фарингитте, тонзиллитте, ортаңғы отитте
-
жедел және созылмалы бронхитте, пневмонияда, плевра эмпиемасында, өкпе абсцесінде
-
фурункулезде, абсцесте, флегмонада, жаралы жұқпада
-
пиелонефритте, циститте, уретритте
-
сальпингитте, оофоритте, тубоовариальді абсцесте, эндометритте, вагинитте,
-
созда
-
остеомиелитте
-
сепсисте
-
перитонитте
-
операциядан кейінгі жұқпада
Қолдану тәсілі мен дозасы
Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Асқазан-ішек бұзылуларының пайда болу қаупін азайту үшін, препаратты тамаққа дейін қабылдау керек.
Емдеудің ұзақтығы жұқпаның ауырлығы мен типіне сәйкес келуі тиіс, бірақ клиникалық деректерді қайта қараусыз 14 күннен аспауы тиіс. Жұқпалардың басым көпшілігін емдеу үшін жеті күндік курс өткізу жеткілікті.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Жұқпаның жеңіл және орташа формаларында күніне 3 рет 1 таблетка (375 мг). Ауыр жұқпаларда – күніне 3 рет медоклавтың 1 таблеткасы (625 мг) немесе әр 12 сағат сайын 2 рет 1 таблетка (1г).
Бүйрек жеткіліксіздігінде
креатинин клиренсі ≥ 30мл/мин - дозалау режимі өзгертуді қажет етпейді
креатинин клиренсі 10-30мл/мин. – күніне 2 рет 375-625 мг;
креатинин клиренсі ≤ 10мл/мин.– күніне 2 рет 375мг-нан көп емес.
Егде жастағы емделушілер
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі болмаса, дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі
- диарея
Жиі
- шырышты қабаттардың кандидозы
- жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- бас айналу, бас ауыруы
- диспепсия
- бауыр ферменттері деңгейінің орташа артуы
- тері бөртпесі, қышу, есекжем
Сирек
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Жиілігі белгісіз
- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия, қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің ұлғаюы
- ангионевротикалық ісіну, анафилаксия, сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысу
- жалған жарғақшалы немесе геморрагиялық колит
- тіс эмалінің беткей қабаты түсінің өзгеруі
- қан сарысуындағы АЛТ, АСТ, билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит, холестатикалық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз, буллёзды эксфолиативті дерматит, жедел генерализацияланған экзантематозды пустулёз
- интерстициальды нефрит, гематурия, кристаллурия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пенициллиндерге немесе кез келген препарат компонентіне асқын сезімталдық
- басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдарға, монобактамдарға) белгілі асқын сезімталдық
- Медоклав немесе бета-лактамды антибиотиктерді қолдану барысында дамыған сарғаю немесе бауыр қызметінің бұзылуы
- жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз
- бауырдың және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- жалғанжарғақшалы колит
- 12 жасқа дейінгі балаларға немесе дене салмағы 40 кг-дан аз балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Медоклавты пробеницидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробеницид амоксициллиннің өзекшелік бөлінісін төмендетеді, сондықтан Медоклав пен пробеницидті бір мезгілде қабылдау қанда амоксициллин деңгейін арттыруға әкелуі мүмкін.
Бактерицидтік әсер ететін антибиотиктер, әсіресе, аминогликозидтер синергизимдік әсер етеді. Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) антагонистік әсер береді.
Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізетін дәрілер, аминогликозидтер медоклавтың сіңуін баяулатады және төмендетеді, аскорбин қышқылы оны арттырады.
Медоклав ішек микрофлорасын баса отырып, тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, К витаминінің синтезін және протромбиндік индексті төмендетеді.
Ішуге арналған контрацептивтердің тиімділігін азайтады.
Диуретиктер, аллопуринол, фенилбутазон, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер мен өзекшелік бөліністі төмендететін басқа да препараттар амоксициллиннің концентрациясын арттырады.
Аллопуринол тері бөртпесінің даму қаупін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Медоклавпен емдеу алдында пенициллинге, цефалоспоринге немесе басқа да бета-лактамды антибиотиктерге бұрын болған асқын сезімталдық реакциясына қатысты толық анамнез жинау керек.
Пенициллинге асқын сезімталдықтың маңызды, кейде фатальды реакциялары (анафилактикалық шок) сипатталды. Аллергиялық реакция пайда болған жағдайда, Медоклавпен емдеуді тоқтату және балама емдеуді бастау керек. Асқын сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған жағдайда, тез арада емделушіге адреналин енгізу қажет. Оксигенотерапия, стереоидтерді көктамыр ішіне енгізу және интубацияны қоса алғанда, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Жұқпалы мононуклеозге күдік пайда болғанда, Медоклавты тағайындауға болмайды, өйткені осындай ауруы бар емделушілерде амоксициллин тері бөртпесін тудыруы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды қиындатады.
Жалпы алғанда, Медоклав жақсы өткеріледі және барлық пенициллиндерге тән төмен уытттылыққа ие. Медоклавпен 7 күннен аса емдегенде, бауыр, бүйрек, қан түзетін органдардың қызметін бағалау ұсынылады.
Медоклавты бауыр қызметі бұзылған емделушілерге сақтықпен қолдану керек.
Медоклав қабылдайтын емделушілерде протромбиндік уақыттың ұлғаюы сирек байқалады, сондықтан Медоклав пен антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдағанда, тиісті мониторинг өткізу қажет.
Диурезі төмен емделушілерде сирек жағдайда кристаллурия туындауы мүмкін. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізу кезінде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау және амоксициллин кристалдарының пайда болу ықтималдығын азайту үшін тиісті диурезді ұстап тұру ұсынылады. Медоклавта клавулан қышқылының болуы IgG және альбуминдердің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық байланысуына себеп болуы мүмкін, бұл жалған грамоң тестіге әкеледі.
Жүктілік және лактация кезеңі
Медоклавты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Медоклав емшек сүтіне еніп, емшек еметін балаларда диареяны және шырышты қабықтың зеңді жұқпаларын тудыруы мүмкін. Жүктілік және емшек емізу кезінде препаратты қолдану туралы шешім пайдасы мен қаупінің арақатынасы мұқият бағаланған соң қабылданады. Лактация кезінде қабылдағанда, емшек емізуді тоқтату ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат психомоторлық реакциялардың жылдамдығына және назарды шоғырландыру қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: асқазан-ішек жолы қызметінің және су-электролит тепе-теңдігінің бұзылуы.
Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді қабылдау. Гемодиализ тиімді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған жабындысымен поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 8 таблеткадан салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы мөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пашкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«Медокеми Лтд», Кипр
51409 СҮ-3505 Limassol
Tel 357-25-867600 Fax357-25-560863
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Медокеми Лтд», КИПР
Тұтынушылардан Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
“Medochemie Ltd”, Cyprus өкілдігі
Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241, 1 “Б” кеңсе
тел/факс: 313-73-76
E-mail: medochemie@mail.ru