Медоклав (156,25 мг/5 мл)

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: Медокеми Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004851
Информация о регистрации в РК: 25.05.2018 - 25.05.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 517.88 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Медоклав

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 156.25 мг /5 мл ұнтақ

Құрамы

1 мл суспензияның құрамында

белсенді заттар:

28.70 мг амоксициллин тригидраты (25.00 мг амоксициллинге баламалы)

14.88 мг калий клавуланатының + кремний қостотығының қоспасы (1 :1)

(6.25 мг клавулан қышқылына баламалы)

қосымша заттар: ксантан шайыры, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий сахарині, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Силоид АL-1), құлпынай хош иістендіргіші, шабдалы хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, сукцин қышқылы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақ дерлік еркін шашылатын ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Пенициллиндер бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілімде.

Клавулан қышқылы + амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Екі компонент те жоғары биожетімділігімен ерекшеленеді. Амоксициллин тұз қышқылының қатысуымен тұрақтылығын сақтайды, тамақ оның сіңуіне әсер етпейді. Амоксицилиннің 250 мг-ын қабылдаған соң, оның плазмадағы ең жоғары 5мкг\мл концентрациясына 2 сағат ішінде қол жеткізіледі, ол тіндер мен организмнің сұйықтықтарына жылдам диффузияланады, плацента арқылы өтеді және аздаған мөлшерлерде сүтпен бірге бөлінеді.

Клавулан қышқылын пероральды қабылдаған соң, плазмадағы препараттың ең жоғары концентрациясына 1 сағат ішінде қол жеткізіледі.

Амоксициклиннің, сондай-ақ клавулан қышқылының плазма ақуыздарымен байланысуы жоғары емес: амоксициллин ақуыздармен орташа есепте 20%-ға, клавулан қышқылы 30%-ға байланысады, белсенді заттардың жоғары концентрациясы қақырықта, бронх секретінде, плевра сұйықтығында, өкпе және май тінінде, қуық асты безінде табылады.

Амоксициклиннің жартылай шығарылу кезеңі орташа есеппен 1,3 сағатты, клавулан қышқылынікі 1 сағатқа жуықты құрайды. Амоксицилиннің 50-70%-ы және клавулан қышқылының 25-40%-ы алғашқы 6 сағат ішінде өзгермеген күйде несеппен, ішінара бауырмен шығарылады. Бүйрек қызметі төмендегенде, қан плазмасында екі компоненттің жинақталуы орын алады.

Фармакодинамикасы

Mедоклав құрамында амоксициллин және клавулан қышқылы бар біріктірілген препарат болып табылады.

Амоксициллин – көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты кең ауқымда бактерицидтік әсер ететін аминопенициллиндер тобының жартылай синтетикалық антибиотигі. Алайда, лактамазалар амоксициллинді бұзады, сондықтан оның белсенділік ауқымы осы ферменттерді өндіретін микроорганизмдерге, әсіресе, пенициллиназа түзетін стафилококк, клебсиелла, индолоң протей, цитробактер және бактероидтерге әсер етпейді.

Клавулан қышқылы табиғи β-лактам болып табылады және әдетте, пенициллиндер мен көптеген цефалоспориндердің әсеріне резистентті микроорганизмдерде болатын β-лактамазалардың тұтас қатары белсенділігін жою қабілетіне ие.

Амоксициллин мен клавулан қышқылының үйлесуі β-лактамазалардың бұзатын әсеріне амоксициллиннің төзімділігін қамтамасыз етеді және оған және көптеген басқа да β-лактамды антибиотиктерге, әдетте, төзімді болып келетін бактерияларды қоса алғанда, амоксициллиннің микробқа қарсы белсенділігінің ауқымын тиімді кеңейтеді.

Медоклав грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге, оның ішінде 2,3,4 және 5 типті бета-лактамазаны өндіретіндерге қатысты бактерицидтік әсер етудің кең ауқымына ие.

Медоклавтың антибактериялық белсенділік ауқымы,

грамоң микроорганизмдер

Staphyloccocus aureus (метициллин-резистентті штаммдардан басқа), Staphyloccocus epidermides (метициллин-резистентті штаммдардан басқа), Staphyloccocus Saprophyticus (метициллин-резистентті штаммдардан басқа), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus viridans, Streptococcus bovis, Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium, Corinebacterium spp., Listeria monocytogenes, Nocardia asteroids;

Clostridium spp., (Clostridium difficile-ден басқа), Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Treponema pallidum;

грамтеріс бактериялар

Aeromonas spp., Bordetella pertussis, Brucella spp., Campilobacter jejuni, Campilobacter coli, Citrobacter spp. (орташа сезімтал), Echerichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis, Morganella spp. (орташа сезімтал), Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitides, Pasteurella multocida, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia spp., Salmonella spp., Shigella spp., Vibrio cholerae, Yersinia enterocolitica (орташа сезімтал);

Bacteroides spp., Fusobacterium spp.

Препаратқа Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium bovis, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii орташа сезімтал.

Қолданылуы

  • синуситте, фарингитте, тонзиллитте, ортаңғы отитте

  • жедел және созылмалы бронхитте, пневмонияда, плевра эмпиемасында, өкпе абсцесінде

  • фурункулезде, абсцесте, флегмонада, жаралы жұқпада

  • пиелонефритте, циститте, уретритте

  • сальпингитте, оофоритте, тубоовариальді абсцесте, эндометритте, вагинитте

  • созда

  • остеомиелитте

  • сепсисте

  • перитонитте

  • операциядан кейінгі жұқпада

Қолдану тәсілі мен дозасы

Балалар 7 жастан 12 жасқа дейін – 10 мл суспензиясын күніне 3 рет.

2 жастан 7 жасқа дейін - 5 мл суспензиясын күніне 3 рет

9 айдан 2 жасқа дейін – 2,5 мл суспензиясын күніне 3 рет

Ауыр жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

креатинин клиренсі ≥ 30мл/мин - дозалау режимі өзгертуді қажет етпейді

креатинин клиренсі 10-30мл/мин. – күніне 2 рет 375-750 мг;

креатинин клиренсі ≤ 10мл/мин.– күніне 2 рет 375мг-нан көп емес.

Медоклавты аш қарынға немесе тамақтанғаннан кейін қолдануға болады, өйткені тамақ қабылдау оның сіңуіне әсер етпейді. Дозалау режимі жас ерекшелігіне, дене алмағына, бүйректің қызметіне, сондай-ақ жұқпаның ауырлық дәрежесіне қарай жеке белгіленеді. Емдеуді науқастың күйін қайта бағалаусыз 14 күннен аса жалғастыруға болмайды.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілердегі дозасы:

Бауыр қызметінің бұзылуы елеусіз емделушілерде препаратты сақтықпен қолданып, бауыр қызметін тұрақты тексеріп отыру керек. Бауыр қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерге және препаратты алдыңғы қолданғанда бауыр қызметінің бұзылуы байқалған емделушілерге Медоклавты пайдалaну ұсынылмайды.

Суспензияны дайындау үшін құрғақ ұнтаққа заттаңбада көрсетілген таңбаға дейін су қосып, жақсылап сілкілеу керек. Дайын болған Медоклав суспензиясын тоңазытқышқа салып, 7 күн ішінде пайдалану керек. Әрбір пайдалану алдында жақсылап сілкілеу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • диарея, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, кейде жалған жарғақшалы колит

  • психомоторлы қозу, ұйқысыздық, үрейлі жағдай, бас ауыруы, бас айналуы

Жиі емес

-диспепсия

- тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакциялар, қышыну, есекжем

Сирек

- анемия, лейкопения, гранулоцитопения, эозинофилия, тромбоцитопения, тромбоцитоз (1% кем).

Өте сирек

- ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок, бронх түйілуі, аллергиялық васкулит, қан сарысуы ауруына ұқсас синдром

- стоматит, кандидозды вагинит, дисбактериоз

- ауыр диареялы жалған жарғақшалы колит

- буындардағы ауыру, құрысулар

- бауыр трансаминаза белсенділігінің транизорлық жоғарылауы

- интерстициальді нефрит, кристаллурия,гематурия

- холестатикалық сарғаю, гепатит

- Стивен-Джонсон синдромы, уытты эпидермиялық некролиз, Лайелл синдромы.

Бұл реакциялар антигистаминдік дәрілермен немесе қажет болған жағдайда глюкокортикостероидтармен қайтарылуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқысында пенициллин қатарындағы антибиотиктерге және цефалоспориндерге аллергиялық реакциялар

- жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз

- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- жалған жарғақшалы колит

- бронх демікпесі, пішен поллинозы

- сыртартқысында пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдағаннан туындаған холестатикалық сарғаю немесе гепатит

- 3 айға дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бактерицидтік әсер ететін антибиотиктер, әсіресе, аминогликозидтер синергизимдік әсер етеді. Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) антагонистік әсер береді.

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізетін дәрілер, аминогликозидтер Медоклавтың сіңуін баяулатады және төмендетеді, аскорбин қышқылы оны арттырады.

Медоклав ішек микрофлорасын баса отырып, тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, К витаминінің синтезін және протромбиндік индексті төмендетеді.

Ішуге арналған контрацептивтердің тиімділігін азайтады.

Диуретиктер, аллопуринол, фенилбутазон, ҚҚСД мен өзекшелік бөліністі төмендететін басқа да препараттар амоксициллиннің концентрациясын арттырады.

Аллопуринол тері бөртпесінің даму қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты аллергиялық реакцияға бейім және бронх демікпесі бар емделушілерге, сондай-ақ цефалоспорин қатарындағы антибиотиктерге белгілі жоғары сезімталдығы бар емделушілерге абайлап тағайындайды, өйткені айқаспалы сезімталдықтың даму қаупі бар.

Бауыр қызметінің ауыр бұзылуы бар емделушілерге бауыр қызметін кезеңімен бақылап отыру талап етіледі.

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы бар емделушілерде дозалау режимін барабар түзетіп немесе дозалау арасының аралығын арттырып отыру және бүйрек қызметін бақылау талап етіледі.

Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін төмендету мақсатында препаратты тамақтану кезінде қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Медоклавты жүктілік және бала емізу кезеңінде қабылдау қаупсіздігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, құрысулар

Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді қабылдау. Гемодиализ тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралатын металл қақпақпен жабылған, сыйымдылығы 100 мл күңгірт шыныдан жасалған құтыға препарат 11.8 г-ден салынған.

1 құты өлшегіш қасығымен және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пашкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дайындалған суспензияны 7 күн ішінде тоңазытқышта сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Медокеми Лтд», Кипр

51409 СҮ-3505 Limassol

Tel 357-25-867600 Fax357-25-560863

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медокеми Лтд», Кипр

Тұтынушылардан Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Медокеми Лтд» өкілдігі

Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241, 1 “Б” кеңсе

тел/факс: 313-73-76

E-mail: medochemie@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

657692051477976985_ru.doc 62.5 кб
738581901477978153_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники