Медихронал®-Дарница

МНН: Декстроза
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при алкогольной зависимости
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012417
Период регистрации: 14.11.2014 - 14.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Медихронал® - Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер

Құрамы

№ 1 бір пакеттің ішінде

белсенді зат: 17,5 г глюкоза моногидраты,

қосымша зат – повидон.

№ 2 бір пакеттің ішінде

белсенді зат: 7,0 г глицин, 3,5 г натрий формиаты,

қосымша зат - повидон

Сипаттамасы

Иіссіз, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Аддиктивтік бұзылыстарды емдеуге арналған дәрілер. Алкогольге тәуелділікті емдеуге арналған дәрілер.

АТХ коды N07В В.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аминсірке қышқылы ас қорыту жолында жылдам сіңеді. Биожетімділігі 100% дерлік болады. Организмнің көптеген сұйықтықтары мен тіндеріне жеңіл өтеді. Глициноксидаза ферментімен бауырда бұзылады.

Натрий формиаты ас қорыту жолында жылдам сіңеді. Жүйелі қан ағысы мен организмнің тіндерінде ацетальдегидпен (этанол метаболизмі өнімімен) өзара әрекеттесу реакциясына түседі.

Глюкоза ауыз қуыстарында-ақ сіңеді. Жүйелік қан ағысы мен организм тіндерінде алкоголь метаболизмінің аралық өнімдерін байтараптандыру реакциясына түседі. Энергетикалық субстратымен тіндердің қанығуын жоғарылатады. Алмасу өнімдері бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Медихронал®-Дарница біріктірілген дәрі болып табылады.

Препарат құрамында натрий формиаты болуы есебінен альдольды конденсация реакциясында сүт қышқылын түзе отырып, ацетальдегидпен (этанол метаболизмі өнімімен) өзара әрекеттеседі.

Препарат құрамында глицин мен глюкозаның болуы есебінен катехоламиннің, әсіресе норадреналиннің синтезін күшейтеді, ол нейромедиация процестерін жақсартады, лимбико-ретикулярлық кешенді көтермелейді, ми қыртысының функциональдық белсенділігін жоғарлатады.

Жедел алкогольдік улану симптомдарын, абстиненттік синдромның ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа симптомдарының төмендеуі препаратты қабылдағаннан кейін 20-30 минуттан соң басталады.

Натрия формиатын ЕЕ, АҚШ және басқа бірқатар елдерде тамақ өндірісінде қолдануға шектеу бар.

Қолданылуы

- алкогольдік уыттануда, абстиненттік жағдайында

- алкогольдік уыттану, абстиненттік жағдайды емдеудің басқа әдістерін қолдану тиімділігін жоғарылату үшін (мысалы, стандартты уытсыздандыру емінде)

- масаңданудың алдын алуда

- алкоголизмнің екінші рет алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Медихронал®-Дарница ересектерге екі пакеттегінің ішіндегісін алдын ала 1/2–3/4 стақан (100 – 150 мл) жылы суда ерітіп, тамақтан соң ішуге тағайындайды. Бір реттік доза 28,5 г құрайды (екі пакеттегі компоненттерінің жалпы салмағы). Пакет ішіндегісінің дәмдік сапасын жақсарту үшін газдалмаған сусынға (шырынға, тосапқа, және т.б.) ерітуге болады.

Жедел алкогольдік және абстиненттік жағдайдан шығу үшін препаратты алғашқы тәулікте 28,5 г-ден 1-2 рет (10-12 сағаттан соң), келесі 2-3 тәулікте – 28,5 г-ден тәулігіне 1 рет қолданады. Созылмалы алкоголизмді емдегенде және екінші алдын алу қажет болған кезде препаратты үш күндік үзіліспен үш курс түрінде 7 тәулік бойына бір қаптамадан (28,5 г) күнделікті тағайындайды. Медихронал®-Дарница препаратымен жүргізілген емдеу курсынан кейін 1-1,5 айдан соң қайталанудың алдын алу үшін осындай қайталау курсын өту ұсынылады. Алдын алу үшін қысқа мерзімді емдеу курсын 1-ден 3-ке дейін қайталауға болады (тәулігіне бір қаптамадан (28,5 г) 3 күндік үзіліспен 7 күннен 1-3 курс).

Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

Мастықты болдырмау үшін алкогольдік ішімдікті қабылдауға дейін 30 минут бұрын бір реттік дозаны (№ 1 және № 2 пакет ішіндегісін) қабылдау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- бас ауыруы, ширығу, ашушаңдық, зейін шоғырландырудың нашарлауы

- жүрек айну

- бөртпе, қышыну, есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары, ауыр аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қант диабетінің ауыр түрлері

- артериялық гипотензия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың әсер етуші заты глицин антиконвульсанттардың, антипсихотикалық дәрілердің, антидепрессанттардың, құрысуға қарсы дәрілердің уыттылығын төмендетеді.

Препаратты транквилизаторлармен, ұйықтататын және антипсихотикалық дәрілермен біріктіріп қолдану орталық жүйке жүйесін тежейтін әсерді күшейтеді.

Медихронал®-Дарницаны дисульфирамнан өзге, алкогольге тәуелділікті емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен біріктіруге болады. Медихронал®-Дарница препаратымен емдеу курсын өткізгеннен кейін, егер қажет болса, дисульфирамды қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Медихронал®-Дарницаны жеке де, кешенді ем құрамында қолдануға болады. Емді тағайындау кезінде әр адамға жеке көңіл бөліп, емдеу ұзақтығының өзгертілуін немесе жыл бойында қайталау курсының санын арттыруды қарастыру керек. Артериялық гипотензияға бейім емделушілерде артериялық қысым (АҚ) деңгейін бақылап отыру қажет, қажет болғанда препарат дозасын түзету керек (препаратты аз дозада және артериялық қысымды ұдайы бақылау талабымен тағайындайды). АҚ әдеттегі деңгейден төмендегенде препаратты тоқтатады.

Препарат құрамында глюкоза болғандықтан, гипергликемиямен қатар жүретін жағдайлар қолдануға қойылатын шектеу болып табылады.

Балалар

Балаларға препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша қатаң бақыланатын және барабар зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болған жөн

Артық дозалануы

Артық дозаланудың клиникалық байқалуының мәліметтері жоқ.

Симптомдары: ас қорытудың бұзылуы мүмкін (жүрек айну, іштің кебуі, іш өту) және жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Глюкоза моногидраты және натрий формиаты бар глицин түйіршіктерін бір жағы қағаз жабынымен және екінші жағы полиэтилен үлбір жабынымен және бет жағында мөрі бар алюминий фольгадан жасалған жеке пакеттерге қаптайды.

№1 пакеті мен № 2 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

7 пакеттен № 1 және 7 пакеттен № 2 немесе 21 пакеттен № 1 және 21 пакеттен № 2 медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге аралығы бар картон қорапшаға салынады.

7 жиынтық немесе 21 жиынтық қаптамасының қорапшасына өздігінен желімделетін жабыны бар заттаңба жапсырылады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница»» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Бориспольская к-сі, 13.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница»» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы -

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

e-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.ua

Прикрепленные файлы

732118391477976634_ru.doc 64 кб
123040351477977784_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники