Мегадин®

Производитель: Abdi Ibrahim
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020679
Период регистрации: 08.08.2014 - 08.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Мегадин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Витаминдер:

Тиамин мононитраты (В1 витамині)

24.00 мг

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)

11.00 мг

Кальций D-пантотенаты

15.08 мг

Никотинамид (РР витамині)

52.50 мг

Аскорбин қышқылы

165.00 мг

Рибофлавин (В2 витамині)

5.50 мг

Ретинол пальмитаты (А витамині) (250 CWS)

17.33мг

Токоферол ацетаты (Е витамині)

22.00 мг

D3 витамині (100 CWS)

6.00 мг

В12 витамині

0.0065 мг

D-Биотин

0.275 мг

Фолий қышқылы USP

1.40 мг

Минералдар:

 

Темір сульфаты 7Н2О

(темір ионына баламалы)

50.00 мг

9.00-11.00 мг

Сусыз мыс сульфаты

(мыс ионына баламалы)

2.51 мг

0.90-1.10 мг

Мырыш сульфатының моногидраты

(мырыш ионына баламалы)

1.37 мг

0.45-0.55 мг

Марганец сульфаты 1Н2О

(марганец ионына баламалы)

1.54 мг

0.45-0.55 мг

Натрия молибдат 2Н2О

(молибдат ионына баламалы)

0.25 мг

0.09-0.11 мг

Жеңіл магний оксиді

(магний ионына баламалы)

35.14 мг

19.08-23.32 мг

Кальций карбонат USP

51.20 мг

Екі негізді сусыз кальций фосфаты

(кальций ионына баламалы, жалпы)

104.52 мг

46.17-56.43 мг

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, повидон К90, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, лактоза түйіршіктері, тальк

қабықтың құрамы – Опадрай YS-1-7006 Мөлдір**

** темірдің (III) сары тотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е171), ), темірдің (III) қара тотығы (Е171), полиэтиленгликоль 6000, тальк, тальк 8070

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, дөңес тегіс беткейлі, қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер. Басқа да минералдармен және олардың біріктірілімдерімен поливитаминдер

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Құрамында 11 витамин мен 8 минерал бар біріктірілген поливитаминді препарат. Препарат құрамына кіретін витаминдер және минералдар организмде олардың тапшылығын толықтырады. Мегадиннің® әсер етуі оның құрамына кіретін компоненттер қасиеттерімен анықталады.

А витамині өсуге қажетті, сондай-ақ эпителиальді тіндер регенерациясына және қорғауға қатысатын майда еритін витамин. Ымырттық көруді емдегенде тиімді.

Е витамині – тотығуға қарсы әсері жасушаларды бос радикалдардың жағымсыз әсер етуінен қорғайды.

С витамині - коллаген, сүйектер мен тістердің қалыпты дамуына, тіндерді қалпына келтіруге қатысады. Организмнің жұқпаға қарсы төзімділігін арттырады.

В тобы витаминдері - В тобының витаминдері ақуыздар, майлар және көмірсу алмасуының катализаторы болып табылады.

D витамині - кальцийлік және фосфорлық тепе-теңдікті демеуге қатысады, сүйек пен тістің қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

Никотинамид және биотин - организм үшін маңызды биохимиялық реакцияларда елеулі рөл атқарады. 9 ферментті жүйе жұмысына қажетті.

Фосфор және кальцийсүйектің минералдануында рөл атқарады.

Темір, мыс – эритроциттер қалыптастыру үшін маңызды элементтер.

Магний – нейрондар қозғыштығын және жүйке импульсінің бұлшықетке берілуін төмендетеді, көптеген ферменттік реакцияларда кофактор ретінде қатысады.

Мырыш – нуклеин қышқылдары, ақуыздар, майлар, көмірсулар, май қышқылдары метаболизміне, сондай-ақ гормондар метаболизміне қатысады.

Марганец – бұлшықет рефлекстеріне әсер етеді, есте сақтауды жақсартады, жүйке қозғыштығын төмендетеді. Марганец – көптеген ферменттік жүйелердің активаторы (барлық субжасушалық құрылымдарда және барлық тіндерде).

Молибден – ксантиноксидаза (пуриндердің, пиримидиндердің тотығуы - нуклеин қышқылдарының алмасуы, несеп шығару конкременттерінің түзілуі) және сульфатоксидаза (детоксикация; ОЖЖ қызмет етуі) активаторы. Анемия дамуына кедергі келтіреді.

Қолданылуы

Мегадин® емдеу кезінде қосымша ретінде қолданады:

  • хирургиялық араласуға дейін және одан кейін

  • ауқымды күйіктерде

  • ұзақ-ағымдық ауруларда және сауығу кезеңінде

  • ақазан-ішек бұзылыстарымен байланысты сіңудің бұзылуында

  • организмнің төзімділігі төмендегенде және витаминдерге қажеттілік жоғарылаған жағдайларда (мысалы, маскүнемдік)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылдауға тағайындалады.

Күніне бір таблеткадан қолдану ұсынылады.

Емдеу курсы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық тері реакциялары

  • гипервитаминоз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • А және D гипервитаминозы

  • гиперкальциемия

  • құрамында А және D витаминдері бар препараттарды, немесе құрамында А және D витаминдерінің мөлшері жоғары өнімдерді қабылдау

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Леводопамен бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені Мегадин® Леводопаның паркинсонға қарсы әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары дозалар қолданған және ұзақ қолданған жағдайларда (әсіресе А және D витаминдерін) гипервитаминоз пайда болуы мүмкін.

Препарат құрамында темірдің болуы экскременттердің қоңыр түске боялуын туындатуы мүмкін. Құрамында витаминдер бар басқа препараттармен бірге қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ABDI IBRAHIM», Хадымкой-Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

"ABDI IBRAHIM", Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ ФАРМ" ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі 184г, тел: +7 (727) 309 74 07, факс: +7 (727) 309 74 14, e-mail: globalzavod@mail.ru

Прикрепленные файлы

794582731477976679_ru.doc 62 кб
432358401477977819_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники